«Өрлеу» біліктілік арттыру ұлттық орталығы ақ Қазақстан республикасы білім беру жүйесінің басшы жәНЕ



жүктеу 4,39 Mb.
Pdf просмотр
бет84/146
Дата20.11.2018
өлшемі4,39 Mb.
#22371
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   146

 
 
173 
 
8–Ақпараттық-коммуникативтік  режимде  әдістемелік  қызметті  ұйымдастыру 
барысында   жоғары техникалық ақпараттық заманауи  сервермен қамтамасыз етіліп, аталған 
сервер ҚР білім ғылым министрлігінің және колледждің талаптарына сәйкес:  
Виртуалды әдістемелік бірлестік;  
- Интернет - жаңалық  
- Интернет - семинар  
- Интернет – байқау 
-  онлайн конференциялар жүргізіледі.  
- Білім алушылардың өзін – өзі басқару жүйесі енгізілді. 
9 - Педагогикалық қызметтің мазмұны мен мониторингі 
 
Әдістемелік  кеңес  оқу-тәрбие  үрдісінде  инновациялық  оқыту  технологиялары  қалай 
жүзеге  асырылып  жатқанын  бақылап,  инновациялық  әдістемелік  қызмет  атқарады:  білім 
сапасының нәтижесін тексеріп, білім сапасының мониторингісін жасайды, нәтижесін талдап, 
қорытынды шығарады [6]. 
Колледжде  оқу  жылының  соңында  оқытушылардың  біліктілігін  анықтайтын  6- 
модульге негізделген оқытушылар арасында және кафедра меңгерушілері арасында рейтинг 
қорытындысы  шығарылып,  облыстық  әдістемелік  кабинеттің  нұсқауымен  аналитикалық 
есептің негізінде педагогикалық мониторниг қорытындысы шығарылады.   
- Мамандықтар  бойынша  білім  сапасы  –  2014-2015  оқу  жылында  82%  болса,  2015-
2016  оқу  жылында  87%  болды,  бұл  көрсеткіш  салыстырмалы  түрде  өткен  жылдан  5%-ға  
жоғарылады;  
- «Ветеринария»,  «Сүт  өнімдерінің  өндірісі»  мамандықтары  бойынша  дуальді-
модульдік  оқыту  технологияларын  эксперимент  ретінде  енгізіп,  әлеуметтік  серіктестермен 
кәсіби қауымдастықта жұмыс жасап, түлектердің жұмысқа орналасуы 50-65 % -ға артты;  
- Колледж оқытушылары  жыл сайын Мәскеу қаласындағы  К.И Скрябин академиясы 
мен  КХР  Құлжа  қаласындағы    Іле  кәсіптік  институтында  білім  жетілдіру  курстарына 
қатысып, кәсіби шеберліктерін арттырды.  Оқытущылардың біліктіліктерін жетілдіру 2014-
2015 оқу жылында 57% болса, 2015-2016 оқу жылында 68% көрсетті. 
- Педагог қызметкерлерін аттестаттау барысында 2015-2016 оқу жылында колледжде 
24 оқытушы аттестациядан өтті 
- Колледжішілік  декадалардың  жүйелі  өткізілу  нәтижесінде  қалалық,  аймақтық, 
облыстық, республикалық пән олимпиадалары мен ғылыми-практикалық конференцияларға 
қатысуға мүмкіндік алады; 
- Колледжде  10  оқытушы  педагогика  ғылымдарының  магистрі  дәрежесімен 
оқытушылар  арасындағы  ғылыми-зерттеу  жұмыстарын  жалғастыруда.    Студенттердің  
ғылыми-зерттеу  жұмыстарын  жандандыру  мақсатында  7  оқытушы  КҒА-ның    ХХV-ші 
облыстық  конференциясына  студенттеріне  жетекшілік  жасап  жүлделі  орындармен 
марапатталды, нәтижесінде 1 студент КҒА-ның  42-щі республикалық ғылыми-практикалық 
конференциясында жүлделі ІІ-орынды иеленді;  
- Колледж  оқытушыларының  63-нің    іс-тәжірибесі  облыстық,  республикалық 
педагогикалық журналдарға жарияланды; 
- Оқытушылар арасында тәлімгерлік жұмыстарды жандандыруда, сабақ беру сапасын 
барынша  арттырып,  оқытудың  жаңа  педагогикалық  технологияларын  үйретіп  әдістемелік 
көмек көрсету мақсатында әр жылда педагогикалық жұмысты алғаш бастаған жас ұстаздарға 
арнайы  бұйрықпен  тәлімгерлер  бекітіп  беріліп  отырады.  Бөлінген  тәлімгерлер  жас 
ұстаздармен  тығыз  жұмыс  жүргізіп,  жыл  аяғында  есеп  беріледі.  Облыстық  әдістемелік 
кабинет  ұйымдастырған  оқыту  семинарлары  мен  «Жас  келсе  іске  -2015»  байқауында 
Тұрсынбек Серік жүлделі ІІ орын,     «Жас келсе іске -2016»  сырттай байқауына жас ұстаз 
Абдулаева Ақбота Бекмұханбетқызы қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленді;  


 
 
174 
 
- Жетістіктер:  Алматы  облысы  Әкімдігінің  Техникалық  кәсіптік  білім  беретін 
мекемелер  арасында  өткен  «Ең  үздік  білім  беретін  мекеме  -2015»  облыстық  байқауында 
колледжіміз үздік деп танылып, жүлделі І орынды иелендік.
 
- Алматы  облысының  Білім  басқармасы  әдістемелік  кабинеті  ұйымдастырған 
облыстық «Үздік әдіскер» байқауында  колледж әдіскері М.Б.Балтабаева жүлделі ІІ орынды 
иеленді. 
 
- Оқытушы  А.М.Калышева  Техникалық  және  кәсіптік  білім  беру  оқу  орындарының 
арнайы  пән  оқытушылары  арасында  өткізілген  «Ең  таңдаулы    арнайы  пән  оқытушысы-
2016» облыстық байқауында жүлделі ІІ орын алғаны үшін грамотамен марапатталды.
 
Нәтижесінде  тарихы  терең  Талдықорған  агро-техникалық  колледжінің  әдістемелік 
қызметі межелі мүддеге жетіп,  бағдарлы бағыты мен кемел келешегін қалыптастыруда. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер:   
1.«Білім туралы» Қазақстан Республикасының заңы. Астана, 2004. 
2. Раджерс Э. Инновация туралы түсінік. – //Қазақстан мектебі, №4, 2006. 
3. Қабдықайыров Қ. Инновациялық технологияларды диагностикалау. – А., 2004. 
4. Жүнісбек Ә. Жаңа технология негізі – сапалы білім. – //Қазақстан мектебі, №4, 2008. 
5. Нағымжанова Қ. Инновациялық технологияның құрылымы. – А.:Өркен, 2007. 
6. Көшімбетова С. Инновациялық технологияны білім сапасын көтеруде пайдалану мүмкіндіктері. – А.: 
Білім, 2008. 
7. http://el.kz, «Елбасының Жастарға арнап айтқан өнегелі 1000 сөзі». 
 
 
Білім мазмұнын жаңарту жағдайында оқытудың сапасын  
инновациялық бағытта дамыту 
 
Абдуллина Г. М. 
 Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Гвардейский қалашығы,  
директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, әдіскер 
 
«... Өзін «мен» деп көрсете алатын, «қалауым осы», «қолымнан келеді» және «істеуге 
тиіспін» деген ойларын үйлестіре білетін ұрпақ тәрбиелеп өсіру қажет, ол үшін білім беру ең 
алдымен тұлғаға бағытталуы тиіс» деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткендей, білім беру 
жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика 
негізінде  және  адамды  қалыптастыруға,  кәсіби  шеберлігін  шыңдауға  бағытталған  білім  алу 
үшін  қажетті  жағдайлар  жасау,  оқытудың  жаңа  технологияларын  енгізу,  білім  беруді 
ақпараттандыру сияқты білім беру жүйесін одан ары дамыту көзделіп отыр.Бұл міндеттерді 
шешу  үшін  әр  мұғалім  жаңашыл  әрекеттерді  игере,  оны  жүзеге  асыра  алатын  жаңа 
формациядағы мұғалім үлгісіне сай болуы – бүгінгі күн талабы. Ал бұған қол жеткізу үшін 
әдістемелік қызмет және мұғалімдердің педагогикалық қызметіне жаңартудың тиімді әдіс  – 
тәсілдерін ұйымдастырып енгізу қажет екендігі айдан анық.Ұстаздардың тұлғалық қасиетін 
талдау, кәсіби біліктілігі мен шеберлігін жетілдіру, инновацияларды меңгеруге үйрету, жаңа 
форматты мұғалім қалыптастыруға негіз салу мақсатында мектепішілік «әдістемелік орталық 
жүйесі»  іске  қосылып,  инновациялық  білім  берудің  жаңа  салаларын  меңгеру,  сапалы  білім 
берудің жаңа мазмұнын құру, оқытудың жаңа – технологияларын енгізу сияқты әдістемелік 
жұмыс бағыттары  атқарылуда.  
Мұғалімдердің  кәсіптік  деңгейін  көтерудің  және  оқу  –  тәрбие  жұмысын  басқарудың 
негізі  болып  табылатын  әдістемелік  қызмет  –  педагогтардың    өз  кәсіби  шеберлігі  мен 
ғылыми  –  теориялық  және  әдістемелік  дайындығын  жетілдіру  бойынша  атқаратын  жүйелі 
жекелей және топтық жұмысы. Ол талдау, бағалау дағдысын қалыптастыруға, педагогикалық 
қызметті  жобалауға  бейімдейді,  мұғалімдерді  шығармашылық  ізденіске  жетелейді.  Осы 
орайда  білім  беру  үрдісінде  тың  бастамаларға  жол  ашылды.  Түрлі  жаңа  идеялар  туындап 
қолданысқа  енгізетіндей  жаңа  технологиялар  пайда  болды.  Жаңалыққа  жаны  құмар  болу 


жүктеу 4,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   146




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау