«Қоршаған орта мен еңбекті қорғау»


Табиғатты қорғауда басқаруды ұйымдастыру



жүктеу 485,86 Kb.
бет55/60
Дата08.05.2020
өлшемі485,86 Kb.
#30236
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60
қорш

Табиғатты қорғауда басқаруды ұйымдастыру
Табиғатты қорғау мен табиғат пайдалану саласындағы басқаруды ұйымдастыру мәселелері Қазақстан Республикасының қазіргі дамуы үшін мейлінше көкейтесті мәселелер болып табылады. Экономиканың аса маңызды бір саласы табиғи ресурстарды пайдалану қоршаған ортаны ластаудың тұрақты көзі және халықтың денсаулығы мен экологиялық сауаттылығына төнген қатер болып табылады. Табиғат пайдаланудың ұтымды тәртібін анықтау, табиғи ресурстарды тиімді басқару үшін оңтайлы кұқықтық негіз қалау — бұл қолданыстағы заңда көзделуі қажет міндеттер және біздің курсты оқып-үйренудің нысаны болып табылады. Экология саласындағы мемлекеттік басқару проблемасына табиғат қорғау мен табиғат пайдалану теориясының жалпы мәселелерін зерттейтін ғалым-заңгерлер, сондай-ақ экологиялық кұқықтың ресурстық салаларының өкілдері үнемі ден қойып келеді. Әрбір зерттеу елеулі түрде ғылыми құндылық болып табылды, өйткені басқарудың жалпы теориясын толықтыра және дамыта отырып, салалық заңдарда ғалымдар басқару тетігінің айрықша белгілерін — басқарудың өзіндік нысандары мен әдістерін бөліп көрсетті, бұлар осы әлеуметтік құбылыстың аса серпінді сипаттамалары болып табылады. Басқаруды ұйымдастыру мәселелері қазіргі уақытта да мемлекеттегі экономикалық қайта құрулармен, меншіктің сан-алуан нысандарымен байланысты ерекше көкейтесті сипат алып отыр. Біздің республикамызда болып жатқан өзгерістердің осы жағдайларында ол өзгерістер қоғамдық өмірдің барлық салаларын, соның ішінде басқару саласын да қамтуда. Бұдан ертеректе болған басқарудың әкімшілік-әміршілдік жүйе орнын барынша икемді аппарат басты, онда ықпалды басқарудың билік әдістері мен нысандары қоғамдық қатынастар субъектілерінің экономикалық тетіктерімен ауыстырылды. Меншіктің мемлекеттік емес нысандарының пайда болуы, жеке кәсіпкерліктің дамуы, біздің республикамыздың өмірін демократияландыру қазіргі басқару органдарының жүйесін, өз қызметінің сипатын өзгертуге мәжбүр етуде. Қазіргі кезеңде, басқару процесін ұйымдастыра отырып, мемлекет мемлекеттік басқарудың саласында бола отырып, жаңа экономикалық құрылымға ықпал етудің нысандарын пайдалану керек, солай бола тұрса да, мемлекетгік нұсқауларға бағынуға міндетті болуға тиіс. Сондықтан бұл экология саласында ерекше реттелуге тиіс, онда азаматтар мен мемлекеттің экологиялық мүдделерінің басымдығы сол мемлекеттің, кәсіпорынның және жеке кәсіпкерлердің экономикалық мүдделерінен жоғары тұруға тиіс. Осының бәрі экология саласындағы мемлекеттік басқарудың құқықтық тетігінің республикадағы қазіргі ахуал айқындамасы тұрғысынан қаралуға тиіс екенін білдіреді. Сонымен, табиғат қорғау мен табиғи ресурстарды мемлекеттік басқару дегеннен нені түсінеміз. Осы мәселе бойынша ғалымдардың көзқарастарындағы айырмашылықка назар аудармай болмайды. О. С. Колбасов мемлекеттіктен нақты мемлекеттік органдардың ұйымдастырушылық қызметін түсінеді1. Басқа ғалымдар былай деп есептейді: мемлекеттік басқарудың мәнін сипаттау үшін алғы шарт "басқарушы жүйенің (басқару субъектісінің) басқару жүйесіне ықпалы ретінде басқару туралы ілім (басқару объектісі)"2. Г. В. Атаманчук мемлекеттік басқаруға анықтама бере келіп, билік ыкпалы қағидасын атап көрсетеді. Ол былай деп жазады: "мемлекеттік басқару — бұл ғылыми негіздеме, мемлекеттің қоғамдық жүйеге ықпалы жоспарлы, үздіксіз билік жүргізу ықпалы...". Бұл анықгама бәрінен бұрын басқарудың әкімшілік жүйесінің мәніне сәйкес келетінін аңғару қиын емес, ол бұрын біздің мемлекетімізде болған. Қоғамды қазіргі реформалау республиканың әлеуметтік және экономикалық өмірінің барлық салаларындағы демократиялық үрдістердің күшеюі "оның сипаттамасына "мемлекеттік органдардың аткарушы-өкімдік қызметін" қоса отырып, "басқару" ұғымын неғұрлым кеңінен түсіндіруге мәжбүр етеді". Бұл арада, біздің пікіріміз бойынша, осы заманғы айқындама Н. Б. Мұхитдиновтың айқындамасы болып табылады, ол бұл проблеманы тау-кен құқығына балап талдайды. Ол былай деп есептейді: мемлекеттің басқару пәрменділігін белгілеу үшін "ықпалдан" гөрі неғұрлым кең "атқарушылық-әкімшілік қызмет" терминін қолдану тиімдірек болар . Оның дәлелдері мынаған негізделген: "басқару тек қоғамдық қатынастарға қатысушыларға ықпалды ғана көздеп қоймай, сонымен бірге олардың арасындағы өзара іс-қимылды да реттейді"3. Мемлекетгік басқарудың уәкілетті органдарының бұл "атқарушылық-әкімшілік" қызметі қоғам мен табиғаттың экологиялық  тұрғыдан негізді өзара іс-қимылын ұйымдастыру негізінде қоршаған ортаның қолайлы сапасын қамтамасыз ету жөніндегі мемлекет қызметін іс жүзінде жүзеге асыруға бағытталған. Сөйтіп, жоғарыда аталған анықтамалардың негізінде мемлекеттік басқару ұғымын тұжырымдаймыз — бұл қоғамның өзара іс-қимылы жағдайында (қоршаған ортамен, экологиялық құқықтарды жүзеге асырумен және мемлекет субъектілерінің экологиялық міндеттерін сақтаумен) экологиялық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік органдардың атқарушылық-әкімшілік қызметі. Экология саласындағы мемлекеттік басқару органдарының қызметі белгілі бір басшылық бастаулары негізінде жүзеге асырылады, соған сәйкес мемлекеттің экологиялық саясаты қалыптасады. Бұл басшылық идеялары, олар жиынтығында белгілі бір мақсаттарға қол жеткізуде мемлекеттің мәнін, негізгі қасиеттерін, ішкі бірлігін білдіруі мемлекеттік басқарудың қағидалары деп аталады. Мемлекетгік басқарудың қағидалары белгілі бір қоғам дамуының экономикалық және әлеуметтік заңдарымен анықталады, және, әдетте, қолданыстағы заңда көрінісін тапқан. Экологиялық кодексті және өзге де актілерді талдай келіп, экология саласындағы мемлекеттік басқарудың қағидалары жүйесін анықтауға болады: — адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың басымдығы, халықгың өмірі үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау мен қалпына келтіру; — табиғи ресурстарға мемлекеттік меншік, мемлекет бақылайтын жерге жеке меншік; —  мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық міндеттерін шешу кезінде қоғам дамуының экологаялық міндеттерін теңгерімді шешу; — экологиялық тәртіпті қамтамасыз ету үшін экономикалық ынталандыруды енгізу арқылы басқарудың экономикалық әдістерін қоддану; — экономикалық проблемаларды шешуге азаматтарды, халықты, қоғамдық бірлестіктер мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын кеңінен тарту және белсенді түрде қатысу. Бұл экологиялық құқық саласындағы мемлекеттік басқарудың неғұрлым айрықша қағидалары. Алайда мынаны ескеру керек: табиғат пайдалану саласында басқарудың жалпы қағидалары да: заңдылық, жоспарлылық, бағыныштылық және т.б. қолданылады. Басқару қызметін жүзеге асырудың әдістері заң әдебиетінде көпшілік қабылдаған әдістер, олар басқарудың нысандары мен әдістерін белгілейді. Мемлекеттік басқарудың нысандары үш негізгі түрде көрініс табады: 1) заң шығарушылық нысаны — мемлекетгік органдардың басқару қатынастарын реттеуге бағытталған нормативтік актілерін әзірлеу мен қабылдау; 2 ) кұқық қолданушылық — бұл нақты іс-қимылдарды қабылдау мен жүзеге асыру арқылы басқару нормативтік актілерін жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттің қызметі; 3) кұқыққорғаушылық — бұл мемлекеттік нормативтік актілерде көзделген талаптарды бұзатын немесе орындамайтын адамдарға жазалау шараларын қолдану жөніндегі ммлекеттің қызметі. Мемлекеттік басқару әдістері қазіргі уақытта меншіктің көптеген нысандарының болуы ерекшелігін ескереді және осының салдары ретінде, суьектілердің көп екенін де ескереді. Сондықтан қазіргі кезеңде мемлекетгік басқару органдары аманатты әдісті де (міндетті нұсқамалар әдісін, мемлекеттік органдардың бұйрықтарын дәлме-дәл орындауды), ұсынымдар әдісін де (қандай да бір шарттарды ескере отырып, мемлекеттік шешімдерді бірнеше нұсқада орындау кезіндегі әдісін де) пайдаланады. Экологиялық тәжірибеде мемлекеттік санкциялау әдісі кеңінен таралған, бұл әдіс жағдайында мемлекеттік емес органның шешімі оны мемлекет бекіткеннен кейін заңдық күшіне ие болады. Мұның мысалы ретінде қоғамдық экологиялык сараптаманың қорытындысын атауға болады, ол оны мемлекет бекіткеннен кейін міндетті сипатқа ие болады. Рұқсат ету әдісі мемлекеттік емес орган дербес болған жағдайда қолданылады. Барлығы үшін міндетті шешім өздерінің "ішкі" субъектілері үшін қабылданады. Мысалы, ПМК баскармасының су пайдалану мәселелері бойынша шешімі осы кооператив біріктіретін тұрғындарға міндетті болады. Басқару процесінің сипаттамасындағы орталық буындардың бірі "қызмет" ұғымы болып табылады. Қызметтік көзқарас басқару қызметінің ерекшелігі мен мазмұнына тереңірек үңілуге көмектеседі. Мемлекеттік басқару қызметі дегеннен бір-бірінен нысаны, мазмұны және басқарылатын объектілердің немесе өзінің басқару компоненттерінің сақталуы мен қайта кұрылу әдісі жағынан өзгеше мемлекеттің билік етуінің жоспарлау-ұйымдастыру және реттеу ықпалдарының объективті түрдегі шартты түрлері үғынылады.
43 дәріс


жүктеу 485,86 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау