Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері мен тексеру парақтарын бекіту туралы


Санатына, мақсатына және қызмет түріне қарамастан, объектіге қатысты өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау аясындағы тексеру парағы



жүктеу 2,89 Mb.
бет14/25
Дата08.02.2020
өлшемі2,89 Mb.
#28618
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   25

Санатына, мақсатына және қызмет түріне қарамастан, объектіге қатысты өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау аясындағы тексеру парағы

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган___________________________________________

      Тексеруді тағайында туралы акт __________________________________________________

                                                      (№, күні)

      Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы_________________________________________

      Тексерілетін субъектінің (объектінің) (ЖСН), БСН___________________________________



      Орналасқан мекенжайы __________________________________________________________

Р/с


Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес

Талаптарға сәйкес емес

1

2

3

4

5

6

Ұйымдастыру іс-шараларына қойылатын талаптар

1

Олардың өрт қауіптілігіне тиісті, өртке қарсы режимді белгілейтін бұйрықтың немесе нұсқаулықтың болуы









2

Әрбір обьектіге, әрбір жарылыс қаупі бар және өрт қауіпті учаскеге (шеберханаға, цехқа) өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулықтың болуы.









3

Өрт болған жағдайда адамдарды эвакуациялау жоспарларының болуы









4

Жекелеген жұмыс учаскелерінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты адамдардың болуы









5

Жұмыскерлерге өртке қарсы нұсқамадан және өрт-техникалық минимум бағдарламасы бойынша кейінгі оқудан өткеннен кейін ғана жұмыс істеуге рұқсат беру









6

Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің болуы









Аумақтарды ұстауға қойылатын талаптар

7

Өрт сөндіру автомобильдерінің ғимараттарға, құрылыстарға, технологиялық қондырғыларға өртке қарсы сумен жабдықтау көздеріне өту жолдарының болуы









8

Ғимараттар мен құрылыстар, көлік тұрағы және ғимараттар мен құрылыстардың құрылысы (қондырғысы) арасындағы өртке қарсы арақашықтықтарды материалдармен және жабдықтармен үйіп тастауға жол бермеу









9

Өртке қарсы ара қашықтықтың болуы









10

Ғимараттар мен құрылыстарға 50 метрден кем қашықтықта қалдықтарды және қаптарды жағу, от жағуға жол бермеу









11

Аумақты ұстау (жанғыш қалдықтардан, қоқыстан, ыдыстан, түскен ағаш жапырақтарынан, жанғыш қоқыстан және басқа да жанғыш материалдардан уақтылы тазарту).









12

Сыртқы өртке қарсы сумен жабдықтау көздерінің техникалық жай-күйіне, оларды пайдалануға қойылатын талаптарды сақтау (өрт сөндіру гидранттарын жылына кемінде екі рет тексеру, қысқы уақытта қар мен мұздан тазарту және оларды жылы ұстау)









13

Өртке қарсы сумен жабдықтау көздері орналасқан орындарды өрт қауіпсіздігі белгілерімен және көрсеткіштерімен қамтамасыз ету









14

Ұйымның аумағында түнгі уақытта өрт гидранттарын, сыртқы өрт сатыларын, өрт сөндіру мүкәммалдарының орналасқан жерлерін, сондай-ақ өрт сөндіру су айдындарына өту жолдарын, ғимараттар мен құрылыстарға кіру жолдарын жылдам табу үшін сыртқы жарық беру құралдарының болуы









15

Қоймалар мен базалар, астық қабылдау пункттері, сауда, жанғыш газдарды, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды өндіру, қайта өңдеу және сақтау кәсіпорындары, жарылғыш заттар өндірістері, өрт-жарылыс қауіпті және өрт қауіпті учаскелер аумағында, сондай-ақ осы мақсаттар үшін арнайы белгіленген және жабдықталған орындардан тыс жерлерде ашық отты пайдалануға және темекі шегуге тыйым салу.
Көрсетілген ұйымдар аумағында "Темекі шегуге және ашық отты пайдалануға тыйым салынады" деген өрт қауіпсіздігі белгілерін орналастыру. Темекі шегу үшін арнайы белгіленген орындарды "Темекі шегуге арналған орын" деген өрт қауіпсіздігі белгілерімен белгілеу









16

Орман өрті кезінде ғамараттарға және құрылыстарға оттың тарау мүмкіндігін болдырмайтын іс-шараларды орындау және дайындау (өртке қарсы қорғаныс жолақтарын жасау, екпе ағаштарды отырғызу, жазғы маусымда өсімдіктерді жұлу және басқалар)









Ғимараттарды, құрылыстар мен құрылымдарды күтуге қойылатын талаптар

17

Үй-жайлардың, ғимараттардың (құрылыстардың), өндірістік және қоймалық мақсаттағы ғимараттардың эвакуациялық шығу есіктерінде, сыртқы технологиялық қондырғыларда олардың өрт-жарылыс және өрт қауіптілігі бойынша санаттары туралы, сондай-ақ онда орналасқан жарылыс қаупі немесе өрт қауіпті аймақтардың сыныптары туралы ақпарат орналастыру









18

Ғимараттардан, үй-жайлардан эвакуациялық шығу жолдарының саны және олардың жобалық шешімге (оның ішінде эвакуациялық жолдар мен шығу жолдарының жарықтандырылуы, өлшемдері мен көлемдік-жоспарлау шешімдері, сондай-ақ эвакуациялау жолдарында өрт қауіпсіздігі белгілерінің болуы бойынша) сәйкестігі









19

Эвакуациялық жолдар мен шығуларды (оның ішінде өтетін жерлер, дәліздер, тамбурлар, галереялар, лифт холлдары, саты алаңдары, баспалдақ марштары, есіктері, эвакуациялық люктер) түрлі материалдармен, бұйымдармен, жабдықтармен, өндірістік қалдықтармен, қоқыспен және басқа да заттармен үйіп тастау, сондай-ақ эвакуациялық шығу есіктерін шегелеп тастау









20

Шығу тамбурларында киімге арналған кептіргіштер мен ілгіштер, шешінетін орынды орналастыру, сондай-ақ мүкәммалдар мен материалдарды (оның ішінде уақытша) сақтау









21

Эвакуациялау жолдарында табалдырықтар (есіктердің ойықтарындағы табалдырықтарды есептемегенде), қозғалмалы және көтеріліп-түсірілетін есіктер мен қақпалар, айналатын есіктер мен турникеттер, сондай-ақ адамдарды еркін эвакуациялауға кедергі келтіретін басқа құрылғыларды орнату









22

Қабырғалары мен төбелерін өңдеуге, қаптауға және бояуға арналған жанғыш материалдарды, сондай-ақ отқа төзімділігі V дәрежелі ғимараттарды есептемегенде, эвакуациялау жолындағы сатылар мен басқыш алаңдарын қолдану









23

Саты торларының, дәліздердің, холлдар мен тамбурлардың өздігінен жабылатын есіктерін ашық күйінде бекітуге, сондай-ақ оларды алып тастау









24

Түтіндемейтін саты торларында ауа аймақтарын шынылау немесе терезе жапқыштармен жабу









25

Бөлмелерді технологиялық, көрме және басқа да қондырғылармен жабдықтау кезінде саты алаңына және басқа да эвакуациялау жолдарында эвакуациялық жолдың болуы









26

Адамдар тұратын ғимараттарда және адамдар жаппай жиналатын объектілерде электроэнергияны сөндірген кезде қызмет көрсетуші немесе кезекші персоналды электр шамының болуы









27

Адамдар жаппай жиналатын үй-жайларда еденге кілемдердің, кілем жолақтарының және еден бетіндегі басқа да жабындардың еденге бекітілуі









28

Эвакуациялау жолдарында еркін және ғимараттан шығу бағыты бойынша ашылатын есіктер орнату









29

Эвакуациялық шығулар есіктеріндегі тиектерді ғимарат ішіндегі адамдардың ішінен кілтсіз ашу мүмкіндігін қамтамасыз ету









30

Саты торлары мен дәліздерде қоймаларды (қосалқы үй-жайларды) орнатуға, сондай-ақ баспалдақ марштарының астында және саты алаңдарында заттарды, жиһаздар мен өзге де жанғыш материалдарды сақтауға жол бермеу









31

Құрылыс конструкцияларының, жылу оқшаулайтын материалдардың, металл тіреулерінің, ағаш конструкцияларының тиісті оттан қорғау жай-күйінің болуы









32

Шатыр үй-жайларының, сондай-ақ технология шарттары бойынша адамдардың тұрақты болуы талап етілмейтін техникалық қабаттар мен жертөлелердің есіктерін құлыппен жабуды қамтамасыз ету. Көрсетілген үй-жайлардың есіктерінде кілттердің сақталатын орны туралы ақпараттың болуы









33

Шатырларды, техникалық қабаттарды, желдету камераларын және басқа да техникалық үй-жайларды өндірістік учаскелерді, шеберханаларды ұйымдастыру үшін, сондай-ақ өнімді, жабдықты, жиһазды және басқа заттарды сақтау үшін пайдалануға жол бермеу









34

Ғимараттың барлық қибаттарының терезелерінде, жертөлелер терезелері мен шұңқыршаларына торлар орнатуға (мекеменің қоймалық үй-жайларын, кассаларын, қару тұратын бөлмелерін, құпия бөлімдерін қоспағанда) жол бермеу









35

Лифт холлдарында қоймаларды, дүңгіршектерді, шағын дүкендерді орналастыруға жол бермеу









36

Өрт шыққан жағдайда қауіпсіздік аймақтарына жататын балкондарға, лоджиялар мен галереяларға әйнек салуға жол бермеу









37

Нәтижесінде адамдарды қауіпсіз эвакуациялау жағдайы нашарлайтын, өртсөндіргіштерге, өрт сөндіру крандарына және басқа өрт қауіпсіздігі құралдарына қолжетімділік шектелетін немесе автоматты өртке қарсы қорғау жүйелерінің (автоматты өрт сигналын беру, стационарлық автоматты өрт сөндіру қондырғылары, түтінді кетіру жүйелері, құлақтандыру және эвакуациялауды басқару жүйелері) қолданыс аймағы азаятын көлемдік-жоспарлау шешімдерін өзгертуге жол бермеу









38

Жертөлелер мен цокольды қабаттарда тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды, газ толтырылған баллондарды, аэрозольдық буып-түюдегі тауарларды, целлулоидты және басқа жарылыс-өрт қауіпті заттар мен материалдарды сақтауға және қолдануға жол бермеу









39

Қабаттардағы дәліздерден, холдардан, фойелерден, тамбурлардан және баспалдақ торларынан эвакуациялық шығулардың жобада көзделген есіктерін, эвакуациялау жолдарында қауіпті өрт факторларының таралуына кедергі келтіретін басқа есіктерді алып тастауға жол бермеу









40

Өндірістік және қойма ғимараттарының үй-жайларында (V отқа төзімділік деңгейіндегі ғимараттан басқа) антресолді, аралық қабырғаны, тұрмыстық жайларды, қойманы және басқа да жанғыш материалдардан жасалған қоса салынған үй-жайлардан орнатуға жол бермеу









41

Табиғи және жасанды өртке қарсы сумен жабдықтау көздерінің болуы және оны жарамды жағдайда ұстау (оның ішінде өртке қарсы су құбыры, өрт су айдындары, өртті сөндіруге арналған суды сақтау сыйымдылықтары), сондай–ақ оларға су жинау үшін кіреберіс жолдардың болуы









42

Ғимараттарда, үй-жайларда және құрылыстарда өртті сөндіру мақсаттары үшін су шығысын қамтамасыз ететін ішкі өртке қарсы су құбырының болуы









43

Ішкі өртке қарсы су құбыры крандарының өрт жеңқұбырлармен және оқпандармен жабдықталуы









44

Өрт сөндіретін жеңқұбырларды құрғақ, жақсы шиыршықталған және крандар мен оқпандарға жалғанған күйінде күтіп ұстау









45

Өрт сөндіру сорғыларының электр қозғалтқыштарын үздіксіз қоректендіру кәсіпорнын электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың болуы және жұмысқа жарамды жағдайда ұстау









46

Өрт крандарына 6 айда кемінде бір рет тексерісті жүзеге асыру (тексеріс актісі)









47

Жарамды бастапқы өрт сөндіру құралдарының талап етілетін санының болуы









48

Өртке қарсы қабырғалардың қиылысқан орындарын, жабындарды және қоршау конструкцияларын әртүрлі инженерлі және технологиялық коммуникациялармен, түтінгазөтпейтін және қажетті отқа қарсы төзімділігін қамтамасыз ететін орын алған жарығтарды және тесіктерді құрылыс қосындысымен немесе жанбайтын материалдармен жабу









49

Ғимараттарды, құрылыстар мен құрылымдарды әзірленбеген және бекітілмеген жобалау-сметалық құжаттамасыз функционалдық мақсатын өзгертуге, күрделі жөндеу жүргізуге, техникалық қайта жабдықтауға, реконструкциялауға және қайта жоспарлауға жол бермеу









50

Ғимараттардың, құрылыстар мен құрылымдардың шатырында сыртқы өрт сөндіру сатылары мен қоршауларын жарамды күйде ұстау және пайдалану сынауынан өткізу









51

Тұрмыстық газ аспаптарын қолдану кезінде жиһаздарды және басқа да жанғыш материалдарды жақын орналасқан тік бетке дейін көлденеңінен 0,2 м кем қашықтықта, тігінен оның үстінен өтетін көлденең беттен 0,7 м кем қашықтықта осы бұйымдарды орналастыруға жол бермеу









52

Тұрмыстық газ аспаптарын (оның ішінде асхана плиталарын, су жылытқыш қазандарын, газ колонкасын) жабдықтайтын газ баллондарды (жұмыс және қосымша) ғимаратта орнатуға жол бермеу









Желдету қондырғыларына қойылатын талаптар

53

Әртүрлі мақсаттағы желдету жүйелерінің түтінге қарсы желдету жүйелерінің және транзиттік арналарының (оның ішінде ауа арналар, жинағыштар, шахталар) ауа өткізгіштері мен арналарының конструкцияларын жанбайтын материалдардан және отқа төзімді етіп жасау









54

Өртке қарсы қалыпты ашылатын клапандарда автоматты және қашықтан басқарылатын жетектермен жабдықтау









55

Қоршайтын құрылыс материалдарының желдету жүйелерінің отқа төзімді арналарымен және тіреулер (аспалар) конструкцияларының қиысатын тораптарының осы арналар үшін талап етілетін шектерге отқа төзімділігінің сәйкестігі









56

Желдету камераларында қандай да бір жабдықтар мен материалдарды сақтауға жол бермеу және оларды жабық күйде ұстау









Электр желілерін, электр қондырғыларын және электр техникалық өнімдерді пайдалануға қойылатын талаптар

57

Өрт жарылыс қауіпті аймақтарда дайындаушы-зауыттың жарылыстан және (немесе) өрттен қорғалу деңгейі мен түрінің белгісі жоқ электр жабдығын қолдануға жол бермеу









58

Дайындаушы-кәсіпорынның нұсқаулығында баяндалған қауіпсіздік талаптары бұзылған электр желілері мен электр энергиясын қабылдағыштарды, бұзылулары өрттің туындауына әкелуі мүмкін электр қабылдағыштарын пайдалануға (ұшқын, қысқа тұйықталу, кәбілдер мен сымдардың оқшаулауының рұқсат етілгеннен жоғары қызуын, аварияға қарсы және өртке қарсы қорғауды автоматты басқару жүйелерінің істен шығуын тудыратын), сондай-ақ зақымдалған немесе қорғаныш қасиеттері мен оқшаулауын жоғалтқан электр сымдары мен кәбілдерін пайдалануға жол бермеу









59

Зақымдалған және бекітілмеген резеткелерді, ажыратқыштарды, басқа электрлік қондырғы бұйымдарын пайдалануға жол бермеу









60

Электрмен қыздырылатын аспаптарды барлық жарылыс-өрт қауіпті және өрт қауіпті үй-жайларда қолдануға жол бермеу









61

Стандартты емес (қолдан жасалған) электрмен қыздырылатын аспаптарды қолдануға, калибрленбеген балқыма ендірмелерді және ток күшінің көбеюі мен қысқа тұйықталудан қорғайтын қолдан жасалған басқа аппараттарды пайдалануға жол бермеу









62

Электрлік қалқандар, электр қозғалтқыштар және іске қосу аппаратурасы жанында жанғыш (оның ішінде тез тұтанатын) заттар мен материалдарды орналастыруға (жинауға) жол бермеу









63

Оқшауланбаған электр сымдары мен кәбілдердің жалғаулары мен ұштарын пайдалануға жол бермеу









64

Электр шамдары мен шамдарды қағазбен, матамен және басқа жанғыш материалдармен орауға, сондай-ақ шамның конструкциясында көзделген қалпақтары (шашыратқыштары) және қорғаныш торлары алынған шамдарды пайдалануға жол бермеу









65

Егер олардың болуы дайындаушы-кәсіпорынның нұсқаулығында көзделген болса, электр үтіктерді, электр плиткаларды, электр шәйнектерді және басқа электрмен қыздырылатын аспаптарды өрттің туындау қаупін болдырмайтын арнайы тұғырықтарсыз (қоректену цокольдері, қыздырғыш дөңгелектер) пайдалануға жол бермеу









