«Өрлеу» біліктілік арттыру ұлттық орталығы ақ Қазақстан республикасы білім беру жүйесінің басшы жәНЕ



жүктеу 4,39 Mb.
Pdf просмотр
бет64/146
Дата20.11.2018
өлшемі4,39 Mb.
#22371
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   146

 
 
131 
 
Ментор  күрделі  міндеттердің  шешімін  және  өзара  қарым-қатынасты  сенімділікке, 
серіктестікке, шынайылық пен адалдыққа негізделе отырып, бағыныстыларға кәсіби қолдау 
көрсетуді ұсынады. Менторинг үдерісі дербес дамуға деген ұмтылысқа, өзін-өзі қабылдауға, 
ары қарайғы кәсіптік және дербес дамуын жоспарлау машығына шоғырланады. 
2-алаң  -  «PR  –  технологиясы»  -  педагогтардың  өзара  және  қоғаммен  байланыс 
қызметі, екі жақты өзара түсіністік арқылы үйлесімділікке қол жеткізу болса, ауданда жаңа 
форматта жұмыс жасайтын ауданның шығармашылық топтары: 
• “Шабыт ” озық іс-тәжірибе алмасу  тобы, 
• “Айқын” білім мазмұнын жаңарту тобы, 
• “Жаңару” кәсіби қоғамдастығы, 
• “Зерде  ”  жас  мамандар  тәжірибесін  шыңдау  бағыттарындағы  жұмыстары  арқылы 
тәжірибе алмасады. 
Осы шығармашылық топтардың жұмыстарынан күтілетін нәтижелері:  
- Мұғалімдер арасында құнды диалог  құрылады. 
- Алқалық пен кәсіби даму мәдениеті тәрбиеленеді. 
- Мұғалімдер жақсы тәжірибесімен бөлісе алады. 
- Барлық  мұғалімдер зерттеу сабағын өткізеді. 
- Оқушылардың білім сапасы артады. 
Жаңа форматтағы зерттеу сабағына тоқталсақ, зерттеу сабағының мақсаты - бірлескен  
жұмыс арқылы  оқушылардың   сыни ойлау дағдысын, білім сапасын арттыру. 
Ауданның  әдістемелік  кабинеті  мен    мектептердің  бірлескен  жұмыстары  арқылы:  
Зерттеу  сабағы    -  өткізілген  мектеп  саны  –  25,  қамтылған  сыныптар  саны  –  40,  зерттелген 
сабақ саны – 120, мектеп жетекшілерімен және әдіскерлердің  коучингі -  36, зерттеуші топ 
отырысы- 120 өтті. 
3    алаң  -        «Әдістемелік    топтар»    жұмысы  жоспарланып,  нәтижелі  жұмыстар 
жүргізіледі. 
 Аудандық әдістемелік жұмыс жүйесі таратылды 
• Сабақта тиімді технологияларды  колданды 
• Оқушының тақырыпты меңгеру  деңгейі қадағаланды  
• Есеп шығаруда  уақытты  үнемдеп, ең тиімді әдіспен есептің дұрыс  жауабын  таба  
білуге дағдыланды 
• Оқушы  білімі  іс- жүзінде колдана  білуі  бақыланды 
• АКТ толық мәнінде қолданылды 
• Бақылау  жұмыстарын өткізу  арқылы оқушылардың білім деңгейлері анықталды. 
• Тест жинақтарымен жұмыс жүргізілді 
1.1.  «Пәндік енгізуде»  -  тақырып бойынша пән мұғалімдері  білім мазмұнын физика, 
химия,  биология,  математика,  тарих  ғылымдары  аясында  түсіндіріліп,  жан-жақты    талдап, 
оқушылардың    функционалдық  сауаттылығын  арттыру  мақсатында  қолданыс  аясы  кеңінен 
ашылады.  
1.2.    “Үштік  одақ”  бағытында  бір  пәннен  үш  мұғалім  тақырыпты  түсіндірудегі, 
мысалы  математикадан    есептерді    шығарудың    әртүрлі        әдіс  –тәсілдерін    қарастырады, 
осыған орай оқушылар  өз қабілетіне қарай тиімді   әдіс  –тәсілді   таңдайды, сол арқылы өз 
білімін бекітеді.  
1.3.  Жаңа    модификациялық  кабинеттердегі  құрал-жабдықтарды    пән 
мұғалімдерінің  тиімді  қолдануы  -  сапалы  білім  негізі.  Аудан  мектептеріндегі  физика    -17, 
химия  -17,    биология    -  9,  лингофонды-мультимедиялық    -  13  кабинеті,  98  интербелсенді  
тақта  оқушыларға  сапалы  білім  беру  мақсатында  қолданылуда.  Ауданның  әдістемелік 
кабинетінің  ұйымдастыруымен  осы  бағытта  оқу  жылында  4  оқыту  семинары,  3  тәжірибе 
алмасу семинары, 1 облыстық семинар-тренинг, 6 шебер сынып өткізілді. 
2.  “Шуак”  мектеп  тренерлері  жұмысында  мұғалімдердің  әдістемелік  білімін 
жетілдіру,  тақырыптық  әдістемелік  десант  жұмысы  жоспарланып  жүргізілді.  Атап  айтсақ 


 
 
132 
 
облыс  бойынша  Н.Алдабергенов  атындағы  орта  мектебінде,  аудан  бойынша  –  3  рет,  Ақын 
Қабан жырау атындағы, Қызыларық, №12 орта  мектептерінде  «ҰБТ-ға дайындаудың тиімді 
жолдарын ұсыну» тақырыбында  жүргізілді.  
Әрекеттестік    жұмыс  –ЖЕТІСТІККЕ  бастар  жол  дегендей,  аудандық  әдістемелік 
кабинеттің  ұйымдастыруымен  “Жаңа    бағыттағы    әдістемелік    қызметтің    рөлі”  облыстық   
әдістемелік  күн  өткізіліп жоғарыда аталған шаралар таныстырылып, аудан педаготары мен 
әдіскерлер іс-тәжірибелерімен бөлісті. 
4-алаң   «Оқу мен оқытудағы жетістіктер» шаралары «Білім, біліктілікке жеткізер 
баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы» деп                    А.Байтұрсынов 
айтқандай  үстіміздегі  жылы  ауданымыздың  білім  саласы  облыстық  рейтингте  барлық 
көрсеткіш  бойынша  үздік  нәтиже  көрсетіп,  3  орынды  иеленді.Облыстық  «Жыл  мұғалімі»  
байқауында  Н.Алдабергенов    атындағы    орта    мектебінің  география  пәнінің  мұғалімі 
С.Ж.Аринов      «Зерттеуші    мұғалім»    номинациясы  ие  болды.  «Педагогикалық    олимп» 
облыстық  байқауында  Қ.Жалайыри  атындағы  орта  мектеп-гимназиясының  математика 
пәнінің  мұғалімі  З.Темірғали    1-орын,  Жапсарбаев  атындағы  орта  мектептің  биология 
пәнінің  мұғалімі  Н.Рустемова  2-орын,  Жетіжал  орта  мектебінің  физика  пәнінің  мұғалімі 
Б.Күренов «Жаңашыл» ұстаз»  номинациясын жеңіп алды. Облыстық «Үздік  тарих пәнінің  
мұғалімі» байқауында Мұқаншы орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Н.Жексембекова 3-
орын,  облыстық  жас  мамандардың  «Педагогикалық    дебют»    байқауында  Мұқаншы  орта 
мектебінің  химия  пәнінің  мұғалімі  Ж.Усимбаева  3-орын,  облыстық  «Үздік  шағын 
жинақталған  мектеп  мұғалімі»  байқауында  Қызылтоған  орталау  мектебінің  география 
пәнінің  мұғалімі          Сейсебай  Ф.  3-орынды  иеленді.    Жапсарбаев  атындағы  орта  мектептің 
математика  пәнінің  мұғалімі  Ж.Сабырқұлова  «Облыстың  үздік  математика  пәні  мұғалімі» 
сырттай  байқауда  3  орын  алды.  Мамыр  айында  Алакөл  ауданы  Жыланды  орта  мектебнің 
базасында  «Қазақстандық  математика  пәні  мұғалімдерінің  ассоциациясы»  мен  Алматы 
облысының  білім  басқармасының  ұйымдастыруымен  облыстық  математика  мен  физика 
пәнінен  жас  пән  мұғалімдерінің  шығармашылық  байқауында  Мұқаншы  орта  мектебінің 
математика  пәні  мұғалімі  Талдаубек  Нұрдыбек  пен  Егінбаев  атындағы  орта  мектептің 
физика  пәні  мұғалімі  Қызырхан  Азат  ІІІ  орынды  иеленіп,  аудан  командалық  ІІІ  дәрежелі 
Дипломмен  марапатталды.  Осы  оқу  жылында  №  12  Айнабұлақ  орта  мектебінің  алғашқы 
әскери  дайындық  пәнінің  мұғалімі  Ақжолов  Ұлан  Сүлейменұлы  Қазақстан  республикасы 
Тәуелсіздігінің  25  жылдығына  орай  өткен  республикалық  байқауға  қатысып,2  орынды 
иеленді және «Үздік алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі» төсбелгісімен, «Қазақстан 
патриоты» медалімен марапатталды.    
Жуырда ғана осы оқу жылының басында ауданның музыка мектебі облыстық «Үздік 
қосымша білім беру мекемесі -2016» байқауында жүлделі І орынды иеленіп қайтты. 
 
Деңгейлік оқу бағдарламасының іс-тәжірибесін 
 ұйымдастырудағы әдістемелік кабинетің рөлі 
 
Ынтыбекова Н. А. 
Үштөбе қаласы, Қаратал аудандық білім бөлімі 
 әдістемелік кабинет әдіскері 
 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаев  Елімізді  әлемдегі  бәсекеге 
қабілетті  30  мемлекеттің  қатарына  кіргізу  туралы  міндет  қойған  болатын.  Бұл  мәселені 
жүзеге асыруда білім беру жүйесін жетілдіру айтарлықтай рөл атқарады. 
  Бүгінгі таңда оқу сапасын арттыруда білім беру үрдісінің барлық қатысушыларының 
ең  үздік  білім  ресурстары  мен  технологияларына  тең  қолжетімділікті  қамтамасыз  ету; 
оқушылардың  алған  білімдері  тез  өзгеретін  әлемде  табысқа  жеткізетіндігінен  қанағаттану; 
жалпы  білім  беретін  мектептерде  Қазақстан Республикасының  зияткерлік,  дене  бітімі  және 


жүктеу 4,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   146




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау