33
Егер мазасыздық бойыңызды билесе денсаулығыңызға келтіретін зияны
молекендігін есте ұстаңыз. «Әрбір іскер адам мазасыздықпен күресе білу
қажет» деген бар.
Мазасыздыққа бой беретін жаман әдеттерден қалай арылуымыз
керек?
1-ереже
Бойыңызды билеген мазасыздықтан құтылу үшін бос жүрмей, өзіңізді-
өзіңіз жұмысқа жегіңіз. Бұл – мазасыздықтан, алаңдаушылықтан арылудың
бірден-бір жолы.
2-ереже
Түкке тұрмайтын нәрсеге бола ашуланбаңыз.
3-ереже
Бойыңызды жайлаған мазасыздықты кетіру үшін сізден ашу шақыратын
жағдаяттарға үстіртін қараңыз.
4-ереже
Айналаңыздағы болып жатқанды сол күйінде қабылдаңыз. Егер оны
өзгерту немесе түзету қолыңыздан келмесе: «Бұның басқа жолы жоқ, бұл осы
күйде қалуы керек» деп өзіңізді сендіріңіз.
5-ереже
Мазасызданудың да шегі бар деп белгілеңіз. Болып жатқан оқиға
қаншалықты мазаңызды ала алатынын шамалаңыз да, одан әрі оны ойламауға
тырысыңыз.
6-ереже
Жағымсыз жағдаяттармен байланысты өткен күндер туралы ойламаңыз.
Ағаш жоңқасын қайта жонудың қажеті жоқтығын есте ұстаңыз.
Тест: "Ағаштағы орныңыз қайсы?"
Бұл тестінің авторы - әйгілі британдық психолог Пип Уилсон. Ол
оқушылардың жаңадан ауысып келген мектебіне қаншалықты үйренгенін
анықтау үшін жасалған. Артынша жасы үлкендерге де жарайтыны анықталған.
Тест адамның болмысын, оның эмоционалдық жай-күйін, қоғамдағы орнын
анықтауға
көмектеседі.
Ағаштағы адамдардың көңіл-күйі әртүрлі және әрқайсысының өзіне ғана
тән орны бар. Ең алдымен, өзіңізге қайсысы көбірек ұқсайтынын анықтаңыз.
Артынша ұқсағыңыз келетін адамды таңдаңыз.
34
Тест жауабы:
1) Ешнәрседен қорықпайтын, батыл мінезді адамдар №1, 3, 6, 7
позицияларды таңдайды.
2) Қандай жағдай болмасын достарынан қолұшын аямайтын, ақкөңіл адамдар
№2, 11, 12, 18 және 19 позицияларды таңдайды.
3) Кез келген қиындықты оңай өткеріп отыратын адамдар №4 позицияны
таңдайды.
4) Шаршаңқы, көңілсіз жүретін адамдар №5 позицияны таңдайды.
5) Көңіл көтеруді ұнатып, той-томалақтан қалмайтын адамдар №9 позицияны
таңдайды.
6) Іштей қапаланып, үнемі уайымдап жүретін, көпшіліктің ортасында жүруді
ұнатпайтын адамдар № 13, 21 позицияны таңдайды.
7) Өзімен сырласып, өзі ғана білетін әлемде өмір сүретін жандар №8
позицияны таңдайды.
35
8) Өмірдің әр сәтін бағалап, жан тыныштығын қалайтын адамдар №10, 15
позицияларды таңдайды.
9) Бақытсыз, тағдырына лағнет айтып жүретін жандар №14 позицияны
таңдайды.
10) Айналасындағыларды өзіне бағындырып, мүмкіндіктерін асыра сілтейтін
адам №20 позицияны таңдайды.
11) Көпшіліктің ықыласына бөленгенді ұнататын, өзгелердің пікіріне
толықтай тәуелді жандар №16 позицияны таңдайды. Көп жағдайда №17
позициядағы адамнан қолдау күтеді.
36
Ата-аналарға арналған тест «Мен және менің балам»
Ата-ананың бала тәрбиесіндегі атқаратын ролі аса зор. Олар бала өмірінде
«құрастырушылар, жобалаушылар және құрлысшылар» болып табылады. Бұл
тест ата-аналарға бала тәрбиесіннің мәселелерін толықтырып, анықтауға
көмектеседі.
Сұрақтар. Жауаптар:
-Болуы мүмкін бе? А
-Жасай алам және әрдайым соны жасаймын. Б
-Жасаймын, бірақ керек кезінде ғана жасаймын. В
-Жасай алмаймын.
1.Кез-келген уақытта барлық жұмысыңызды тастап, бала тәрбиесімен
айналыса аласыз ба? АБВ
2.Балаңыздың жасына қарамай әр түрлі мәселемен бөлісе аласыз ба? АБВ
3.Балаңыздың қателерін айта аласыз ба? АБВ
4.Өзіңіздің қателегіңіз үшін балаңыздың алдында кешірім сұрайсыз ба?
АБВ
5.Балаңыз сізді ашуландырса, өз-өзіңізді ұстай аласыз ба? АБВ
6.Өзіңізді балаңыздың орнына қойып көрдіңіз бе? АБВ
7.Бір минутқа болсын өзіңізді сиқыршы болып елестете аласыз ба? АБВ
8.Баланың көңіліне келетін ауыр сөздер айта аласыз ба? АБВ
9.Балаңызды арманын оның жақсы тәртібі үшін орындай аласыз ба? АБВ
10.Балаңыз үшін бір күнді бөліп, оның қалағанын, ойына келгенін істете
аласыз ба? АБВ
11.Балаңыздың өтінішіне, көз жасына, еркелігіне шыдай аласыз ба? АБВ
12.Өзіңіздің әділетсіздігіңіз үшін балаңыздан кешірім сұрай аласыз ба?
АБВ
Тест қорытындысы
Жауап «А» болса онда - 3 ұпай, «Б» болса онда – 2 ұпай, «В» болса онда –
1 ұпай.
Егер сіз 27-ден – 36-ға дейін ұпай жинасаңыз, онда сіз үшін балаңыз
өміріңіздің мәні де сәні. Сіз балаңызды тыңдап қана қоймай, оны түсініп, оған
сыпайылықпен қарап, ылғи да оны қолдап, сіз балаңызды тәрбиенің озық
ұстанымдарын ұстайсыз. Басқа сөзбен айтқанда сіз дұрыс істейсіз және бұдан
жақсы қорытынды шығады деп сеніңіз.
Егер 13-тен 27-ге дейін ұпай жинасаңыз. Сіз үшін бала қамқорлығы
маңызды болып санала ма? Сіздің бойыңызда тәрбиешінің қабілеті болғанмен
сіз оны аса қолданбайсыз. Сіздің тым қатал немесе ақкөңіл болғаныңызбен,
жүргізетін тәрбие жұмысына кедергі жасайды. Бала тәрбиесіне шын көңіл бөлу
үшін аса ойлануыңыз қажет.
Егер 13 ұпай болса. Сізде баланы тәрбиелеуде үлкен қиындықтар
туындайды. Балаңызды жеке тұлға ретінде тәрбиелеуге қабілетіңіз немесе
мұршаңыз жоқ. Мамандардың және педагогтар мен психологтың кеңесін
алуыңыз қажет немесе жанұя тәрбиесі туралы мақалаларды оқуыңыз керек.