Алға аудандық білім бөлімі «Үздік психологы» аудандық байқауы Жоба тақырыбы



жүктеу 215,11 Kb.
Дата20.02.2018
өлшемі215,11 Kb.
#10211

Алға аудандық білім бөлімі

«Үздік психологы» аудандық байқауы

Жоба тақырыбы:

Жанұядағы психологиялық ахуалдың баланың психологиялық денсаулығына әсері”



Дайындаған:

4 Алға орта мектеп психологы Қаңтарова Ж.Ә

Алға қаласы 2017жыл.

МАЗМҰНЫ



КІРІСПЕ 3

  1. ПСИХОЛОГИЯДАҒЫ ЖАНҰЯ МӘСЕЛЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗІ

  2. ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНДАҒЫ ЖАНҰЯЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ ЗЕРТТЕУ.

2.1 Бала мен ата-ана қатынастары – психологиялық зерттеу пәні ретінде 5

2.2 Жанұя баланың әлеуметтенуінің микрофакторы ретінде 8

2.3 Жанұялық қатынастардың баланың тұлғалық дамуындағы орны 11

2.4 Жанұя мен бала қарым-қатынасын психологиялық тұрғыдан дұрыс

қалыптастыру жолдары 14

тұжырым

ҚОРЫТЫНДЫ 15

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 16

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Баланың тууы – әрбір отбасында

қуанышты жаңалық. Әрбір балаға сүйіспеншілік, қамқорлық пен мейірімділік қажет. Балалар тұрақты көмекті және оқудағы басқарушылықты көбірек қажет етеді.



Қазіргі кезеңде мектеп ата –аналарының әлеуметтік ерекшеліктері келісілер болып табылады:

  • Ата-аналардың басым көпшілігі жоғары білімді және әлеуметтік статустары да жоғары;

  • Жұмысбастылық, бос уақыттарының болмауы;

  • Білім сапасына сұраныстары жоғары.

Осыған орай педагог-психологтың ата-аналармен өзара жұмысы келесі принциптерге сәйкес жүзеге асырылады:

  • Кәсіби деңгейдің жоғары болуы;

  • Ата-аналар мен оқушыларға мейірімді қатынас;

  • Құпия мен эмоционалды қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

  • Психологтың ашықтығы мен конгруэнттілігі;

  • Әртүрлі тәсілдермен ата-аналарды психологпен өзара әрекеттестікке мотивациялау;

  • Білім беру процесіне барлық қатысушылармен, барлық сыныптарда ата –аналармен бірлестікте жұмыстың бірізділігі, өзектілігі сақталатын жұмыстағы жүйелілік;

  • Өзара әрекеттестіктегі басымды белсенді әдістер: пікірталастар, дөңгелек үстелдер, ролдік және іскерлік ойындар, тренинг элементтері енгізілген сабақтар, психотерапиялық әдістердің қолданылуы (релаксация, визуализация, арт-терапия элементтері, ертегі терапиясы және т.с.с.).

Психологиялық-педагогикалық қолдау мақсаттарын жүзеге асыру үшін келесі бағыттардағы жұмыстар жүзеге асырылады:

1. 1, 5, 10 сынып оқушыларының бейімделу кезеңінің сәттілік деңгейін, олардың үйдегі мінез-құлық ерекшеліктері мен оқу жүктемелері өзгерістеріне әсерленуін бағалау мақсатында ата-аналар арасында сауалнама жүргізу; оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру бойынша мектеп әкімшілігі мен жалпы ұжымға тілектері кіріктірілетін ата-аналардың мектептегі білім процесін бағалау мониторингі. 

2. Оқыту, тәрбиелеу мен баланың жеке дамуындағы өзекті мәселелер бойынша оқушылар жанұяларына кеңес беру. .

3. Ақпараттық-ағартушылық және дамыту жұмыстары:

- өзекті психологиялық-педагогикалық міндеттерді шешуге бағытталған және баланың дамуы мен білім алуына қолайлы жағдайлар жасау үшін қажетті, ата-аналар құзыреттілігін арттыруға негіз болатын мәселелі тақырыптық дәрістер;

4. Ата-аналарға психологиялық-педагогикалық оқыту бұл процесске педагог –психологтармен қатар тәжірибелі педагогтар мен басқа да маман иелері жұмыс жасайды. Ата-аналар қоғамымен өзара әрекеттестік формасы психологиялық ықпалдың интерактивті әдістерін қолдануға мүмкіндік береді.

Осы ретте бірқатар жұмыстарды ұсынып отырмыз.

Жұмыс мақсаты: Мектептегі психологиялық қызметте ата-аналармен жұмысты тиімді ұйымдастыру әдістерін жүйелеу мен тарату арқылы ата-аналардың, мұғалімдердің, яғни білім беру саласына қатысушылардың психологиялық денсаулығын қорғау.

Алға қойылған мақсатты жүзеге асыру үшін төмендегідей міндеттер қойылады:

1. Білім беру жүйесінің барлық субьектілеріне қажетті психологиялық көмек көрсетудің тиімді әдістерін ұйымдастыру (мұғалімдер, ата-аналар, оқушылар).

2. Баланың жас ерекшелігіне байланысты әрбір даму сатысында ата-аналармен бірге тұлғалық, интеллектуалдық және кәсіби дамуын қамтамасыз ету.

3. Мектеп оқушысының интеллектуалдық және тұлғалық дамуындағы ауытқушылықтардың алдын алу және түзету бағытында ата-аналармен психоағарту жұмыстарын жүргізу.


  1. ПСИХОЛОГИЯДАҒЫ ЖАНҰЯ МӘСЕЛЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗІ

В.А.Сухомлинский ата-анамен жұмыстың мазмұнын ашып көрсеткен ғалымдардың бірі. Ол: “Тек ата-аналармен бірге жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағытты беруі мүмкін”, - дейді. Демек, ата-ана бала тәрбиесінде ықпал етуші бірден-бір фактор.

Бала құқығы туралы Конвенцияда «Әрбір бала толыққанды және үйлесіммен жеке тұлға ретінде дамуы үшін оның махаббат пен түсіністікке, бақытқа толы отбасы ортасында өсуі тиіс…» деп айтылғандай, ата-ана – баланың ең алғашқы еліктеуші ұстазы. Бала тәрбиесінде ата-ананың рөлі ерекше екендігін Ұлы ғалым Әл-Фарабидің «5 жасқа дейін баланы хандай көтер, 15 жасқа дейін құлыңдай жұмса, 15 жастан соң досыңдай сырлас» деген нақыл сөздерінен-ақ аңғаруға болатындай.

Мектеп қабырғасында психологтың ата-аналармен жұмыс түрлері: сауалнама, жеке кеңес беру, пікірталастар, жадынама ұсыну және психологиялық тренинг сағаттарынан көріністермен шектелмек емес. Ата-аналардың көкейінде жүрген сан-сауалдарына дұрыс жауап іздеп, бағыт сілтеуші – ол мектеп психологы екендігі даусыз. Өйткені ол маман ретінде ата-ананың құпия сырын, отбасындағы қиыншылығын бөлісуші және сол құпияны ешкімге жарияламай, сақтаушы «сырсандық» іспеттес.

Отбасы тәрбиесінде ата-аналардың мінез-құлқы шешуші фактор.Макаренко: «Сіз өз балаңыздың тәрбиесін бастамас бұрын өзіңіздің мінез-құлқыңызды тексеріңіз» деген болатын.

Отбасы бала үшін өмір мектебі, онда мейірмандық, шындық, адалдық, қайырымдылық, еңбексүйгіштік т.б тәртіп пен мінез-құлық қасиеттері дамиды және қалыптасады. Отбасында қоғамның келешек азаматы өседі. Басқаша айтқанда,отбасы жеке адамның тәртібі мен мінез-құлық негізін қалайтын микро-ұжым.

Сөзімді қорыта келгенде баланың ыстық-суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл –ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі кыз-ертеңгі ана, ол шешеге қарап өседі, бойын түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы ,демеуші-ата-ана. Сондықтан да баладан жүрек жылуын аямай балаға бір сәт болса да, бала көзімен қараңыз дегім келеді.

Себебі сіз ұлыңызды немесе қызыңызды тек қана өзіңіз ата-аналық қуанышыңыз үшін ғана дүниеге әкеліп, тәрбиелеп жатқан жоқсыз.Сіздің отбасыңызда болашақ азамат ,болашақ қайраткер, болашақ күрескер өсіп келеді.

II. Психология ғылымындағы жанұялық қатынастарды зерттеу.

2.1 Бала мен ата-ана қатынастары - психологиялық зерттеу пәні ретінде:

Білім берудегі кездесетін түрлі қиыншылықтарды жеңу мақсатымен баланы отбасында тәрбиелеуде жеке тұлғалық кеңес қажет. Кейбір жағдайларда отбасылық психологтің кеңесі қажет.

Психологтар ата-ана мінез-құлықтарының бірнеше негізгі стилдерін көрсетеді. Бұл мінез-құлық стилдерін ата-аналардың өзі әрқашанда сезіне бермейді. Олар баланы қабылдау және бақылау деңгейінің әртүрлі болуымен сипатталады.

1) Жанұя тәрбиесінің индифферентті типі (кейбір әдебиеттерде «немқұрайлы тип» термині ретінде беріледі)бақылаудың төмен деңгейде болуы және салқын қарым-қатынаспен сипатталады. Мұндай ата-аналар балалар үшін ешқандай шектеулер қоймайды, өз мәселелерінен қолдары босамайды және қарым-қатынас жасауға бейімсіз. Баланың жан дүниесі оларды мазаламайды, олар, белгілі болғандай оның қажеттіліктері мен сұраныстарына немқұрайлы қарайды, оған көңіл бөлу қажет деп есептемейді. Осы стильді ұстанатын ата-аналар пайымы бойынша, балаларының киімі бүтін, тамағы тоқ болып мектепке барып жүрсе, онда олардың ата-аналық парызының орындалғаны.

Олар, белгілі болғандай, жазалау мен мадақтау әдістерін ретсіз және епсіз қолданады: баланы жазалай салады, артынан бала дау шығармай және кедергі жасамасын деген оймен артынша бірден мадақтай салады. Мұндай отбасында тәрбиенің басты әдісі- қамшы мен тәттілер. Ата-аналар баламен өзара қарым-қатынасын былайша орнатады, яғни балада қоршаған ортамен жеке басына пайдалы өзара әректет формасын қалыптастыра отырып, бала бойында жағыну, жағымпаздық көріністері қалыптаса бастайды.

Мұндай отбасыларында мінез-құлық формаларын таңдауда балаға еркін, бірақ өзга адамдар ортасында одан әдеп ережелерін формалды түрде сақтау талап етіледі. Мұндай балада отбасы үшін сақтау қажет болатын құпиялары өте көп болады, бұл олардың әрқашанда абай болып жүретінін білдіреді. Мұндай отбасыларында ата-аналар баланың ақыл-ой әрекетін де неғұрлым пайда табу үшін ынталандырады.

Қалай ойлайсыз, осындай отбасында бала қандай болып өседі?

Мұндай тәрбиелеу нәтижесінде тұлғаның конформды әлеуметтік-психологиялық типі қалыптасады. Белгілі болғандай, мұндай балалардың өзіндік пікірлері болмайды, мақтаншақ, шынайы ортақтаса алмайды (өйткені оларды оған үйретбеген); ақыл-ой еңбегін де, дене еңбегін де үнатпайды. Бұл тенденция барлық жас кезеңдерінде көрініс табады. Мұндай отбасындағы балалар мәселелі мінез-құлыққа бейім.

2) Отбасылық тәрбиенің либералды типі (салғырттық). Бақылау деңгейі төмен, бірақ жылы қарым-қатынасты. Мұндай отбасыларында ата-аналардың жетекшілік рөлі елеусіз, олар балаларын тәрбиелемейді немесе тәрбиеле алмайды, мүмкін, бала тұлғасын жоғары бағалап, әртүрлі әлсіздіктеріне кешіріммен қарайды; онымен қарым-қатынасқа жеңіл түседі, оған сенеді, шектеулер мен тыйм салуға бейім емес. Бірақ ойлану қажет: бала бұл еркіндікті тиімді пайдалана алады ма?

Бала өзі би, өзі қожа және оның ары қарайғы мінезін болжау мүмкін емес, өйткені ол басым мөлшерде оқуы мен отбасымен қатар жүрген ортасына баланысты. Бала мінез-құлқын бақылаудағы отбасының қабілетсіздігі оның асоциалы топтарға еніп кетуіне әкеліп соғуы мүмкін, өйткені онда қоғамда дербес, жауапты мінез-құлықтың қажетті психологиялық механизмдері қалыптаспайды.

Есейе келе, мұндай балалар өздерін құптамайтындармен қақтығысқа түсіп, өзге адамдар қызығушылықтарын ескеруге, эмоционалды байланыс орнатуға бейімсіз, шектеулер мен жауапкершілік алуға дайын емес. Екіншіден, ата-анасы тарапынан басшылықты жеткіліксіз қабылдауын немқұрайлылық пен эмоционалды қабыл алмауынан балалар қорқыныш пен сенімсіздік күйінде болады.

3) Отбасылық тәрбиенің авторитарлы типі (кейбір басылымдарда «автократты», «бұйырушы» атаулары ретінде кездеседі») – бұл жоғары деңгейдегі бақылау мен суық қарым-қатынастар. Баламен осы типтегі қарыым- қатынасты ұстанатын ата-аналар, қандай болып өсетінін алдын-ала жоспарлайды және соған көп күш салады. Өз талаптарын өте жақсы ұстанады және бас тартпайды. бұйырушы отбасының бір мүшесінің өзге мүшелерінің бастамалары мен сенімдерін жүйелі түрде басып отыруынан (көбіненсе ересек адам) көрініс табады. Оған келесі себептер негіз болады:

- Ақталмаған үміттер мен ата-аналардың өз отбасы немесе баласына көңілінің толмауы, баланы эмоционалды қабылдамау;

- Ата-аналардың өздері қатал отбасыларында тәрбиеленсе, олар ата-аналарының тәрбие стилдерін автоматты түрде өз отбасыларына тасымалдайды;

- Ата-аналар үшін оларды балалары туралы өзге жұрттың ойы шектен тыс мәнді және өз балаларын бақылауда оны басты нарсе деп есептейді.

Мұндай отбасыларында бала еркіндігіне шектеу қойылып, бақылауға алынады. Ата-аналары баласының адамгершілік қасиеттері жоғары болып өсуін армандап,әрқашанда іс-әрекеттерін бақылауда ұстайды- баланың киім киісі, яғни не кию қажеттігін, кіммен дос болуы керектігін бұйырып, баланың күн тәртібін өздері анықтайды.

Ата-аналар жазалау әдістерін жеткілікті қолданады. Бұл ата-аналардың бұйырып сөйлеуінде, дауыс көтеру, физикалық жазалауларында көрініс табады. Кейбір ата-аналар физикалық жазалауды қатыгез қолданады, кейде өз баласын ел алдында жазалап , өзінің басымдылығын көрсете отырып, «жақсы адам» болып өсуі үшін өз отбасында да осындай әдістердің қолданылғанын айтып ақталады.

Ойланып көріңізші, ата-аналар үшін тәрбиенің мұндай әдісі қай жағынан пайдалы?

Қалай ойлайсыз, бала үшін күнделікті осындай қысымда болған қолайлы ма?

Осындай отбасындағы бала қандай болып өседі және алдағы өмірде бала мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынастар қаншалықты жылы болады?

Мұндай отбасыларда балалар ата-ана мейірімінің, жылулығының, мадақтаулары мен қолдауының жетіспеушілігін сезінеді. Олар өздерінің әлсіз жақтарын өте жақсы біледі (өйткені бала «өз орнын» білуі үшін ол туралы әрқашанда ескертіліп отырады) және өзінің жақсы жақтарын көрсету және ерекшелеу мүмкіндіктерінен тіпті айырылған. Егер де ата-аналар баланың қандай да бір жақсы ісін байқап, жақсы ерекшелеп өтсе де, артынша міндетті түрде өздеріне ұнамсыз қандай да бір жаман жақтарын көрсету сылтауларын табады. Ата-аналар өз баласының пікірін орынсыз және ақымақтық деп есептей келе, ескерудің қажеті жоқ деп есептейді. Олар жиі былай «жұмыртқа тауықты оқытпайды » дейді.

II.2. Жанұя баланың әлеуметтенуінің микрофакторы ретінде:

Әлеуметтену – адамның өмір бойы дамуы мен қалыптасуындағы әлеуметтік нормалар мен мәдени құндылықтарды меңгеру үдерісінде қоршаған ортамен өзара іс-қимыл, сондай-ақ, өзі өмір сүретін қоғамда өзін-өзі дамыту және өзін-өзі табысты көрсету. Әлеуметтенудің мәні сонда, ол адам өзі өмір сүретін қоғамының әлеуетті мүшесі ретінде қалыптастырады. Әлеуметтену адамның қоршаған ортамен өзара іс-қимылының стихиялық жағдайында да, сондай-ақ, мақсатты бағытталған және әлеуметтік тәрбиеге қатысты бақыланатын үдерістер жағдайында жүреді. Осы айтылғандардың адам өмірінің әртүрлі сатыларында (немесе кезеңдерінде), әлеуметтенудің кезеңдері мен стадияларында шамалы да мәнді айырмашылықтарға ие.

Әлеуметтік құзыреттілік (әлеуметтік құзыреттілік моделі шеңберінде) – бұл жеткілікті мөлшердегі дағды, оның көмегімен жеке тұлға күнделікті өмірде өзінің алдындағы міндеттерді бірдей үлгіде орындай алады.

Әлеуметтік белсенділік – адамның әлеуметтік қарым-қатынас жағ-дайындағы іс-әрекетті жүзеге асыратын дайындығы.

Тәрбие ана сүтінен басталып,біреудің біреуге ықпалы арқылы өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс.

Бала тәрбиесі-салғырттыққа,себеп-сылтау іздеуге көнбейді.Оны жүргізу үшін педагогикалық ұжымның кәсіптік бірлігі, ата-аналардың саналық көзқарасы және осы принциптерге негізделген мектеп пен отбасы арасындағы тығыз байланысқан одақ, нәтижелі жұмыс қажет.

Соңғы кезде жасөспірімдер, жеткіншектер арасында мектеп қабырғасында жүріп-ақ кейбір келеңсіз оқиғаларға оқушыларымыздың көп ұрынуы , «қиын» бала есебін толықтыруы, сөз жоқ, мұғалімдер мен мектеп ұжымын ойландырады. Осының себебіне немесе тәрбие ықпалынан тыс қалған, «қиын» бала туралы ойланып, үңілсек әр түрлі пікірлер айтуға болады.

Тәрбие жас ерекшеліктеріне қарай жүргізіліп, баланың ынтасын дамытатын әдіс-тәсілдер жаңартып отырса нәтижелі болады.

Тәртібі нашар балалардың шығу себебіне үнілсек:

*Біріншіден,бұған қоғамдық жағдай мен өмірдегі тұрмыс жағдайы себепші болады;

*екіншіден, балалардың мінез-құлқындағы жағымсыз ерекшеліктерімен психиканың өзгеше қалыптасуынан немесе қалыпты нормадан ауытқуы;

Бұзақылыққа бейім тұратын жасөспірімдерді тәрбиелеудегі ата-аналардың жіберетін қателіктерінің әртүрлі екені белгілі. Олар:

1.Әлеуметтік жағдай:

*бақылаусыздық;

*назардан тыс қалуы;

*бос уақытының көп болуы;

*отбасының толық болмауы;

Жайсыз отбасында тәрбиеленуші жеткіншектердің ерекшеліктерін зерттегенде отбасылық жағдайсыздықтың әрбір типіне жан-жақты тоқталу қажет.

М.И.Буянов,З.И.Гарбузов,С.В.Титова және т.б. бірқатар авторлар әлеуметтік экономикалық мәселелердің, моралдық-психологиялық бастан өткерулердің және рухани жарақаттардан пайда болатын ата-аналар арасындағы психологиялық конфликтілер, отбасындағы балалардың ахуалын нашарлатушы, қауіп тобындағы жайсыз отбасыларда тәрбиеленуші жеткіншектердің мынадай ерекшеліктерін атап көрсетеді:

Толық емес отбасы. Баланы жалғызбасты ата-ана тәрбиелеуші отбасы. Ол көбіне жалғысбасты ана, бала ол үшін жеке өмірін реттеуге кедергі келтіруші болуы мүмкін. Жалғызбасты әке сирек кездеседі. Мұндай әлеуметтік демографиялық толымсыздық ажырасудың себебінен болатын отбасының күйеуінен немесе ата-ананың біреуінің қайтыс болуынан туындайды. Аталмыш отбасылардағы балалар психологиялық, моралдық, экономикалық толымсыздықты бастарынан жиі кешіреді. Оларға өз отбасының басқа таныс отбасылардан көзге көрінер айырмашылығы ауыр тиеді. Балалар нақты бір толымсыздықты сезінеді, анасы немесе әкесі үшін зардап шегеді, олардың балалық армандары мен қорқыныштары басқа балалардың өмірге көзқарастарынан бөлек. Көбіне балалар екінші ата-ананы іздеп табуға тырысады.

Көп балалы отбасы. Асырауында үш немесе одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар отбасы. Бір өкініштісі, көп балалы отбасыларының көпшілігінің күрделі қаржылық қиындықтарының барлығын, кәмелеттік жасқа толмаған балаларды бағып-қағу үшін тұрғын үй, материалдық және әлеуметтік-экономикалық ахуалдары сын көтермейтіндігі рас екендігін мойындауымыз керек. Кейбір көп балалы отбасылардың балаларында ассоциалды және аддиктивті мінез-құлық байқалады, себебі ата-аналары тіршілік ету үшін қажеттіні табамын деп ізденуде болады, ал балалардың өмірі мен тәрбиесі екінші кезекке ысырылады. Нәтижесінде ата-аналар балаларының тәрбиесімен айналысуды мүлдем қояды, отбасы жайсызға айналады.

Алайда, көп балалы отбасылардағы балалар өздерін үнемі бақытсыз сезініп, моралдық тұрғыдан қиналмайды. Көп жағдайда осындай отбасыларда үлкен балалардың өзінен кіші бауырлары мен қарындастарына, яғни бір отбасы мүшелерінің отбасындағы екінші отбасы мүшесі үшін жауапкершілігі артады. Жақын адамдарға деген өзара түсіністік пен сүйіспеншілік көп балалы отбасыларда тәрбиеленген адамдардың қалыптасқан өмірлік сапалары болып табылады. Ал осындай отбасылар балалар үйінен тәрбиелеуге бала асырап алатын болса, біз отбасындағы балалардың дамуына ықпал етуші жағымды тәрбиелеу фоны пайда болады деп айта аламыз.

Аз қамтылған отбасылар.

Табыс көзінің деңгейі төмен отбасылар. Көбіне ол отбасындағы ата-ананың біреуі немесе екеуі де жұмыссыз немесе квалификациясы төмен еңбекпен айналысатын отбасылар. Жақындарының алдындағы әлеуметтік жауапкершілігі төмен ата-аналар табыс көзін жоғалтады. Және мінез-құлықтың аддиктивті формаларын байқатады. Мұндай отбасылардағы балалар ата-аналарының төмен білім деңгейі, маскүнемдікке салыну, аморалды өмір сүру салтының себебінен, әлеуметтік-психологиялық жайсыздық зардабын шегеді.

Асырауында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім-балалары бар отбасылар.

14 жасқа дейінгі,кәтелеттік жасқа толмаған,ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырауға алған отбасыларда психологиялық-педагогикалық көмек пен қолдауды қажет етеді. Бала бақытсыз ,себебі жақындарын жоғалтып алғандығын сезінеді, оның санасы туған отбасындағы ерте балалық шағы жайлы жарқын естеліктерге толы. Ол тірі қалуы мен өмір сүруі үшін ерте есеюге мәжбір болған жаралы жануарға ұқсайды. Мұндай отбасыларда бала үшін эмоциялық және психологиялық қысымды ахуал жиі байқалады,ол бұрын таныс емес адамдарға тәуелді болып қалғаны үшін қайғырады. Мұндай балалар қосымша психологиялық және әлеуметтік жетекшілікті қажет етеді: кеңес беру және практикалық қолдау.

Жайсыз отбасы мәртебесіне ие отбасыларынан шыққан балалардың әрбір күні эмоционалдық стресспен қатар жүреді. Е.М.Мастюкова жағдайсыз отбасыларынан шыққан балалардың келесідей мінез-құлық формаларын бөліп көрсетеді. Алдымен, ол қарсы шығу реакциясы. Ата-аналардың біреуі маскүнемдікке ұшырағанда мұндай реакциялар жиі байқалады. Бала дөрекі, тілазар болып кетеді, барлығын ерегісіп жасауға тырысады. Белсенді реакциялармен қоса, енжар реакциялар да орын алады, мұндайда бала үйден кетеді, ата-анасынан қорқып үйге келмейді, содан соң құрбыларымен де араласуды біртіндеп үзе бастайды. Осы ахуалдың негізінде балада невротикалық бұзылулар пайда болады: ұйқының бұзылуы, көңіл-күйдің тұрақсыздығы.

Сонымен, қорытындылай келе, аталмыш отбасыларда тәрбиеленуші балалардың дамуы мен мінез-құлқының бұзылуының ең күшті жағымсыз факторына отбасылық жайсыздық жататынын атап өту керек. Айналадағылармен өзара қарым-қатынастан адекватты тәжірибе алу мүмкіндігі болмаған, түрлі жағдайларға байланысты мінез-құлықтың конструктивті дағдыларын игермеген жеткіншектер, әдетте басқа адамдарға қатысты шыдамсыздық, дөрекілік көрсетеді. Өздеріне өздері сенімсіздік, тұйықтық, ұялшақтық, агрессивтілік, үрейленушілік танытады, ол дегеніміз- социумға төмен бейімделуді білдіреді.
2.3 Жанұялық қатынастардың баланың тұлғалық дамуындағы орны
Отбасы – жеке тұлғаны әлеуметтендіру міндетін жүзеге асырушы. Ол болашақ жас азаматтың дене жетілеуіне, шынығуына, рухани және адами дамуына, ең құнды жалпы адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықты бағалауға, еңбек ету дағдысын тәрбиелеуге ықпал жасаушы.

Дені сау балада толыққанды даму үшін бар жағдай бар. Алайда оларға да, әсіресе қатер тобындағы балаларға да, яғни дамуда артта қалу күдігі бар балаларға да дамытушы ерте оқыту өте маңызды. Жас баланың дамып келе жатқан миы ересектермен салыстырғанда өте тиімді және тез дамуға, сонымен қатар дамуындағы бар ауытқушылықты өтеуге қабілетті екені бәріне аян, бірақ бұл балаға оқыту көмегі арқылы ғана мүмкін. Интеллект дегеніміз - білім, оларды меңгеру қабілеті және мәселені шешуге пайдалана білу. Баланың білім алуға көмегін тигізетін үш тәсіл бар, олар:

- анасымен қарым-қатынас;

- қадағалау;

- зерттеу.

Осы тәсілдерді жүзеге асыру үшін мыналар қажет:

- кіммен және қандай тақырыпта қарым –қатынас жасау;

- нені қадағалау;

- нені зерттеу.

Осы мақсаттарға жету үшін қажеттілердің ең бастысы – ана мен баланың берік берілгіштігі, олардың өзара түсіністігі, үнемі араласуы. Ғалымдар ананың қарым қатынасы –назары, қолдауы, еркелетуі- ана махаббаты дегеннің бәрі балның дұрыс психикалық дамуына қажетті ең маңызды шарт болып табылады. Барлық қажеттіліктері өтелген, бәрінің сүйіктісі және еркесі болған, бәрі ойнататын, сөйлесетін бөбек айналасындағыларға сенімді сезеді, ол кейіннен басқаларға да ауысады. Егер бала тиісті қамқорлық көрмесе, махаббатқа толы қамқорлығы болмаса, онда ол балада сенімсіздік-үрейлілік және бүкіл әлемге, оның ішінде жекелеген адамдарға деген күдіктілік пайда болады, осы сенімсіздікті ол өз дамуының келесі кезеңдеріне алып өтеді.

Мектеп оқушыларымен психологиялық қызметтің жұмыс бағыттары: Түзету және дамыту жұмыстары: тренинг, музыкатерапия, арттерапия, саусақ жаттығулары, ойынтерапия, ертегітерапия, притчи (аңыз, мысал), құмтерапиясы, релаксация, гештальттерапия, рөлдік ойындар. Диагностикалық жұмыстар:тест, сауалнама, әңгімелесу, бақылау. Психоағарту; Кеңес беру: Қажетіне орай, конфиденциалды түрде, баяндама, ой бөлісу сағаттары, видеороликтер, мамандармен кездесу, дебат, әңгіме.

«Жүйелі жоспар құру арқылы дұрыс әрекеттерге жол ашылады, бұрыс қадамды болдырмайды» деген Г.А. Архангельский сөзіне сүйене келе,

1. Нормативтік құжаттарға сәйкес психологтың жылдық, айлық, апталық жұмыс бағыттары құрылып, мектеп директорымен бекітіледі (Бала құқығын қорғау Конвенциясы, Білім Заңын басшылыққа ала отырып)

2. Кеңес беру, диагностика-коррекциялық, топтық не жеке жұмыстарды тіркеу журналдары, қажеттілікке орай мінездемелер, психологиялық жұмыс хаттамалары уақтылы толтырылады. Зерттеу қорытындысы ата-ана-мұғалімге, қажетіне қарай балаларға да таныстырылып, ұсыныстар беріледі.

Мектеп психологының жылдық жұмыс жоспарын жүйелендіруде оқу жылының басында диагностикалық зерттеу, сырттай бақылау, бейімделу “Қауіпті топты анықтау”, түзету жолдары, сонымен қатар Суицидтің алдын алу, әңгімелесу мен ағарту жұмыстары жолға қойылған. Қорытынды диагностикалау, Тренингтік сағаттар, жеке түзете-дамыту жұмыстары Психологтың жылдық жұмысы Мектепішілік, аудандық іс-шараларға (семинар)қатысу (есеп, баяндама), Салауатты өмір салтын насихаттау (Есірткі, темекі, ЖҚТБ және суицидтің алдын алу), ОЖСБ (4,9 сынып) ҰБТ -ға дайындық. Ата-ана, мұғалімдермен жұмыс, “Қиын” және психикалық артта қалу байқалатын оқушылар, дарынды балалар және жоғарғы буын 9-11 сынып, Орта буын 5-8 сынып және Бастауыш сыныптар (МАД тобы -4 сынып, сонымен қатар оқушылардың үйіне барып, отбасының әлеуметтік-психологиялық жағдайын бақылау, ата-аналармен әңгімелесу т.б. кестеге не сұранысқа орай педкеңестерде және жиналыстарда есеп беру мен топтық не жеке жұмыстар қатары қамтылады.

Мектеп қабырғасында психологтың ата-аналармен жұмыс түрлері: сауалнама, жеке кеңес беру, пікірталастар, жадынама ұсыну және психологиялық тренинг сағаттарынан көріністермен шектелмек емес. Ата-аналардың көкейінде жүрген сан-сауалдарына дұрыс жауап іздеп, бағыт сілтеуші – ол мектеп психологы екендігі даусыз. Өйткені ол маман ретінде ата-ананың құпия сырын, отбасындағы қиыншылығын бөлісуші және сол құпияны ешкімге жарияламай, сақтаушы «сырсандық» іспеттес.

Девианттық қылық - қоғамдық нормаларға қарсы қылықтар жүйесі немесе жеке қылықтар. Мұндай қылықтар әлеуметте қолдау табатын (дарындылық, альтруизм, ерлік) және әлеуметте қолдау таппайтын болып бөлінеді. Әлеуметті қолдау таппайтын қылықтар - қылмыстық іс-әрекет және жөнсіз іс-әрекет (маскүнемдікке, нашақорлыққа бейім қылықтар). Девианттық қылықтар ауытқушы қылықтар. Адамның орныққан құқықты немесе өнегелілік тәртіптерден ауытқитын немесе сол тәртіп ережелерін бұзатын қылықтары].

Девиантты мінез-құлық - қоғамда адамдардың жасалған әлеуметтік нормаларды тікелей бұзатын немесе оған сәйкес келмейтін мінез-құлық. Девиантты қылық жеткіншек кезінде кең таралады және бұл 18 жастан кейін төмендейді. Кәмелетке толмаған жасөспірімдердегі девиантты қылықтың нақты себептері мыналар: өзін бақылаудың төмен деңгейі немесе оның мүлдем жоқтығы; отбасындағы жағымсыз жағдай; ересектердің бала проблемасын дұрыс түсінбеуі; баланың өз-өзіне сенімділігінің жетіспеуі; көшенің, ортаның және құрдастарының жағымсыз әсері; өзіне назар аударту тілегі; ата-аналардың үнемі қолының бос болмауы; баланың интеллектуалды дамуының әлсіздігі; қарапайым әлеуметтік дағдылардың жоқтығы (мысалы, құрдастарымен қарым-қатынасқа түсе алмауы); бос уақыттың көп болуы, баланың әлеуметтік өмірге араласпауы, отбасының тұрақсыздығы және төмен материалдық жағдай.

Девиантты қылықтың келесі топтамасын ұсынуға болады: Психикалық денсаулық нормасынан ауытқушылық, яғни адамда анық немесе тұйық түрдегі психопатологияның бар болуы (бұл топқа астениктер, шизоидтар, эпилептоидтарды) қосуға болады. Әлеуметтік патологияның әртүрлі формаларында көрінетін - ішімдікке салыну, есірткі қабылдау, жезөкшелік және т.б. адамгершілік нормалардан ауытқушылық кейде қылмыс формасында да көрінеді. Жеткіншектерді құрметтеу, оларға көмектесу, өзін- өзі бағалау сезімін дамыту және қажетті деңгейде пайдалы кеңестер беру - жас тұлғасының жақсы адам қатарына қосылуына көмектеседі. Жеткіншектерден жақсы қылық талап ететін болсақ, ол онымен жақсы болмайды. Керісінше оған жақсы жағдай, адал қарым-қатынас жасайтын болсақ, онда ол жағымсыз әсерге қарсы тұра алады.

II.4. Жанұя мен бала қарым-қатынасын психологиялық тұрғыдан дұрыс қалыптастыру жолдары

Кеңес психологиясында баланың дамуы қоғамдық тарихи тәжірибиені меңгеру формасында өтеді деп қарастырылады. Баланың психикалық дамуының басты шарты ересектермен қарым-қатынасы болып табылады (Л.С.Выготский, А.В. Запорожец, Д.В. Эльконин, М.И.Лисина). Л.С.Выготский кішкене балаларды жақын ересектерге бағдарланған «максимальды әлеуметтік тіршілік иелері» деп атайды. Оның ойынша бала үшін ересек адам «барлық жағдайдың психологиялық орталығы» болып табылады. Баланың ересектермен қарым-қатынасқа деген қажеттілігі оның ары қарайғы психикалық дамуының негізін және қозғаушы күшін құрайды.

Жақындық сенім және ынтымақтық атмосферадағы қарым-қатынас бала психикасына жақсы әсер етеді және баланың эмоциялық сезінулеріне дұрыс жол салады, сондай-ақ әлеуметтік сезінулердің алғашқы мектебі болып табылады (И.С.Кон, А.А.Люблинская, Т.А.Рипина, С.П.Тящина)

Отбасының өзара әрекеттестігінде баланың жеке адам аралық байланыста көрінуін Т.В.Нещерт өз зерттеулерінде көп қарастырған. Қазіргі кезде тұлғаны қалыптастыру мәселесі маңызды міндеттердің бірі болғандықтан аталмыш мәселені шешудегі басты рольді отбасы алады. Өйткені мұнда рухани тұлғаның негізі қаланады, адамгершілік және азаматтық өзіндік сана, сондай-ақ адамның өзін-өзі анықтауы қалыптасады. Сондықтан отбасы әсерінің күшін басқа тәрбие институттарымен салыстыруға келмейді. Демек отбасының бала тәрбиесіндегі алар орнын халқымыз “ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің” деген даналық оймен түйе білген.

Тұжырымдай келгенде, дұрыс қалыптасқан отбасылық қарым-қатынас баланың тұлғалық – психологиялық дамуының ғана емес, оның творчествалық қабілеттері мен іскерліктерінің дамуының қайнар көзі болып табылады.

Күтілетін нәтиже

1. Мектептерде психологиялық көмек көрсетуде ата-аналармен жұмыста тиімді әдістер ұйымдастырылады. (Психологиялық ағартушылық, диагностика, кеңес беру, түзету жұмыстары).

2. Баланың жас ерекшелігіне байланысты даму сатысында тұлғалық, интеллектуалдық және кәсіби дамуы қамтамасыз етіледі.

3. Мектеп қабырғасында білім алушылар мен олардың ата-аналарының, мұғалімдердің, яғни білім беру саласына қатысушылардың психологиялық денсаулығы қорғалады.

Мектепте ата-аналармен психологиялық қызметті тиімді ұйымдастыру әдістерінің нәтижесі бойынша, ата-ананың мектеппен байланысы арта түседі және мектепте қолайсыз отбасы азаяды. Ұжымдағы психологиялық климат жоғарылап, кәсіби өсу артады.



Әдебиеттер тізімі.

1. “Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы” Заң. 2002ж,11.07

2. ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Астана 2010ж

3. «Семья» Т.М.Афанасьева. 23, 25 бет 

4. «Психолог қызметіндегі диагностикалық және тренинг жұмыстары» Ұлттық негіздегі психологиялық орталық Орал, 2005

5. Социальная психология. Краткий очерк. Г.П.Предвечный, Ю.А.Шерковин. 

6. Мектептегі психология 2009/3 29, 32 беттер. 

7. Қызықты психология №5, 2014, 25 бет

8. «Бала құқықтары туралы Конвенция» БҰҰ 1989ж.

9. Байтұрсынова А.А. «Арнайы педагогика: проблемаларымен даму болашағы» Алматы 2008ж.

10. Гиппенрейтер Ю.Б. Общаться с ребенком. Как? – М.: ЧеРо, Сфера, 2003. – 253 с.



11. Дереклеева Н.И. Родительские собрания. 5-11 классы. – М.: ВАКО, 2004. – 240 с. (Серия «Педагогика. Психология. Управление»).

13. Десять ключей успешного воспитания // Первое сентября. – 2003, №21.

14. Карнеги Д. Как завоевывать друзей и оказывать влияние на людей… / Пер.с англ. Д.С.Лободенко – Мн.: ООО «СЛК», 1997. – 640 с.

15. Кипнис М. Тренинг семейных отношений. Часть 2. Родительство. – М.: «Ось -89», 2008. – 144 с. (Действенный тренинг).

16. Минияров В.М. Психология семейного воспитания (диагностико-коррекционный аспект). – М.: МПСИ; Воронеж: Издательство НПО «МОДЭК», 2000. – 256 с. (Серия «Библиотека школьного психолога»).



жүктеу 215,11 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау