Орындаған: Қабдулқақ Ануар



жүктеу 105,26 Kb.
Дата17.01.2022
өлшемі105,26 Kb.
#33028
СРС2


Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті



СӨЖ

Тақырыбы: Күрделі беттегі сұйықтың қысым күшін анықтаудың графоаналитикалық әдісі

Орындаған: Қабдулқақ Ануар

Тексерген: Байжуманов Кадирбек



Алматы 2020

Күрделі беттегі сұйықтың қысым күшін анықтаудың графоаналитикалық әдісі
Қисықсызықты беттердегі сұйық қысымының нәтижелік күші үш өзара перпендикуляр құраушылар арқылы Рx, Рy, Рz, ал техникада кеңінен қолданылатын (сфера, цилиндр, конус, тор және тб.) қисық беттердің қарапайым түрлері үшін – екі құраушылар: горизонталь және вертикаль Рx және Рz арқылы көрсетілуі мүмкін. Горизонталь құраушы қисысызықты беттің вертикаль проекциясындағы қысым күшіне тең. Вертикаль құраушыны анықтау «қысым денесі» деген түсінікпен байланысты, ол қисықсызықты бетте орналасқан сұйықтың нақты көлемін көрсетеді. Қысым күшінің вертикаль құраушысы қысым денесінің бар көлемін алатын сұйықтың салмағына тең.

Горизонталь құраушының қозғалыс сызығы қисықсызықты беттің вертикаль проекцияның қысым центрі арқылы өтеді, ал вертикаль құраушының қозғалыс сызығы – қысым денесінің ауырлық центрі арқылы өтеді.

Графоаналитикалық тәсілде сұйық құйылған дененің контурына қысымның таралу заңдылығын көрсететін қысым эпюрларын тұрғызады. Қысым күші кеңістіктік эпюрлар көлеміне тең, ал оның векторы осы эпюрдің ауырлық центрі арқылы өтеді. Эпюр дегеніміз кеңістіктік фигураны ортогональ проекциялау тәсілі арқылы бейнелейтін сызба.

Сұйықтың артылған қысымы əсерiне тұрған цилиндр түрiндегi АВ қисықбеттi қарастырамыз.

Бұл беттен кiшкентай ғана элементар ауданын бөлiп аламыз. Оған нормаль бойымен бағытталған элементарлы dP қысым күшi əсер етедi. dP екi бөлiкке жiктеймiз: горизонталь dPх және вертикаль dPz. dP күшiнiң горизонталь х осiне көлбеулiк бұрышы α белгiлеп жазамыз. Сонда алатынымыз:

dP x = dP cosα жəне dpz = dP sinα

Мұнда, dР = pdω , p - элементарлы аудан dω бетiне бiркелкi таралған қысым.

Егер dω ауданның ауырлық орталығы су бетiнен z тереңдiкке болса, онда p = γz деп ауыстырып, жазамыз.

dP = γzdω

dPz = γ z dωsinα

dωcosα = dωz жəне dωsinα = dωx деп ауыстырып,

dPx= γzdωz жəне dPz= γzdωx

Жазылған өрнектiң бүкiл ω ауданы бойынша интеграл алатын болсақ, Рх жəне Рz мəндерiн аламыз.



Рх= γ

Мына өрнектен көретiнiмiздей қысым күшiнiң горизонталь бөлiгi гидростатикалық қысым күшiнiң АВ цилиндрлiк беттiң вертикаль проекциясына көбейтiндiсiне тең.



Рz= γ

Мұнда, W - АОВ-ның көлемi, ол қысым денесi деп аталады. Рz күшінің түсу нүктесі АОВ көлемінің ауырлық орталығына сəйкес келеді.

Демек, артылған гидростатикалық қысымның вертикаль бөлiгi цилиндрлiк бетпен, оның вертикаль проекциясымен жəне сұйықтың еркiн бетiмен шектелетін сұйық көлемiне тең.

Қорытынды қысым горизонталь жəне вертикаль бөлiктерiне геометриялық суммасы есебiнде анықтады.



P=

Р-ның бағыты өрнегімен анықталады. Мұнда β қорытынды қысым бағыты мен су горизонтының арасындағы бұрыш.

Қысым денесі- сұйықтың еркін беті шектелген (пьезометриялік жазықтық) қисық сызықты беттің контуры арқылы өтетін вертикальды жобалаушы жазықтық және қисық сызықты бет көлемі.

Қысым денесі шартты түрде, егер оның көлемі сұйық толтырылған



қабырғаға іргелес болса нақты болып есептелді, бұл жерде құраушы Pz төмен қарай бағытталады. Қысым денесі шартты түрде, егер оның көлемі сұйық толтырылмаған қабырғаға іргелес болса, жалған болып есептеледі, бұл жерде құраушы Pz жоғары қарай бағытталады.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. «Гидравлика» - Ш. Сүгіров, 1988.

  2. Ауланбергенов Ə.А., Сейтасанов И.С., Жандаулетова Ф.Р. «ГИДРАВЛИКА» оқу құралы



жүктеу 105,26 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау