Сомалар аралығы бойынша төлемдер саны
|
Сомалар аралығы бойынша төлемдер сомалары
|
Уақыт аралығы бойынша
төлемдер саны
|
Уақыт аралығы бойынша
төлемдер сомалары
|
Тәуекелдер және оларды басқару әдістері
Елдің қаржы жүйесінің тұрақтылығына айтарлықтай ықпал ететін өтімділік тәуекелін1 және жүйелік тәуекелді2 басқару мақсатында Ұлттық Банк және төлем жүйесін пайдаланушылар тұрақты негізде пайдаланушылардың жүйелердегі позицияларына мониторинг және бақылау жүргізді.
БААЖ-де осы тәуекелдерді басқару үшін кезекті басқару тетігі (төлем құжаттарын орындаудың басымдықтарын белгілеу және төлем құжаттарындағы кезектілікті өзгерту) пайдаланылады, пайдаланушының корреспонденттік шотынан оның жүйедегі позициясына қосымша аударымдар жүзеге асырылады.
6-сурет.
БААЖ-дегі пайдаланушылардың өтімділігінің
2013 жылғы қаңтар – қарашадағы көрсеткіштері
Жүйедегі өтімділіктің орташа күндік көлемі (пайдаланушылардың ақша төлемі мен аударымын жүзеге асыру үшін жүйеге аударатын ақша сомасы) 2013 жылғы қаңтар - қарашада 927,1 млрд. теңге болды, ол 2012 жылмен салыстырғанда 2,5%-ға (22,9 млрд. теңге) ұлғайды. 2004 жылмен салыстырғанда жүйедегі өтімділік 11 еседен астамға өсті, бұл кредиттік және өтімділік тәуекелдерінің айтарлықтай төмендеуіне ықпал етті.
Тұтастай алғанда 2013 жылғы қаңтар – қарашада пайдаланушылардың БААЖ-дегі өтімділігінің орташа күндік көлемі төлемдердің орташа күндік сомасынан 135,0% болды, бұл жүйені пайдаланушылардың төлемдерді жүргізу үшін барынша қамтамасыздықты сипаттайды (7-сурет).
7-сурет.
2013 жылғы қаңтар – қарашадағы БААЖ-дегі
пайдаланушылардың өтімділігінің өзгеру динамикасы
Ақша айналымдылығының орташа күндік коэффициенті3 (ААК) БААЖ-де 0,76 б, ақша өтімділігінің коэффициенті (АӨК) - 1,47, бұл кредиттік, өтімді және жүйелік тәуекелдері барынша аз мәндерге сәйкес келеді.
2013 жылғы қаңтар – қараша ішінде БААЖ жұмыс қабілеті коэффициенттерінің мәні 99% жоғары деңгейде сақталды, бұл қойылған мақсатқа сәйкес келеді. Орташа алғанда 2013 жылғы қаңтар – қарашада БААЖ жұмыс қабілеттілігінің коэффициенті 99,93% болды, бұл осы төлем жүйесінің жұмыс істеуінің жоғары тиімділігін сипаттайды (8-сурет).
Төлем жүйесіне рұқсатсыз кіру жағдайлары анықталған жоқ.
8-сурет.
2013 жылғы қаңтар – қарашадағы БААЖ жұмыс қабілеті коэффициентінің өзгеру динамикасы
Төлем жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету және резервтік орталықтың үнемі дайын болуын қолдау мақсатында «ҚРҰБ ҚБЕО» РМК 2013 жылғы қаңтар – қарашаның ішінде төлем жүйелерінің жұмысын резервтік орталықтың бағдарламалық-техникалық кешеніне аударуды жүзеге асырды.
ОПЕРАЦИЯЛЫҚ КҮНДІ СОЗУ
2013 жылғы қаңтар-қараша кезеңі ішінде БААЖ операциялық күнін созудың жиынтық уақыты 41 сағат 48 минут болды, оның ішінде ең ұзақ созу уақыты – 240 мин, ал ең азы – 10 мин. болды. Ұзарту кезінде жүргізілген төлемдер сомасы 52,5 млрд. теңге, жүргізілген төлемдер саны – 16 129 мың төлем болды.
Достарыңызбен бөлісу: |