№34 (7896)
8
23 тамыз,
2016 жыл
ЫРҒЫЗ СЕЛОСЫ
НАҒАШЫМЫЗ ЖАРБОСЫНОВ ҚАЖЫҒАЛИДЫ
ТУҒАН КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ.
Жан бауырым, Алатаудай асқақ басың,
Асқаралы 70-ке келді жасың.
70-те өмір белесі,
Қартайдым мен демеші.
Əке деген отбасы тұрағыңның,
Ұл-қызбен немереге толды қасың.
Тілейміз біз таусылмайтын төзімді,
Алла берген жасты жасап,
Арамызда аман-есен жүріңіз.
Тілек білдіруші: тəтең Сара, жиендерің Мұратбек-Нұрагүл,
Қуатбек-Гүлайна, Ботагөз-Абзал, Мөлдір, Шахназ, Шахнұр.
Ырғыз селосы
Сəрсенбаев көшесінің тұрғыны
Жолаев Есет Сағатұлын
25 жас – мүшел жасымен құттықтаймыз.
Əрдайым аспаның ашық, өмірде бақыт-
ты болып, көздеген арман-мұраттарыңа
жете бергейсің.
Бар бақытты тілейміз бір өзіңе,
Армандарың орындалсын бұл өмірде.
Денсаулығың мықты болып қашан да,
Жүре берші жадырап ортамызда.
Тілек білдірушілер: ата-анасы жəне бауырлары.
ЫРҒЫЗ СЕЛОСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
ƏЛТАЕВ БОЛАТБЕК
Сізді 60 жасқа толуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз.
Сіз өз мерейтойыңызға лайықты да қошеметтеуге тұрар
жетістіктермен келіп отырсыз. Сіздің өрелі істеріңізді ай-
тқанда ауыз толады. Өйткені, сіздің өміріңіз нағыз майтал-
ман маманның, ұлағатты əкенің, еліміздің абзал азаматы-
ның өнегесі. Шаңырағыңызда береке-бірлік, ырыс-ынтымақ
бола берсін. Бақытыңыз баянды, сау-саламат жүргейсіз.
Игі тілекпен: Ақши ауылынан іні-келініңіз Ғанибек-Əдеміау,
балаларыңыз Айдынбек, Шаттық, Мейіржан.
Құттықтау
Ырғыз селосы
Қаниұлы Нəдір
(11.08.1940 ж. – 28.08.2015 ж.)
Қаниұлы Нəдір –
ардақты əкем,
Бізді əрқашан
еркелетіп, мəпе-
леген.
Асқар тауым,
мақтанышым өзің
едің,
Ажалың алып
кетті сені бізден.
1 жыл өтті асқар
тауым құлағалы,
1 жыл өтті анам
іздеп жылағалы.
Əр күніміз сағынышпен өткенімен,
Жүрегіміз Əке деп соғады əлі.
Əкетайым, асылым, асқарым-ай,
Өте шықты бұл өмір қас-қағымда-ай.
Ұл-қызыңның қызығын көрер шақта,
Жер қойнына сұм ажал тастады-ай.
Тəрбиеңді көріп өстік жасымнан,
Ешкім сендей сипамаған басымнан.
Түсіне алмай қалдық Əке артыңда,
Кетуіңде болды-ау бізге тосыннан.
Сағындық біз өзіңді орның толмай,
Қойнына қара жердің сені қимай.
Аруағың біздерді жебей жүрсін,
Жан Əке, топырағың торқа болғай.
Еске алушылар: балалары, немерелері.
ЕСКЕ АЛУ
Ырғыз селосы
Мəдина
Сатыбалдиева
(21.08.1966 ж. – 8.02.2015 ж.)
Ардақты жар, аяулы
анамыз ортамызда
жүргенде 21 тамыз
күні 50 жасқа толған
туған күнін думан-
датып атап өтер
едік. Амал не, сұм
ажал арамыздан
ерте алып кетті.
Жатқан жерің
жайлы, топырағың
торқа болсын,
анашым!
Бақыт дейтін, бақыт бар ма жалғанда,
Көнеміз ғой тағдыр басқа салғанда.
Өзімізді санаушы едік бақытты,
Ақ анашым ортамызда болғанда.
Нұр жүзіңді күндіз, түні іздейміз,
Құлазыған, сарғайған бір күздейміз.
Бір жаратқан жар болып рухыңызды,
Пейіште орын берсін деп тілейміз.
Еске алушылар:
жолдасы Фазылбек, балалары,
немерелері.
Директор
Ғалымбек САРБУПИН
Газет Қазақстан Республикасының
Мəдениет жəне ақпарат министрлігінде
12.07.2012 жылы тіркеліп,
№12878-Г куəлігі берілген.
Тілші Тұрсынбек АҚДƏУЛЕТОВ
Дизайнер Нұргүл ҚҰЛМАҒАНБЕТОВА
Бас есепші Салтанат ҚОШҚАРОВА
Мекен-жайы: 030400, Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Ырғыз селосы, Амангелді көшесі, 3.
Байланыс телефоны: 8-(713-43)-21-4-98 (факс) Электронды пошта: irgizg@mail.ru
Газет жарияланымындағы автор пікірі редакцияның түпкілікті көзқарасы болып
есептелмейді.
Жарнама мен хабарландырулардың мазмұны мен мəтініне жарнама беруші жауапты.
Газет аптасына бір рет шығады.
Таралымы 1571 дана.
Тапсырыс №1319
Көлемі 1 баспа табақ,
ИНДЕКСІ 65511
«А-Полиграфия» баспаханасында
басылды. Ақтөбе қаласы,
Т.Рысқұлов көшесі, 190.
Басылу сапасы жөнінде
56-21-54 телефонына хабарласуға
болады.
Меншік иесі:
«Аудандық «Ырғыз» газеті ЖШС
Редактор Марат МЫРЗАЛЫ
Газет - халыќтыѕ кґзі, ќўлаєы ћəм тілі.
(А.Байтұрсынов)
Аудандыќ ќоєамдыќ - саяси газет
№34 (7896)
23 тамыз, сейсенбі 2016 жыл
Қазақстан
Республикасының
Тəуелсіздігіне 25 жыл
www.gismeteo.kz
Бейсенбі
25 тамыз
Ауа температурасы
Күндіз...+31, түнде...+20
Күн ашық
Сəрсенбі
24 тамыз
Ауа температурасы
Күндіз...+30, түнде...+19
Күн ашық
Жұма
26 тамыз
Ауа температурасы
Күндіз...+32, түнде...+20
Күн ашық, аздап бұлттананады
Жексенбі
28 тамыз
Ауа температурасы
Күндіз...+27, түнде...+24
Күн ашық
Дүйсенбі
29 тамыз
Ауа температурасы
Күндіз...+30, түнде...+20
Күн ашық
Сейсенбі
30 тамыз
Ауа температурасы
Күндіз...+23, түнде...+22
Күн ашық
Сенбі
27 тамыз
Ауа температурасы
Күндіз...+34, түнде...+22
Күн ашық
Ауа райы
БОЛЖАМЫ
Өзекті мәселелер
ҚАРАЛДЫ
Жақында өткен аудан əкімді-
гінің кеңейтілген мəжілісінде бірқа-
тар өзекті мəселелер қаралды.
Аудандық экономика жəне бюд-
жеттік жоспарлау бөлімінің басшы-
сы Г.Жансүгірова аудан əкімінің
2016 жылдың қаңтар-ақпан айын-
дағы есебі барысында айтылған
тұрғындардың жəне мəслихат де-
путаттарының ұсыныстары мен
ескертулерін іске асыру жөніндегі
іс-шаралар жоспарының орында-
луы туралы хабарлама жасады.
Аудандық қаржы бөлімінің комму-
налдық меншік есебінде тұрған
объектілерді құжаттандыру жəне
аукцион өткізу мəселелері туралы
аудандық қаржы бөлімінің басшысы
Ə.Аяпберген баяндады. Бұл аудан-
дық құрылыс, сəулет, тұрғын үй-ком-
муналдық шаруашылығы, жола-
ушылар көлігі жəне автомобиль
жолдары бөлімінің басшысы Ж.Қай-
ыровтың қысқы қатты жəне сұйық
отындардың тасылу барысы жəне
жылу қазандықтарының жылу беру
маусымына дайындықтары жайлы
хабарламасына орай айтылды. Ау-
дандық білім бөлімі басшысының
міндетін уақытша атқарушы А.Бек-
ниязова білім қызметкерлерінің ау-
дандық тамыз мəслихатын өткізу
жəне жаңа оқу жылына дайындық
жұмыстарының барысына тоқтал-
ды.
Бұдан бөлек дін мəселесі, мем-
лекеттік бағдарламалардың орын-
далуы, жергілікті өзін-өзі басқарудың
қолма қол шотына кіріс шығысының
орындалуы, басқа да мəселелер
жөнінде сөз қозғалды. Аудан əкімі
М.Елеусізов ауылдық округ əкімдері
мен мекеме басшыларына нақты
тапсырмалар жүктеді. Округ əкімдері-
не білім беру ұйымдарының жылу қа-
зандықтарының дайындығына көңіл
бөлу, мемлекеттік бағдарламалар-
дың уақытында орындалуын қамта-
масыз ету, діни ахуалды күнделікті
бақылауда ұстау тапсырылды.
ШАБЫНДЫҚТА
ЖҰМЫС ҚЫЗҒАН ШАҚ
«Қыстың қамын жаз да
ойла» дегендей, жайма шуақ
жаз маусымы аяқталып, күздің
алғашқы айы да келіп жетті.
Жиын-терін
мен
тынымсыз
еңбектің қызған шағы. Ауыл
шаруашылығы, соның ішінде мал
шаруашылығымен айналысатын
біздің ауданымыз үшін қыстық мал
азығын дайындаудың маңызды
екені ақиқат.
Мал
азығын
дайындау
жұмыстары тылсым табиғатқа
тəуелді десек, табиғат ана
өңірімізге
биылғы
жылы
қарасқандай болып тұр. Қолайлы
сəтті пайдаланып, уақытында
қимылдаған
шаруаға
мол
мүмкіндік те жоқ емес. Қазір ауыл
шаруашылығы жерлеріне деген
сұраныс артып, мал басы жылдан-
жылға көбейіп келеді. Мал
басының артуы мал азығының
мол қорын қажет ететіні белгілі.
Осы
орайда
ауданда
мал
азығын
дайындаудың
барысы
туралы
аудандық
ауыл шаруашылығы бөлімінің
мəліметтерін таразыласақ. Аудан
бойынша мал азығын дайындауға
151
ауыл
шаруашылығы
құрылымдары қатысып, межелі
жұмыстар орындалуда. Мəселен,
үстіміздегі
жылдың
тамыз
айына дейін ауданда 147666
тонна мал азығы дайындалып,
жылдық жоспар 100,6 пайызға
орындалған. Оның ішінде
124131 тонна мал азығы тасылын
алынған.
Ш а р у а ш ы л ы қ
құрылымдарымен қатар, ауыл
тұрғындарын
мал
азығымен
қамтамасыз ету мақсатында
да кəсіпкерлермен келіссөздер
жүргізіліп, бағаны тұрақтандыру
мақсатында
да
жұмыстар
жүргізілуде. Бүгінгі таңда аудан
орталығында шөптің тоннасы
9000 теңгеден, немесе 100 дана
тайланған шөп (тюк) 18000
теңгеден сатылуда. Мал азығын
дайындау жұмыстары одан əрі
жалғасын табуда.
Т.Бек
2 қыркүйек 2016 жыл
10.00 – «Тарихқа тағзым». Қазақстан мен
Ресей арасындағы достық келісімге қол
қойылуының 285 жылдығына орай Ақтөбе
қаласындағы Əбілқайыр хан ескерткішіне
гүл шоқтарын қою рəсімі.
11.00 – «Ғұмырын халқына арнаған
қайраткер» атты облыстық өнер музейінде
мемлекет
қайраткері
Ұ.Құлымбетовтің
туғанына 125 жыл толуына арналған
мəдени-танымдық шара.
15.00 – «Туған жерім – тұғырым» атты
С.Бəйішев атындағы облыстық ғылыми-
əмбебап кітапханасында Ырғыз ауданында
туып-өскен ғылым-білім, əдебиет, өнер
саласындағы еңбек сіңірген тұлғалармен
кездесу.
18.00 – Ырғыз халық театрының
«Жүрейік жүрек ауыртпай» атты Бексұлтан
Жəкиевтің драмасының «Алақай» қуыршақ
театрындағы қойылымы.
3 қыркүйек 2016 жыл
9.00 – «Табыс» коммуналдық базарында
ауыл шаруашылығы өнімдерінің жəрмеңкесі,
аудан өнерпаздарының концерті.
11.00
–
«Үміт»
балалар
үйінің
тəрбиеленушілеріне
арналған
қайырымдылық шаралары.
– Алға балалар үйінің тəрбиеленушілеріне
арналған қайырымдылық шаралары.
–
«Жайсаң»
балалар
үйінің
тəрбиеленушілеріне
арналған
қайырымдылық шаралары.
19.00 – Тұңғыш Президент атындағы
орталық саябақта:
Өндірушілердің жəне халықтық қолөнер
бұйымдарының көрмесі, ұлттық спорттық
ойындар
«Жармола
жаңғырығы»
атты
театрландырылған көрініс
20.00 – «Ырғызым – ырысым» атты
аудан көркемөнерпаздары мен ырғыздық
жерлестердің бірлескен мерекелік Гала
концерті.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің
25 жылдық мерейтойына арналған
«Туған жерім – нұрлы елім» атты
Ақтөбе қаласында өтетін Ырғыз ауданының
күндері аясындағы
МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРАЛАР БАҒДАРЛАМАСЫ
Жуырда аудан орталығындағы Ы. Алтын-
сарин атындағы орта мектебінің кеңес за-
лында түрлі педагогикалық оқу орындарын
бітірген, сондай-ақ мамандығы бойынша
еңбекке орналасқысы келетін жас маман-
дарды жұмысқа орналастыру жəрмеңкесі
өтті. Бұл басқосуды кіріспе сөзбен ашқан
аудандық білім бөлімінің басшысы Н. Жүсіп
биылғы жаңа оқу жылынан бастап Ырғыз
ауылдық округіне қарасты Қалалыкөл
бастауыш мектебінің жабылғанын айтты.
Сондықтан алғашқы кезекте осы жабылған
мектептің мұғалімдеріне жəне оқу орын-
дарын грантпен бітірген жас мамандарға
жұмыс ұсынылды. Қалалыкөл бастауыш
мектебінде қызмет жасаған Сания Картано-
ва Ө.Қанахин атындағы орта мектепке өз
мамандығы бойынша орналасты. Ал, өзге
мамандар ұсынылған ауыл мектептерінде
қызмет жасаудан бас тартты.
Аудандық білім бөлімінің басшысы сөзін-
де мектептерде математика, физика, химия,
орыс тілі мамандықтарына сұраныстың ба-
сымдығын аңғартып өтті. Жастар өңірімізде
мол сұранысқа ие мамандықтарды игеруге
құлшынбайды. Жас мамандарды жұмысқа
орналастыру жəрмеңкесіне колледжден
дене тəрбиесі пəні бойынша бітірген 16
жас, мектепке дейінгі тəрбие жəне оқы-
ту бойынша 11 жас, бастауыш сынып
мұғалімдігіне 10 жас мамандығы бойынша
жұмысқа тұруға тілек білдірді. Алайда, бір-
келкі мамандықтарды игерген жастардың
барлығын бірдей жұмысқа орналастыру
мүмкін еместігі түсінікті мəселе.
Осыдан келіп мектептерге қажетті ма-
мандарды сырттан шақыртуға тура келеді
Мəселен, Аманкөл ауылындағы Т. Жаман-
мұрынов атындағы орта мектепке Ақтөбе
қаласынан Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе
мемлекеттік университетін химия пəні ма-
мандығы бойынша бітірген Өмірбек Өмір-
зақов, Қарасай негізгі мектебіне аталмыш
оқу орынын психология мамандығы бойын-
ша бітірген тағы бір ақтөбелік Шынар Жа-
сағанбергенова жұмысқа тұрды. Түркістан
қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи атындағы
Халықаралық Қазақ-Түрік университетін фи-
зика пəні мамандығы бойынша бітірген қос
маман Жаңылсын Дəрібай М. Төлегенов
атындағы орта мектепке, Арайлым Дəурен-
бекова Құйлыс орта мектебіне жұмысқа
орналасты. Екі жас маман да Оңтүстік Қа-
зақстан облысының Отырар ауданының
тұрғындары. Математика пəні мұғалімдері
болып Т.Жаманмұрынов атындағы орта мек-
тепке Ақтөбе қаласынан келген Гүлсана
Шажархан, Қалыбай негізгі мектебіне облы-
сымыздың Байғанин ауданынан Ақбота Егіз-
бай жұмысқа кірді. Ырғыздық Айдана Тайыр
Қалыбай негізгі мектебіне орыс тілі пəнінен
мұғалім болуға келісімін берді. Осылайша
жиырма бес маман жұмысқа орналасты.
Жоғарыда атап өткендей, көптеген жас
мамандар тек Ырғызда ғана еңбек етуді
қалап, шалғай ауыл мектептеріне барудан
қашқақтайды. Оның есесіне мектептерге
қажет мамандар сырттан келуге мəжбүр.
Жастар мамандық таңдауда қателеспеген-
дері жөн болар еді. Білімді, өз мамандығын
терең игерген мамандарға қашан да жол
ашық.
М.ҚАПАНҰЛЫ
Жұмысқа келді
жас маман...
Нұра ауылында 2003 жылы шыққан «ВАЗ – 2107»
автокөлігі сатылады. Бағасы келісім бойынша.
Малға да айырбастауға болады.
Байланыс телефондары: 8-707-851-08-27, 8-705-505-55-27
Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесі №64 (а) үйінде орналасқан
3 бөлмелі пəтерді ұзақ мерзімге жалға беремін. Мекен-жайы:
«Молодежный» аялдамасы.
Байланыс телефондары: 8-705-479-37-48, 8-775-724-24-10.
САТЫЛАДЫ
ХАБАРЛАНДЫРУ