Орта білім беру ұйымдарының педагогіне арналған сабақ жоспары немесе қысқа мерзімді жоспар



жүктеу 3,31 Mb.
бет9/49
Дата15.04.2022
өлшемі3,31 Mb.
#38147
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   49
472 бұйрық-4 тоқсан-10 сынып.

Білім беру ұйымының атауы




Пәні:

Қазақстан тарихы

Бөлім:

Қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті - дала өркениетінің мұрасы


Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сынып: 10

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Қазақ халқының әдеби және музыкалық мұрасы


Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

Қазақ халқының мәдени мұрасындағы ауыз әдебиетінің маңызын анықтау;

Сабақтың мақсаты

-Қазақ халқының мәдени мұрасындағы ауыз әдебиеті мен мәдениетінің маңызын анықтау;

-халықтың рухани -адамгершілік құндылықтарын сипаттайтын қазақ әдебиеті мен мәдениетінің маңызды жетістіктерін бағалау.



Құндылықтарға баулу

  • жауапкершілік

  • ашықтық

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдасты

ру

Өзін-өзі тексеру


Өткен білімді еске түсіру




Ой шақыру: « Туғанда дүние есігін ашады өлең,

Өлеңмен жер қойнына кірер денең ...» Абай

«Бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай көрінеді»

Г.Н.Потанин

сөздері талқылауға ұсынылады.

- оқушылармен бірге сабақтың мақсаттары анықталады.

Зерттеу сұрақтары:



  • Қазақ халқының әдеби және музыкалық жәдігерлерінің құндылығы неде?

  • Қазақ халқының дәстүрлі музыкалық мәдениетінің ерекшелігі неде?

Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

Оқушылар өз жауаптарын ұсынады

ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады



Умарова Г.С., Шарабасов С.Ғ. Қазақ әдебиетінің тарихы: Оқулық. 2-басылым. - Астана: Фолиант, 2011. - 244 б.


Жаңа білім

Зерттеу және талдау

Тарихи дереккөз ретінде әдеби және музыкалық шығармалармен жұмыс ұсынылады. Төмендегі әдеби мұра салаларынан шығармаларды дерек ретінде пайдалану арқылы дәлел келтіреді, тақырып мазмұнын ашады:

- Ауыз әдебиеті жырлары;

- Жыраулар поэзиясы;

- Мақал-мәтелдер;

- Ертегілер;

- Айтыс өнері шығармалары.

Тапсырма:



  1. Әдеби және музыкалық шығармалардағы батырлық, ерлік көріністері;

  2. Мемлекеттілік, елді басқару, тәуелсіздік жолындағы күрестері;

  3. Қазақ халқының тұрмыс-салты, шаруашылығы;

  4. Діни наным-сенімдері.

«Қазақ халқының әдеби және музыкалық мұрасы қалай бір-бірімен үндестік табады?» сұрағын талқылап, келесі цитаталарды оқуға беріңіз:

1)«Әнші тері тулақтың үстінде жайғасып отырып, домбырасының шегін қаға бастады. Шектің баяу дірілі, орындаушыға жақындай түскен адамдардың қозғалыс дыбыстары, домбыраның күмбірлеген, қайғылы дыбысы маған ерекше бір әсер етті. Мұндай қарапайым әуенге қаншама поэзия сыйып жатыр. Қолдан істеген екі ішекті домбырада мұншама нәзік, мұндай әсем дыбыстар шығады дегенге мен еш уақытта сенбеген болар едім. Егер де, мына қарапайым, жаныңа тиетін әнді өз құлағыммен естімеген болсам, мен оның ызыңдаған жаратылыс үнімен ұласатын күшіне де сенбес едім!» А.Алекторов

2) «Күйлер халық музыкасында сирек ұшырайтын нәрсе. Бұл — осы күнгі Еуропаның симфониясы тәрізді. Мұндай дәрежеге жетісу үшін халық музыкасы жақсы дамыған болуы керек. Сондықтан күйлерді қазақ музыкасынын ең жоғарғы түрінің үлгілері деп білуіміз керек…» Қ. Жұбанов

3) «Ат жалында, түйе қомында» домбыраның үні арқылы сан-сиқырлы ойлар мен толғаныстар күмбірлеп, сөйлегендей…»  

А. Жұбанов

4) «Жалпы музыка атаулы нәрсе елдің сезім байлығы мен ішкі жаратылыс қалпын білдіретін болса, солардың ішіндегі ең толғаулы, ең терең сырлысы – күй.»

М. Әуезов

Осы цитаталарды оқып, содан соң қазақтың бір күйін (мысалы, Н.Тілендиевтің «Аққу» күйі немесе күйтартыстардан) тыңдатыңыз. Цитаталардан және күйді тыңдаудан алған әсері негізінде қазақ халқының дәстүрлі музыка өнері туралы ой-толғау жазуға тапсырма беріңіз. Тақырып: «Дәстүрлі музыка өнерінің қазақ тарихындағы алатын орны қандай?»

-Қазақ халқының рухани мұрасының тәрбиелік мәні қандай? Оларда қандай құндылықтар дәріптеледі?

Патриотизм (Отанға деген сүйіспеншілігі, өз мемлекетінің жетістіктері үшін мақтанышы);

Ұлттық құндылық (үлкен-кішіге сыйластық, әдет-ғұрып пен салт-дәстүрге деген құрметі);

Еңбексүйгіштік (еңбексүйгіштік, жауапкершілік);

Адамгершілік (әділдік, шынайылық, адалдық, мейірімділік).


Оқушылар деректе айтылған тарихи үдеріс/ оқиға туралы бұрынғы біліміңізді пайдалана отырып, мазмұнын айтады

Оқушылар ауыз әдебиеті жырларынан, жыраулар поэзиясынан, мақал-мәтелдер, ертегілерден, айтыс өнері шығармаларының барлығынан кемінде 1-2 дәлел (шығармадан үзінді) келтіру.

Оқушылар шығармалардан мысал келтіріп, шығармадағы құндылықтарды көрсетеді.


ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады

Критерийлер:

Деректе айтылған тарихи үдеріс/ оқиға туралы бұрынғы біліміңізді пайдалана отырып, мазмұнын бес сөйлеммен айтып беріңіз;

Бұл дерек тарихи үдеріс/ оқиға туралы қандай ақпарат береді?

Бұл ақпараттың сол кезең туралы тарихи дерек ретінде маңызы қандай?

Дерек көзі сенімді ме? Автордың пікіріне қаншалықты келісесіз? (өз ойын негіздеу үшін басқа дерек көздеріне сілтеме көрсету, дәлелдеу);

Ауыз әдебиеті жырларынан, жыраулар поэзиясынан, мақал-мәтелдер, ертегілерден, айтыс өнері шығармаларының барлығынан кемінде 1-2 дәлел (шығармадан үзінді) келтіру.


https://www.youtube.com/watch?v=chjCd32s5Ls Қазақтың айтыс өнері

https://www.youtube.com/watch?v=LMSqIOUad_0 Бұқар жырау

Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының тарихы. -Алматы: Ана тілі, 1991. – 288б.

Момынұлы П. Қазақ музыкасының қысқаша тарихы: монография. 3-т. - Шымкент, 2007. - 392 б.

Алтынсарин Ы. Этнографиялық очерктер және ауыз әдебиет үлгілері - 2-е изд., доп. - Астана, 2007 - Т.13.  - 166 с.


Бекіту



Сабақты қорытындылау

Тарихи маңыздылықты анықтау рухани жаңғырумен байланыстыра рухани -адамгершілік құндылықтары критерийлері бойынша қорытындыланады :

атақты...

есте қалатын...

жаңғырық...

нәтижелі...

айрықша...

мәнді...


Менің ойымша ... өйткені...

Үйге тапсырма

Қазақ халқының әдеби және музыкалық мұрасы


Сабақтың тақырыбын қорытындылау

«Ең үздік жауап»

Ақпараттық карточка

Кері байланыс

- Нені білдім? Нені үйрендім?

- Нені толық түсінбедім?

- Немен жұмысты жалғастыру қажет?


Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады


Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды

А4, конспект





жүктеу 3,31 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   49




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау