129
Көксу аудандық әдістемелік кабинеті
Әдістемелік кабинет тақырыбы: «Инновациялық оқыту технологияларын меңгерген
білікті маман – бәсекеге қабілетті қоғамның негізі»
Мақсаты – аудан мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыра отырып
әдістемелік шеберлігін, шығармашылығын дамыту.
Міндеттері:
- Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын, Қазақстан Республикасында
«Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» және
Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Білім және ғылым Министрлігінің құқықтық-
нормативті құжаттарын басшылыққа алып, орындалуын қамтамасыз ету.
- педагогтардың оқыту технологияларды толық меңгеруі арқылы әдістемелік деңгейін
жетілдіру, жетістікке қол жеткізуіне ықпал ету;
- интеллектуалдық деңгейі жоғары оқушылармен жұмыстарды жетілдіру және
жүйелеу;
- педагогтардың озық іс-тәжірибесін жинақтау және тарату жұмысын түрлі
деңгейде жалғастыру;
- педагогикалық ұжымның даму жетістіктерін жүйелеу мониторингтерін жүргізу;
- педагогтардың жаңа жүйе бағдарламасы бойынша білімін жетілдіру курстарынан
өтуін, білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында мамандардың білімін жетілдіруін
ұйымдастыру;
- мұғалімдерге
көмек ретінде әдістемелік кабинетте қажетті ақпараттық
материалдарды жинақтау, толықтыру.
Әдістемелік қызметтің циклограммасының іс-шаралары төмендегідей жүйеленген:
Әдістемелік кабинет жұмысы.
Нормативтік құжаттармен жұмыс.
Әдістемелік Кеңес.
Ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыс.
Жалпы педагогикалық өзекті мәселелер бойынша аудындық іс-шаралар.
Пәндардің оқытылу жағдайын зерделеу бойынша әдістемелік көмек, әдістемелік күн.
Педагогтардың кәсіби байқаулары.
Жас мамандармен жұмыс.
Педагог мамандардың білімін жетілдіру.
Озат педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау және тарату.
Оқушылармен өткізілетін іс-шаралар.
Дарынды балалармен жұмыс (пәндік олимпиада, ғылыми жоба жарысы,
интеллектуалды ойындар, байқау, сайыстар).
БАҚ-мен жұмыс.
Жылдық жоспарды жоспарлау барысындағы іс-шаралардың қорытындысын қарау,
шешімдер мен ұсыныстарды қарастырудағы ауданның әдістемелік кабинетінің әдістемелік
кеңесіне шығарылатын мәселелер белгілі бір тақырып аясында жүйеленіп, жинақталынып
қаралады.
Атап айтсақ, қаңтар айында «Оқу-тәрбие жұмысын жүйелі ұйымдастыру – сапалы
білім негізі» тақырыбында 2015 жылы атқарылған жұмыстар қорытындысы және 2016 жылға
арналған әдістемелік жұмыс жоспарын бекіту, әдістемелік пән бірлестігі жұмысын
жоспарлау, жинақтау және жүргізу, оқушыларды ҰБТ-ға дайындаудағы аралық тестілеу
көрсеткіштеріне талдау жасау жолдары, мектептердегі ҰБТ-ға дайындығын І жарты
жылдықтағы қорытындысы, облыстық пән олимпиадасы және ғылыми жоба жарыстарының
қорытындысы, аудан мектептерінің оқу жетістіктерін сырттай бағалауға дайындық
жұмыстырының ұйымдастырылуы, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың
2016-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында үш тілді білім беруді
130
дамытудың негізгі бағыттары мәселелері көтерілген. Ал келесі әдістемелік кеңесте наурыз
айында «Оқыту үрдісіне жаңа әдіс-тәсілдерді енгізу – нәтижеге бағытталған білім беру
кепілі», маусым айында «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында педагогикалық үдерісті
ұйымдастыру, тамыз айында «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру
мазмұны мен түрлері», қараша айында «Қазіргі оқу үрдісінде тұлға қалыптастыру мәселесі
мен сыныптан тыс шаралардың үйлесімділігі» тақырыбы аясында мәселелер жоспарланып
қарастырылды.
Ауданның әдістемелік кабинетінің педагог мамандермен жүргізілетін іс-шаралары
«Педагогикалық шеберлік керуені» континуумының 4 алаңдарының жұмыс жүйесінде:
1-алаңда - «Сындарлы оқыту теориясы және тәжірибесі» алаңы
2-алаң алаңда - «PR – технологиясы»
3 алаңда - «Әдістемелік топтар
4 – алаңда - «Оқу мен оқытудағы жетістіктер»
Осы алаңдарда жүйеленген әдістемелік іс-шаралар төмендегідей бағыттарда
жүргізілуде.
1.«Сындарлы оқыту тәжірибесі» алаңы
(білім берудің озық тәжірибелері бойынша тренинг, семинарлар, ой бөлісу)
Аудандық “Жаңару» – кәсіби желілік қоғамдастығындағы жаңа жүйе бағдарламасы
бойынша біліктілік арттыру курсынан өткен педагогтар басқарушы кеңестегі Текелі
қаласындағы №2 орта мектебіндегі құзырлы орталықтың 2-ші тобында 2 жетекші мектепке
жинақталған, олар Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясында - 13 мектеп,
Қ.Жапсарбаев атындағы орта мектебінде – 12 мектеп.
Менторинг – мұғалімнің кәсіби өсуінің құралы.
Мақсаты: Тәлім алушыға шынайы мақсат қоюға және оған жету жолдарын
жоспарлауға көмектесу
Міндеті: Оқу мен оқытудағы белсенді әдіс-тәсілдерді таныстыру, кәсіби біліктілігін
арттыруда іс-тәжірибесімен бөлісу
Менторинг циклі:
Түсіндіру, көрсету; Жоспарлармен танысу;
Ұсынымдарды түсіну; Рефлексия; Іс-тәжірибе;
Тиімділігіне баға береді;
Тәжірибелер жинақталады;
Блум негізінде сабақты талдайды;
7 модульді қолданады;
Ынтымақтасқан іс-әрекетке бейімделеді.
Күтілетін нәтиже: кәсіптік даму,
өзін-өзі жетілдіру, өзін іс жүзінде таныту.
Жаңаша
көзқарас
Формативті бағалау
Топтық жұмыс
Кері байланыс
Достарыңызбен бөлісу: |