Орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру



жүктеу 84,5 Kb.
Дата04.02.2020
өлшемі84,5 Kb.
#28156
түріКонкурс




«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары Комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясы» РММ –нің «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымының бос орнынға орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары Комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясы» РММ (060002, Атырау облысы, Атырау қаласы, Абай көшесі, 10 А,  анықтама телефондары: 8 (7122) 32-69-09, факс: 8(7122 32-69-09), e-mail: Mahmetova.b@minagri.gov.kz,) төмендегі мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:
Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлық ақылары:

Санат

Жұмыс өтіліне байланысты лауазымдық айлық ақы

 

min

max

С-О-5

83 282,08

112 430,81


1. Су ресурстарын кешенді пайдалану жөніндегі Батыс-Қазақстан және Маңғыстау аумақтық бөлімінің бас маманы ( 2 бірлік, №18-13-5-2, №18-13-5-3 С-O-5 санаты бойынша).

Функционалдық міндеттері: 

Су нысандарын мемлекеттік есепке алу, мемлекеттік су кадастрын және мемлекеттік мониторингі жүргізу; судың жай-күйіне әсер ететін кәсіпорындардың құрылыс орнын айқындау жөніндегі ұсыныстарды келісу; судың жай-күйіне әсер ететін кәсіпорындар мен құрылыстарды орналастыруға және салуға жобалық құжаттаманы келісу; судың жай-күйіне әсер ететін кәсіпорындар мен басқа да құрылыстарды орналастыруды және падалануға беруді, сондай-ақ су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде құрылыс және басқа да жұмыстар жүргізу шарттарын келісу; кеме жүзу режимін келісу; су пайдаланушылардың су нысандарын сақтау, олардың жай-күйін жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын келісу; су пайдалану лимиттерiн айқындау; жер асты су қорларын бекітуге қатысу; су шаруашылығы баланстарын әзірлеуге қатысу; салық органдарына табыс еткенге дейін жер үсті көздерінен су ресурстарын пайдаланғандары үшін төлем бойынша салық декларацияларын куәландыру; су ресурстарын пайдаланғаны үшін ақы төлеу мәселесімен салық органдарымен өзара іс-қимыл жасау; су нысандарын оқшау және бірлесіп пайдалануға беру туралы ұсыныстарды және оларда су пайдалану шарттарын келісу; су қорын пайдалану мен қорғау мәселелерi бойынша жергiлiктi атқарушы және басқа да мүдделi мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимыл жасау; су пайдаланушылардың бастапқы су пайдалану және статистикалық 2-ТП (водхоз) есептерін қабылдау; судың жай-күйіне әсер ететін объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі мемлекеттік комиссиялардың жұмысына, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың нәтижесінде туындаған зардаптарды жою жөніндегі жұмыстарға қатысу; су қорын пайдалану мен қорғау саласында жеке және заңды тұлғалардың ҚР Су кодексінің талаптарын сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;су қорғау аймақтары мен белдеулерi шекараларын, олардағы шаруашылық қызметiнiң белгiленген режимiнiң сақталуын бақылауды жүзеге асыру;су тарту құрылыстарын, су шаруашылық жүйелерiн және су қоймаларын пайдалану ережелерiнiң сақталуын бақылауды жүзеге асыру; су нысандарынан алынатын су мен оларға ағызылатын су мөлшерiне бастапқы есеп жүргiзудiң, су сапасын айқындаудың дұрыстығын, суды пайдалану мен ағызуды есепке алуға арналған жабдықтар мен аппаратуралардың болуын, жарамды жай-күйiн және мемлекеттiк аттестаттау мерзiмдерiнiң сақталуын, су пайдаланушылардың белгiленген есептiлiк мерзiмдерiн сақтауын бақылауды жүзеге асыру;судың жай-күйiне әсер ететiн су шаруашылығы нысандары мен өзге де нысандарды қаржыландыруды, жобалауды және салуды тоқтату туралы талаптар қою; су заңдарының бұзылуы туралы материалдарды құқық қорғау органдарына және сотқа беру; су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық істерді қарау;басшылықтың басқа да тапсырмаларын орындау;Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асыру.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын  талаптар: С-О-5**** Жоғары білім;

гидромелиорация (гидротехник) немесе ауыл шаруашылығы ғылымы (су ресурстары және суды пайдалану) немесе жаратылыстану ғылымы (экология) немесе әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару).


