Автожанар-жағармай құю станциясының барлық үй-жайларының есіктерінде, сондай-ақ сыртқы қондырғыларда:
1) жарылыс-өрт және өрт қауіптілігі бойынша үй-жайлардың санаты;
2) жарылыс қауптілігінің немесе өрт қауіптілігі аймақтарының сыныбы;
3) өртке қарсы жай-күйге жауапты жұмыскердің тегі, аты-жөні
4) өртке қарсы қызмет бөлімшелерін шақыру телефонының нөмірі көрсетілген жазбаның болуы
болмашы
|
|
251
|
Жанып жатқан көлік құралын автожанар-жағар май құю станциясының аумағынан шұғыл эвакуациялау үшін кемінде 3 метрлік қатты буксирлік штангінің болуы
|
едәуір
|
|
252
|
Автожанар-жағар май құю станциясы ауыл шаруашылығы дәнді-дақыл алқаптарының жанында орналастырылған кезде жалынның (бидай, мақта) дала алқаптарына таралуы мүмкін, автожанар-жағар май құю станциясы шекарасының бойымен ені кем дегенде 4 метрлік жер жыртудың болуы
|
болмашы
|
|
11.1 Технологиялық жабдықты пайдалану
|
|
253
|
Технологиялық жабдықты:
1) отынның ағуы болғанда;
2) бақылау және реттеу аспаптары болмағанда, жарамсыздық болғанда, ажыратылғанда немесе тексеру мерзімі өтіп кеткенде;
3) кез келген жарамсыздық кезінде пайдалануға жол бермеу
|
өрескел
|
|
254
|
Технологиялық жабдыққа автожанармай құю станциясының өрт қауіптілік дәрежесін арттыратын конструктивті өзгерістер енгізуге жол бермеу
|
едәуір
|
|
255
|
Негізгі және қосалқы технологиялық жабдықта статикалық электрден қорғаудың болуы
|
өрескел
|
|
256
|
Фланецтердің, келте құбырлардың, штуцерлердің және атмосферадан отын мен оның буын бөлетін басқа да құрылғылардың қақпақтары мен келте құбырлары арматурамен жанасу орындарында ұшқын шығармайтын және мұнай өнімдері мен қоршаған ортаның әсеріне тұрақты төсемдердің болуы
|
өрескел
|
|
257
|
Отын сақтауға арналған резервуарлар деаэрация желілердің болуы.
Деаэрация желілерінің құбыр өткізгіштері кез келген уақытта жұмыс жасау қабілетін сақтай алатын от бөгегіштермен немесе қоса салынған от бөгегіштері бар тыныс алу клапандарымен жарақтау
|
өрескел
|
|
11.2 Жөндеу және регламенттік жұмыстарды жүргізу
|
|
258
|
Жанғыш бу-ауа қоспалары түзілетін аймақтарда жұмысты ұшқын шығармайтын киім мен аяқ киімде ұшқынға қауіпсіз аспаппен орындау
|
едәуір
|
|
259
|
Автожанармай құю станциясының технологиялық жүйелерінің герметикалығына пневматикалық сынаулар жүргізу үшін (резервуардың қабырға аралық кеңістігі, резервуардың ішкі кеңістігі, құбыр өткізгіштігі) жанбайтын газдар (азот, көмір қышқыл газы) пайдалану
|
едәуір
|
|
260
|
От бөгегішті немесе онымен жабдықталған тыныс алу клапанын деаэрация жүйесi құбырының шығу жолында осы құбыр өткізгішті тығын арматурасымен герметикалық жабынсыз алуға жол бермеу
|
өрескел
|
|
261
|
Автожанармай құю кешендерінің аумағында, ғимараттарында, құрылыстарында, үй-жайларында, технологиялық жүйелерінде жөндеу жұмыстарын жүргізуге объектінің басшысы жазбаша рұқсаттың болуы
|
болмашы
|
|
11.3. Отынды қабылдау және беру жабдығы
|
|
262
|
Автоцистерналардан отын құю жабық схема бойынша қамтамасыз ету
|
едәуір
|
|
263
|
Автожанармай құю станциясына отыны бар автоцистерналар кірген кезде оның аумағынан барлық көлік пен бөгде адамдарды шығаруды қамтамасыз ету. Бір мезгілде екі және одан да көп автоцистерналардың болуына тыйым салу.
