«Өрлеу» біліктілік арттыру ұлттық орталығы ақ Қазақстан республикасы білім беру жүйесінің басшы жәНЕ



жүктеу 4,39 Mb.
Pdf просмотр
бет110/146
Дата20.11.2018
өлшемі4,39 Mb.
#22371
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   146

 
 
227 
 
• Оқыту тәжірибесін жетілдіру мәселелері бойынша жұмыс жүргізілуіне ықпал ету. 
• Коучинг қажеттілігін анықтау; 
• Мұғалімдер тобына  коучинг және тәлімгерлік  жасау;  
Дамытушы тобы:  
• Бағдарламаның жеті модулі аясында оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді жетілдіру; 
•  Мұғалімдерге  көптеген  оқыту  стратегиялары,  түрлі  педагогикалық  тәсілдерді 
араластырып қолдану мүмкіндіктерін кеңейту; 
• Өзінің оқыту тәжірибесіне  Бағдарлама идеяларының  енгізілуін  талдау; 
•  Мұғалімдерге АКТ саласында  мықты дағдыларды игертіп, оқытудың тиімді құралы 
ретінде пайдалануға көмектесу; 
• Бағалау жүйесін жақсартуға ықпал ету;  
•  Мектеп қажеттілігін анықтауда сауалнама жүргізу; 
Заманауи  қоғамның  тіршілігінде  осы  кәсіби  қоғамдастықтың  маңызы  күннен  күнге 
артып  отырғаны  анық.  Қазіргі  заманғы  ұйымдар    кәсіби  қоғамдастықтың    білім  және 
инновациялар  алмасу  үдерісінде    маңызды  болып  табылады.  Қоғамдастық  жұмысының  
әдістемелік кеңес жұмысымен бірге бірлесуі   арқылы мұғалімдердің құзіреттігін арттырып, 
оқушылардың  мүмкіндіктерін  кеңейту,  оқыту  тәжірибесімен    алмасудың  тікелей  тетігін 
қамтамасыз  ететіндігі  байқалады.    Заманауи  технологиялар  көшбасшылары    мұғалімдерге  
әріптестерімен  бірге жаңа тәсілдерді  пәнге енгізу үшін коучинг және тәлімгерлік  арқылы 
жұмыс  істеуге    мүмкіндік  беретін  дағдыларды  ұсынады.  Мұғалімдерге  өз  жұмысында 
жетістікке жетуге мүмкіндік беретін  іс-әрекетті талдау  және ол туралы ойлануға арналған  
құралдарды    ұсыну  мүмкіндігі  коучинг  пен  тәлімгерліктің  барлық    түрлерін  біріктіруші 
фактор болып саналады. 
Қоғамдастық жұмысының негізгі бір бағыты коучинг үдерісі 
 
 
 
 
 
 
 
Тәлімгерлік үдеріс 6 қадамнан тұрады олар: 
1.  Кәсіби сұхбат, сауалнама алу;  
2.  Сұраныс бойынша проблеманы анықтау; 
3.  Тәлім алушылармен ақылдаса отырып мақсаттар қою; 
4.  Міндеттер бөлісу (не істейді); 
5.  Қажетті ресурстармен қамтамасыз ету;  
6.  Сабақтарды, тізбектелген сабақтар топтамасын бірігіп жоспарлау; 
Әдістемелік қызметтің жаңаша жұмыс түрлері
  Сындарлы оқыту теориясына  негізделген  деңгейлі бағдарлама идеяларын оқыту 
мен оқу тәжірибесіне  енгізу сабақтары ; 
  “Жаңа  технологиялар – жаңа сабақта” әдістемелік онкүндіктер; 
  Жаңартылған  білім  беру  мазмұны  бойынша  іс  –  тәжірибе  алмасу  семинарлары, 
тренингтер; 
  Ашық есік күндері; 
  Тәлімгерлік   шеберлік сабақтар;  
  «Оқытуда АКТ пайдалану үздіктері» апталығы 
   «Үздік әдіс- тәсілдер»  аукционы  
  Оn-Line конференциялар, вебинарлар 
   Мұғалімдер арасындағы дебат пікір сайысы 
  Оқу сабақтарының өткізу сапасын бақылау, талдау, әдістемелік көмек көрсету; 
Мұғалім 
қажеттілігін 
анықтау 
Коучинг 
сессиядан 
кейінгі 
сабақтар 
Коучинг 
алды пікір 
алмасу 
Коучинг 
сессия 
өткізу 
Мұғалімдер
мен кәсібіи 
сұхбаттар 
 


 
 
228 
 
Мектебімізде  мұғалімдерге  қойылатын  талаптардың  бірі  –  оқытудың  жаңа 
технологияларын  меңгеру  және  сабақтарында  қолдану.  Жаңа  білім  беру  мазмұнына  сай  
сындарлы  оқыту  теориясы  негізінде    жеті  модульді  сабақта  тиімді  ықпалдастыру;  Түрлі 
оқыту  құралдарын  қолдануы.  Әр  сабақ  бойы  оқушылардың  белсенділігін  ұйымдастыру; 
Сабақта жаппай, топтық, ұжымдық жұмыстарды үйлестіру; Сабақта оқытудың әртүрлі  әдіс- 
тәсілдерін  қолдануы.  Қолданылған  тәсілдердің  сабақ  мақсаты  мен  міндеттеріне  сәйкестігі 
және жалпы сабақ мазмұнын айқындауда жүйелілігін қажет етеді. Мақсат – адам нәтижесіне 
кәміл  сеніп,  табандылықпен  ұмтылатын,  сол  адам  үшін  ең  маңызды  болып  табылатын 
дүние.Көзделген  мақсатқа  бірінші  қадам-  әрекеттер  жоспарын  жасау.Жоспардың  болуы 
өздігінен  мақсатқа  жету  болып  табылмайды,  алайда  әрекеттер    жоспарын  жасау  кезінде  
көзделген  мақсаттарды  бекіту  өте  маңызды.  Осыүшін  мақсаттарды  бекіту  маңызды  болып 
саналады.  Мұғалімнің  оқушыларға    арнап  жоспарлайтын  іс  –  жоспарлары  оқу  мақсаттары 
болып  табылады.  Осыған  байланысты,  оқыту  мен  оқу  мақсаттарын    қалыптастыруда  
мұғалімдер  төмендегілерді  ескеруге бағытталған:  
 Сіздің ойыңызша оқушылар нені білулері тиіс? 
 Оқушылар қандай түйінді идеяларды түсінулері керек? 
 Оқушылар қандай мәселелерді зерттеп, талдаулары керек? 
Яғни  оқыту  мақсаттары  оқушы  көзқарасымен    болуы  қажет.Оқыту  мақсаты 
оқушының  оқу барысында  күтілетін нәтижесі.Оқыту мақсаты тек қана нәтижелерге жетуді 
көрсетпейді, яғни күтілу нәтижелеріне жету жолдарын  көздейді. 
Жаңа білім беру мазмұнына сай сабақты талдау әдістемесі 
  Сабақ  мақсаты  қаншалықты  нақты  болды?  Оқушыларды    сабақ  мақсатымен 
таныстырылды  ма?    Жетістікке  жету  үшін  оқушылар  нені  оқып  үйрену  керектігі  ескерілді 
ме?  Сабақтың білімділік,  дамытушылық,  тәрбиелік    үш  мақсатының  орындалуына  бақылау 
жасау. Оқыту мақссатының орындалуы. 
  Топтастыру әдісінің дұрыс ұйымдастырылуы. Топтар түрлі тәсілдермен құралады, 
топта жұмыс істеу ережелерімен таныстырылды ма? Оқушылар топ ішіндегі рөлдерді бөліп 
алды ма? Мысалы: көшбасшы, хатшы, тілші,бақылаушы, дизайнер, баяндаушы. 
  Үй тапсырмасын бақылау.Үй  тапсырмасын  мүмкіндігінше  саралап  беру  және  
пәнді    терең  меңгеруге    талпынатын,    қабілетті    оқушылар    үшін    қиындығы    жоғары  
қосымша  тапсырмалар  берілген  бе?  Үй    тапсырмасының    тиімділігін    арттыруға    арналған  
және  оқушылардың терең білім алуына мүмкіндік беретін дидактикалық әдістер  болды ма? 
  Бірлескен оқуды жүзеге асыру.Топ қалай бірлесіп жұмыс атқарды? Топ мүшелері 
бір-  біріне қалай  көмектесті?    Топ  ішінде  талқылау  кезінде  мұғалім  әр  топтың көзқарасын, 
жұмыс жүйесін мұқият бақылады ма? Бағыт берілдіме? 
  Сабақта  оқытудың  қандай  тиімді  стратегиялары  пайдаланылды?(Сабақта  барлық 
оқушылар  үшін  түрткі  болатын  тапсырмалар  болдыма?  Қолданылған  әдістері  сабақ 
мазмұнын ашуға ықпал етті ме?)  
  Жоғары қабілетті, дарынды және талантты балалар ескерілдіме? (Талантты және 
дарынды балаларды анықтап  күрделілігі жоғары тапсырмалар болды ма? Мысалы: деңгейлік 
тапсырмалар,  шығармашылық  жоба,  шығармашылық  тапсырмалар,  эссе,  ментальді  карта, 
тақырыптық таныстырылым жасау, т.б) 
Сонымен  қатар  мектебімізде  енгізілген  инновациялық  іс  –  әрекеттің    толыққанды 
нәтижесін  көру    мақсатында  мектебімізде  2015  жылдан  бастап  жаңа  бағыттағы  мұғалім  
жұмысының    тиімділігін  бақылау  моделі  (бұдан  әрі  Модель)  әзірленді.Бұл  модел  мұғалім 
жұмысына  эвалюация  жасауды,  оның  қажеттілігі,  мұғалім  мәдениеті,  мектептің  дамуына 
мониторинг жүргізуді, кәсіби даму және жеке тұлғалық- кәсіби ахуал, кәсіби қоғамдастықты 
дамыту мәселелерін қарастыруды көздейді. Бұл Модель негізгі үш бағытты қамтиды: 
1.  Педагогикалық ұжымның өзіндік үздіксіз кәсіби дамына қолдау көрсету; 
2.  Мектептің даму іс- әрекеттерін бағалау; 


жүктеу 4,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   146




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау