Оспанбеков ербол анарбекович



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет5/43
Дата09.03.2018
өлшемі5,01 Kb.
#12037
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43

12 
 
Зерттеу әдістері: 
-  теориялық  (зерттеу  мәселесі  мен  міндеттеріне  орай  тақырып  аясы 
бойынша 
жасалған 
ғылыми 
зеттеу 
жұмыстарына, 
психологиялық- 
педагогикалық  және  әдiстемелiк  әдебиеттерге,  сондай-ақ пән  саласы  бойынша 
тұжырымдамаларға, білім беру стандарттары мен оқу бағдарламаларына талдау 
жасау); 
- эмпирикалық  (оқып-үйренушілердің  оқу-танымдық  iс-әрекетiн  бағдарлы 
түрде  бақылау,  олармен  сұхбаттасу,  оқытушылар  мен  білім  алушылардан 
сауалнама  жүргізу,  сабақ  түрлеріне  талдау  жасау,  бар  тәжірибелерге  зерттеу 
жүргізу,  оқушылардың  жазбаша  жұмыстарын  тексеру;  зерттеу  барысында 
алынған  нәтижелердің  тиiмдiлiгiн  тексеру  мақсатында  тәжiрибелiк- 
эксперимент жұмыстарын жүргізу); 
-  зерттеу  барысында  алынған  нәтижелер  мен  қорытынды  мағлұматтарды 
математикалық-статистика әдісімен ӛңдеу. 
Зерттеу кезеңдерi: 
Бiрiншi  кезеңде  (2013-2014  жж.)  зерттеу  жұмысының  тақырыбы 
анықталып,  зерттеу  мәселесіне  талдау  жасалды.  Зерттеудің  мақсаты,  нысаны, 
пәні,  болжамы  анықталды,  шешуге  қажетті  міндеттер  қойылды.    Таңдап 
алынған  тақырыптың  теориялық  және  әдіснамалық  негіздерін  зерттеу  жүзеге 
асырылды.  Педагогикалық-психологиялық,  ғылыми-әдiстемелiк  әдебиеттерге 
және кӛтерiлiп отырған мәселеге қатысты басқа да құжаттарға талдау жасалды. 
Алдыңғы  қатарлы  оқытушылар  мен  мектеп  мұғалімдерінің  сабақтарына 
қатынасып,  талдау  жүргізілді.  Мектеп  мұғалімдерінен,  білім  алушылардан 
сауалнамалар алынды. 
Екiншi кезеңде (2014-2015 жж.) педагогика, психология, физика және оны 
оқыту  әдістемесі  саласында,  болашақ  мұғалімдерді  даярлау  және  зерттеу 
тақырыбына  арналған  еңбектерді  оқып,  зерттеу,  талдау  және  жүйелеу 
жұмыстары  орындалды.  Жоғары  оқу  орындарында  «Атомдық  және  ядролық 
физика» 
курсын 
оқытуда 
анимациялық-компьютерлік 
технологияны 
пайдаланудың мүмкіндіктері қарастырылды. «Атомдық және ядролық физика» 
курсы  бойынша  визуалды  техникалық  оқыту  құралдары,  практикалық 
жұмыстар, тапсырмалар жүйесі дайындалып, оқу үдерісіне енгізілді. 
Үшiншi кезеңде (2015-2016 жж.) Педагогикалық жоғары оқу орындарында 
және  Алматы  қаласының  мектеп-гимназияларында  «Атомдық  және  ядролық 
физика»  курсы бойынша  жасалған оқыту  әдістемесінің  тиімділігі  тәжірибелік- 
эксперименттік  жұмыс  барысында  тексеруден  ӛткiзiлiп,  алынған  мәліметтер 
математикалық  статистика  әдiсiмен  ӛңделдi;  теориялық  және  тәжiрибелiк 
тексеру  жұмыстарының  нәтижелерi  жалпыланып,  тұтас  зерттеу  бойынша 
қорытынды  жасалды.  Сондай-ақ  бұл  кезең  диссертацияны  талапқа  сай 
рәсімдеумен  аяқталды.  Диссертациялық  жұмыстың  қолжазба  нұсқасы 
дайындалып, талқылауға ұсынылды. 
Зерттеу  базасы.  Эксперимент  жұмыстары  Абай  атындағы  Қазақ  Ұлттық 
педагогикалық университетінде, Қазақ қыздар педагогикалық университетінде, 
Қожа Ахмет Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназиясында, №172 мектеп- 


13 
 
гимназиясында жүргізілді. Тәжірибелік-эксперименттік жұмысқа жалпы 78 
студент, 137 білім алушы  қатыстырылды. 
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы 
-  педагогикалық  жоғары  оқу  орындарында  болашақ  физика  мұғалімдерін 
даярлау мәселелері қарастырылып, білім алушыларға «Атомдық және ядролық 
физика»  курсын  оқытуда  визуалды  техникалық  оқыту  құралдарын 
пайдаланудың тиімділігі ғылыми тұрғыдан негізделді; 
- жалпы  білім  беретін  орта  мектепте  «Атомдық  және  ядролық  физиканы» 
оқытудың  жағдайына  талдау  жасалып,  оның  педагогикалық  жоғары  оқу 
орындарындағы мазмұнымен сабақтастығы кӛрсетілді; 
- «Атомдық  және  ядролық  физика»  курсының  құрылымы  мен  мазмұндық 
ерекшеліктері  сипатталып,  атомдық  және  ядролық  физика  бойынша  визуалды 
техникалық  оқыту  құралын  дайындауға  қажетті  оқу  материалының  мазмұны 
анықталды; 
-  болашақ  мұғалімдерді  орта  мектептегі  «Атомдық  және  ядролық 
физиканы» 
оқытуға 
даярлауда 
оларды 
анимациялық-компьютерлік 
технологияны  пайдаланып  кәсіби  бағытта  оқыту  бойынша  әдістемелік 
ұсыныстар даярланды; 
-  болашақ  физика  мұғалімдеріне  атомдық  және  ядролық  физиканы  оқыту 
бойынша ұсынылған әдістеменің тиімділігі тәжірибелік-эксперименттік жұмыс 
барысында тексерілді және оқу үдерісіне ендірілді. 
Зерттеудің  практикалық  маңыздылығы.  Ғылыми-зерттеу  жұмысын 
орындау нәтижесінде педагогикалық жоғары оқу орындарында болашақ физика 
мұғалімдерін  даярлайтын  «Атомдық  және  ядролық  физика»  курсының 
зертханалық сабақтарының құрамы мектеп бағдарламасының зертханалық және 
практикалық жұмыстарымен толықтырылды. «Атомдық және ядролық физика» 
курсы  бойынша  дайындалған  визуалды  техникалық  оқыту  құралын, 
практикалық жұмысқа әзірленген тренажер тапсырмаларды білім алушылардың 
танымдық  белсенділігін  қалыптастыруда,  олардың  ӛздік  іс-әрекетін 
ұйымдастыруда,  оқу  үдерісінің  сапасын  арттыру  мақсатында  педагогикалық 
жоғары  оқу  орындарында,  педагогикалық  мамандардың  біліктілігін  арттыру 
орталықтарында,  педагогикалық  колледждерде,  жалпы  білім  беретін 
мектептерде пайдалануға болады. 
Қорғауға ҧсынылатын қағидалар: 
-  педагогикалық  жоғары  оқу  орындарында  болашақ  физика  мұғалімдерін 
даярлаудың мәселелерін және орта мектепте атомдық және ядролық физиканы 
оқытудың жағдайын зерттеудің нәтижесінде, атомдық және ядролық физиканы 
оқыту  сапасы.  Жоғары  оқу  орнында  және  мектепте  атомдық  және  ядролық 
физиканы оқытудың сабақтастылық принціпі; 
-  орта  мектепте  атомдық  және  ядролық  физика  курсын  оқытуға 
мұғалімдерді  даярлауының  ұйымдастыру  әдістемесі,  зертханалық  жұмыстар 
мен практикумдарды ӛткізу әдістемесі, педагогикалық практиканың ықпалы; 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау