сәлима жүнісова «базис» компани-
ясында қабат бойынша кезекші болып
істейді. оның еңбек тәжірибесі 2011 жылы
«триумфальный» тұрғын үй кешенінен
басталды. 2012 жылы сәлима Q-2-ге жауап-
ты болды, 2013–2014 жылдары «престиж»
тұрғын үй кешенінде жұмыс істеді, ал, 2015
жылы оны «италиялық орам» тұрғын үй
кешеніне аға кезекші етіп ауыстырды.
– Қабат бойынша кезекшілік етуді ішкі кү-
зет деп атауға да болады. Нысанның құрылы-
сы аяқталып жатқан кезде ешкімнің есіктерді,
терезелерді сырмауын қадағалаймыз. Жайлар-
дағы тазалықтың сақталуын бақылаймыз. Күн
сайын таңертеңнен кешке дейін құрылысшы-
лардың жанында болып, олардың құрылыстан
қалған қоқыстарды тазалап отыруын қадаға-
лаймыз. Пәтер иелері келіп орналасқанға дей-
ін жауапкершілік біздің мойынымызда.
Қазір мен 10 кіреберісі бар тұрғын үй ке-
шені «Италиялық орамда» жұмыс істеп жа-
тырмын. Пәтер иелеріне әлдене қажет болған
жағдайда – мәселен, оларға электрикті, сантех-
никті, сыпырушыны немесе өзге бір маманды
шақыру қажет болса, біз олардан осы жөнінде-
гі өтінішті қабылдаймыз да басшылыққа баян-
дап, барлық мәселелерді шұғыл шешіп отыра-
мыз. Техникалық жайлар, лифтілер және тағы
басқалардың кілттері бізде. Біз кілтті алушы-
ның қолын қойдырып барып қана береміз.
Былайғы жұрт қабат кезекшісінің жұмысы
оңай деп ойлайды, оның қаншалықты жауапты
екендігін аңғара бермейді. Біз нысанға монолит
құйылғаннан кейін кіріп, ол жақтан тұрғындар
көшіп келгеннен кейін ғана шығамыз. Мен әр-
бір нысанға өз перзентімдей қараймын.
Жолдасым да ҚМБ-5-те жол салушы бо-
лып жұмыс істейді. Үлкен ұлым да колледжді
бітіргеннен кейін компанияға жұмысқа келді.
Кәсібімді мақтан тұтамын және өзіме ұнайды.
Мен «БАЗИСті» жақсы көремін. Маған ком-
паниямыздың, ұжымымыздың үлкен болған-
дығы, мұнда көптеген адамдардың еңбек
ететіндігі ұнайды. Жігіттер де қандай да бір
мәселені шешу қажет болып жатса сол орын-
далмайынша дәрежесі мен атағына қарамастан
ешкімге тыныштық бермейтінімді біледі.
әлфия имашева алматыдағы 12 000
орындық Мұзды аренада кілтші болып
қызмет етеді. оның жұмысы ерекше ұқып-
тылық пен тәртіпті қажет етеді, себебі, әр
есіктің кілтін біліп қана қоймай, сонымен
қатар, үнемі оның қайда жатқандығын қа-
дағалап отыру керек.
– Менің қызметім «қабат кезекшісі» деп
аталады, ал, қарапайым тілмен айтсақ – кіл-
тшімін. Нысанның барлық есіктерінің кілті
менде. Құрылыс немесе жөндеу жұмыстарын
жасау керек болған жайдайда құрылысшылар
маған келеді де оларға кілтті қолын қойдырып
барып бермес бұрын арнайы журналға кілттің
алынған күнін, оны алған адамның аты-жөнін,
қай бригадада жұмыс істейтінін, оның ұялы
телефонынының номерін жазамын. Кілтті
қайтарған кезде де алған адам қол қояды.
Әрбір бау кілттің өзінің номері мен қай қа-
баттағы қай есіктің кілті екендігінен хабар бе-
ретін мәлімет жазылған салпыншағы болады.
Кілттерді әзірлеуге көп уақыт кетеді – әр кілтке
мәлімет жазылған қағазды жапсыру қажет. Бұл
нысанда менде әзірге небәрі екі бума кілт бар –
олар «В» блогының кілттері. Жақында бұларға
«А» және «Б» блоктарының кілттері қосылады.
Менің жұмысымдағы ең басты нәрсе – жіті
көңіл мен тәртіп. Әр кілт өз орнында ілулі
тұруы тиіс – егер екі-үш кілттің орнын ауы-
стырып алатын болсаң былық басталады.
Мұзды аренаға дейін мен Mega Tower
Almaty тұрғын үй кешенінде компаниямызда
ақтық әрлеу жұмыстары жөніндегі прораб бо-
лып еңбек ететін анам Фарида Асылбековамен
бірге кілтші болып істедім. Біз соңғы үш үйдің
пәтерлерін иелеріне тапсырдық.
Құрылыстың ауқымы тұрғысынан қараған-
да кілтшінің жұмысы аса маңызды емес болып
көрінуі мүмкін, себебі, ол құрылысшылар, әр-
леушілер, тас қалаушылардың жанында елен-
бей де қалады. Бірақ, кілттер мен кілтші болма-
са нысандарда бей-берекетсіздік басталар еді.
расын айтқанда, «БАЗИСте» жұмыс істеп
жатқаныма қуаныштымын – бұл жалақыны,
жәрдемақыны, барлығын уақытында заңға
сәйкес төлейтін бүгінгі күні аяғынан нық
тұрған компания.
нұрлан сұлтамұратов астанадағы
еХро-2017 қатысушыларына арналған
ктк құрылыс алаңдарында өндірісті дай-
ындау инженері болып еңбек етеді. алдына
қойған мақсаты бар, жауапкершілігі мол жас
жігіт тапсырылған міндеттерді бұлжытпай
орындайды және өмірден не күтетінін біледі.
– «БАЗИСке» 2015 жылдың бірінші нау-
рызында кірістім. Биыл Еуразиялық ұлттық
Университетті бітірдім. Оқып жүргенде басқа
мекемеде жұмыс істедім, кейін «БАЗИСке»
тәжірибеден өтуге келдім, екі аптадан соң мені
жұмысқа алып, нысанға жауапты етіп бекітті.
Біз, ӨДБ инженерлері жобалау институ-
тымен, өндірісті-техникалық бөлімімен және
смета бөлімімен жұмыс істейміз. Егер жо-
бада қандай да бір ескертулер болса біз оны
жобалау институтымен бірлесе шешеміз.
Барлық жобалық келісулер мен түзетулер
біз арқылы енгізіледі. Біз жұмыс өндірісі
кестесін, басшылыққа арналған есептерді
жасаймыз, қанша жұмыс атқарылғанын қа-
дағалаймыз. Бөліміміз бригадалардың қозға-
лысын реттейді, оларды қандай участокқа
қою қажеттігін бақылайды. Өндіріс процесі
кезінде шұғыл шешуді қажет ететін көптеген
мәселелер туындап жатады. Бұл маған ұнай-
ды және жұмысыма көңілім толады. Менің
еңбек ететін нысаным да өзгеше. Маған
еліміздің беделін арттыратын осындай маңы-
зды нысанда жұмыс істейтінімді айтқанда
қатты қуандым. ЕХрО – бұл халықаралық
көрме, еліміз үшін үлкен оқиға. Біздің на-
сынымыз үлкен – үш орам, 21 үй. Мұндай
нысанда еңбек ету әрине, қиын, бірақ, соған
қарамастан қызық та.
«БАЗИС» компаниясы – бұл тағылымы
мол мектеп. Менің осында жұмысқа келуімнің
себебі – «БАЗИС» Қазақстандағы ең ірі
құрылыс компанияларының бірі, құрылыс са-
ласының көшбасшысы. Құрылыс алаңын көр-
геннен кейін ойымды өзгерттім және оған еш
өкінбеймін – қазір мен «Екі қоянды бір оқпен
атып», жобалармен де, өндіріспен де айналы-
сып жатырмын. Мұнда мен үнемі қозғалыста
боламын, адамдармен көп араласамын және
бұл маған мейлінше ұнайды.
тұрар төлегеновтің «базис» компа-
ниясында жұмыс істеп келе жатқанына
10 жыл. университетті бітіргеннен кей-
ін ол компанияға бірден шебер болып
орналасты, ал, қазір ол – прораб. өзі
құрылысына қатысқан барлық нысанды
жылылықпен еске алады және жұмысын
мақтан тұтады.
– «БАЗИС» компаниясында жұмыс істеп
келе жатқаныма 10 жыл болды. 2004 жылы
Архитектура-құрылыс университетін (ҚазБ-
СҚА) тәмамдадым, ал, 2005 жылы «БАЗИС»
компаниясына өндіріс участогының шебері
болып орналастым. Қазір монолиттік участок-
та жалпықұрылыс және монтаждау жөніндегі
прорабпын, тікелей жетекшіміз – Анатолий
Степанович Фальков.
Басшылық мені іссапарларға жиі жібе-
реді. Алғаш рет мені Оңтүстік Қазақстан
облысындағы Көксарай су реттегішінің
құрылысына аттандырды. Кейін Астанаға бү-
гінде бүкіл ел ордасы мақтан ететін «Оқушы-
лар шығармашылығы сарайының» құрылыс
алаңына іссапарға жіберді. Сексеуілдіде ком-
паниямыз су өткізу қондырғысын, поездар
өтетін шағын көпір, автожол өтпежолын сал-
ды. Ол жерде мен монтаждау жұмыстарын
атқардым. Сондай-ақ, Mega Tower Almaty
тұрғын үй кешені құрылысында шебер бо-
лып істедім. Бірінші, екінші, үшінші, төртін-
ші және бесінші құрылыс ғимараттарын сал-
дым. Q, «Этюд» ТК, «Шахристан», «Долина
роз», «Янтарный» кешендерінде істедім.
Осы нысандардың арасында ең ұнайтыны
өзіміз Қорғас пен Жаркентке жақын жерде
салған Нұркент ауылы. Өзім құрылысына ат-
салысқан нысандардың жанынан өтіп бара
жатқан сәттерде ойыма жылы естеліктер
оралады. Мен «БАЗИСте» жұмыс істейтінді-
гімді мақтан тұтамын!
Сүйікті отбасым – жұбайым және екі
ұлым бар. Үлкенім екінші сыныпта оқиды,
ал, кіші ұлымыз бір жаста. Бос уақытымда
қазақ тіліндегі әдеби кітаптарды оқығанды
ұнатамын. Жақында «Абай жолын» тағы бір
оқып шықтым.
абат сайыновтың «базис» компания-
сында арматурашы болып еңбек етіп келе
жатқанына үш жыл болды. қазір ол аста-
надағы қазақ ұлттық хореография ака-
демиясының құрылыс алаңында қаңқа-
ларды байлап, темірден «торды» тек жоба
шеңберінде тоқуда.
– Қазір өте күрделі де жауапты нысанда жұ-
мыс істеп жатырмын. Мұнда бүкіл периметр
бойымен арматураның көптеген түрі қолданы-
лады. Барлық аралықтар, қабырғалар, бағана-
лар, салмақ түсетін және екінші кезектегі қабы-
рғалар арнайы арматуралық қаңқадан жасалған.
Хореография академиясына дейін «Триум-
фальный» тұрғын үй кешенінің құрылыс
алаңдарында істедім, «Хилтон» қонақүйін
салдым. Ол жерде де өзіндік ерекшеліктер
болды, ал, мына нысан тіпті өзгеше.
Барлық қабаттардың қабырғаларының
биіктігі де, бөлмелердің орналасуы да бірдей
болып келетін қарапайым тұрғын үй кешен-
дері мен кеңсе ғимараттарының құрылы-
сымен салыстырғанда Қазақ ұлттық хоре-
ография академиясы техникалық күрделі
нысан. Оны одан сайын күрделі ете түсетін
тағы бір жайт – ғимараттың ортасында клас-
сикалық қабаттар жоқ – онда биік холлдар
мен тік қабырғалар болады. Барлық жабындар
арматураланған темір бетон мен металл кон-
струкциялардан тұрады. Бұл конструкциялар-
ды байлау және жинау мейлінше ауыр және
жауапкершілігі үлкен – себебі мұнда балалар
оқитын болады.
Мен тәжірибелі арматурашы Әнапия Сәр-
сенбаевпен бірге еңбек етемін. Ол компаниямы-
зға 2005 жылы келді және сол жылдың жаз ай-
ынан осында жұмыс істеп келеді. Ол кісіден көп
нәрсе үйренуге болады. Әрине, мұндағы жұмыс
жеңіл емес, бірақ, біз үйреніп кеттік, ауа райы
жағдайларына да жақсы бейімделіп алдық.
2015 жылдың соңына дейін монолит жұмы-
старын толығымен аяқтауды жоспарлап отыр-
мыз, ал, 2016 жылы әріптестеріміз нысанның
ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстарын бітіреді.
Маған «БАЗИС» компаниясында жұмыс
істеген ұнайды, ниет болып жатса мұнда
жап-жақсы мансап та жасауға болады.
ақылбек нұрпейісов «базисте» 16
жылдан бері еңбек етіп келеді. бояушы бо-
лып келген, қазір тұтас бір бояушы-әрле-
ушілер бригадасын басқарады. оның ең-
бегінің нәтижелерін алматы мен астанада
салынған ғимараттардан көруге болады.
қазір ол өзінің бригадасымен бірге Royal
Gardens тұрғын үй кешенінде жұмыс істеуде.
– Бастапқыда бояушы болып келгенмін,
қазір бригадирмін. Жұмысқа орналаса салы-
сымен мені Астанаға іссапарға аттандырды.
Менің «БАЗИС» компаниясындағы еңбек жо-
лым басталған тұңғыш нысаным Қр қаржы
Министрлігінің Астанадағы ғимараты. Біз са-
лып жатқан нысандардың барлығы өзгеше деп
санаймын.
Мен түрлі әрлеу материалдары мен ас-
паптармен жұмыс істеймін. Қазір біз сылаққа
арналған арнайы германиялық агрегаттарды
пайдаланамыз. Бұл қысқа уақыттың ішінде көп
жұмыс атқаруға мүмкіндік беретін өте жақсы
аппараттар. Жұмыс ауқымы аз болған жағдай-
да әрлеу жұмыстарын қолмен атқарамыз.
Менің бояушы болып істеп келе жатқаны-
ма көп жыл болды – тұсқағаздар жапсырамын,
левкас жасаймын, түрлі қасбет жұмыстарын
істеймін. Біз ғимаратқа ішкі әрлеу жұмыстары
жасалмаған күйде кіреміз де ол жақтан барлық
дизайнерлік шешімдер іске асырылғаннан кей-
ін бар-ақ шығамыз. Әрлеуді біз тек жоба бой-
ынша, дизайнерлік шешімдер аясында ғана жа-
саймыз. Жайларды дайын күйінде тапсырамыз.
Біз жұмысымызбен мақтанамыз және оны
сапалы атқаруға тырысамыз.
Менің жолдасым да «БАЗИС» компани-
ясында істейді. Ол жұмысқа менен бір жыл
бұрын – 1998 жылы тұрды. Кейін жүктілікке
байланысты демалысқа шығып қайта оралып
отырды. Жолдасым екеуміз екі қыз, бір ұл тәр-
биелеп отырмыз.
Бос уақыт өкінішке орай, бола бермей-
ді. Уақыт әсіресе күн кеш шығып, ерте ба-
татын қыста жетіспейді – жұмысқа таң қа-
раңғылығында кетесің де түн қараңғылығында
ораласың. Жұмыстан бөлек көп жылдан бері
өзіме үй салып жатырмын, соны осы жылдың
соңына дейін аяқтағым келеді.
Әр нысан – төл перзентіңдей
Қабаттарда кезекшілік
етушілер болмаса нысандарда
берекесіздік басталады
«БАЗИС» компаниясы –
тағылымы мол мектеп
Жұмысымды
жақсы көремін
Мен техникалық жағынан күрделі
нысанда жұмыс істеймін
Барлық нысандарымыз –
өзгеше
МЕН «БАЗИСТЕ» ЖұМЫС ІСТЕйМІН – МЕН БОлАШАҚТЫ САлЫП ЖАТЫрМЫН
31
BAZIS NEWS №12-1/ 01.01.2016
30
ҚұрЫлЫС БАСЫНАН СұХБАТ