Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері мен тексеру парақтарын бекіту туралы


Азаматтық қорғаныс саласындағы ішінара тексерулер үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері



жүктеу 2,89 Mb.
бет13/25
Дата08.02.2020
өлшемі2,89 Mb.
#28618
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25
Азаматтық қорғаныс саласындағы ішінара тексерулер үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері

Жалпы ережелер

      1. Осы Азаматтық қорғаныс саласындағы ішінара тексерулер үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі - Критерийлер) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексіне, "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 722 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік органдардың (Қазақстан Республикасының Ұлттық банкін қоспағанда) тәуекелді бағалау жүйесін қалыптастыру әдістемесін, міндетті ведомстволық есептіліктің және тексеру парақтарының нысандарына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12389 болып тіркелген) сәйкес әзiрлендi.

      2. Критерийлер объективті және субъективті критерийлер арқылы қалыптасады.

2. Объективті критерийлер

      3. Тексерілетін субъектілерді (объектілерді) бастапқы тәуекел дәрежесіне жатқызу объективті Критерийлері арқылы жүзеге асырылады.

      4. Объективті Критерийлер бойынша жоғары тәуекел дәрежесіне мыналар жатады:

      орталық атқарушы органдар, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары;

      облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, қалалық және ауылдық аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органдары;

      азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдар;

      базасында Азаматтық қорғау қызметтері құрылған ұйымдар;

      табиғи және жасанды су айдындарында жаппай демалу орындары бекітілген ұйымдар.

      5. Жоғары тәуекелдер дәрежесіне жатқызылған тексерілетін субъектілерге (объектілерге) қатысты ішінара, жоспардан тыс тексерулер және бақылаудың өзге нысандары жүргізіледі.

      6. Жоғары тәуекелдер дәрежесіне жатқызылмаған тексерілетін субъектілерге (объектілерге) қатысты жоспардан тыс тексерулер және бақылаудың өзге нысандары жүргізіледі.

3. Субъективті критерийлер

      7. Субъективті критерийлерді анықтау мына ақпарат көздерінің:

      1) "Азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және оны өткізу қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 6 наурыздағы № 190 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығына сәйкес ұсынылған азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындау туралы есептер (2015 жылғы 14 сәуірдегі № 10716 нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде тіркелген);

      2) өткен жылдағы жеке және заңды тұлғалардың өтініштер;

      3) аңықталған азаматтық қорғаныс талаптарын бұзушылықтар жойылғанға дейін алдыңғы тексерулер нәтижелер. Бұл ретте, бұзушылықтың ауыртпалық дәрежесі (өрескел, елеулі, елеусіз) тексеру парақтарында көрсетілген заңнама талаптарын сақтамаған жағдайда белгіленеді;

      4) Су айдындарындағы қолайсыз оқиғалар негізінде жүзеге асырылады.

      8. Субъективті критерийлер тексеру парағында атап көрсетілген азаматтық қорғаныс талаптары негізінде әзірленген, олар үш дәрежеге бөлінген: өрескел, елеулі және елеусіз.

      Елдің қорғаныс қабілетін төмендетуге алып келетін азаматтық қорғаныс талаптарын орындамау өрескел дәрежеге жатқызылады.

      Елеулі және елеусіз дәрежеге жатқызылған азаматтық қорғаныс талаптары ұйымдастырушылық сипатта болады.

      Азаматтық қорғаныс талаптарын бұзушылықты өрескел, елеулі және елеусіз дәрежеге бөлу, осы Критерийлерге қосымшада келтірілген.

      9. Тәуекел дәрежесі көрсеткішін есептеу кезінде азаматтық қорғаныс талаптарын орындамау үлес салмағымен анықталады.

      10. Азаматтық қорғаныс саласындағы өрескел дәрежедегі бір орындалмаған талабы 100 көрсеткішке теңеледі.

      Егер азаматтық қорғаныс саласындағы талаптарының өрескел бұзушылықтары анықталмаған жағдайда, онда тәуекел дәрежесінің көрсеткішін анықтау үшін елеулі және елеусіз дәрежедегі азаматтық қорғаныс саласындағы талаптарын бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткіші есептеледі.

      11. Азаматтық қорғаныс саласындағы талаптардың елеулі бұзушылықтар көрсеткішін анықтау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және осы көрсеткіш мына формуламен есептеледі:



      мұнда:



– азаматтық қорғаныс саласындағы талаптардың елеулі бұзушылықтар көрсеткіші;


– тексерілетін субъектіні (объектіні) тексеруге көрсетілген азаматтық қорғаныс саласындағы талаптардың елеулі бұзушылықтарының жалпы саны;


- азаматтық қорғаныс саласындағы бұзылған елеулі талаптардың саны.



      12. Азаматтық қорғаныс саласындағы талаптардың елеусіз бұзушылықтар көрсеткішін анықтау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады және осы көрсеткіш мына формуламен есептеледі:

      мұнда:



– азаматтық қорғаныс саласындағы талаптардың елеусіз бұзушылықтар көрсеткіші;


– тексерілетін cубъектіні (объект) тексеруге көрсетілген азаматтық қорғаныс саласындағы талаптардың елеусіз бұзушылықтарының жалпы саны;


- азаматтық қорғаныс саласындағы талаптардың елеусіз бұзушылықтарының саны.

      13. Тәуекел дәрежесінің жалпы саны (

) 0-ден 100-ге дейін шкала бойынша есептеледі және мына формуламен қосу жолымен анықталады:


      мұнда:



- тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;


- азаматтық қорғаныс саласындағы талаптардың елеулі бұзушылықтар көрсеткіші;


- азаматтық қорғаныс саласындағы талаптардың елеусіз бұзушылықтар көрсеткіші.

      Тәуекел дәрежесін талдау және бағалау кезінде бұрын ескерілген және нақты тексерілетін субъектіге қатысты (объектіге) қолданылатын осы субъективті критерийлер қолданылмайды.

      14. Тәуекел дәрежесінің көрсеткіші бойынша тексерілетін субъектілер (объект) мыналарға жатады:

      1) тәуекелдің жоғары дәрежесіне – тәуекел дәрежесінің 60-тан 100-ге дейін көрсеткіші кезінде және оған қатысты ішінара тексеру жүргізіледі;

      2) жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмаған – тәуекел дәрежесінің 0-ден 60-қа дейін көрсеткіші кезінде және оған қатысты ішінара тексеру жүргізілмейді.

      15. Ішінара тексерулер жүргізу еселігі жылына бір реттен жиі болмауы тиіс.

      16. Ішінара тексерулер жүргізілген талдау мен бағалау нәтижелері бойынша қалыптасқан ішінара тексерулердің жартыжылдық тізімдері негізінде жүргізіледі, оны құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға тиісті есепті кезең басталғанға дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей жолданады.

      17. Ішінара тексерулер тізімі:

      1) тексерілетін субъектілердің (объектілердің) субъективті критерийлері бойынша тәуекелдер дәрежесінің көп көрсеткішімен бірге басымдылығын;



      2) мемлекеттік органға тексеруді жүзеге асырушы лауазымды тұлғаларға жүктемені ескере отырып жасалады.

 

Азаматтық қорғаныс
саласындағы ішінара тексерулер
үшін тәуекел дәрежесін бағалау
крийтерийлеріне
қосымша

Тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті критерийлері

1. Есептілік пен мәліметтерді мониторингтеу нәтижелері




1.1 "Азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және оны жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 6 наурыздағы № 190 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 88742 болып тіркелген) сәйкес азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуы туралы жыл сайынғы есептің ұсынылмауы

Өрескел бұзушылықтар




1.2 Азаматтық қорғаныстың тиісті бастығы бекіткен азаматтық қорғаныс жоспарының болмауы және оның құрылымы мен мазмұнының сәйкестігі




1.3 Азаматтық қорғаныстың тиісті бастығы бекіткен төтенше жағдайларды жою бойынша іс-қимыл жоспарының болмауы және оның құрылымы мен мазмұнының сәйкестігі




1.4 Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және оны жүргізу жөніндегі міндеттерді шешуге арналған арнайы уәкілетті құрылымдық бөлімшенің (қызметкердің) болмауы




1.5 Байланыс, құлақтандыру және ақпараттық қамтамасыз ету жүйесінің болмауы




1.6 Қосалқы көмекші (қалалық, қала сыртындағы) және жылжымалы басқару пункттерінің болмауы немесе бейбіт кезеңде оларды ұстап күтудің сәйкес еместігі




1.7 Азаматтық қорғаныс мүліктері қорын сақтау тәртібінің сақталмауы




1.8 Азаматтық қорғау құралымдарында материалдық-техникалық қамтамасыз етудің болмауы




1.9 Азаматтық қорғау құралымдарының әрбір мүшесіне тыныс алу органдарын қорғау құралдарының болмауы




1.10 Қорғаныш ғимаратының бейбіт уақытта күтіп-ұстау тәртібіне сәйкес келмеуі




1.11 Жоспарланған жылдың 1 қаңтарына Азаматтық қорғаныс жоспарына түзету жүргізілмеуі

Елеулі бұзушылықтар




1.12 Қадағалау және зертханалық бақылау желісі құрамына кіретін ведомстволық бағынысты ұйымдарының әзір болмауы




1.13 Азаматтық қорғау қызметінің жұмысын ұйымдастыру бойынша бұйрықтың болмауы




1.14 Азаматтық қорғау қызметтері туралы ережелердің болмауы




1.15 Эвакуациялық (эвакуациялық қабылдау) комиссияның құрамын және ережесін бекіту туралы бұйрықтың болмауы




1.16 Азаматтық қорғаудың аумақтық (объектілік) құралымдарын құруға арналған бұйрықтың болмауы




1.17 Бейбiт және соғыс уақытындағы авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге азаматтық қорғау құралымдарының дайын болмауы




1.18 Заңнамаларда белгiленген мерзімде азаматтық қорғау саласында басшы құрамды және мамандарды (қызметкерлерді) оқытудың жүргізілмеуі




1.19 "Азаматтық қорғау туралы" ҚР Заңының 46-бабымен көзделген жаттығулардың өткізілмеуі




1.20 Азаматтық қорғау саласындағы білімді насихаттаудың жүргізілмеуі






1.21 Азаматтық қорғау саласында қабылданған шаралар туралы халыққа хабар берудің ұйымдастырылмауы






2. Бұрынғы тексеру нәтижелері (ауыртпалық дәрежесі, төменде көрсетілген талаптарды сақтамаған жағдайда белгіленеді)




2.1 "Азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және оны жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 6 наурыздағы № 190 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 88742 болып тіркелген) сәйкес азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуы туралы жыл сайынғы есептің болуы

Өрескел бұзушылықтар




2.2 Азаматтық тиісті қорғаныстың бастығы бекіткен азаматтық қорғаныс жоспарының болуы және оның құрылымы мен мазмұнының сәйкес келуі




2.3 Азаматтық тиісті қорғаныстың бастығы бекіткен төтенше жағдайларды жою бойынша іс-қимыл жоспарының болуы және оның құрылымы мен мазмұнына сәйкестігі




2.4 Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және оны жүргізу бойынша міндеттерді шешуге арнайы уәкілетті құрылымдық бөлімшенің (қызметкердің) болуы




2.5 Құлақтандыру және байланыс жүйелерінің болуы және оларды пайдалануға әзірлікте ұстау




2.6 Қосалқы (қалада, қаладан тыс) көмекші және жылжымалы басқару пункттерінің болуы және оларды бейбіт уақытта күтіп-ұстау сәйкестігі




2.7 Азаматтық қорғаныс мүлік қорының, сондай-ақ сақтау тәртібін сақталуының болуы және әзірлікте ұстау




2.8 Азаматтық қорғау құралымдарын материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз етілуі




2.9 Азаматтық қорғау құралымдарының әрбір мүшесіне тыныс алу органдарын қорғау құралдарының болуы




2.10 Қорғаныш құрылысының бейбіт уақытта ұстау тәртібіне сәйкес келуі




2.11 Су айдынындағы демалыс орнының иесінде құтқарушылардың штат құрамының (бекет басшысы-құтқарушы, жасақшы-құтқарушы) болуы




2.12 Құтқару бекетінде екі бірлік мөлшерде ескекті немесе моторлы қайықтардың (бүйірінде "құтқарушы" жазуымен) болуы




2.13 Құтқару бекетінде екі бірлік мөлшерде "Құтқару шеңберлері" құтқару құралдарының болуы




2.14 Құтқару бекетінде екі бірлік мөлшерде "Александров жібі" құтқару құралдарының болуы




2.15 Құтқару бекетінде екі бірлік мөлшерде "Мегафон" дауыс зорайтқыш құрылғыларының болуы




2.16 Құтқару бекетінде бір бірлік мөлшерде "Дәрі – дәрмектері бар санитарлық сөмке (дәрі қобдишасы)" құтқару құралдарының болуы




2.17 Құтқару бекетінде бір бірлік мөлшерде "Ілмекті трал" құтқару құралдарының болуы




2.18 Құтқару бекетінде екі бірлік мөлшерде 5-6 метр құтқару тақтайларының (қысқы кезеңге) болуы




2.19 Құтқару бекетінде екі бірлік мөлшерде құтқару кеудешелерінің болуы




2.20 Құтқару бекетінде екі бірлік мөлшерде "Сырықтар, құтқару ілмектерінің" болуы




2.21 Су айдынындағы демалыс орнында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 34 бұйрығымен (нормативтiк құқықтық актiлердi тіркеу тізілімінде № 10335 болып тіркелген) бекітілген Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларының талаптарына сәйкес арқандарға бекітіліп, бекітілген қалтқылар сызығымен белгіленген және тереңдігі 1.2 метрден аспайтын балалардың шомылуына арналған учаскелердің болуы




2.22 Жоспарланған жылдың 1 қаңтарына азаматтық қорғаныс жоспарын түзету

Елеулі бұзушылықтар




2.23 Бақылау және зертханалық бақылау желісі құрамына кіретін ведомстволық бағынысты ұйымдардың әзірлігі




2.24 Азаматтық қорғау қызметтерінің жұмысын ұйымдастыру туралы бұйрықтың болуы




2.25 Азаматтық қорғау қызметтері туралы ережелердің болуы




2.26 Эвакуациялық (эвакуациялық қабылдау) комиссияның құрамын және ережесін бекіту туралы бұйрық




2.27 Азаматтық қорғаудың аумақтық (объектілік) құралымдарын құруға арналған бұйрықтың болуы




2.28 Бейбіт уақытта және түнгі уақытта авариялық-құтқару және күттірмейтін жұмыстарды өткізуге азаматтық қорғаныс құрылымдарының әзірлігі




2.29 Заңнамаларда белгiленген мерзімде азаматтық қорғау саласында басшы құрамның және мамандардың (қызметкерлердің) оқу өтуі




2.30 Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабымен көзделген жаттығулардың өткізілуі




2.31 Азаматтық қорғау саласындағы білімді насихаттауды жүргізу

Елеусіз бұзушылықтар




2.32 Азаматтық қорғау саласындағы қабылданған шаралар туралы халыққа хабар беруді ұйымдастыру




3.Табиғи және жасанды су айдындарындағы жаппай демалу орындарында қолайсыз оқиғалардың болуы




3.1 Су айдындарындағы бір немесе одан көп адам өлімі

Өрескел бұзушылықтар




4. Расталған шағымдар мен өтініштердің болуы




4.1 Азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша екі және одан да көп расталған шағымдардың болуы

Елеулі бұзушылықтар




4.2 Азаматтық қорғау саласындағы білімді насихаттаудың жүргізілмеуі




4.3 Азаматтық қорғау саласында қабылданған шаралар туралы халыққа хабар берудің ұйымдастырылмауы




5. "Бұзушылар" рейтингілер болған жағдайда мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарын, бұқаралық ақпарат құралдарын талдау нәтижелері




5.1 Табиғи және жасанды су айдындарындағы жаппай демалу орындарында адам өлімі фактілері туралы ресми интернет ресурстары мен баспа басылымдарында ақпараттың болуы

Елеусіз бұзушылықтар




5.2 Табиғи және жасанды су айдындарында жаппай демалу орындарында болатын құтқару бекетін орнатуға қойылатын талаптарды бұзушылықтар жөнінде ресми интернет-ресурстар мен ресми баспа басылымдарында ақпараттың болуы




 

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2017 жылғы 20 маусымдағы
№ 246 және
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2017 жылғы 2 мамырдағы
№ 307 бірлескен бұйрығына
3-қосымша

жүктеу 2,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау