Основные положения статья Основные понятия, используемые в настоящем Законе


-параграф. Жеке сот орындаушысын алмастыру



жүктеу 2,77 Mb.
бет25/25
Дата15.05.2018
өлшемі2,77 Mb.
#13627
түріГлава
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25

4-параграф. Жеке сот орындаушысын алмастыру


      Ескерту. 4-параграф алып тасталды - ҚР 15.01.2014 № 164-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

5-параграф. Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы.
Республикалық палата

      Ескерту. 5-параграф жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

      161-бап. Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы

      1. Қазақстан Республикасының әрбір облысының, республикалық маңызы бар қаласының және астанасының аумағында жеке сот орындаушыларының бір өңірлік палатасы құрылады.


      2. Жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасымен және филиал туралы ережемен реттеледі.

      162-бап. Жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының


               өкілеттіктері

      1. Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы:


      1) осы Заңның 145-бабының талаптарына сәйкес жолдамалар береді;
      2) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жеке сот орындаушылары арасында атқарушылық құжаттарды бөлуді жүргізеді;
      3) Республикалық палатаға жүктелген өкілеттіктерден туындайтын басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      2. Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы Республикалық палатаға және уәкілетті органның аумақтық органына өз қызметі туралы ақпарат береді. Ақпарат берудің нысаны мен мерзімдерін уәкілетті орган бекітеді.

      163-бап. Республикалық палата

      1. Республикалық палатаның қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасымен және жарғымен реттеледі.
      2. Республикалық палатаның жарғысын съезд қабылдайды.
      3. Республикалық палата Қазақстан Республикасы жеке сот орындаушыларының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандырудың ортақ шартын жасасады.

      163-1-бап. Республикалық палатаның өкілеттіктері

      1. Республикалық палата:
      1) жеке сот орындаушылары өңірлік палаталарының қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;
      2) мемлекеттік органдарда, қоғамдық бірлестіктерде, басқа да ұйымдарда жеке сот орындаушылары өңірлік палаталары мен жеке сот орындаушыларының мүдделерін білдіреді;
      3) жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталары басшыларының қызметін бақылауды жүзеге асырады;
      4) жеке атқарушылық қызметті ұйымдастыру мәселелері бойынша Сот орындаушылары мен қызметшілерінің халықаралық одағының, басқа да халықаралық және шетелдік ұйымдардың жұмысына қатысады;
      5) жеке атқарушылық қызметке байланысты атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша уәкілетті органның, басқа да мемлекеттік органдардың норма шығарушылық және сараптама қызметіне қатысады;
      6) жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталарымен және білім беру ұйымдарымен бірлесе отырып, жеке сот орындаушыларын оқытуды (біліктілігін арттыруды) ұйымдастырады, оның нәтижелері бойынша растау құжаты беріледі;
      7) жеке сот орындаушысы лицензиясын алуға үміткер жеке тұлғаларды тағылымдамадан өткізу жөнінде әдістемелік көмек көрсетеді;
      8) өзінің лауазымдық міндеттерін орындауы кезінде өзі келтірген зиянды өтеу жөніндегі міндеттемелерді жеке сот орындаушысының орындауын қамтамасыз етеді;
      9) жеке практикамен айналысатын сот орындаушыларының әлеуметтік және кәсіптік құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді;
      10) жеке сот орындаушылары өңірлік палаталарының қызметін мерзімді тексеруді жүзеге асырады;
      11) Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасын қолдану практикасын қорытады және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар қалыптастырады;
      12) талдамалық және ғылыми жұмысты жүзеге асырады;
      13) Жеке сот орындаушыларының кәсіптік ар-намыс кодексін қабылдайды;
      14) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      2. Республикалық палата осы Заңда және өз жарғысында айқындалған, өзінің мақсаттары мен міндеттерін іске асыру үшін басқа да коммерциялық емес ұйымдар құруға құқылы.
      3. Республикалық палата уәкілетті органға тоқсан сайын жеке сот орындаушыларының атқарушылық құжаттарды орындауы жөнінде ақпарат береді.

      164-бап. Республикалық палатаның басқару органдары

      1. Республикалық палатаның басқару органдары мыналар болып табылады:
      1) съезд – жоғары басқару органы;
      2) төралқа – басқару органы;
      3) басқарма – атқарушы орган.
      2. Төралқа құрамына уәкілетті органның үш өкілі кіреді. Оларды сайлауға және босатуға съездің құзыреті қолданылмайды.
      3. Республикалық палатада өз жарғысына сәйкес өзге де органдар құрылуы мүмкін.

      165-бап. Республикалық палатаның қызметін қаржыландыру

      Республикалық палатаның қызметін қаржыландыру міндетті жарналар және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да көздер есебінен жүзеге асырылады.
      Жарналарды төлеу тәртібі, олардың мөлшерлері және төлеу мерзімдері Республикалық палата жарғысында айқындалады.

6-параграф. Жеке сот орындаушыларының қызметін бақылау
және олардың тәртіптік жауаптылығы


      166-бап. Жеке сот орындаушыларының атқарушылық
               әрекеттерді жасауын соттың бақылауы

      Атқарушылық әрекеттерді жасаудан бас тартуға немесе атқарушылық әрекеттерді дұрыс жасамауға сот тәртібімен шағым жасалады.

      167-бап. Уәкілетті органның құзыреті

      Уәкілетті орган:


      1) өз құзыреті шегінде жеке сот орындаушыларының қызметін реттейді және бақылайды;
      2) жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу сомасының мөлшерлерін әзірлейді және оны бекіту үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады;
      3) жеке сот орындаушысының бос лауазымына конкурс ұйымдастырады;
      4) конкурстың қорытындылары бойынша азаматтарды жеке сот орындаушысы лауазымына тағайындайды;
      4-1) уәкілетті органнан үш өкілді айқындайды;
      5) республика бойынша жеке сот орындаушыларының жалпы сандық құрамын бекітеді;
      6) атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша әдістемелік, нұсқаулық және түсіндіру материалдарын әзірлейді;
      7) жеке сот орындаушыларының қызметін лицензиялауды жүзеге асырады;
      8) осы Заңның 143 және 144-баптарының 2-тармақтарында көзделген негіздер бойынша жеке сот орындаушылары лицензияларының қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы шешім қабылдайды;
      9) осы Заңның 144-бабының 1-тармағында көзделген негіздер бойынша жеке сот орындаушылары лицензияларының қолданылуын тоқтату туралы сотқа қуыным береді;
      10) мемлекеттік органдармен жеке сот орындаушыларын жария тізілімдерге және электрондық дерекқорға қосу туралы шарттар жасасады;
      11) мыналарды:
      жеке сот орындаушыларын есептік тіркеу тәртібін;
      тәртіптік комиссия туралы ережені;
      біліктілік емтихандары туралы ережені;
      біліктілік комиссиясы туралы ережені;
      жеке сот орындаушыларының қызметін бақылауды жүзеге асыру тәртібін;
      жеке сот орындаушысының бос лауазымына конкурс өткізу тәртібін;
      жеке сот орындаушысы кеңсесінің орналасқан жеріне және жабдықталуына қойылатын талаптарды;
      жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту тәртібін;
      іс қағаздарды жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
      12) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Ескерту. 167-бап жаңа редакцияда - ҚР 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      168-бап. Уәкілетті органның аумақтық органының жеке сот


                орындаушыларының қызметін бақылау жөніндегі
                құзыреті

      1. Уәкілетті органның аумақтық органы:


      1) жеке сот орындаушыларының осы Заңды сақтауын және өз міндеттерін тиісінше орындауын бақылауды ұйымдастырады;
      2) жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы ұсыну енгізеді;
      3) тәртіптік комиссияға жеке сот орындаушысын жауаптылыққа тарту туралы ұсыну енгізеді;
      4) жеке сот орындаушыларын есептік тіркеуді жүргізеді;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      2. Уәкілетті органның аумақтық органы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен бірлесе отырып:
      1) жеке сот орындаушыларына әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді;
      2) жеке сот орындаушыларының жұмыс практикасын қорытады;
      3) осы Заңның 148-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ақпарат жинауды жүзеге асырады;
      4) жеке сот орындаушыларының әрекеттеріне жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;
      5) жеке сот орындаушылары жасайтын атқарушылық әрекеттердің заңдылығын және олардың іс қағаздарын жүргізу қағидаларын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
      6) атқарушылық қызметті жүзеге асыратын жеке сот орындаушыларының біліктілігін арттыруды жүргізеді.
      3. Уәкілетті органның аумақтық органының өкілдері жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының отырыстарына қатысуға құқылы.
      Ескерту. 168-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

      169-бап. Жеке сот орындаушысының қызметін бақылау

      1. Жеке сот орындаушысы жасайтын атқарушылық әрекеттердің заңдылығын және оның іс қағаздарын жүргізу қағидаларын сақтауын бақылауды уәкілетті орган, оның аумақтық органдары, Республикалық палата және жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталары жүзеге асырады. Бақылауды жүзеге асыру тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
      2. Жеке сот орындаушысының салық заңнамасын сақтауын бақылауды Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асырады.
      3. Уәкілетті органның, оның аумақтық органдарының, Республикалық палатаның және жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының лауазымды адамдары жеке сот орындаушысының қызметін тексеру кезінде белгілі болған атқарушылық әрекеттерді жасау құпиясын сақтауға міндетті. Құпияны жария еткені және келтірілген залал үшін бұл адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
      4. Жеке сот орындаушысының жұмысын тексеру оның атқарушылық әрекеттерді жүзеге асыруды бастағанынан кейін алты ай өткен соң және бір жылдан кешіктірілмей жүргізіледі. Бұдан әрі жылына бір рет жоспарлы тексерулер жүргізіледі.
      Жеке сот орындаушысының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдар түскен жағдайда не оның өз міндеттерін адал атқармағандығын айғақтайтын басқа да ақпарат болған кезде жеке сот орындаушысының қызметіне жоспардан тыс тексеру жүргізілуі мүмкін.
      5. Жеке сот орындаушылары тексеру жүргізуге уәкілетті лауазымды адамдарға жеке және заңды тұлғалармен есеп айырысуларға қатысты мәліметтер мен құжаттарды, сондай-ақ тексеру жүргізу үшін қажетті өзге де ақпаратты беруге міндетті.
      6. Алып тасталды - ҚР 15.01.2014 № 164-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. 169-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      170-бап. Жеке сот орындаушыларының тәртіптік жауаптылығы

      1. Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, Жеке сот орындаушыларының кәсіптік ар-намыс кодексін және Республикалық палата жарғысын сақтамағаны үшін жеке сот орындаушысына тәртіптік жауаптылықтың мынадай түрлері қолданылады:
      1) ескерту;
      2) Республикалық палатадан шығару.
      2. Уәкілетті орган тәртіптік іс жүргізуді қозғау туралы ұсыну енгізген жағдайда, оны қарау уәкілетті орган өкілінің қатысуымен жүзеге асырылады.
      3. Жеке сот орындаушыларына тәртіптік жауаптылықты басқарма төрағасы немесе жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының басшысы қолданады.
      4. Тәртіптік жазаларды қолдану және оларды алып тастау тәртібі Республикалық палатаның жарғысында айқындалады.
      Ескерту. 170-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

      171-бап. Тәртіптік іс жүргізу

      Ескерту. 171-бап алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

      172-бап. Тәртіптік жазалар

      Ескерту. 172-бап алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

      172-1-бап. Республикалық палатадан шығару

      Жеке сот орындаушысын Республикалық палатадан шығаруды Республикалық палата басқармасы мынадай:
      1) жеке сот орындаушысы лицензиясының қолданысы тоқтатылған;
      2) жеке сот орындаушысы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, Жеке сот орындаушыларының кәсіптік ар-намыс кодексін және Республикалық палата жарғысын өрескел не бірнеше рет бұзған;
      3) міндетті мүшелік жарналарды үнемі төлемеген;
      4) ғылыми, оқытушылық немесе өзге де шығармашылық қызметті қоспағанда, өзге де ақылы қызмет түрлерімен айналысқан;
      5) өз еркі бойынша;
      6) Республикалық палата жарғысында көзделген өзге де жағдайларда жүргізеді.
      Ескерту. 6-параграф 172-1-баппен толықтырылды - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

17-тарау. ӨТПЕЛІ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР


      173-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу

      Осы Заң, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 138-баптың 3-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Ескерту. 173-бап жаңа редакцияда - ҚР 15.01.2014 № 164-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      174-бап. Өтпелі ережелер

      1. Жеке сот орындаушыларының республикалық алқасы 2015 жылғы 1 наурызға дейін Республикалық палата болып қайта құрылу жолымен қайта ұйымдастырылуға тиіс. Жеке сот орындаушыларының өңірлік алқалары 2015 жылғы 1 шілдеге дейін таратылуға жатады.
      2. Республикалық палата құрылғанға дейін оның функцияларын Жеке сот орындаушыларының республикалық алқасымен бірлесе отырып уәкілетті орган жүзеге асырады.
      Ескерту. 174-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

      175-бап. Қорытынды ережелер

      «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» 1998 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 13, 195-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 23, 922-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 142-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 24, 153-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      Қазақстан Республикасының


      Президенті                                         Н. Назарбаев
жүктеу 2,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау