Основные итоги, проблемы и перспективы развития



жүктеу 441,71 Kb.
бет1/3
Дата14.05.2018
өлшемі441,71 Kb.
#12785
  1   2   3

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ДАМУЫН ТАЛДАУ

2013 жылғы қаңтар – қарашада Қазақстанның төлем жүйелері (Банкаралық ақша аудару жүйесі және Банкаралық клиринг жүйесі) арқылы 156 534,9 млрд. теңге сомаға 32,0 млн. транзакция жүргізілді. 2012 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда төлем жүйелеріне жүргізілген төлемдердің саны 8,6% (2 543,5 мың транзакция) өсті, ал төлемдердің сомасы 3,0% (4 614,4 млрд. теңге) ұлғайды (1-сурет.).


1-сурет

Төлем жүйелеріндегі төлемдер ағындарының 2004 жыл – 2013 жылғы қаңтар – қараша аралығындағы динамикасы

2013 жылғы қаңтар – қарашада Қазақстанның төлем жүйелері арқылы орташа алғанда бір күні 705,9 млрд. теңге сомаға 141,6 мың транзакция жүргізілді, бұл 2012 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда саны бойынша 10,5% және сомасы бойынша 4,5% көп.


2-сурет

Төлем жүйелеріндегі орташа алғанда бір күнгі төлемдер ағындарының 2009 жыл – 2013 жылғы қаңтар – қараша аралығындағы динамикасы

Қаржы секторы субъектілерінің Қазақстанның төлем жүйелері арқылы ақша төлемі мен аударымын жүзеге асыру кезіндегі неғұрлым белсенділігі 2013 жылы Қазақстан Республикасының резиденттері шығарған бағалы қағаздармен және вексельдермен операциялар (төлемдердің жалпы көлемінің 44,7%) жүргізу кезінде байқалды.


БААЖ және БКЖ төлемдері мақсатының түрлері бойынша төлемдердің көлемі

Көрсеткіштің атауы

2012 жылғы 11 ай

2013 жылғы 11 ай

Өзгеріс

млрд. теңге

жалпы көлем-нің %

млрд. теңге

жалпы көлем-нің %

млрд. теңге

%

Шетел валютасымен және бағалы металдармен операциялар

23 903,0

15,4%

23 172,6

14,5%

-730,4

-3,1%

Депозиттер

23 385,7

15,1%

21 021,3

13,2%

-2 364,4

-10,1%

Қарыздар

1 766,3

1,1%

2 114,6

1,3%

348,3

19,7%

ҚР резидент еместері шығарған бағалы қағаздар, вексельдер және депозиттік сертификаттар

189,8

0,1%

152,0

0,1%

-37,9

-19,9%

ҚР резидент еместері шығарған бағалы қағаздар және вексельдер

66 121,8

42,7%

71 324,3

44,7%

5 202,5

7,9%

Тауарлар және материалдық емес активтер

11 451,1

7,4%

12 155,6

7,6%

704,5

6,2%

Қызмет көрсетулер

8 670,7

5,6%

9 840,8

6,2%

1 170,1

13,5%

Басқа да төлемдер*

19 431,9

12,5%

19 753,7

12,4%

321,8

1,7%

Жиынтығы

154 920,5

100,0%

159 534,9

100,0%

4 614,4

3,0%

* зейнетақы төлемдері мен жәрдемақылар, арнайы аударымдар, бюджетке төлемдер мен бюджеттен төлемдер кіреді.

Төлем жүйелеріндегі төлемдер көлемінің өсуіне Қазақстан резиденттерінің бағалы қағаздарымен операциялар бойынша төлемдер көлемінің (атап айтқанда, РЕПО операциялары бойынша төлемдер сомасының 15% өсуі), тауарлар үшін төлемдердің 6,7% өсуі, сондай-ақ бюджетке есепке жазылған (есептелген) және өзге міндеттемелердің төлемдердің 5,4% өсуі себепші болды.


Төлемдердің өсуіне себепші болған негізгі көрсеткіштер

Көрсеткіштің атауы

2012 жылғы 11 ай

2013 жылғы 11 ай

Өзгеріс

млрд. теңге

млрд. теңге

млрд. теңге

%

Қазақстанның резиденттерінің бағалы қағаздарымен операциялар бойынша төлемдер

Мемлекеттік БҚ-мен кері РЕПО операцияларын ашу

17 766,0

20 711,9

2 945,9

16,6%

Мемлекеттік емес БҚ-мен кері РЕПО операцияларын ашу

10 792,7

12 119,0

1 326,3

12,3%

Мемлекеттік БҚ-мен тікелей РЕПО операцияларын жабу

17 615,1

20 535,8

2 920,7

16,6%

Мемлекеттік емес БҚ-мен тікелей РЕПО операцияларын жабу

10 605,4

11 947,8

1 342,4

12,7%

РЕПО операциялары бойынша жиынтығы

56 779,2

65 314,5

8 535,3

15,0%

Басқа да төлемдер

Жылжымайтын мүлікті қоспағанда тауарлар үшін төлемдер

10 706,5

11 419,3

712,8

6,7%

Бюджетке есепке жазылған (есептелген) және өзге міндеттемелер

6 668,7

7 026,5

357,8

5,4%

Қарыз беру

877,8

1 212,3

334,5

38,1%



БАНКАРАЛЫҚ АҚША АУДАРУ ЖҮЙЕСІ

Жалпы алғанда, 2013 жылғы қаңтар – қарашада БААЖ арқылы 155 221,3 млрд.теңге сомаға 12,6 млн. транзакция жүргізілді. 2012 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда төлемдердің саны 13,1% (1 453,7 мың транзакцияға), ал төлемдердің сомасы 2,7% (4 103,7 млрд. теңгеге) ұлғайды (3-сурет).



3-сурет.

БААЖ-ғы төлемдер ағындарының 2004 жыл – 2013 жылғы қаңтар – қараша аралығындағы динамикасы
2013 жылғы қаңтар – қарашада БААЖ арқылы орташа алғанда бір күні 686,8 млрд. теңге сомаға 55,6 мың транзакция жүргізілді, бұл 2012 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда саны бойынша 14,6% және сомасы бойынша 4,1% көп. Бұл ретте БААЖ-дағы бір төлем құжатының орташа сомасы 2013 жылғы қаңтар – қарашада 12,3 млн. теңгені құрады және 2012 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 9,2% (1 244,2 мың теңгеге) азайды.

4-сурет
2009 жылдан бастап 2013 жылғы қаңтар-қараша аралығында БААЖ-да орташа алғанда бір күн ішіндегі төлемдер ағындарының динамикасы

Ірі бес банктің төлемдеріне клиенттердің бір банктегі өз шотынан басқа банктегі өз шотына аударымдарына байланысты төлемдер – 17,4% және тауарлар үшін төлемдер (жылжымайтын мүлік үшін төлемдерді қоспағанда) – 17,0% тиесілі.


Ірі бес банктің төлемдер ағыны

Банктердің атауы

2013 жылғы 11 ай

Өзгерту

млрд. теңге

% үлесі

Клиенттердің өз шотынан басқа банктегі өз шотына аударымдары

4 614,8

17,4%

Жылжымайтын мүлікті қоспағанда тауарлар үшін төлемдер

4 505,1

17,0%

Есепке жазу (есептеу) және бюджетке өзге де міндеттемелер

3 168,8

12,0%

Биржада шетел валютасын теңгемен сатып алу

2 352,8

8,9%

Биржадан тыс шетел валютасын теңгемен сатып алу

1 740,0

6,6%

Барлығы

26 511,1

100%

Бұл ретте елдің жүйелік маңызы бар төлем жүйесі БААЖ арқылы қаржы секторының операциялары бойынша (Қазақстан резиденттерінің бағалы қағаздарымен операциялар бойынша төлемдердің үлесі 45,9%, шетел валютасымен және бағалы металмен операциялар бойынша – 14,9%, депозиттер бойынша – 13,4% құрады) анағұрлым ірі және мерзімді төлемдер жүргізіледі. Осы жүйе арқылы 2013 жылдың қаңтар –қарашасында елдің қолма-қол ақшасыз төлем жалпы сомасының 97,3% және олардың жалпы көлемінің 39,3% жүргізілді.



БААЖ төлемдері көлемінің өсуі негізінен Қазақстан Республикасының резиденттері шығарған бағалы қағаздар мен вексельдермен операциялар бойынша төлемдер сомасының 7,9%-ға, сондай-ақ тауарлар мен қызметтер үшін төлемдердің 8,8%-ға ұлғаюымен байланысты.
БААЖ-да төлем мақсатының түрлері бойынша төлемдер көлемі

Көрсеткіштің атауы

2012 жылғы 11 ай

2013 жылғы 11 ай

Өзгеруі

млрд. теңге

жалпы көлемге %

млрд. теңге

жалпы көлемге %

млрд. теңге

%-бен

Шетел валютасымен және бағалы металдармен операциялар

23 903,0

15,8%

23 172,5

14,9%

-730,5

-3,1%

Депозиттер

23 219,5

15,4%

20 833,5

13,4%

-2 386,0

-10,3%

Қарыздар

1 687,2

1,1%

1 974,9

1,3%

287,7

17,1%

ҚР резидент еместері шығарған бағалы қағаздар, вексельдер және депозиттік сертификаттар

189,4

0,1%

151,6

0,1%

-37,8

-20,0%

ҚР резиденттері шығарған бағалы қағаздар, вексельдер

66 119,0

43,8%

71 321,5

45,9%

5 202,5

7,9%

Тауарлар және материалдық емес активтер

10 200,2

6,7%

10 764,4

6,9%

564,3

5,5%

Қызметтер

7 660,9

5,1%

8 675,1

5,6%

1 014,2

13,2%

Басқа төлемдер*

18 138,4

12,0%

18 327,8

11,8%

189,3

1,0%

Жиынтығы

151 117,6

100,0%

155 221,3

100,0%

4 103,7

2,7%

* зейнетақы төлемдері және жәрдемақылар, ерекше аударымдар, бюджетке төлемдер және бюджеттен төлемдер.
2013 жылғы қаңтар-қарашада сомалар аралығы бойынша төлемдердің анағұрлым көп саны 3 млн. теңге (үлесі 89,7%) аралығында, ал ең азы – 1 млрд. теңгеден астам (үлесі 0,3%) және 500 мыңнан 1 млрд. теңгеге дейін (0,2%) байқалды. Уақыт аралығы бойынша төлемдердің ең көп саны мен сомасы сағат 15:00-тен 18:00-ға дейінгі (БААЖ арқылы өткізілген төлемдердің жалпы санының 60,5% және жалпы сомасының 50,8%) уақыт аралығында жүргізілді (5-сурет).

5-сурет.

жүктеу 441,71 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау