296
оқытып – үйретудің негізін қалайды. Сондай-ақ балалардың дамуына әсерін тигізеді және
негізгі материалды терең меңгеруге көмектеседі.
Баланың жас ерекшелігіне, зейініне сай, әдейілеп ұйымдастырылған логикалық ойын-
ребус, сөзжұмбақ, қызықты әзіл-есептер, жұмбақ-есептер баланың ой-ақылын, дүниетанымын
кеңейтеді, мінез-құлқын, ерік-жігерін қалыптастырады және де сабаққа қызығушылығын
арттырады.
Мысалы:
1. Үстел үстінде 3 қияр, 2 сәбіз, және 5 апельсин тұрған.Үстел үстіндегі барлық
көкөністер қанша?(Шешуі: 5 көкөніс,апельсин жеміске жатады.) - 2 сынып.
2. Айбек пен Торғын әрқайсысы 10 жаңғақтан терді.Айбек Торғынға өзінің
жаңғақтарының 4- еуін берді.Торғынның жаңғақтары қаншаға артық болды? (Шешуі: 8-ге
артық)- 2 сынып.
3. Екі стаканға бірдей су құйдың. Оның біреуін тарелкаға төңкердің. Қайсы стаканда
су көп? (бірдей).-2сынып.
Баланың ой-қиялын дамытуда логикалық сұрақ-тапсырмалардың орны бөлек.
Мысалы:
1.1.Жанұядағы
ағайынды
2
жігіттің
әрқайсысының
1
апасы,1
қарындасы бар. Ол жанұяда қанша бала бар? (4).
2. Қарындаштытең етіп 2-ге бөлгенде,неше қарындаш шығады?
3. Автобус оң жаққа бұрылғанда, ішіндегі жолаушы қайда бұрылады?
Логикалық жаттығулар:
1. Айжан мен Маржанның әкелерінің аттарын ата. Айжан мен Маржан – Асқар мен
Мұраттың қыздары. Айжан Асқардың қызынан үш жас кіші болса, бұлардың әрқайсысының
әкелерінің аты кім?
(Шешуі: Айжан-Мұраттың, Маржан-Асқардың қызы.)
2.Велосипед дөңгелегінде 8 шабақ бар. Барлық шабақтардың арасында неше аралық
болады? (Шешуі: 8 аралық)
3.Екінші сыныптың өқушылары екі-екіден жұптасып тұрды. Сәкен мен Дәурен
жетінші жұп болды. Олар алдынан санағанда жетінші жұп болды, ал артынан санағанда
төртінші жұп болды.Сыныпта қанша оқушы бар? (Шешуі: 20 оқушы)
Қызықты әзіл-есептер:
1.Олжас пен Жандос жасырынбақ ойнады.Олжас кәрі еменнен 12 қадам солға,5 қадам
оңға,қайтадан 4қадам солға,11 қадам оңға жүрді. Олжас қайда тығылды? (Шешуі: кәрі
еменнің түбіне)
2. Дорбадағы 10 асықты 10 бала бір-бірлеп алды. Сонда бір асық дорбада қалды. Бұл
қалай?
3.10 жасар Арман шашын тақырлап алдырып тастады да ойланды. Егер менің шашым
айына 1 см өсетін болса, 20 жасқа келгенде, менің шашымның ұзындығы қандай болар еді?
(Шешуі: 120 см)- 4 сынып.
Есептеулерді жылдам орындаудың кейбір тәсілдері:
АВС Осы есептегі А,В,С орнына 0 мен 9 арасындағы сандарды тауып
АВС қойыңдар. Сонда В-ның орнына қай сан сәйкес келеді.
АВС (Шешуі: В-9, А-1, С-8)
Міне, осындай есептеулерді шешу арқылы оқушылардың пәнге дегенқызығушылығы
артады. Дүниетанымы кеңейеді,жылдам есептеу шеберліктері артып, білім сауаттылығы күшейеді.
Математикалық ойлауды өрістету үшін оқушыларды қызықтыратын, ынтасын
арттыратын есептерді қарастыру дұрыс. Ондай есептерге зерттеу элементтері бар логикалық
есептер, ойын есептер, ертегі есептер жатады. Бұған берілген есепті шығарғанда кеткен
қатені табу, есепті бірнеше жолмен шығару, өздігінен есеп құрастырту кіреді.
Есепзерделікке, қиялдауға, логикалық ойлауға, тапқырлыққа, байкампаздыкка, есепті шешу
тәсілдерін меңгеруге тәрбиелейтіндей болуы керек. Логикалық есептерді шығару арқылы
297
оқушы дұрыс ойлауға, сын көзбен қарауға, бақылағыштыққа машықтанады.
Логикалық есеп дегеніміз - арнайы формула қолдануға келмейтін, әрқайсысына
өзінше талдау жасаулы кажетсінетін есептерді айтады. Математикадан бастауыш сыныпта
өтілетін, бірақ қиын шығарылатын есептер мен тапқырлықты талап ететін логикалық есептер
астарласып келуі тиіс. Берілетін есептер оқушылардың жас шамасына шақталып, оқушыны
жасытпай, қайта жігерлендіріп, математикалық инициативасын арттыратындай, түсіндірілуі
жеңіл, тұжырымдалуы қыска болғаны жен.
Логикалық есептер сан алуан болғанымен, төмендегідей ортак қасиеттері бар:
1. Логикалық есептердің шешу жолы белгісіз. Олардың шешіміне жету
«ойдың броундық қозғалысы» тәрізді, яғни байқап көру, қателесу әдісімен
іске асады. Байқап көру арқылы іздену жеке жағдайларда негізгі шешімге
бастайтын тізгінді қолға ұстатады.
2. Логикалық есептер оқушының пәнге қызығуына, белсенділігіне негіз
болады. Есептің сюжетінің шешілу жолының әдеттен тыс болуы бала
көңіліне әсер етіп, қайткенде де оны шығаруға итермелейді.
3. Логикалық есептер ойлау заңдылықтарын білуге негізделіп жасалады.
Міне, осындай есеп түрлерін жүйелі түрде қолдану аталған ойлау операцияларын
дамытуға, балалардың математикалық түсініктерін қалыптастыруга жагдай жасайды.
Логикалық есептерді шығару көбінесе байқап көріп іздену процесімен жүреді. Ойша
болжай білу балалардың бойындағы тапқырлық пен аңғарымпаздықты байқатады.
Тапкырлық -шығармашылықтың ерекше көрінісі, ол талдау, салыстыру, жалпылау,
байланыстарды анықтау, ұқсастыру, тұжырымдау ой корыту нәтижесінде байқалады. Ал
аңғарымпаздыктың белгісі нақты жағдайды ой елегінен өткізіп, өзара байланыстарды
анықтай білу, соның негізінде есеп шығарушы
бір тұжырымға келіп, ойын топтайды.
М: Есеп № 1. 5 оқушы 5 жұмыртқаны 5 минутта пісірді. 10 оқушы 10 жұмыртқаны
неше минутта пісіреді? - оқушы ойланбастан 10 минутта деп жауап берді. Мақұл деймін. Ал
сонда 100 оқушы 100 жұмыртқаны қанша уақытта пісіреді? сасып қалған олар ойланыңқырап
тұрып, кешірерсіз, адам және жұмыртқа саны қанша болса да бәрібір пісу уақыты 5 минут
екен - дейді.- 4-сынып.
Есеп № 2.Ересек адам жүрегі 1 минутта 5 литр қан айналдырса, 1 сағатта неше литр
қан айналдырады? 1 тәулікте ше? Оқушылар алдымен сағатты және тәулікті минутқа
айналдыру керек екенін тапты. Демек, 1 мин - 5л
1 тәул - ? 1 тәул = 24сағ = 1440сағ.
Жауабы: 1 сағ – 300 л
1 тәул – 7200 л қан.
Есеп № 3. Балықшы бекіре, шабақ, сазан және шортан аулады. Бекіре шабактан
екі есе көп, шабақ сазаннан үш есе көп, ал шортан 15-тен кем екені белгілі. Барлық ұсталған
балықтың саны 41 болса, балықшы әр түрінен жеке алғанда қанша балықтан ұстады?
Шешуі: Есептің шарты бойынша сазан көп болмауы керек, сондықтан ;«соңғы» ретте,
әрине сазанның санын аламыз. Айталық, балықшы бір ғана сазан ұстады дейік, онда шабақ -
үшеу, бекіре алтау, ал шортан отыз бір болып, есептің шартына қайшы келеді. Енді сазаннан
екеу болсын дейік, онда шабақ - алтау, бекіре он екі, ал шортан - жиырма бір. Бұл да есептің
шартына сай келмейді. Ендеше үш сазан ұстады дейік, бұдан шабак тоғыз, бекіре он сегіз, ал
шортан - он бір. Енді төрт сазан ауланды делік, яғни шабак он екі, бекіре жиырма төрт,
шортан - біреу. Сонымен есептің екі жауабын алдық.
1) 3 сазан, 9 шабақ, 18 бекіре, 11 шортан.
2) 4 сазан, 12 шабақ, 24 бекіре және бір шортан.
Есеп № 4. Айжан мен Маржанның әкелерінің аттарын ата. Айжан мен Маржан-
Асқар мен Мұраттың кыздары. Айжанңың Асқардың кызынан үш жаскішіболса,бұлардың
әрқайсысының әкелерінің аты кім?
Достарыңызбен бөлісу: |