144
анықталды. Негізгі идея педагогтарды заман талабына сай жұмыс жасауға ынталандыру
болғандықтан, негізгі жұмысымыз сыныптың көшбасшысы ретінде мұғалімнің кәсіби
құзыреттілігін дамытуға, сындарлы оқыту теориясы негізінде сыныптағы сабақ барысын
ұйымдастыру, жоспарлау және басқару шараларына бірінші кезекте көңіл аударылды.
Мұғалімдерді кәсіби дамытуға, мұғалім жұмысы мен кері байланысқа, олардың жұмысының
мойындалуына қатысты шараларға басымдық берілді. «Мінсіз мектеп» болудың алғы
шарты ретінде мұғалімдер арасында ынтымақтастық орта және «мектеп мәдениетін»
қалыптастыру мәселелері басты назарда болды, сынып деңгейіндегі зерттеу жұмыстарын
жүргізу жоспарланды. Ата-аналардың белсенділігін арттырып, ынтымақтастық карым-
қатынас қалыптастыруға арналған іс-шаралар жоспарланып, әсіресе, қызығушылықтарын
арттыру мақсатында ата-аналар жиналыстарын жаңа форматта өткізу, серіктестік
шараларына басымдық берілді.
Әдістемелік жұмысты осылай жүйелі атқарудың нәтижесінде мектеп ұстаздары оқыту
мен тәрбиелеу үдерісінде жаңашыл тиімді әдіс- тәсілдерді игеруде, шығармашылықпен
еңбек етуде ұмтылыстары артқанын байқадым.
Дамудың жаңа сатысына бағыт алған гимназияның ең негізгі өзегі- мұғалімнің жеке
басының ізденімпаздығы мен білімділігі.
Мектеп жұмысының басым бағытының бірі ретінде гуманитарлық пәндерді
тереңдетіп оқыта отырып:
- мектептің гуманитарлық
білім беру моделін кеңейту;
- инновациялық процесті ғылыми – әдістемелік жағынан қамтамасыз ету.
- авторлық бағдарлама, оқу жоспарын, оқу әдістемесін жасау, оны жүзеге
асырудың
технологиясын жасау, енгізу;
- жаңашылдық бағдарламаны облыс, республикаға тарату мәселелерін алға
қойып отырмыз.
Гимназия мектебінің мектеп басқарудағы, мектептегі ғылыми-әдістемелік
жұмысын жаңа бағытта ұйымдастырудағы мақсаты- шығармашылық ізденістегі
ұстаздар қатарын толықтыру, білім беру мен оқыту әдістемесін қазіргі талап деңгейіне
көтеру болып табылады.
Мектеп жасына дейінгі ересек балаларға экологиялық тәрбие беру
Алиева С.С.
Ақмола облысы білім басқармасының
Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің методисі
Көкшетау қаласы
Табиғатқа деген мұқият қарым-қатынасты бала кезден бойға сіңіру қажет. Сондықтан
шағын орталықта мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру бойынша
жұмыстар тұрақты түрде келесі бағыттар бойынша жүргізіліп тұрды:
- педагогтармен әдістемелік жұмыс;
- балалармен жұмыс;
- ата-аналармен жұмыс-экологиялық ағарту.
Экологиялық-педагогтық жұмыстың міндеттері:
145
-экология проблемаларын шешуге мүдделілік, оларды оң шешуге әркімнің
қатысуының қажеттігін түсіну, экологиялық білім мен өздігінен білім алу қажеттілігін
қалыптастыру;
- педагогикалық ұжымның балаларға экологиялық тәрбие берудің мазмұнын, нысаны
мен әдістерін меңгеруі;
- балаларға экологиялық тәрбие берудің нақты технологияларын игеру.
Іс-шаралар жоспары:
- «Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беруді іске асыру жолдары»
тақырыбына тәрбиешілермен сауалнама жүргізу;
- педагогикалық кеңестер, консультациялар өткізу, экология туралы мәселелерді,
өңірдегі қоршаған ортаның ластануы проблемаларын талқылай отырып журналдар оқу;
- мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру бойынша тәрбиешілер
жұмысын жинақтау және жалпылау;
- педагогтардың «Табиғат достары» шығармашылық
тобын ұймдастыру;
- «Қанаттылар досы», «Адам өміріндегі судың мәні», «Табиғат әліпбиі» үйірмелерінің
жұмысы;
- әр педагогтың жұмыс бағытын белгілей отырып, мектеп жасына дейінгі балаларға
экологиялық тәрбие беру, педагогтардың балалармен тәрбие және білім беру бойынша
жүргізетін жұмыстарының моделін құру. Бұл бағыт Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау
мемлекеттік университетінің магистранты А.Р. Кәрімовамен бірлесе әзірленді.
Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмысты бастай отырып,
педагог
мектеп жасына дейінгі ересек балаға қандай экологиялық білім
беру қажеттігін
белгілеп алуы тиіс.
Экология – кешенді ғылым. Мектеп жасына дейінгі балаға жеткілікті және қызықты
түрде қандай қарапайым экологиялық білім беруге болады? Ол қандай дағдылар мен
машықтарды игере алады?
Экологиялық тәрбиенің мазмұнын (оқытуды, білім беруді, баланы дамытуды) іріктеу
кезінде мына ережелерді ескеру қажет:
- Экологиялық білім берудің мақсаты - жаңа үлгідегі жаңа экологиялық пікірі бар
адамды қалыптастыру.
- Экологиялық білімнің мектепке дейінгі және мектептегі кезеңдердегі үздіксіздігі.
Балалардың кіші жастағы алған қарапайым экологиялық білімдері олардың алдағы уақытта
экологиялық бағыттағы пәндерді меңгеруіне көмектеседі.
- Білім-өздік мақсат емес, ол тек балалар бойында табиғатқа деген белгілі бір қарым-
қатынасты, экологиялық сауатты және қауіпсіз мінез-құлықты, белсенді өмірлік ұстанымды
қалыптастыруға көмектеседі.
- Мектеп жасына дейінгі балаларға танымдық, оның ішінде табиғатқа деген
қызығушылық дамыған. Дәл осы жаста олар әлемді тұтас қабылдайды, оның өзі экологиялық
дүниетанымды қалыптастыруға ықпал етеді. Осы танымдық қызығушылықты қолдау қажет.
- Мазмұн ғылымилығымен ерекшеленуі тиіс. Балалар осы жасына қарамастан,
қоршаған орта, әсіресе табиғат туралы ғылыми ұғымдарды жеткілікті түрде алулары тиіс.
- Экологиялық білім-жалпы білімнің бөлігі, ол пәнаралық сипатқа ие, ой-өрісті, тілді,
эрудицияны, эмоциялық ортаны, адамгершілік тәрбиені дамытуға – яғни тұтастай алғанда
жеке тұлғаның қалыптасуына ықпал етеді.
- Балалар қарапайым экологиялық білім кешенінің және табиғаттағы
себеп-салдарлық
байланысты ұғыну негізінде экологиялық сауатты қауіпсіз мінез-құлық нормаларын
түсінуге және өз бетінше қалыптастыруға үйренуі тиіс.
- Бала өзін табиғаттың бөлігі ретінде сезінуі тиіс, экологиялық тәрбие балалардың
бойында табиғатқа деген белгілі бір қарым-қатынасты (әсіресе тұтынушылық тәсілден бас
тарту) қалыптастырып қана қоймай, сонымен қатар табиғатты ұтымды қолдану дағдыларын
да сіңіреді.