66

Конструкциясында көзделген термо реттегіштер болмаған немесе бұзылған кезде электр қыздырғыш аспаптарды қолдануға жол бермеу









67

Үй-жай ішіне ыстық кендір қабығын алмай, броньдалған кәбілдерді төсеуге жол бермеу









68

Барлық ток өткізгіш бөліктерді, бөлу құрылғыларын, аппараттар мен өлшеуіш аспаптарды, сондай-ақ бөлгіш түріндегі сақтандырғыш құрылғыларын, ажыратқыштарды және тек жанбайтын негіздегі барлық іске қосатын аппараттар мен электр қондырғыларының аспаптарын (мрамор, текстолит, гетинакс) монтаждау









69

Өртке қатысты қауіпті ауыспалы кедергілерді болдырмау үшін сығымдау, дәнекерлеу, пісіру немесе арнайы қысқыштардың көмегімен өткізгіштер мен кәбілдердің сымдарын жалғау, түйіндеу және тармақтауды орындау









70

Ғимараттарда, құрылыстар мен құрылымдарда, сыртқы технологиялық қондырғыларда жобада көзделген найзағайдан қорғайтын ақаусыз құрылғылардың болуы









71

Стационарлы жабдықты, авариялық және жұмыс жарықтандыру жай-күйін тексеру, өткізгіштердің, кабелдердің және жерге тұйықтау құрылғыларын кемінде үш жылда бір рет өлшеу және сынау. Өлшеулер нәтижелерін актімен (хаттамамен) ресімдеу









72

Барлық технологиялық аппараттардың метал констуркцияларын, резервуарларды, газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын және басқа да тез тұтанатын немесе жанғыш сұйықтықтар, сондай-ақ жанғыш газдармен айналысатын, сақталатын немесе өңделетін ғимарат ішінде және ашық кеңістікте орналасқан статистикалық электр зарядынан және найзағайдың жанама көріністерінен қорғайтын жерге тұйықтаудың болуы









Жылу беру жүйелерін пайдалануға қойылатын талаптар

Отын түріне тәуелсіз, жылу генератор аппараттары

73

Жылу шығаратын аппараттарды пайдалану шарттарын бұзушылыққа, оларды осы мақсатқа бейімделмеген үй-жайларда (орындарда) орналастыруға жол бермеу









74

Қандай да бір ақаулары мен зақымдары бар жылу шығаратын аппараттарды, сондай-ақ жанғыш констуркциялардың өртке қарсы бөлулерін (аралықтардың) пайдалануға жол бермеу









75

Жылыту пештері мен жүйелерінің түтін құбырлары, түтіндіктері және басқа элементтерін күйеден тікелей жылу беру маусымының алдында, сондай-ақ жылу беру маусымы кезінде:
үш айда кемінде бір рет - жылыту пештері үшін;
екі айда кемінде бір рет - үздіксіз жұмыс істейтін пештер мен ошақтар үшін тазарту









76

Пештерді пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарда көзделмеген жанғыш заттарды (қатты, сұйық, газ тәрізді) отын ретінде қолдануға жол бермеу









77

Жанғыш заттар мен материалдарды пештер мен түтіндіктердің беттерінен кемінде 0,5 метр болатын арақашықтықта кептіруге жол бермеу









78

Жанғыш заттарды, материалдарды, бұйымдар мен жабдықтарды пештердің оттығының саңылауларына дейін кемінде 1,25 метр және пештің басқа қыздырылатын бөліктеріне дейін кемінде 0,7 метр арақашықтықта орналастыруға жол бермеу









79

Түтін каналының конструкциясында оларды ыстан кезеңдік тазарту үшін технологиялық тесіктердің болуы









80

Сұйық, қатты және газ тәріздес отынмен жұмыс істейтін жылу шығаратын аппараттарда жөнделген есіктердің және жанғыш материалдардан өртке қарсы бөліктердің (аралықтардың) болуы









Қатты отындағы жылугенератор аппараттары

81

Қатты отынмен жұмыс істейтін жылу өндіргіш аппараттардың от жағатын есігі астындағы жанғыш материалдардан жасалған еден пеш жанындағы оның ұзындығында орналасқан тесіктерсіз кемінде 0,5 х 0,7 метр өлшемдегі оттық алдындағы метал тілікпен қорғалған болуы









82

Жағу үшін дайындалған отынды, сондай-ақ басқа жанғыш заттар мен материалдарды пештің алдындағы тілікке орналастыруға жол бермеу









83

Қатты отын жағылатын пештерді жағу үшін тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды қолдануға жол бермеу









84

Пештің оттығынан алып шыққаннан кейінгі қыздырылған және бықсыған материалдар болатын күл және қож өрттің туындау мүмкіндігін болдырмайтын, олар үшін арнайы бөлінген және су құятын орындардың болуы









85

Отынды (өздігінен лапылдап жанатын көмірді) осы үшін арнайы бөлінген үй-жайлардан тыс немесе жанатын құрылыстардан 8 метрден жақын емес орналасқан, арнайы бөлінген алаңдардан тыс сақтауға жол бермеу









86

Қазандық қондырғалары түтіндіктерінде от өшіргіштің болуы









Сұйық отынмен жұмычс істейтін жылугенератор аппараттары

87

Сұйық отынмен жұмыс істейтін аппаратты, авариялық төгілу кезінде отын багындағы барлық отынды сыйдыратын металл табанға орналастыру









Электр калориферилер

88

Желдеткіші істемей қалғанда қыздырылатын элементтерге электр энергиясын беруді тоқтататын жарамды сигнализациясы мен бұғаттауы, электрлік және жылу қорғанышымен көзделген, шығатын ауаның температурасын бақылайтын және оны реттейтін автоматикасы жұмыс істейтін электр калориферлерін қолдану









89

Электр калориферінде немесе оның жанында киім немесе басқадай жанғыш материалдарды кептіруге жол бермеу









90

Электр калорифердің корпусы мен желдеткіштің арасына иілгіш зат ретінде жанатын материалдар қолдануға жол бермеу









Уақытша металл пештері

91

Металл пештердің аяқтарының биіктігі кемінде 0,2 метр









92

Металл аяқтарын кемінде мына арақашықтықта орнату:
ағаш конструкциялардан, жиһаздан, тауарлардан, стеллаждардан, сөрелерден және басқа жабдықтардан -1 метр;
жанудан қорғалған конструкциялардан - 0,7 метр;
от жағу ойықтарынан ағаш конструкциялары мен басқа жабдықтарға дейін - 1,25 метр









93

Металл түтін құбырын терезе арқылы бөлген кезде, аралықтың орнына онда түтін құбырының өлшемінен үш диаметрден кем емес шатыр темірінің болуы









Өрт автоматика жүйелері мен қондырғыларын пайдалануға қойылатын талаптар

94

Тиісті автоматты өрт сигнализациясы, автоматты өрт сөндіру және өрт кезінде адамдарды құлақтандыру жүйелерімен жабдықтау









95

Тиісті даярлықтан өткен мамандардың немесе мамандандырылған ұйымдардың шарт бойынша уақтылы техникалық қызмет көрсету жұмыстарын өткізу және жоспарлы-алдын алу жөндеу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру арқылы өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларын жұмысқа қабілетті күйде ұстау









96

Өрт автоматикасының жүйелерімен және құрылғыларымен жабдықталған объектіде техникалық құжаттамасы болуы тиіс









97

Обьектінің қызмет көрсететін персоналының обьектіде монтаждалған құрылғылар мен өрт автоматикасы жүйелері мен қондырғыларының жұмыс істеу қағидаттарын білуі









98

Қандай-да бір жабдықты ілу немесе бекіту үшін автоматты өрт сөндіру қондырғыларының құбыр жолдарын пайдалануға жол бермеу









99

Автоматты өрт сөндіру қондырғыларының құбыр жолдарына өндірістік жабдықтар мен санитарлық құралдарды қосуға жол бермеу









100

Спинклерлік автоматты өрт сөндіру қондырғыларының құбыр жолдарында орнатылған ішкі өрт крандарын өрт сөндіруден басқа мақсаттарға пайдалануға жол бермеу









      Лауазымды адам (адамдар)

      ___________________       _____________________       ______________________________

      (лауазымы)                   ( қолы)       (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      Тексерілетін субъектінің басшысы

      _____________________             __________________________________________

             ( қолы)             (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы)



 

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2017 жылғы 20 маусымдағы
№ 246 және
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2017 жылғы 2 мамырдағы
№ 307 бірлескен бұйрығына
4-қосымша

жүктеу 2,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау