«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымының бос орындарына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы
ішкі конкурс туралы хабарландыру
ЕСКЕРТУ: «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттауды өткізу туралы» 2016 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Президентінің №404 Жарлығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттауды өткізу қағидаларының 5-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің және Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары аппараттарының «Б» корпусы қызметшілерін қоспағанда, аттестаттаудан өтуге жататын «Б» корпусы қызметшілерінің конкурстарға қатысуына, сондай-ақ оларды мемлекеттік әкімшілік лауазымға ауысу тәртібімен тағайындауға тиісті аттестаттау комиссиясының қабылданған шешімі болған жағдайда ғана жол беріледі.
Бұл талап уақытша бос лауазымдарды атқаратын адамдарға қолданылмайды.
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
С-О-5 санаты үшін: Жоғары білім. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;**
6) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
7) ғылыми дәрежесінің болуы.**
- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 10 мамырдағы № 98 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 12 мамырда № 15121 болып тіркелген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.
C-R-3 санаты үшін: Жоғары білім. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) А-5, В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жарым жылдан кем емес;*
6) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
7) ғылыми дәрежесінің болуы.**
- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 10 мамырдағы № 98 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 12 мамырда № 15121 болып тіркелген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.
C-R-4 санаты үшін: Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 10 мамырдағы № 98 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 12 мамырда № 15121 болып тіркелген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық жалақысы:
Санаты
|
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы
|
min
|
max
|
С-О-5
|
83282
|
112431
|
C-R-3
|
96607
|
129920
|
C-R-4
|
73288
|
99106
|
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Жамбыл облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаменті» РММ, индексі 080200, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Әйтеке би көшесі 13 үй, анықтама телефондаы (8-7262) 45-70-52; 51-42-58; 45-61-63, электорнды мекенжайы zh.dzpp@economy.gov.kz, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:
1.Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Жамбыл облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің тағам объектілерін санитариялық-гигиеналық қадағалау бөлімінің бас маманы (С-О-5 санаты).
Функционалдық міндеттері: Қолданыстағы заңнаманың, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарының сақталуын қамтамасыз ету. Тамақтану және сауда объектілеріне, базарларға, азық-түлік өнеркәсібі кәсіпорындарына санитариялық-гигиеналық қадағалауды жүргізу, тұрғындардың арасында тағамнан уланудың өршуі жағдайларын тексеру. Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс жоспарын құруға және оның орындалуына талдау жүргізунге қатысу, бөлім қызметінің көрсеткіштерін дайындау. Шешімдер, өкімдер, бұйрықтар, сұраулар, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ақпараттарды дайындау. Бөлімдегі ісқағаздарын және мониторингті жүргізу. Бөлімнің ай сайынғы ведомствалық статистикалық есебін дайындау, жинап-жинақтау. Аумақтық басқармалар мәліметтерін топтап жиынтық есебін құру. Тағам объектілерін қадағалау бөлімдеріндегі ай сайынғы санақ есебін құрастыру, ай сайынғы кестелік материалдармен жұмыс, қалалық және аудандық басқармалардың ақпараттарын жинақтау, мониторинг жүргізу, тағам өнімдерінің қауіпсіздігіне зертханалық бақылауға мемлекеттік тапсырыс жоспарын әзірлеу, талдау, түзету. Апталық есепті жинақтау. Департаменттің аумақтық басқармаларының қызметкерлеріне әдістемелік және практикалық көмек көрсету. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) (медициналық-профилактикалық ісі немесе қоғамдық денсаулық сақтау). Осы санаттың нақты лауазымының мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан-2050» стратегиясы, қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі.
2.Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Жамбыл облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің медициналық қызметті бақылау бөлімінің бас маманы (С-О-5 санаты).
Функционалдық міндеттері: Медициналық қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік бақылау саясатын іске асыру. Денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін, оның ішінде денсаулық сақтау саласындағы стандартардың, медициналық қызметпен айналысу жөніндегі лицензиялау ережелерінің сақталуын. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қозғау. Денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу. Салалық бағдарламаларды іске асыруға мониторинг жүргізу жөніндегі іс-шараларды, емделушінің құқығы мәселелері бойынша халықтың арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимылды жүзеге асыру. Құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша семинарлар, конференциялар, алқа мәжілістерін өткізуге қатысу. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес өзге де міндеттерді орындау.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) (жалпы медицина). Осы санаттың нақты лауазымының мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан-2050» стратегиясы, қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі.
3.Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Жамбыл облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің қоғамдық денсаулық сақтау бөлімінің бас мамандары, 2- бірлік, (С-О-5 санаты).
Функционалдық міндеттері: Қоғамдық денсаулық сақтау мәселелері бойынша аумақтық басқармалар қызметін үйлестіру. Салауатты өмір салтын қалыптастыруды және насихаттауды ұйымдастыру, қоғамдық денсаулық сақтау мәселелерін іске асыру бойынша қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасасу, денсаулық сақтау субъектілерінің және қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы өзге де ұйымдардың жұмыстарын әдістемелік және ұйымдастырушылық үйлестіру.
Денсаулық сақтау саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуге және оны іске асыруға қатысу. Ұйымдастыру жұмыстарының орындалуын және ақпараттық-техникалық қамтамасыз етуді бақылау. Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу, аттестаттау және лицензиялау мәселелері бойынша функцияларды жүзеге асыру. Құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындау.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) (медициналық-профилактикалық ісі немесе қоғамдық денсаулық сақтау), құқық (құқықтану). Осы санаттың нақты лауазымының мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан-2050» стратегиясы, қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі.
4.Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Жамбыл облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің құқықтық жұмыс және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы (С-О-5 санаты).
Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету. Департамент қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде заңнамада белгіленген тәртіппен сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда департаменттің мүдделерін білдіру. Департаментте Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау, құқықтық жалпы оқытуды жүргізу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру. Нормативтік құқықтық актілердің, шешімдердің және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттардың олардың қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкестілігіне заңдық сараптама жүргізу. Департаменттің және аумақтық басқармалардың қызметкерлеріне құқықтық көмек көрсету. Есепті кезең бойынша бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалауға, бюджеттік өтінімдерді дайындауға қатысу. Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүргізу, талдау және мониторинг жасау бойынша жұмысты ұйымдастыру. Шарттарды уақтылы жасауды үйлестіруді, олардың заңнама талаптарына сәйкестілігін, шарттар бойынша міндеттемелерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда экономикалық әрекет ету шараларын қолдануды қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім: құқық (құқықтану, халықаралық құқық), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы). Осы санаттың нақты лауазымының мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан-2050» стратегиясы, қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі.
5.Тараз қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өнеркәсіптік және коммуналдық объектілерді санитариялық-гигиеналық қадағалау бөлімінің басшысы (С-R-3 санаты).
Функционалдық міндеттері: Өнеркәсіптік және коммуналдық объектілерді алдын ала және ағымдағы мемлекеттік санитариялық-гигиеналық қадағалау, оның ішінде еңбек гигиенасы, радиациялық гигиена, пестицидтердің токсикологиясы, ЭМӨ және физикалық факторлар мәселелері жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру, қоршаған орта факторларының (су, топырақ, атмосфералық ауа) халықтың денсаулығына әсерін талдау. Жобалау-сметалық құжаттамаға санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу, құрылыстың барысын қадағалау және аяқталған құрылыс объектілерін қабылдау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру. Профилактикалық және санитариялық-гигиеналық іс-шаралардың жүргізілуіне бақылауды жүзеге асыру, санитариялық-эпидемиологиялық ахуалды талдау. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі жұмыс және сараптау топтарына қатысу. Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс жоспарын құру және оның орындалуына талдау жүргізу, бөлім қызметінің көрсеткіштерін дайындау. Кеңестерді, семинарларды ұйымдастыру және өткізу. Құзыретінің шегінде басқарманың қызметкерлеріне әдістемелік және практикалық көмек көрсету.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) (медициналық-профилактикалық ісі немесе қоғамдық денсаулық сақтау). Осы санаттың нақты лауазымының мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан-2050» стратегиясы, қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі.
6.Жуалы аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау және қоғамдық денсаулық сақтау бөлімінің бас маманы (С-R-4 санаты).
Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің іске асырылуын бақылау. Азаматтардан келіп түсетін арыздарының, өтініштерінің орындалу сапасын бақылау. Еңбек тәртібін күшейту бойынша іс-шараларды жүзеге асыру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жоспарын бақылау және орындау. Құқықтық жалпы оқыту жүргізуді ұйымдастыру. Әкімшілік практиканы жүргізу. Әкімшілік әрекет шараларын қолдануды бақылау және талдау. Басқарманың қызметкерлеріне құқықтық мәселелер бойынша практикалық көмек көрсету. Сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда басқарма қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде басқарма мүдделерін заңнамада белгіленген тәртіпте қорғау. Құқықтық сипаттағы құжаттардың қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестігіне заңдық сараптама жүргізу. Құзыретінің шегінде мемлекеттік органдар және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыреті шегінде өзге де міндеттерді орындау.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім: құқық (құқықтану), денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) (медициналық-профилактикалық ісі немесе қоғамдық денсаулық сақтау). Осы санаттың нақты лауазымының мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан-2050» стратегиясы, қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі.
7.Т.Рысқұлов атындағы ауданының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары (С-R-2 санаты).
Функционалдық міндеттері: Құзыретінің шегінде басқарманың жұмысына басшылық ету. Басқарманың қоғамдық денсаулық сақтау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметін үйлестіру. Бекітілген аумақта халыққа өткізілетін өнімдер мен көрсетілетін қызметтер бойынша техникалық регламенттермен және нормативтік құжаттармен белгіленген талаптардың сақталуын, сондай-ақ тағам өнімдерін өткізу сатысында оның қауіпсіздігі саласын бақылауды жүзеге асыру. Қазақстан Республикасы заңнамаларының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың, мемлекеттік қызмет туралы, тілдер туралы және жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асыру. Қоғамдық денсаулық сақтау және өңір халқының санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг және мемлекеттік қызмет мәселелері. Қоғамдық денсаулық сақтау және аудан халқының санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша жұмысын және сараптау топтарына қатысу. Трансмиссивті аурулардың тасымалдаушыларын энтомологиялық қадағалауды жоспарлау және ұйымдастыру. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау және құзыретінің шегінде шараларды қабылдау. Құзыретінің шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, келісу және қарау. Құзыретінің шегінде талдау материалдарының, анықтамалардың, баяндамалардың жобаларын дайындау. Құзыретінің шегінде мемлекеттік органдар және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) (медициналық-профилактикалық ісі, қоғамдық денсаулық сақтау, жалпы медицина) жаратылыстану ғылымдары (биология) құқық (құқықтану). Осы санаттың нақты лауазымының мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан-2050» стратегиясы, қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі.
8. Т.Рысқұлов атындағы ауданының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы (С-R-3 санаты).
Функционалдық міндеттері: Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету бойынша бөлімнің жұмыстарын ұйымдастыру, жоспарлау және бақылау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ақпараттардың дайындалуын және оның орындалуын бақылау. Ұйғарымдар мен ісқағаздарының уақтылы орындалуын бақылау. Зертханалық бақылауды жүргізе отырып, бақылаудағы объектілерге мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру. Эпидемиологиялық мониторингілердің жүргізілуін бақылау. Объектілерде және инфекциялық аурулардың ошақтарында профилактикалық эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу. Иммундық профилактика бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және бақылау. Инфекциялық аурулар бойынша уақтылы және дұрыс есепке алуды және есептілікті бақылау. Сырқаттанушылықтың бақылау деңгейін, динамикасын және болжамын анықтай отырып, ретроспективті талдауды жүргізу. Санитариялық-эпидемиологиялық фонға және эпидемиологиялық жағдайға талдау жүргізу. Құзыретінің шегінде мемлекеттік органдар және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) (медициналық-профилактикалық ісі, қоғамдық денсаулық сақтау). Осы санаттың нақты лауазымының мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан-2050» стратегиясы, қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі.
9. Талас аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау және қоғамдық денсаулық сақтау бөлімінің басшысы (С-R-3 санаты).
Функционалдық міндеттері: Бақылау-қадағалау функцияларын орындау және қоғамдық денсаулық сақтау және санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету бойынша бөлімнің жұмыстарын ұйымдастыру, жоспарлау және бақылау. Тиісті аумақты инфекциялық, паразиттік аурулардың әкелінуі мен таралуынан санитариялық қорғау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу. Азаматтардан келіп түсетін өтініштердің, арыздардың орындалу сапасын бақылау. Қоғамдық денсаулық сақтау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру. Әкімшілік әрекет шараларын қолдануды бақылау және талдау. Басқарманың қызметкерлеріне құқықтық мәселелер бойынша практикалық көмек көрсету. Құзыретінің шегінде мемлекеттік органдар және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыреті шегінде өзге де міндеттерді орындау. Ұйымдастыру-әдістемелік жоспарды және зертханалық зерттеу мен құрал-саймандық өлшеулерді жүргізуге мемлекеттік тапсырысты құру және орындалуын талдау, бөлім қызметінің болашақ бағытын анықтау, бөлімнің жұмыс көрсеткіштерін дайындау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ақпараттардың дайындалуын және орындалуын, ұйғарымдардың уақтылы орындалуын және іс қағаздардың жүргізілуін бақылау. Зертханалық бақылауды жүргізе отырып, объектілерді ескертпелі және ағымдағы санитариялық қадағалауды ұйымдастыру және жүргізу. Эпидемиологиялық қадағалау мәселелері бойынша бөлімнің жұмысын ұйымдастыру және бақылау, объектілерде және инфекциялық аурулардың ошақтарында профилактикалық эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу. Иммундық профилактика бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және бақылау. Инфекциялық сырқаттанушылықты уақтылы және дұрыс есепке алуды және есептілікті бақылау. Сырқаттанушылықтың бақылау деңгейлерін, динамикасын және болжамын анықтай отырып, ретроспективті талдауды жүргізу. Дезинфекциялау қызметін ұйымдастыруды және жүзеге асыруды бақылау. Соматикалық, кәсіптік сырқаттанушылық, уақытша еңбекке жарамсыздықты болдыратын сырқаттанушылық бойынша деректерді талдау. Бөлімнің мониторингін жүргізуді бақылау, санитариялық-эпидемиологиялық фонды апта сайын талдау.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) (медициналық-профилактикалық ісі, қоғамдық денсаулық сақтау), жаратылыстану (биология). Осы санаттың нақты лауазымының мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан-2050» стратегиясы, қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі.
10.Меркі аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының санитариялық-гигиеналық қадағалау және техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау бөлімінің бас маманы 31.12.2018 жылға дейін, (негізгі қызметкердің бала күту демалысы уақытына), (С-R-4 санаты).
Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету. Бақылаудағы объектілерді санитариялық-гигиеналық қадағалау. Тиісті аумақта тұтынушыларға өткізілетін өнімдер мен көрсетілетін қызметтер бойынша техникалық регламенттер мен нормативтік құжаттарда белгіленген, сондай-ақ тамақ өнімдерін өткізу сатысында олардың қауіпсіздігі саласындағы талаптардың сақталуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ақпараттарды дайындау және орындау. Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс жоспарының орындалуының талдауын, бөлім қызметінің көрсеткіштерін дайындауға қатысу. Ісқағаздарын және санитариялық-эпидемиологиялық мониторингті жүргізу. Құзыретінің шегінде мемлекеттік органдар және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) (медициналық-профилактикалық ісі, қоғамдық денсаулық сақтау, стоматология, фармация, гигиена және эпидемиология, санитарлық фельдшер, емдеу ісі, мейірбикелік ісі, акушерлік ісі, фельдшер), жаратылыстану ғылымдары (биология, экология),техникалық ғылымдар және технологиялар (биотехнология, стандарттау, сертификаттау және метрология, азық-түлік өнімдерінің технологиясы). Осы санаттың нақты лауазымының мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан-2050» стратегиясы, қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларының 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.
Құжаттарды қабылдау мерзiмi ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күні ішінде, жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша Қазақстан Республикасы Қоғамдық денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Жамбыл облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментіне тапсырылуы тиіс.
Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтардың өздері қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы тапсырған құжаттары қабылданады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген кандидаттар әңгімелесуге жіберілгені туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Жамбыл облысы Тараз қаласы Әйтеке көшесі 13 мекен-жайда орналасқан Қазақстан Республикасы Қоғамдық денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Жамбыл облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінде әңгімелесуден өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.
___________________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Мекен жайы және байланыс телефоны _______________________________
______________________________________________________________________
__________ ____________________________________
(қолы) (Т.А.Ә. (болған жағдайда))
«____»_______________ 20__ ж.
Достарыңызбен бөлісу: |