|
болмашы
|
|
264
|
Автоцистернадан жанар-жағар май құю операциясын автожанармай құю станциясының кемінде екі жұмыскері және мынадай талаптарды орындағанда жүргізіледі:
1) автоцистерналарға арналған жанармай құю алаңында әрқайсысының көлемі кемінде 100 литр жылжымалы ауа-көбікті өртсөндіргіштің болуы;
2) автоцистерналардың жанармай құю алаңдарынан мұнай өнімдерімен ластанған атмосфералық жауын-шашын қалдықтарының науасы жабылады және отын төгілуін авариялық резервуарға бұру құбыр өткізгішін ашу;
3) автоцистерналарды жерге тұйықтау
|
едәуір
|
|
265
|
Жерге тұйықталатын өткізгіштерді автоцистернаның боялған және ластанған металл бөліктеріне қосуға жол бермеу
|
едәуір
|
|
266
|
Жұмыс iстеп тұрған қозғалтқыштары бар көлік құралдарына жанармай құюға жол бермеу
|
өрескел
|
|
267
|
Егер қолданылатын технологиялық жүйеге келісілген және бекітілген техникалық шарттар мен техникалық пайдалану құжаттамасында көзделмеген болса, жер асты резервуарларымен көлік құралдарының өтуіне жол бермеу
|
едәуір
|
|
268
|
Найзағай болғанда және атмосфералық разрядтардың пайда болу қауіптілігі болған уақытта резервуарларға отын құюға және тұтынушыларға отын беруге жол бермеу
|
өрескел
|
|
269
|
Бензин қабылдау, сақтау немесе беру операциялары жүзеге асырылатын автожанармай құю станциясының аумағына ұшқын өшіргіштермен жабдықталмаған тракторлардың өтуіне жол бермеу
|
өрескел
|
|
270
|
Автожанармай құю станциясының жабдығын, ғимараттары мен құрылыстарын жөндеумен тікелей байланысы жоқ жөндеу жұмыстарын жүргізуге жол бермеу
|
едәуір
|
|
271
|
Жолаушылары бар көлік құралдарына (кемінде төрт есікті жеңіл автомобильдерден басқа) жанармай құюға жол бермеу
|
едәуір
|
|
272
|
Жарылғыш заттар, сығымдалған және сұйытылған жанғыш газдар, тез тұтанатын сұйықтықтар мен жанғыш сұйықтықтар, тез тұтанатын материалдар, улы және радиоактивті заттар мен басқа да қауіпті заттар мен материалдар тиелген көлік құралдарының кіруіне жол бермеу
|
едәуір
|
|
11.4 Жылжымалы автожанар-жағармай құю станциялары
|
|
273
|
Жылжымалы автожанармай құю станцияларын арнайы бөлінген алаңдарға орналастыру
|
едәуір
|
|
274
|
Арнайы бөлінген алаңдағы жылжымалы автожанармай құю станцияларын пайдалануды бастамас бұрын:
1) бақылау-өлшеу аспаптары арқылы және көзбен шолу станцияларының герметикалығы тексеріледі;
2) автожанармай құю станцияларының жерге қосатын өткізгіші алаңның жерге тұйықтау құрылғысына қосылады;
3) көлік құралының отын багының астына қою үшін тұғырлар дайындалады;
4) көлік құралдарының автожанармай құю станцияларына өтуін шектейтін кемінде 1 метр тосқауылдар орнатылады;
5) ескерту белгілері мен ақпарат қалқаны орнатылады
|
едәуір
|
|
12. Моншалар мен хауыздарға қойылатын талаптар
|
|
275
|
Құрғақ ыстық камерасынан соратын ауа өткізгіштің оңашалануын және тікелей сыртқа шығарылуын жасау
|
едәуір
|
|
276
|
Қолдан жасалған жылу электр қыздырғыш қондырғыларын орнатуға жол бермеу
|
өрескел
|
|
277
|
Ажыратылған немесе жарамсыз термо реттегіші бар тас пешті пайдалануға жол бермеу
|
өрескел
|
|
278
|
Хауыздардың үй-жайларында арнайы жабдықталған орындардан басқа жерлерде тұрмыстық электр қыздырғыш аспаптарын қолдануға жол бермеу
|
өрескел
|
|
13. Қонақ үйлердi, мотельдердi, кемпингтерге қойылатын талаптар
|
|
279
|
Мемлекеттік және орыс тілдерінде және басқа да тілдерде ілінген өрт қауіпсіздігі талаптарымен жаднамалардың болуы
|
болмашы
|
|
280
|
Қонақ үйлердің, мотельдердің, кемпингтердің нөмірлерінде және жатақханалардың есіктерінің ішкі жағында өрт болған жағдайда эвакуациялау жолдарының жоспарында нөмірлері немесе бөлмелері, эвакуациялау жолдары мен қозғалыс бағыты, өрт сөндіру құралдарын орналастыру орны мен қажетті түсіндірме мәтіні бар сигнализациясы көрсетіліп, адамдарды эвакуациялаудың жеке жоспарларының болуы
|
болмашы
|
|
281
|
Қонақ үйлердің тұрғын қабаттарында қоймалар, кеңселер, конторлар орналастыруға жол бермеу
|
едәуір
|
|
282
|
Қонақ үйлердің, кемпингтердің, мотельдердің ғимараттарының қызмет көрсетуші персоналының жұмыс орнында сақталатын тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарымен және электр шамдарымен қамтамасыз етілуі
|
едәуір
|
|
14. Жазғы демалыс үйлері мен аймақтарына, сауықтыру лагерьлерi мен туристік базаларға қойылатын талаптар
|
|
283
|
Балалардың сауықтыру лагерьлерінің ағаш ғимараттарын бір қабаттан жоғары орнатуға жол бермеу
|
едәуір
|
|
284
|
Жанбайтын жабыны мен жылытқышының болуы, каркас және қалқан ғимараттарды сылаудың болуы
|
өрескел
|
|
285
|
Ғимараттарды тез тұтанатын материалдармен (сабанмен, жаңқамен, қамыспен, жоңқамен) жабуға жол бермеу
|
өрескел
|
|
286
|
Балалармен қамтылған ағаш ғимараттарда асханалар, кір жуу орындарын орнатуға жол бермеу
|
едәуір
|
|
287
|
Жанғыш конструкциялардан жасалған ғимараттарда 50-ден астам балаларды орналастыруға жол бермеу
|
өрескел
|
|
288
|
Жазғы кезеңде балалар жұмыс істейтін үй-жайларда пеш жағуға, керосинді және электрлік қыздыру құралдарын қолдануға жол бермеу
|
өрескел
|
|
289
|
Балалардың жазғы демалыс орындарындағы және сауықтыру лагерьлеріндегі кір жуатын бөлмелер мен асханаларды балалар орналасқан ғимараттан 15 метр қашықтықта оқшау құрылыстарға орналастыру
|
өрескел
|
|
290
|
Балаларды сыртқы өртке қарсы сумен жабдықтаумен қамтамасыз етілмеген балалардың жазғы демалыс орындарында, сауықтыру лагерьлерінде орналастыруға жол бермеу
|
едәуір
|
|
291
|
Балалардың жазғы демалыс орындары, жазғы сауықтыру лагерьлері телефон байланысымен, өрт болған жағдайда берілетін сигнал белгісімен және бастапқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етілуі. Қызмет көрсетуші персоналдың тәулік бойы кезекшілігінің болуы
|
едәуір
|
|
15. Мәдени-ойын-сауық және спорт мекемелерiне қойылатын талаптар
|
|
292
|
Көрермен залдары мен мінбелерде барлық креслолар мен орындықтардың арасын қосу және еденге мықтап бекіту
|
едәуір
|
|
293
|
Сахналық қораптардың ағаш құрылымдарын (желтартқыштар, сахна төсемелері, аспалы көпірлер, жұмыс галереялары) антипирендермен қанық сіңіру, сондай-ақ жанғыш декорациялар, сахналық және көрмелік безендірулер, көрермендік және экспозициялық залдардағы маталы перделерді, фойелерді, буфеттерді өңдеу
|
өрескел
|
|
294
|
Ойын-сауық театр мекемелерінің сахналық қораптарының шегінде бір мезгілде екі қойылымға арналғаннан артық декорациялар мен сахна құралдарының болуына жол бермеу. Декорацияларды, бутафорилерді, ағаш станоктарды, бөктерлерді, құрал-саймандарды және басқа да заттарды трюмаларда, желтартқыштарда және жұмыс алаңдарында (галереяларда), саты баспалдақтарының және алаңдарының астында, жертөлелерде және көрермен залдарында сақтауға жол бермеу
|
едәуір
|
|
295
|
Сахна планшетінің айналасын безендіру кезінде ені кемінде 1 метр болатын еркін айналма өту жолымен қамтамасыз ету
|
едәуір
|
|
296
|
Сахнада темекі шегуге, ашық оттарды (алауларды, май шамдарды, үлкен шырағдандарды), доғалық прожекторларды, отшашулар мен басқа да от түріндегі әсерлерді қолдануға жол бермеу
|
өрескел
|
|
297
|
Көрермендерге арналған уақытша орындардың (жылжымалы, алынатын, жиналып бөлшектелетін) жасалуына жол бермеу, сондай-ақ жабық және ашық спорт құрылыстарының мінбелеріндегі орындықтарды жану кезінде қауіптілігі жоғары заттар бөліп шығаратын синтетикалық материалдардан жасауға жол бермеу
|
едәуір
|
|
298
|
Эвакуациялау жолдарында қосалқы орындықтарды орнатуға жол бермеу
|
өрескел
|
|
299
|
Спорттық-көркемдік мерекелерді, халықаралық жарыстарды немесе басқа халықаралық іс-шараларды, сондай-ақ мәдени ойын-сауық іс-шараларды ашу және жабу кезінде мінбелерде аясын орналастыруға арналған эвакуациялау люктеріндегі уақытша орындықтарды алмалы-салмалы етіп жасау
|
өрескел
|
|
300
|
Спорт залдарындағы көрермендерге арналған креслоларды тұрақты және уақытша мінбелерден көрермендердің қарама-қарсы немесе қиылысатын легі болатындай етіп қоюға жол бермеу
|
өрескел
|
|
301
|
Жабық спорт құрылыстарында көрермендердің отыруына арналған уақытша конструкцияларды бекітуге, сондай-ақ тұғырларды, эстрадаларды, рингтерді бекітуге арналған аспаптарды ақаусыз күйде ұстау
|
өрескел
|
|
302
|
Спорттық құрылыстарында телевизиялық камераларын орнату орындары мінбелер қатарының арасындағы өтетін жолдарға орнатылмауы және өрт кезінде адамдарды эвакуациялауға кедергі келтіруіне жол бермеу
|
өрескел
|
|
303
|
Көрермендерге арналған мінбелері бар спорттық залдарда жасанды мұз жабындылары болған жағдайда мұз тазалайтын машиналарды (жарыстарды, ойындарды, жаттығуларды, дайындықтарды өткізу кезеңінде) уақытша тұрақтандыруға арналған орындармен қамтамасыз ету
|
едәуір
|
|
304
|
Көлемі кемінде 100 м2 қатарларды алатын спорт керек-жарақтарын, залдардың жинау-бөлшектеу конструкцияларын, залдардың алмалы-салмалы жабындарын және басқа материалдарды сөрелері жоқ жерлерде сақтауға жол бермеу
|
едәуір
|
|
305
|
Қаруларды тазалауға арналған үй-жайларда майланған шүберекті жинауға арналған металл жәшіктің болуы
|
болмашы
|
|
306
|
Спорт залдарда жанғыш материалдарды, сондай-ақ конструкциялары жанғыш материалдардан жасалған үй-жайларды металл және ағаш көтергіш конструкцияларды бекіту тораптарының астына тікелей орнатуға жол бермеу
|
едәуір
|
|
307
|
Софиттер мен рампаларды тек жанбайтын материалдармен монтаждалуын қамтамасыз ету
|
едәуір
|
|
308
|
Тұғырдың (эстраданың) ағаш рампасы мен электр шамдарының қаптамалары арасында қалыңдығы 8-10 миллиметр төсеме салынады, ал эстрадаға немесе тұғырларға орнатылған барлық тасымалданатын электр шамдары (кішкентай шамдар) сыртқы жағынан жанбайтын материалдармен қорғалады
|
едәуір
|
|
309
|
Барлық софиттерге жарық жағынан шамдардың әйнектерінің және лампалардың жарылған колбаларының сынықтарының түсуін болдырмайтын қорғайтын металл торлар орнатылуын қамтамасыз ету
|
едәуір
|
|
16. Ғибадат ету объектілеріне қойылатын талаптар
|
|
310
|
Шам қойғыштар, шырақтар және ашық от қолданылатын жарықтандыру жабдығы жанбайтын табандарға орнату
|