2. Су қорын мемлекеттік бақылау және қорғау бөлімінің бас маманы (1 бірлік, (уақытша бос негізгі қызметшінің бала күтімі демалысы кезеңіне (05.06.2018-05.06.2019) №18-13-2-3, санаты С-O-5).

Функционалдық міндеттері: 

Су қорын пайдалану мен қорғау саласында жеке және заңды тұлғалардың ҚР Су кодексі талаптарын сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; су қорғау аймақтары мен белдеулерi шекараларын, олардағы шаруашылық қызметiнiң белгiленген режимiнiң сақталуын бақылауды жүзеге асыру; су тарту құрылыстарын, су шаруашылық жүйелерiн және су қоймаларын пайдалану ережелерiнiң сақталуын бақылауды жүзеге асыру; су нысандарынан алынатын су мен оларға ағызылатын су мөлшерiне бастапқы есеп жүргiзудiң, су сапасын айқындаудың дұрыстығын, суды пайдалану мен ағызуды есепке алуға арналған жабдықтар мен аппаратуралардың болуын, жарамды жай-күйiн және мемлекеттiк аттестаттау мерзiмдерiнiң сақталуын, су пайдаланушылардың белгiленген есептiлiк мерзiмдерiн сақтауын бақылауды жүзеге асыру; судың жай-күйiне әсер ететiн су шаруашылығы нысандары мен өзге де нысандарды қаржыландыруды, жобалауды және салуды тоқтату туралы талаптар қою; су заңдарының бұзылуы туралы материалдарды құқық қорғау органдарына және сотқа беру; су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық істерді қарау; судың жай-күйіне әсер ететін құрылыс орнын айқындау жөніндегі ұсыныстарды келісу; судың жай-күйіне әсер ететін кәсіпорындар мен құрылыстарды орналастыруға және салуға жобалық құжаттаманы келісу; судың жай-күйіне әсер ететін кәсіпорындар мен басқа да құрылыстарды орналастыруды және падалануға беруді, сондай-ақ су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде құрылыс және басқа да жұмыстар жүргізу шарттарын келісу; кеме жүзу режимін келісу; басшылықтың басқа да тапсырмаларын орындау; Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асыру.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын  талаптар:

С-О-5**** Жоғары білім; Жоғары білім – гидромелиорация (гидротехник) немесе ауыл шаруашылығы ғылымы (су ресурстары және суды қолдану) немесе құқық (құқықтану) немесе жаратылыстану ғылымы (экология).
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

  3. В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

  4. мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

  5. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;**

  6. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

  7. ғылыми дәрежесінің болуы.**

Компьютерде Word, Excel, E-mail, Internet бағдарламаларымен жұмыс жасап білу ептілігі.

Қазақстан Республикасының заңнамасын білу талаптары: тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандауына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу; осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар


  1. «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

  2. тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурска қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде не «E-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «E-gov» электорондық үкімет порталы немесе «Е-Қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттар ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде тапсырылуы тиіс.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары Комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясы» РММ-де Атырау қаласы, Абай көшесі 10А ғимаратында өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар коймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс- әрекеттер жасауға, кандиданттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандиданттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Конкурстық комиссия келісімі бойынша кункурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Сарапшылар әңгімелесуге қатысады, кандиданттарға сұрақ қояды, конкурс комиссиясының мүшелеріне кандидаттар туралы өз пікірлерін білдіреді. Конкурс комиссиясының қорытынды отырысына бұл тұлғалар қатыспайды.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдануына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

Нысан

___________________________________



(мемлекеттік орган)
Өтініш
_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына

Орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.


«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Мекен-жайы және байланыс телефоны___________________________________________


_________ ___________________________________

(қолы) (тегі,аты,әкесінің аты (болған жағдайда))


«_____» _________________201__ж.
жүктеу 84,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау