Осы жүйе бойынша статистикалық деректер оның аз сомаларға бөлшек төлемдердің негізгі ағының жүргізудегі өзінің міндетін орындағанын дәлелдейді (тауарлар мен қызметтер үшін төлемдер төлемдердің жалпы көлемінің 59,3% құрады, зейнетақы төлемдері және жәрдемақылар мен ерекше аударымдар, оның ішінде, өтеусіз аударымдар – 33,1% болды). Мәселен, 2013 жылғы қаңтар-қарашада осы жүйе арқылы барлық өтеусіз төлемдердің жалпы санының 60,7% және жалпы көлемнің 2,7% өңделді.
Төлем мақсатының түрлері бойынша БКЖ-дағы төлемдердің көлемі
Көрсеткіштің атауы
|
2012 жылғы 11 ай
|
2013 жылғы 11 ай
|
Өзгеріс
|
млрд. теңгемен
|
жалпы көлеміне %-бен
|
млрд. теңгемен
|
жалпы көлеміне %-бен
|
млрд. теңгемен
|
%-бен
|
Шетел валютасымен және бағалы металдармен операциялар
|
0,1
|
0,002%
|
0,1
|
0,003%
|
0,1
|
66,5%
|
Депозиттер
|
166,2
|
4,4%
|
187,8
|
4,4%
|
21,6
|
13,0%
|
Қарыздар
|
79,2
|
2,1%
|
139,7
|
3,2%
|
60,5
|
76,5%
|
ҚР резидент еместері шығарған бағалы қағаздар, вексельдер мен депозиттік сертификаттар
|
0,4
|
0,0%
|
0,4
|
0,0%
|
0,0
|
-7,1%
|
ҚР резиденттері шығарған бағалы қағаздар және вексельдер
|
2,8
|
0,1%
|
2,8
|
0,1%
|
0,0
|
0,5%
|
Тауарлар және материалдық емес активтер
|
1 251,0
|
32,9%
|
1 391,1
|
32,2%
|
140,2
|
11,2%
|
Қызметтер
|
1 009,9
|
26,6%
|
1 165,7
|
27,0%
|
155,9
|
15,4%
|
Басқа да төлемдер*
|
1 293,5
|
34,0%
|
1 426,0
|
33,1%
|
132,4
|
10,2%
|
Жиынтығы
|
3 803,0
|
100,0%
|
4 313,7
|
100,0%
|
510,7
|
13,4%
|
9-сурет.
2004 жылдан бастап 2013 жылғы қаңтар-қарашаға дейінгі
Банкаралық клиринг жүйесіндегі төлемдер ағындарының динамикасы
2013 жылғы қаңтар-қарашада Банкаралық клиринг жүйесі арқылы 4 313,7 млрд. теңге сомасына 19,4 млн.төлем құжаты өткізілді. 2012 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда клиринг жүйесінде құжаттардың саны 5,9%-ға (1,1 млн. құжатқа) өсті, төлемдер сомасы 13,4%-ға (510,7 млрд. теңгеге) өсті (9-сурет).
2013 жылғы қаңтар-қарашада Банкаралық клиринг жүйесінде бір төлем құжатының орташа сомасы 2012 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 7,1%-ға (14,7 мың теңгеге) өсіп, 222,1 мың теңге болды. 2013 жылғы қаңтар-қарашада клиринг жүйесі арқылы орташа алғанда бір күнде 19,1 млрд. теңге сомасына 86,0 мың құжат өткізілді, бұл 2012 жылғы осындай кезеңдегі деңгейден төлемдер саны бойынша 7,3%-ға (5,9 мың транзакция) және төлемдер сомасы бойынша 14,9%-ға (2,5 млрд. теңгеге) жоғары.
Сомалар аралығы бойынша төлемдердің ең көп саны 2013 жылғы қаңтар – қараша айларында 10 мың теңге дейінгі (төлемдердің жалпы санының 52,5%) аралықта қалыптасты, ал ең аз саны – 500 мың теңгеден 1 млн. теңгеге дейінгі (2,5%) аралықта қалыптасты. Сомалар аралығы бойынша төлемдердің ең көп сомасы 2013 жылғы қаңтар – қарашада 1 млн. теңгеден (төлемдердің жалпы көлемінің 75,9%) астам аралықта, ал ең азы – 10 мың теңгеге дейінгі аралықта (0,8%) қалыптасты (10-сурет).
10-сурет.
Басқару тәуекелдері мен әдістері
Өтімділік тәуекелін және жүйелі тәуекелді басқару мақсатында Банкаралық клиринг жүйесінде ААК (БКЖ ақша айналымының коэффициенті) есебі пайдаланылады, ол жүйеде ақшаның қарсы келген ағымы есебінен төлемдер қанша рет жүргізілгенін, сондай-ақ пайдаланушылардың таза позициясы сомасының талдамасын көрсетеді. Мәселен, 2013 жылғы қаңтар-қарашада орташа күндік ААК 4,73 құрады, ал 2012 жылғы осындай ұқсас кезеңде осы көрсеткіш 4,89 болды. Бұл ретте пайдаланушылардың клиринг нәтижесі бойынша таза позициясының орташа күндік сомасы 2012 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 16,2-ға ұлғайып, 4,2 млрд. теңгені құрады. Пайдаланушылардың клирингтегі таза позициясы сомасының үлесі пайдаланушылардың БААЖ-дағы4 орташа күндік айналымдары сомасының арақатынасы бойынша аздаған болып табылады - 0,7%, бұл таза позицияларды БААЖ арқылы есептеу кезінде өтімділік тәуекелі төмендеуіне ықпал етеді (11-сүрет).
11-сурет.
Банкаралық клиринг жүйесіндегі өтімділік пен айналымның көрсеткіштері
Банкаралық клиринг жүйесінің жұмыс мүмкіндігінің орташа жылдық коэффициентінің мәні (99,98%) осы төлем жүйесі қызмет етуінің жоғарғы тиімділігін және оның жұмыс мүмкіндігін қалпына келтірудің қолда бар әдістерінің сенімділігін сипаттайды (12-сурет).
12-сурет.
Банкаралық клиринг жүйесінің жұмыс мүмкіндігі коэффициентінің 2013 жылғы қаңтар-қараша аралағында өзгеру динамикасы
Достарыңызбен бөлісу: |