«Өрлеу» біліктілік арттыру ұлттық орталығы ақ Қазақстан республикасы білім беру жүйесінің басшы жәНЕ



жүктеу 4,39 Mb.
Pdf просмотр
бет113/146
Дата20.11.2018
өлшемі4,39 Mb.
#22371
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   146

 
 
233 
 
беру саласында болып жатқан өзгерістер мен жаңалықтар аса маңызды және өте тиімді дер 
едім.  Оған  дәлел  Қазақстан  Республикасы  жалпы  білім  беру  ұйымдары  басшыларының 
біліктілігін арттыру курсының  бағдарламасы, деңгейлік курстың ұйымдастырылуы дер едім. 
Мектеп  басшыларының  осы  кәсіби  біліктілігін  арттыру  курсына  келгелі  көңіліме  түйгенім, 
үйренгенім,  өзім  үшін  алғаным  өте  көп.  Қазіргі  уақытта  деңгейлік  курстан  өтіп  келген 
мұғалімдердің  жұмыстарын  толық  түсініп,  бағыт-бағдар  беріп,  ынтымақтастықпен, 
шығармашылықпен  жұмыс  жасау  мектеп  өміріне  өзгеше  бір  серпіліс,өзгеріс  әкелгендей 
болды.  Курс  барысында  алған  теориялық  білім  мен  тәжірибені  бір  мақсат  жолында 
тоғыстыруды  ойладым.  Мектептегі  тәжірибе  кезеңінде  мектепті  дамыту  жоспарын  жүзеге 
асыру  барысында  коучингтер  мен  тренингтер,  шеберлік  сыныптар  мұғалімдерге, 
оқушыларға, ата-аналарға үлкен әсер етті. Топтық жұмыс барысында өзара ынтымақтастық, 
түсіністік,  бір-біріне  қолдау  көрсету,  үйренуге,  білуге  деген  талпыныс,  қызығушылық, 
шығармашылық  сияқты  жақсы  қасиеттердің  дамитынына  көзім  жетті.  Сабақ  барысында 
оқытудың  жеті  модулін  тиімді  пайдалана  отырып,  барлық  оқушыны  оқуға  қамту,  
белсенділіктерін  арттыру,  қызығушылықтарын  ояту,  сыни  тұрғыдан  ойлау,  өз  ойларын 
бүкпесіз  айту,  ізденімпаздықпен,  ұйымшылдықпен  жұмыс  жасау  сияқты  көптеген  жақсы 
қабілеттерді дамытуға мүмкіндік туатынын байқадым. 
Мектеп–үйрететін 
орта, 
оның 
жүрегі–мұғалім. 
Ізденімпаз 
мұғалімнің 
шығармашылығындағы ерекше тұсы–оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба 
білуі. Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім беру жүйесінде оқыту үдерісін, тың идеяларға 
негізделген  жаңа  мазмұнын  қамтамасыз  ету  міндеті  тұр.  Осыған  байланысты  қазіргі  таңда 
еліміздің  білім  беру  жүйесіндегі  реформалар  мен  сыңдарлы  саясаттар,  өзгерістер  мен 
жаңалықтар  әрбір  педагогтің  ойлауына,  өткені  мен  бүгіні,  келешегі  мен  болашағы  жайлы 
толғануына, жаңа идеялармен жұмыс жасауына негіз болары анық. 
Келер  ұрпаққа  қоғам  талабына  сай  тәрбие  мен  білім  беруде  мұғалімдердің 
инновациялық 
іс-әрекетінің 
ғылыми-педагогикалық 
негіздерін 
меңгеруі-маңызды 
мәселелердің  бірі.  Өзгермелі  заман  талабына  сай  жаңа  ақпараттық-коммуникативтік 
технологияларды  меңгеру  және  тәжірибеде  ұтымды  пайдалану,  оқушыларға  нәтижеге 
бағытталған  сапалы  білім  беру,  жан-жақты  дамыған  тұлға  қалыптастыру-әр  мұғалімнің 
басты  мақсаты.  Сондықтан  да  мектебіміздің  ұжымы  «Жаңа  ақпараттық  технологияға 
бейімделген білім беру жолдары арқылы оқушылардың  білім деңгейін көтеру» деген өзекті 
мәселені жүзеге асыру мақсатында жұмыс жасауда. Бүгінгі мақсат-әрбір оқушыға түбегейлі 
білім  мен  мәдениеттің  негіздерін  беру  және  олардың  жан-жақты  дамуына  қолайлы  жағдай 
жасау. Негізгі қағидалары: оқушыға  ізгілік тұрғысынан қарау; оқыту мен тәрбиенің бірлігі; 
оқушының танымдық күшін қалыптастыру және дамыту; оқушының  өз бетімен әрекеттену 
әдістерін  меңгерту;  оқушының    танымдық  және  шығармашылық  икемділігін  дамыту;  әр 
оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту; барлық оқушылардың дамуы 
үшін жүйелі жұмыс жасау;оқу үрдісін оқушылардың сезінуі. Әрбір педагогтің инновациялық 
іс-әрекетін  қалыптастырудың  педагогикалық  шарттары:  инновациялық    технологиялар 
туралы  білімі;  оны  жан-жақты  меңгеруі;  инновациялық  іс-әрекет  диагностикасын  меңгеруі; 
инновациялық  технологияларды  тәжірибеге  ендіру  жұмыстары;  инновацияны  тәжірибеде 
дұрыс  қолдану.  Инновациялық  технологияларды  қолдана  отырып  оқыту-таным  әрекетін 
ұйымдастырулың  ұтымды  формасы.  Мақсаты-оқу  үрдісінің  өнімділігін  арттыру. 
Инновациялық  технологияларды  қолдану:  оқып  үйрену,  меңгеру,  өмірге  ендіру,  дамыту 
кезеңдері арқылы жүзеге асырылады. 
Осы  орайда  білім  беруді  дамыту  жағдайында  ғылыми-әдістемелік  жұмысты  басқару 
қалай  жүзеге  асырылуда?  Ұрпақ  тәрбиесі  ұстаздардың  қолында  дегенмен,  білім  мекемесін 
тиімді  басқару  құзыреті  бүгінгі  әдіскердің  тұлғасы  мен  іс  –әрекетіне  өте  жоғары  талап 
қоюда.  Білім  саласын  басқарушы  шебер  ұйымдастырушы  болумен  қатар  ұжымның  кәсіби 
құзыреттілігін  жетілдіріп,  инновациялық  әдіс  –тәсілдерді  терең  меңгерген,  зиялылық  пен 
ізгілікті  бойына  жинаған,  жауапкершілік  пен  шығармашылық  қасиеттерді  бір  арнаға 


 
 
234 
 
тоғыстыра білетін тұлға болуы қажет. «Мұғалімнің айналысатыны – үнемі қозғалып, өзгеріп, 
өсетін,  өркендейтін  тірі  адам  болғандықтан,  біркелкі  табан  аумай  шектеліп  қалуға 
болмайды...  Сабақ  беру  үйреншікті  жай  шеберлік  емес,  ол  үнемі  жаңадан  жаңаны  табатын 
өнер...»,- дейді Ж. Аймауытов. Мұғалімдерге аса күрделі жауапкершілік өте жоғары міндет 
жүктеліп  отыр.  Ал  мұғалім  құзіреттілігін  қалыптастырып  шеберлігін  шыңдайтын  орта- 
мектептің ғылыми әдістемелік орталығы.  
Әдістемелік  жұмыс  –  педагог  кадрлардың  ғылыми-ілімдік,  кәсіптік,  әдістемелік, 
мәдени  деңгейін  сапалы  көтеру  бойынша  ұжымдық,  топтық,  жеке  жұмыстар  жүйесін 
қосатын  кешенді  және  шығармашылық  даму  үрдісі.  Ол  –  оқу-тәрбие  жұмысын  басқару, 
мұғалімдерді  жоғары  әдістемелік  мәдени  рухта  тәрбиелеу  және  өз  еңбегінің  сапасы  мен 
нәтижесінде  талап  қоя  білудің  маңызды  бағыты  –  оқыту  тәжірибесінде  ұтымды,  тиімді 
әдістерді  шығармашылықпен  игеру,  бұл  оқушылардың  танымдық,  ойлау  қызметін 
жандандырып, терең, берік білімді, іскерлік пен дағдыны қалыптастыратын болады.             
Мектебімізде алты әдістемелік пән бірлестігі мектеп жұмысын жандандыруда бірлесе 
еңбек етуде. Олар: «Асыл қазына» қазақ тілі мен әдебиеті, тарих, «Болащақ» ағылшын, орыс 
тілі,  «Шамшырақ»  бастауыш  сыныптар,  «Жаратылыстану»  география,  биология,  өзін  өзі 
тану,  «Эврика»  математика,  физика,  информатика  және  «Әсем  өнер»  дене  шынықтыру, 
технология,  бейнелеу  өнері  пән  бірлестіктері.  Шығармашылық  топтар  саны  үшеу.  Олар: 
«Зерде»  ,  «Шеберлер»,  «Қайнар».  Мектебіміз  аудан  көлемінде  озат  тәжірибені  тарату 
бойынша  тірек  мектебі  есебінде.  Көп  жылғы  тәжірибесі    бар,  шығармашыл  мұғалімдердің 
бастамасымен  «Қайнар»  озат  тәжірибені  насихаттау    мектебі  жұмыс  атқарады.  Жалпы 
алғанда, кез келген жұмыста белгілі бір жетістіктерге жету үшін оның өзіндік ұстанымдарын 
сақтау  қажет.  Бұл  жұмысты  ғылыми  негізде  жүргізудің  маңызды  шарттарының  бірі  болып 
табылады.  «Қайнар»  озат  тәжірибе  мектебінің  негізгі  мақсаты:    Мұғалімдердің  кәсіби 
құзыреттілігін  дамыту,    сабақта  және  сабақтан  тыс  уақытында  оқушылардың  негізгі 
құзыреттіліктерін  қалыптастыру  жұмыстарын  жүйелеу  талабы,  ұстаздардың  кәсіптік 
шеберлігін  арттыру  бағытында  үздіксіз  жұмыс  жүргізу,  озық  жұмыстарды  тарату. 
Талаптары:  
-әдістемелік  жұмыстың  ғылымилығы,  мұғалімдер  мамандығын  көтеру  жүйесінің 
қазіргі ғылым жетістіктеріне бағыт ұстауы,  
-әдістемелік  жұмыстың  жүйелілігі,  жүйенің  тұтастығы,  мақсат,  міндет,  мазмұн  мен 
жұмыс әдісінің бірлігі тиімді нәтижеге жетудің көрсеткіші ретінде қаралуы. 
-  әдістемелік  жұмыс  пен  мұғалімдердің  шығармашылық  ізденісінің  нәтижелі  болуы 
үшін қолайлы жағдайлар жасау.   
Мұғалімдердің  бастамасымен  құрылған    шығармашылық    мектептерінің    негізгі 
қызметі  мұғалімдердің  кәсіби  шеберліктерін  шыңдау,  озық  жұмыстарды  насихаттау. 
Насихаттак көздері: 
Шебер сыныптар, 
Дөңгелек үстелдер,  
Мектепішілік семинарлар, 
Аудандық іс-шараларға қатысу, 
Ғылыми-тәжірибелік конференциялар, 
Онлайн режиміндегі семинарлар, 
Коучингтер, 
Іскерлік ойындар. 
Аталған іс шаралардың нәтижесі  озат  тәжірибе мектебінен шыңдалып шыққан қазақ 
тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.Базарбаевамен, биология пәні мұғалімі А.Ыдырысбаеваның 
жұмыстары  2012  жылы  республикалық  ІІ  халықаралық  «Орта  білім  берудің  мазмұны: 
дәстүрлері  мен  өзгерістері»  тақырыбындағы  ғылыми-тәжірибелік  конференциясына 
қатысып,  өзекті  баяндамалары    мақалалар  жинағына,  2012  жылы  «Өрлеу»  БАҰО  АҚ 
филиалы  Жамбыл  облысы  бойынша  педагог    қызметкерлердің  біліктілігін  арттыру 


жүктеу 4,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   146




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау