«Өрлеу» біліктілік арттыру ұлттық орталығы ақ Қазақстан республикасы білім беру жүйесінің басшы жәНЕ



жүктеу 4,39 Mb.
Pdf просмотр
бет118/146
Дата20.11.2018
өлшемі4,39 Mb.
#22371
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   146

 
 
243 
 
Еліміздің  жалпы  білім  беретін  мектептерінде  1  сыныптан  бастап  ағылшын  тілін 
енгізуге  байланысты  2012-2013  оқу  жылында  республикалық  бағыттағы  «Ағылшын  тілін 
ерте  жастан  оқыту»  эксперименті  елбасының  17  сәуір  2011  жылғы  шешімі  бойынша 
аяқталды. 
Мектебімізде  бірнеше  жыл  жүргізілген  жоғарыда  айтылған  эксперимент    нәтижелі 
аяқталып,  ұстаздарымыз  көп  тәжірибе  жинақтады.Жүргізілген  эксперименттің  нәтижесі 
ретінде,қалалық  оқу  бөлімінің  тамыз  маслихатының  шешімі  бойынша  2013  жылдың    қазан 
айында  «Aғылшын  тілін  ерте  жастан  оқытатын  жаңашыл-педагогтардың  іс-тәжірибесін 
тарату»зертханасы  ашылды.  Тілдік  зертхана    ҚР  Білім  және  ғылым  министрлігінің  
Ы.Алтынсарин  атындағы  Ұлттық  білім  академиясы    ұсынған  «Мектептегі  оқу 
кабинеттерінде  білім  беру  үдерісін  ұйымдастыру  бойынша  нұсқаулық»  негізінде 
жабдықталды. 
Зертхана  қазіргі  заманға  сай  компьютерлер,  проектор,  аудио-бейне  дискілер, 
электронды  оқулықтар,  мұғалімдердің  өздері  құрастырған  әдістемеліктер,  үлестірмелі 
материалдармен  жинақталған интернет желісімен қамтамасыз етілген. 
Тілдік зертхана құрылымы бірнеше бөлімдерден тұрады: 
«Mass-Media» бөлімі: 
Қызметі:  ӘБ  мұғалімдерінің  әдістемелік  өнімдер  шығаруын  бақылау  және  оларды 
басылымдарға беру, жетістіктер бұрышын безендіру, жаңартып отыру; 
 «Educational» бөлімі 
Қызметі:ОЖСБ  және  ҰБТ  жөніндегі  көрсеткіштерді  және  сараптау,  үлгермеуші 
оқушылармен жұмысты басқару; 
«Outside communication» бөлімі: 
Қызметі: Тәжірибе бөлісу және үйрену үшін басқа білім мекемелерімен және жоғары 
оқу орындарымен байланыс жасау; 
«Methodical» бөлімі 
Қызметі: Зертхананың әдістемелік әдебиеттері мен ОӘК қарау және жүйелеу; 
«Innovations in ELT» бөлімі 
Қызметі:Әдістемелік бірлестік жұмыстарын виртуалдық зертханаға қою, 
«Дарынды балармен жұмыс»  бөлімі 
Қызметі:Оқушылардың  әр  түрлі  деңгейдегі  олимпиадаларға,  байқауларға, 
конференцияларға  қатысуын  бақылау,  қажетті  есептер  беру  және  осы  бөлімнің  бұрышын 
жасап отыру. 
  Зертхананың басты мақсаты ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің ерте жастан ағылшын 
тілін оқыту бойынша тәжірибесін көрсету және тарату. 
Міндеттері: 
әдістемелік және оқу  құралдарын тәжірибеден өткізу және құру; 
ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің жұмыстарының тәжірибелерін тарату; 
дөңгелек үстелдер, семинарлар арқылы тәжірибе алмасу және үйрену. 
Күтілетін нәтижелер: 
• Әдістемелік және оқу  құралдарын тәжірибеден өткізу және құру.   
• Ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің жұмыстарының тәжірибелерін тарату. 
• Дөңгелек үстелдер, семинарлар арқылы тәжірибе алмасу және үйрену. 
Бүгінгі  таңда бұл  зертханада облыстың және  қаланың барлық жаңашыл-педагогтары 
кез–келген уақытта өзінің іс –тәжрібесімен алмасуға мүмкіндігі бар. 
Негізгі бағыттары: 
- озат педагогикалық тәжірибені зерттеу, қорыту, хабарлау; 
- қалалық,  облыстық  деңгейдегі  семинарлар,  практикум,  конференцияларды  өткізуге 
қамтамасыз ету; 
- әдістемелік презентациялар өткізу; 


 
 
244 
 
- ғылыми-әдістемелік  әдебиеттердә,  тақырыптық,  мерзімдік  баспаларды,  ең  жақсы 
әдістемелік зерттемелерді жинақтау және жүйелеу; 
- оқу процесінде жұмысты ұйымдастыру; 
- мұғалімдердің өз бетінше  білім алуына көмек көрсету; 
- жаңа  технологиялар,  инновациялық  жұмыстар  орта    білім  берудің  даму  бағыттары 
мен мазмұны туралы ақпараттандыру. 
Осы бағыттарды  жүзеге асыру барысында мұғалімдер әдістемелік жұмыстар жүргізіп 
келеді.  
Бүгінгі  таңда бұл  зертханада облыстың және  қаланың барлық жаңашыл-педагогтары 
кез–келген уақытта өзінің іс –тәжірибесімен алмасуға мүмкіндігі бар. 
Мектебіміздің  мұғалімдері  өздерінің    бірнеше  жыл  бойы  жинаған  іс-тәжірибесімен 
басқа  да қала мектептерінің мұғалімдерімен де тәжірибе алмасып отырады. Мысалы:шет тілі 
пәні мұғалімдері қалалық семинарда зертхананың тұсаукесерін жасады. 
Мектебіміздіңмұғалімдері  зертхана  мүмкіндігін  қолдана  отырып,  мынандай  іс-
шаралар өткізіледі: 
 «Ағылшын тілін даралап, саралап оқыту» атты  қалалық семинарында  
1 - сынып бағдарламасы  бойынша «шебер сыныптар»; 
-  қала  мектептеріндегі  директордың  ғылыми  жұмысы  жөніндегі  орынбасарларының 
қалалық семинарында ашық сабақтар; 
-  1  сыныпта  ағылшын  тіліне  үйрету  әдістері”  тақырыбы  бойынша  өткен  облыстық 
семинарда 1 сыныптарда панорамалық сабақтар өткізіп, өздерінің іс- тәжірибесімен бөлісті.  
-  бастауыш сыныптарға арналған “Speaking Club”  үйірмесі  ұйымдастырылып, қазақ 
халқының  ертегілері  ағылшын  тіліне  аударылып,  осы  ертегілерден    қысқа  үзінділер, 
мьюзиклдар  әр  түрлі  деңгейдегі  іс-шараларға  қатыстырылып  келеді.  Бұл  үйірме  жұмысын 
мұғалімдер жоғары бағалауда; 
-  оқушылардың  жазғы  демалысын  сапалы    ұйымдастыру  мақсатында  жыл  сайын  
маусым  айында  «Friendship»  бейінділагері    жұмыс  істейді.  Лагердің  жұмысын  іске  асыру 
барысында  тілдік    зертхана  Қарағанды  қаласындағы  Гоголь  атындағы  Облыстық  
кітапханасындағы  Американдық  бұрышымен,  Назарбаев  Зияткерлік  мектебімен    тығыз 
байланыста.  Оқушылардың  ауызекі  сөйлеу  дағдыларын  дамыту  үшін  осы  мекемелерден 
Америка Құрама Штаттарынан келген еріктілер шақырылып, мұғалімдермен бірге түрлі  іс-
шаралар ұйымдастырады. 
Кабинеттің  әдістемелік жұмысын  әрі  қарай дамыту үшін жалпы білім беретін №77 
мектеп- балабақша кешені  Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетінің 
шет тілдер факультетімен  өзара түсіністік меморандумына қол қойды.   
Меморандум бойынша екі оқу орны бірлесе отырып, 
-«Шет тілін ерте жастан оқытудың ғылыми-әдістемелік көмек көрсету» атты ғылыми 
жоба аясындағы зерттеулерді жүргізу; 
- бірлескен конференциялар, семинарлар және олимпиадалар өткізу; 
-ғылыми-әдістемелік жұмыстарды рецензиялауды жоспарлады. 
Осы меморандум жұмысын жүзеге асыру барысында дәстүрлі түрде  «Шет тілін ерте 
жастан  оқытудың  проблемалары  мен  перспективалары»  атты  ғылыми-практикалық 
конференция өткізіліп, материалдары жинақ болып басылып шығады. 
Университеттің ғылыми-әдістемелік кеңесінің ұсынысы бойынша құрастырылған оқу-
әдістемелік кешен негізгі оқулыққа  қосымша материал ретінде біздің мектептің 1-2 сынып 
оқушылары үшін еңгізіліп жатыр. 
Зертхананың  әдістемелік    жұмысын  дамыту  мақсатында  мектептің  ағылшын  тілі 
мұғалімдері«Ағылшын  тілі  сабағында  этнопедагогика  элементтерін  қолдану»      тақырыбын 
басшылыққа  ала  отырып,  3  жыл  бойы  зерттеу  жұмыстарын  жүргізіп,  «English  in  proverbs» 
электрондық  жинағы  шығарылып,  қалалық  білім  бөлімінің  әдістемелік  кеңесінде  бекітіліп, 
қала мұғалімдеріне таратылды. 


жүктеу 4,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   146




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау