135
тәжірибелері арқылы алмасса, екінші (негізгі) деңгей бағдарламасыбойынша оқып шыққан
мұғалімдер ауданның білім беру ұйымдарында менторинг мен коучинг ұйымдастыру арқылы
мектептегі әріптестерінің жұмыс тәжірибесін жетілдірсе, бірінші (жетік) деңгей
бағдарламасы бойынша оқып шыққан мұғалімдер мектепте және оның сыртындағы
мұғалімдердің кәсіби қоғамдастығы жұмысын, білім беру саласында мұғалімдердің зерттеу
жүргізу әдістерін түсіндіруді дамытуы, мектеп көлемінде іс-әрекеттегі зерттеуді жоспарлау
және өткізу әдістерімен бөлісті. Сертификатталған ұстаздардың ұранындай болған Луций
Анней Сенеканың «Басқаларды үйрете жүріп біз өзіміз үйренеміз» дегендей қоғамдастық
мүшелерінің қажырлы еңбегінің арқасында жалпы ауданымыздың ұстаздарының деңгейлік
курс бағдарламасына деген қызығушылықтары артып, курсқа сұраныс беруші
ұстаздарымыздың саны күн сайын артып отырды. Нәтижесінде 2014 жылы 33 ұстаз, 2015
жылы 42, 2016 жылы 27 ұстаз 1,2,3-деңгей бойынша курстардан өтті.
Баяндамамның басында атап кеткендей, аудан бойынша сертификатталған
ұстаздарымыздың саны 200-ге тақап, «Зият» қоғамдастығының жұмысы аудан ұстаздарының
кәсіби дамуына және оқу-тәрбие үрдісін жетілдіруге зор ықпал ете бастады. Себебі, бүгінгі
күні ұжымда ұжыммен жұмыс істей білу кәсібиліктің маңызды құрамды бөлігі болып
табылады. Өйткені, біз құрған қоғамдастық жоғарыда аталған ортақ мұрат, мақсат және
міндеттермен біріккен, ортақ проблемаларды бірлесіп шешетін, өз құзырын дамытатын
креативті ойлайтын мұғалімдердің кәсіби қоғамдастығы. «Жаңа нәрсе біле алмаған және
біліміңді толықтыра алмаған күнді немесе сағатты бақытсыз деп біл» деп Ян Амос
Коменский айтқандай «Зият» мұғалімдер кәсіби қоғамдастығының ұйымдасқан еңбегінің
арқасында жоспар бойынша аудандық «Оқытуға заманауи тәсілдерді енгізу мәселелері мен
келешегі», «Шеберліктің алтын кілті», «Сапалы білім беру және тәрбиелеу – Қазақстан
саясатының басымдылықтары», «НЗМ тәжірибесін тарату бағыттары», «Топтық жұмыс
барысында ойлаудың танымдық деңгейі арқылы оқушылардың ойлау әрекеттерінің дамуына
қолдау көрсету», «Сабақ – білім сапасының негізі», «Оқушылар білімін инновациялық
жүйемен бағалаудың әдіс-тәсілдері», «Үздік сабақ-2015», «Үздік портфолио», «Үздік эссе»,
«Ең үздік әдістемелік әзірлеме», «Ең үздік рефлекциялық есеп», «Пән бойынша кездестін
қиындықтарды шешуде тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану жолдары», «Топтық жұмыс
барысында кездесетін кедергілер мен олардан шығу жолдары», «Кедергілерден сүрінбей өту
жолдары», «Көпіршелер қою әдістері» тақырыбында іс-шаралар іс-тәжірибе алмасу
семинарлары, оқу семинарлары, нұсқаулық семинарлары, коучингтар мен менторинг, әдіскер
десант, дөңгелек үстелдер, конкурстар, шебер сыныптар, фотогалерея, он-лайн
конференциялар, интернет-форум өткізіліп, әр іс-шара соңынан сауалнамалар мен кері
байланыстар алынып, рефлексия жасалынды. Жасалынған рефлексияның қорытындысы
келесі ұйымдастырылған іс-шара барысында ескеріліп отырды. Мәселен, іс-шара мақсатын
қолжетімді етіп қою, нақты нәтижеге жетуді талап ету; инновациялық әдіс түрлерін тиімді
қолдана отырып, сапалы білімге қол жеткізуді көздеу; іс-шараларды заман талабына сай
түрлендіру;
шараларды аймақ,
облыс көлемінде өткізіп,
іс-тәжірибе тарату, жинақ шығару.
Әр жұмыстың соңынан кейін шығарылған қорытындының нәтижелі болуы
ұстаздарымыздың педагогикалық шеберлік орталығында үлгілі коучингтер өткізуі, аудан
мектептерінің базасында деңгейлік бағдарламалар бойынша облыстық, аймақтық
«Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда деңгейлік бағдарламаның
рөлі», «Деңгейлі курс бойынша сертификатталған мұғалімдердің тәжірибесін жетілдіру»,
«Жаратылыстану пәндерін оқытуда критериалды бағалау жүйесін енгізудің теориялық-
әдістемелік аспектілері», «Білім беруді модернизациялау: ізденіс және болашағы», «Оқу мен
оқытудағы жаңа тәсілдер – оқушының функционалдық сауаттылық дағдысын қалыптастыру
кепілі» тақырыбында семинарлардың өткізілуі және ауданымыздың сертификатталған жаңа
форматтағы ұстаздарының басқа аудандарда өткен іс-шараларға белсене қатысып,
сертификаттарға ие болуыдеңгейлік оқу бағдарламасының іс-тәжірибесін ұйымдастырудағы
әдістемелік кабинет жұмысының дұрыс жолға қойылғанын көрсетеді. Сондай-ақ, Алматы