Осы саннан оқитындарыңыз: Құрылыс калейдоскопы: екінші жарты жылдық қоры- тындысы



жүктеу 3,4 Mb.
Pdf просмотр
бет1/16
Дата19.11.2018
өлшемі3,4 Mb.
#20720
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


BAZIS

NEWS


№12-1

01/01


2016

Осы саннан оқитындарыңыз:

Құрылыс калейдоскопы: 

екінші жарты жылдық қоры-

тындысы

«БАЗИС» қалай білікті 

мамандар ұстаханасына 

айналды  

2016-шы жылы Астанада 

Қазақ ұлттық хореография 

академиясы ашылады

«БАЗИС» Астанада техникалық шешім-

дерінің  күрделілігі,  архитектурасы  мен 

функционалдық мүмкіндіктері бойынша 

баламасы жоқ Қазақ ұлттық хореография 

академиясын  салып  жатыр.  Құрылыс 

алаңында  құрылыс  саласының  1000-ға 

жуық  маманы  жұмыс  істеуде,  жұмыс 

күні-түні жүруде және 2016-шы жылдың 

күзінде академияның есіктері оқушылар 

үшін айқара ашылмақ. Қазақ ұлттық хо-

реография  академиясының  құрылысы, 

инфрақұрылымы мен функциялары жай-

ында BN-ге нысанның басқарушы дирек-

торы Жарқын Сейтжапарұлы Әлімжанов       

8 бетте

 айтып береді.

Кез-келген  кәсіпорын  үшін  басты  құн-

дылық  –  білікті  кадрлар.  Алайда,  оқу 

бағдарламалары көбіне нарықтың нақты 

қажеттіліктерінен  әлдеқайда  алыс,  ал, 

студенттердің  тәжірибесіне  бөлінетін 

уақыт  жұмыстың  қыр-сырын  игеруге 

жеткіліксіз.  «БАЗИС»  компаниясы  жас 

мамандарды  өз  құрылыс  алаңдарында 

оқу орындары мен білім мекемелерімен 

бірге  өсіруде.  2013-ші  жылдан  бері 

HR-департамент  қызметкерлері  іске 

асырып  келе  жатқан  «Келешек  Іскер» 

кадрларды оқыту мен дайындау арнайы 

бағдарламасының нәтижелері жайында        



20 бетте

 әңгімелейміз.

«БАЗИС» құрылыс компаниясының 

өтіп  бара  жатқан  2015-ші  жылдағы 

қызметін  қорыта  отырып  мақтан 

тұтар  дүниелеріміз  бар  деп  сенімді 

түрде айта аламыз! Осы кезең ішінде 

құрылысшыларымыз Алматы, Аста-

на, Талдықорған, Қорғас, Жезқазған, 

Сексеуілді және Қазақстанның өзге 

де  өңірлерінде  түрлі  мақсаттағы  22 

нысанда  еңбек  ете  отырып  ауқым-

ды  жұмыстар  атқарды!  Құрылы-

сы  аяқталған  және  жүріп  жатқан 

барлық  нысандар  туралы  қысқаша  

16 бетте 

баяндаймыз.

Жана Жылынызбен!

BAZIS NEWS-пен бірге 2015-

ші жыл қорытындысы 

Жаңа  жыл  қарсаңында  біз  редакци-

яның  өткен  жылдағы  жұмысын  са-

раптау  үшін  BAZIS  NEWS  газетінің 

бүкіл  мұрағатын  көтердік.  Сіздердің 

арқаларыңызда,  қымбатты  әріпте-

стер,  бұл  жылды  өте  мазмұнды  әрі 

қызықты  өткізгенімізді  көрдік.  Га-

зетіміздің  беттерінде  талантты  әріп-

тестеріміз  бен  олардың  балалары, 

отбасылары  мен  тұтас  әулеттері  ту-

ралы жазып келеміз. Компаниямызда 

білікті де талантты қызметкерлердің 

еңбек ететініне көзіміз жетті. 2015-ші 

жылы 300-ден астам адам мақалала-

рымыздың  кейіпкері  болды.  Біздің 

есебімізді 

12 беттен

 оқыңыздар.




Мұзды арена

қонақтарды қабылдайды

12 000 орындық Мұзды аренаның б және В блоктарының 

құрылысы уақытынан төрт ай алда келеді.

Жаңа жыл қарсаңында 30-шы желтоқсанда 12 000 орындық Мұз сарайында шағын мұз аренасы мен екі бассейні 

бар спорт кешені ашылды. Алматы әкімі Бауыржан Байбек, жергілікті атқарушы билік өкілдері, Алатау ауданының 

тұрғындары, кәсіпкерлер, блогерлер, БАҚ және құрылысшыларымыз қазақстандық жас спортшылар командаларының 

Универсиаданың басты нысанында өткен көрнекі орындауларының алғашқы көрермендері болды. Мұз сарайының 

құрылысы ең жоғарғы деңгейде барлық халықаралық нормалар мен стандарттар сақтала отырып жүргізілуде. Құрылыс 

мерзімінің кестеден төрт ай алда келе жатқанын айтқан жөн. 

Анықтама:

12  000  орындық  Мұз  сарайы  –  Қа-

зақстандағы ірі спорт ғимараты – 10,7 га 

аумақты  алып  жатыр  және  үш  блоктан 

тұрады. А блогы – 12 000 орындық Мұзды 

аренаның  өзі,  Б  блогында  450  көрермен 

сыятын    мұз  айдыны,  В  блогында  –  екі 

бассейн  (10  және  25  метр)  және  спорт-

тық-сауықтыру  кешені  орналасқан.  Мұз 

сарайының  құрылысы  кезең-кезеңмен 

жүргізілуде.  30-шы  желтоқсанда  Б  және 

В  блоктарының  тұсаукесері  өтті.  2017-

ші жылы өтетін Универсиадаға салынып 

жатқан ірі спорт нысаны – 12 000 орын-

дық  Мұзды  арена  пайдалануға  2016-шы 

жылдың 3-ші тоқсанында беріледі.   



Мұз айдыны мен жүзу бассейні 

пайдалануға беруге дайын 

30-шы желтоқсан күні 2017-ші жыл Уни-

версиадасының  басты  нысанында  таң  атпай 

тіршілік  қайнап  жатты:  Мұз  сарайының  Б 

және  В  блоктарында  жастар  командалары 

хоккей,  мәнерлеп  сырғанау  және  синхронды 

жүзуден  өнер  көрсетуге  дайындалып  жатты. 

Жоғары  лауазымды  қонақтарды  күткен  жі-

гіттер  мен  қыздар  (бірі  костюмдерімен  көзге 

түсіп, енді бірі хоккей саймандарын көрсетіп) 

номерлерін қызу дайындап, бағдарламаларын 

үздіксіз қайталап, қимылдарын жаттықтырып 

жатты.  Кәсіби  аппаратура  мүлтіксіз  жұмыс 

істеп  тұрды,  бүкіл  бағдарлама  бүге-шүгесіне 

дейін пысықталды. 

Анықтама:

Құрылысшыларымыз Б және В блок-

тарының  құрылысын  мерзімінен  ерте 

аяқтады. Желтоқсан айында әрлеу жұмы-

старын 650 құрылысшы атқарды. 

Осыдан  бір  ай  бұрын  ғана  құрылыс 

әл-әзір  бітпейтіндей  көрінетін.  Алайда, 

жігіттеріміз Жаңа жыл алдында ғаламат 

тірлік  жасады.  Тұсаукесер  өтетін  күні 

ерлер  киетін  арнайы  киімдерінің  тасасынан 

қыздарға  тән  нәзіктік  сезіліп  тұрды.  Іле-шала 

конькишілер  шығып,  салтанатты  саз  астында 

құрмет шеңберін жүріп өтті. Мұзды шоу көрер-

мендер дуылдата қол соққан барлық спортшы-

ның жалпы өнер көрсетуімен аяқталды. Бұдан 

әрі әкім бастаған қонақтар синхроншы қыздар-

дың бассейндегі әдемі қойылымын көру үшін 

В блогына бет алды. Қыздардың Қазақстанның 

маңдайалды  спортшылары  екендігін,  халықа-

ралық жарыстарда жұп болып өнер көрсетуден 

16-шы орын алғандығын айта кету керек. 

Анықтама:

В блогы өзінің ауқымдылығымен қай-

ран  қалдырады.  Сыртынан  қарағанда  А 

және  Б  блоктарынан  үлкен  емес  болып 

көрінгенімен іші кең – 10 және 25 метрлік 

екі  бірдей  бассейн,  үлкен  жаттығу  залы 

мен  болашақ  басқарушы  компанияның 

жұмысына қажетті көптеген кең әрі жарық 

жайлар бар. 

6  жүзу  жолы  бар  25  метрлік  бассейн 

ең  соңғы  үлгідегі  әлемдік  стандарттар-

мен жабдықталған. Мұнда сондай-ақ, па-

раолимпиадашыларға  арналған  арнайы 

көтергіш  қарастырылған.  Қаланың  өзге 

спорт  алаңдарында  мұндай  сирек  кезде-

седі.  Мұндай  қондырғы  параолимпиада 

жарыстарын  өткізуге  мүмкіндік  беріп 

қана қоймайды, сонымен қатар, спортпен 

шұғылданғысы  келетін  мүмкіндігі  шек-

теулі  немесе  денсаулығын  сауықтырып 

жүрген адамдарға қолайлы жағдай жасай-

ды. В блогындағы барлық жайлар қазірдің 

өзінде озық жарық дыбысты қондырғымен 

жабдықталып қойылған. 

Аумағы  ат  шаптырым  жаттығу  залын 

оп-оңай  тұсаукесерлер  мен  пресс-кон-

ференциялар  өткізуге  болатын  конфе-

ренц-залға айналдыруға болады. 

В блогының жалпы аумағы – 7948 м

2

.  



«БАЗИС»  компаниясының  өкілдері  мен 

Универсиада  еріктілері  қонақтарды  ав-

торлық дизайнмен жасалып, спорт тақы-

рыбымен  безендірілген  әсем  холлдарда 

қарсы алды.  Көрермендер мұз айдыны 

аренасының  әсем  залына  сүйсінді,  ал,   

спортшылар  алғашқы  мұздың  сапасын 

байқап көрді.

Мұз айдынының қабырғаларына әр-

леушілеріміз ғана емес, сонымен бірге, 

кәсіби суретшілер де үлесін қосқан «ал-

маты таулары» көрік беріп тұр. Ыңғай-

лы  трибуналардан  мұз  алаңы  алақан-

дағыдай  көрінеді.  Ең  соңғы  үлгідегі 

дыбыс аппаратурасының сапалы дыбы-

сына қарап керемет акустиканы сезіну-

ге  болады.  Ал,  мұздың  өзі  ең  жоғарғы 

халықаралық  стандарттарға  сай  және 

1800  м

2

  аумақты  алып  жатыр,  шайба-



ның ұшу жолын дәл тіркейтін тетігі бар 

хоккей  қақпалары,  мығым  борттар,  ко-

мандалар мен қазылар отыратын орын-

дар,  жарық  қондырғысы  мен  жарысты 

трансляциялауға  арналған  үлкен  экран 

кәсіби сайыстар өткізуге өте қолайлы. 



Табысты бизнесті дамытуға жағдай 

жасайтын жаңа мүмкіндіктер 

Әдемі 


спорттық-сауықтыру 

шоуы 


аяқталғаннан соң сол күні конференц-залға ай-

налдырылған жаттығу залында Алматы әкімі 

Бауыржан Байбек бизнес қоғамдастыққа Мұз 

сарайының мүмкіндіктерін таныстырды. 

«2017-ші  жылғы  Универсиаданың  ең  ба-

сты нысаны –  12 000 орындық Мұзды арена-

ның  құрылысы  кестеден  алда  келеді»,  –  деп 

бастады сөзін Алматы әкімі Бауыржан Байбек. 

«Бүгін Универсиадаға дайындық аясында мем-

лекет басшысының тапсырмасымен Алатау ау-

данында салынып жатқан «он екі мыңдықтың» 

мүмкіндіктерінің кішігірім тұсаукесері өтті», – 

деді әкім қатысушыларға арнаған сөзінде. 

Қала  басшысы  2017-ші  жылғы  Универ-

сиаданың  тәуелсіздік  жылдары  ішіндегі  Ал-

матыда 2011-ші жылы өткен Қысқы азия ой-

ындарынан  кейінгі  ең  үлкен  спорт  оқиғасы 

болатынын  және  қаламызды  жаңа  стандарт-

тарға көтеретінін еске салды.   

«Бүгін  жүзу  бассейнінің  тұсаукесерін 

жасаған  «БАЗИС»  компаниясының  барлық 

құрылысшыларына алғыс айтқым келеді. Мұз 

алаңының бүгін іске қосылғаны өте маңызды 

Б  блогында  көптеген  жайлар  бар. 

Оларға  уақыт  өте  спорт  секциялары,  ас-

ханалар,  дәмханалар  және  басқа  да  ин-

фрақұрылым нысандары орналасады. 

Б блогының Мұзды аренасы жарыс өт-

кізуге де, жаппай сырғанауға да арналған, 

ал, ауқымды чемпионаттар өтетін күндері 

ол  спортшылардың  жаттығу  алаңы  қыз-

метін атқарады.     

Б блогының жалпы аумағы – 20175м

2

.



Қонақтар келіп, трибуналар толғаннан кей-

ін әсерлі шоу басталды. Спортшылар салтанат-

ты саз астында мұз айдынына шыққанда бүкіл 

зал  оларды  ду  қол  шапалақпен  қарсы  алды 

–  бір  жылдан  сәл  асар-аспас  уақыттан  кейін 

28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиадада Қа-

зақстанның  намысын  дәл  осы  жас  та  талант-

ты өрендер қорғайтын болады. Бірінші болып 

жас  мәнерлеп  сырғанаушылар  шықты.  Олар 

«Дала  рухы»  биін  орындады.  Мұнан  соң  зал 

бүкіл спорт киімін киіп шапшаң шыға келген 

жастардың хоккей командаларын қарсы алды. 

Хоккей командаларының арасында тек жігіттер 

ғана емес, қыздар да болды. Хоккейдің әдетте 

әрі қуанышты оқиға. Хоккейшілер мұзда ой-

ынды бүгін өткізуді өтінді. Барлығы да мұздың 

сапасына таң қалуда», – деп атап өтті Бауыр-

жан Байбек. Сондай-ақ, әкім мұзды аренаның 

жыл  бойы  жұмыс  істейтінін  атап  көрсетті. 

«Қыста бұл жерде спорттық шаралар, ал, жаз-

да – түрлі шоу бағдарламалар өтетін болады. 

Құрылысшыларымыздың («БАЗИС» құрылыс 

компаниясы ред.ескерт.) әлеуметтік жауапкер-

шілік  аясында  бір  жарым  миллиард  теңгеге 

жарық-дыбыстық  қондырғы  сатып  алғанын 

атап  өткім  келеді.  Мұнда  баскетбол,  волей-

бол, теннис жарыстары мен түрлі концерттер 

өткізуге  болады.  Мұз  трансформацияланады, 

сондықтан, кез-келген мәдени-демалыс шара-

ларын ең жоғарғы деңгейде өткізуге болады», 

– деп атап өтті әкім. 

 «Универсиада – бұл тек дамудың бастама-

сы  ғана.  Халықаралық  дәрежедегі  спорттық 

шаралар өткеннен кейін бұл нысандарды қала 

тұрғындары  пайдаланатын  болады»,  –  деді 

Алматы әкімі жиналғандарға және бизнесмен-

дерді нысанның ауқымы мен мүмкіндіктеріне, 

оның  инфрақұрылымына  назар  аударып,  ғи-

мараттың мүмкіндігін жүзеге асыруға кірісуге 

шақырды. 



(Басы. Соңы 4 бетте)

3

BAZIS NEWS №12-1/ 01.01.2016



2

ҚұрЫлЫС ЖАңАлЫҚТАрЫ




жүктеу 3,4 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау