Р/с
№
|
Өрт қауіпсіздігі талаптарының атаулары
(ауырлық дәрежесі көрсетілген талапты сақтамаған кезде белгіленеді)
|
Бұзушылықтар дәрежесі
|
|
1. Ұйымдастыру іс-шараларына қойылатын талаптар
|
|
1
|
Олардың өрт қауіптілігіне тиісті, өртке қарсы режимді белгілейтін бұйрықтың немесе нұсқаулықтың болуы
|
болмашы
|
|
2
|
Әрбір обьектіге, әрбір жарылыс қаупі бар және өрт қауіпті учаскеге (шеберханаға, цехқа) өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулықтың болуы.
|
болмашы
|
|
3
|
Өрт болған жағдайда адамдарды эвакуациялау жоспарларының болуы
|
болмашы
|
|
4
|
Жекелеген жұмыс учаскелерінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты адамдардың болуы
|
болмашы
|
|
5
|
Жұмыскерлерге өртке қарсы нұсқамадан және өрт-техникалық минимум бағдарламасы бойынша кейінгі оқудан өткеннен кейін ғана жұмыс істеуге рұқсат беру
|
болмашы
|
|
6
|
Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің болуы
|
өрескел
|
|
2. Аумақтарды ұстауға қойылатын талаптар
|
|
7
|
Өрт сөндіру автомобильдерінің ғимараттарға, құрылыстарға, технологиялық қондырғыларға өртке қарсы сумен жабдықтау көздеріне өту жолдарының болуы
|
едәуір
|
|
8
|
Ғимараттар мен құрылыстар, көлік тұрағы және ғимараттар мен құрылыстардың құрылысы (қондырғысы) арасындағы өртке қарсы арақашықтықтарды материалдармен және жабдықтармен үйіп тастауға жол бермеу
|
едәуір
|
|
9
|
Өртке қарсы ара қашықтықтың болуы
|
өрескел
|
|
10
|
Ғимараттар мен құрылыстарға 50 метрден кем қашықтықта қалдықтарды және қаптарды жағу, от жағуға жол бермеу
|
едәуір
|
|
11
|
Аумақты ұстау (жанғыш қалдықтардан, қоқыстан, ыдыстан, түскен ағаш жапырақтарынан, жанғыш қоқыстан және басқа да жанғыш материалдардан уақтылы тазарту).
|
едәуір
|
|
12
|
Сыртқы өртке қарсы сумен жабдықтау көздерінің техникалық жай-күйіне, оларды пайдалануға қойылатын талаптарды сақтау (өрт сөндіру гидранттарын жылына кемінде екі рет тексеру, қысқы уақытта қар мен мұздан тазарту және оларды жылы ұстау)
|
едәуір
|
|
13
|
Өртке қарсы сумен жабдықтау көздері орналасқан орындарды өрт қауіпсіздігі белгілерімен және көрсеткіштерімен қамтамасыз ету
|
едәуір
|
|
14
|
Ұйымның аумағында түнгі уақытта өрт гидранттарын, сыртқы өрт сатыларын, өрт сөндіру мүкәммалдарының орналасқан жерлерін, сондай-ақ өрт сөндіру су айдындарына өту жолдарын, ғимараттар мен құрылыстарға кіру жолдарын жылдам табу үшін сыртқы жарық беру құралдарының болуы
|
едәуір
|
|
15
|
Қоймалар мен базалар, астық қабылдау пункттері, сауда, жанғыш газдарды, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды өндіру, қайта өңдеу және сақтау кәсіпорындары, жарылғыш заттар өндірістері, өрт-жарылыс қауіпті және өрт қауіпті учаскелер аумағында, сондай-ақ осы мақсаттар үшін арнайы белгіленген және жабдықталған орындардан тыс жерлерде ашық отты пайдалануға және темекі шегуге тыйым салу.
Көрсетілген ұйымдар аумағында "Темекі шегуге және ашық отты пайдалануға тыйым салынады" деген өрт қауіпсіздігі белгілерін орналастыру. Темекі шегу үшін арнайы белгіленген орындарды "Темекі шегуге арналған орын" деген өрт қауіпсіздігі белгілерімен белгілеу
|
едәуір
|
|
16
|
Орман өрті кезінде ғамараттарға және құрылыстарға оттың тарау мүмкіндігін болдырмайтын іс-шараларды орындау және дайындау (өртке қарсы қорғаныс жолақтарын жасау, екпе ағаштарды отырғызу, жазғы маусымда өсімдіктерді жұлу және басқалар)
|
өрескел
|
|
3. Ғимараттарды, құрылыстар мен құрылымдарды күтуге қойылатын талаптар
|
|
17
|
Үй-жайлардың, ғимараттардың (құрылыстардың), өндірістік және қоймалық мақсаттағы ғимараттардың эвакуациялық шығу есіктерінде, сыртқы технологиялық қондырғыларда олардың өрт-жарылыс және өрт қауіптілігі бойынша санаттары туралы, сондай-ақ онда орналасқан жарылыс қаупі немесе өрт қауіпті аймақтардың сыныптары туралы ақпарат орналастыру
|
болмашы
|
|
18
|
Ғимараттардан, үй-жайлардан эвакуациялық шығу жолдарының саны және олардың жобалық шешімге (оның ішінде эвакуациялық жолдар мен шығу жолдарының жарықтандырылуы, өлшемдері мен көлемдік-жоспарлау шешімдері, сондай-ақ эвакуациялау жолдарында өрт қауіпсіздігі белгілерінің болуы бойынша) сәйкестігі
|
өрескел
|
|
19
|
Эвакуациялық жолдар мен шығуларды (оның ішінде өтетін жерлер, дәліздер, тамбурлар, галереялар, лифт холлдары, саты алаңдары, баспалдақ марштары, есіктері, эвакуациялық люктер) түрлі материалдармен, бұйымдармен, жабдықтармен, өндірістік қалдықтармен, қоқыспен және басқа да заттармен үйіп тастау, сондай-ақ эвакуациялық шығу есіктерін шегелеп тастау
|
өрескел
|
|
20
|
Шығу тамбурларында киімге арналған кептіргіштер мен ілгіштер, шешінетін орынды орналастыру, сондай-ақ мүкәммалдар мен материалдарды (оның ішінде уақытша) сақтау
|
өрескел
|
|
21
|
Эвакуациялау жолдарында табалдырықтар (есіктердің ойықтарындағы табалдырықтарды есептемегенде), қозғалмалы және көтеріліп-түсірілетін есіктер мен қақпалар, айналатын есіктер мен турникеттер, сондай-ақ адамдарды еркін эвакуациялауға кедергі келтіретін басқа құрылғыларды орнату
|
өрескел
|
|
22
|
Қабырғалары мен төбелерін өңдеуге, қаптауға және бояуға арналған жанғыш материалдарды, сондай-ақ отқа төзімділігі V дәрежелі ғимараттарды есептемегенде, эвакуациялау жолындағы сатылар мен басқыш алаңдарын қолдану
|
өрескел
|
|
23
|
Саты торларының, дәліздердің, холлдар мен тамбурлардың өздігінен жабылатын есіктерін ашық күйінде бекітуге, сондай-ақ оларды алып тастау
|
өрескел
|
|
24
|
Түтіндемейтін саты торларында ауа аймақтарын шынылау немесе терезе жапқыштармен жабу
|
өрескел
|
|
25
|
Бөлмелерді технологиялық, көрме және басқа да қондырғылармен жабдықтау кезінде саты алаңына және басқа да эвакуациялау жолдарында эвакуациялық жолдың болуы
|
өрескел
|
|
26
|
Адамдар тұратын ғимараттарда және адамдар жаппай жиналатын объектілерде электроэнергияны сөндірген кезде қызмет көрсетуші немесе кезекші персоналды электр шамының болуы
|
өрескел
|
|
27
|
Адамдар жаппай жиналатын үй-жайларда еденге кілемдердің, кілем жолақтарының және еден бетіндегі басқа да жабындардың еденге бекітілуі
|
өрескел
|
|
28
|
Эвакуациялау жолдарында еркін және ғимараттан шығу бағыты бойынша ашылатын есіктер орнату
|
өрескел
|
|
29
|
Эвакуациялық шығулар есіктеріндегі тиектерді ғимарат ішіндегі адамдардың ішінен кілтсіз ашу мүмкіндігін қамтамасыз ету
|
өрескел
|
|
30
|
Саты торлары мен дәліздерде қоймаларды (қосалқы үй-жайларды) орнатуға, сондай-ақ баспалдақ марштарының астында және саты алаңдарында заттарды, жиһаздар мен өзге де жанғыш материалдарды сақтауға жол бермеу
|
өрескел
|
|
31
|
Құрылыс конструкцияларының, жылу оқшаулайтын материалдардың, металл тіреулерінің, ағаш конструкцияларының тиісті оттан қорғау жай-күйінің болуы
|
өрескел
|
|
32
|
Шатыр үй-жайларының, сондай-ақ технология шарттары бойынша адамдардың тұрақты болуы талап етілмейтін техникалық қабаттар мен жертөлелердің есіктерін құлыппен жабуды қамтамасыз ету. Көрсетілген үй-жайлардың есіктерінде кілттердің сақталатын орны туралы ақпараттың болуы
|
болмашы
|
|
33
|
Шатырларды, техникалық қабаттарды, желдету камераларын және басқа да техникалық үй-жайларды өндірістік учаскелерді, шеберханаларды ұйымдастыру үшін, сондай-ақ өнімді, жабдықты, жиһазды және басқа заттарды сақтау үшін пайдалануға жол бермеу
|
өрескел
|
|
34
|
Ғимараттың барлық қибаттарының терезелерінде, жертөлелер терезелері мен шұңқыршаларына торлар орнатуға (мекеменің қоймалық үй-жайларын, кассаларын, қару тұратын бөлмелерін, құпия бөлімдерін қоспағанда) жол бермеу
|
өрескел
|
|
35
|
Лифт холлдарында қоймаларды, дүңгіршектерді, шағын дүкендерді орналастыруға жол бермеу
|
өрескел
|
|
36
|
Өрт шыққан жағдайда қауіпсіздік аймақтарына жататын балкондарға, лоджиялар мен галереяларға әйнек салуға жол бермеу
|
өрескел
|
|
37
|
Нәтижесінде адамдарды қауіпсіз эвакуациялау жағдайы нашарлайтын, өртсөндіргіштерге, өрт сөндіру крандарына және басқа өрт қауіпсіздігі құралдарына қолжетімділік шектелетін немесе автоматты өртке қарсы қорғау жүйелерінің (автоматты өрт сигналын беру, стационарлық автоматты өрт сөндіру қондырғылары, түтінді кетіру жүйелері, құлақтандыру және эвакуациялауды басқару жүйелері) қолданыс аймағы азаятын көлемдік-жоспарлау шешімдерін өзгертуге жол бермеу
|
өрескел
|
|
38
|
Жертөлелер мен цокольды қабаттарда тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды, газ толтырылған баллондарды, аэрозольдық буып-түюдегі тауарларды, целлулоидты және басқа жарылыс-өрт қауіпті заттар мен материалдарды сақтауға және қолдануға жол бермеу
|
өрескел
|
|
39
|
Қабаттардағы дәліздерден, холдардан, фойелерден, тамбурлардан және баспалдақ торларынан эвакуациялық шығулардың жобада көзделген есіктерін, эвакуациялау жолдарында қауіпті өрт факторларының таралуына кедергі келтіретін басқа есіктерді алып тастауға жол бермеу
|
өрескел
|
|
40
|
Өндірістік және қойма ғимараттарының үй-жайларында (V отқа төзімділік деңгейіндегі ғимараттан басқа) антресолді, аралық қабырғаны, тұрмыстық жайларды, қойманы және басқа да жанғыш материалдардан жасалған қоса салынған үй-жайлардан орнатуға жол бермеу
|
өрескел
|
|
41
|
Табиғи және жасанды өртке қарсы сумен жабдықтау көздерінің болуы және оны жарамды жағдайда ұстау (оның ішінде өртке қарсы су құбыры, өрт су айдындары, өртті сөндіруге арналған суды сақтау сыйымдылықтары), сондай–ақ оларға су жинау үшін кіреберіс жолдардың болуы
|
өрескел
|
|
42
|
Ғимараттарда, үй-жайларда және құрылыстарда өртті сөндіру мақсаттары үшін су шығысын қамтамасыз ететін ішкі өртке қарсы су құбырының болуы
|
өрескел
|
|
43
|
Ішкі өртке қарсы су құбыры крандарының өрт жеңқұбырлармен және оқпандармен жабдықталуы
|
едәуір
|
|
44
|
Өрт сөндіретін жеңқұбырларды құрғақ, жақсы шиыршықталған және крандар мен оқпандарға жалғанған күйінде күтіп ұстау
|
едәуір
|
|
45
|
Өрт сөндіру сорғыларының электр қозғалтқыштарын үздіксіз қоректендіру кәсіпорнын электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың болуы және жұмысқа жарамды жағдайда ұстау
|
едәуір
|
|
46
|
Өрт крандарына 6 айда кемінде бір рет тексерісті жүзеге асыру (тексеріс актісі)
|
болмашы
|
|
47
|
Жарамды бастапқы өрт сөндіру құралдарының талап етілетін санының болуы
|
едәуір
|
|
48
|
Өртке қарсы қабырғалардың қиылысқан орындарын, жабындарды және қоршау конструкцияларын әртүрлі инженерлі және технологиялық коммуникациялармен, түтінгазөтпейтін және қажетті отқа қарсы төзімділігін қамтамасыз ететін орын алған жарығтарды және тесіктерді құрылыс қосындысымен немесе жанбайтын материалдармен жабу
|
өрескел
|
|
49
|
Ғимараттарды, құрылыстар мен құрылымдарды әзірленбеген және бекітілмеген жобалау-сметалық құжаттамасыз функционалдық мақсатын өзгертуге, күрделі жөндеу жүргізуге, техникалық қайта жабдықтауға, реконструкциялауға және қайта жоспарлауға жол бермеу
|
болмашы
|
|
50
|
Ғимараттардың, құрылыстар мен құрылымдардың шатырында сыртқы өрт сөндіру сатылары мен қоршауларын жарамды күйде ұстау және пайдалану сынауынан өткізу
|
өрескел
|
|
51
|
Тұрмыстық газ аспаптарын қолдану кезінде жиһаздарды және басқа да жанғыш материалдарды жақын орналасқан тік бетке дейін көлденеңінен 0,2 м кем қашықтықта, тігінен оның үстінен өтетін көлденең беттен 0,7 м кем қашықтықта осы бұйымдарды орналастыруға жол бермеу
|
өрескел
|
|
52
|
Тұрмыстық газ аспаптарын (оның ішінде асхана плиталарын, су жылытқыш қазандарын, газ колонкасын) жабдықтайтын газ баллондарды (жұмыс және қосымша) ғимаратта орнатуға жол бермеу
|
өрескел
|
|
4. Желдету қондырғыларына қойылатын талаптар
|
|
53
|
Әртүрлі мақсаттағы желдету жүйелерінің түтінге қарсы желдету жүйелерінің және транзиттік арналарының (оның ішінде ауа арналар, жинағыштар, шахталар) ауа өткізгіштері мен арналарының конструкцияларын жанбайтын материалдардан және отқа төзімді етіп жасау
|
едәуір
|
|
54
|
Өртке қарсы қалыпты ашылатын клапандарда автоматты және қашықтан басқарылатын жетектермен жабдықтау
|
едәуір
|
|
55
|
Қоршайтын құрылыс материалдарының желдету жүйелерінің отқа төзімді арналарымен және тіреулер (аспалар) конструкцияларының қиысатын тораптарының осы арналар үшін талап етілетін шектерге отқа төзімділігінің сәйкестігі
|
едәуір
|
|
56
|
Желдету камераларында қандай да бір жабдықтар мен материалдарды сақтауға жол бермеу және оларды жабық күйде ұстау
|
едәуір
|
|
5. Электр желілерін, электр қондырғыларын және электр техникалық өнімдерді пайдалануға қойылатын талаптар
|
|
57
|
Өрт жарылыс қауіпті аймақтарда дайындаушы-зауыттың жарылыстан және (немесе) өрттен қорғалу деңгейі мен түрінің белгісі жоқ электр жабдығын қолдануға жол бермеу
|
өрескел
|
|
58
|
Дайындаушы-кәсіпорынның нұсқаулығында баяндалған қауіпсіздік талаптары бұзылған электр желілері мен электр энергиясын қабылдағыштарды, бұзылулары өрттің туындауына әкелуі мүмкін электр қабылдағыштарын пайдалануға (ұшқын, қысқа тұйықталу, кәбілдер мен сымдардың оқшаулауының рұқсат етілгеннен жоғары қызуын, аварияға қарсы және өртке қарсы қорғауды автоматты басқару жүйелерінің істен шығуын тудыратын), сондай-ақ зақымдалған немесе қорғаныш қасиеттері мен оқшаулауын жоғалтқан электр сымдары мен кәбілдерін пайдалануға жол бермеу
|
өрескел
|
|
59
|
Зақымдалған және бекітілмеген резеткелерді, ажыратқыштарды, басқа электрлік қондырғы бұйымдарын пайдалануға жол бермеу
|
өрескел
|
|
60
|
Электрмен қыздырылатын аспаптарды барлық жарылыс-өрт қауіпті және өрт қауіпті үй-жайларда қолдануға жол бермеу
|
өрескел
|
|
61
|
Стандартты емес (қолдан жасалған) электрмен қыздырылатын аспаптарды қолдануға, калибрленбеген балқыма ендірмелерді және ток күшінің көбеюі мен қысқа тұйықталудан қорғайтын қолдан жасалған басқа аппараттарды пайдалануға жол бермеу
|
өрескел
|
|