Б
Орал қаласының экономикасы
АҒАЛАР
Батыс Қазақстан облысы статистика департаментінің мәліметтеріне сәйкес барлық тауарлар мен қызметтердің жалпы тұтыну құн индексі 2016 жылдың желтоқсанында өткен аймен салыстарғанда 101,2%, 2015 жылдың желтоқсанымен айымен салыстырғанда 108,7% құрады, оның ішінде азық-түлік тауарларына тұтыну құн индексі 102,3% сәйкесінше 109,6% құрап отыр.
2016 жылғы желтоқсанда облыстың тұтыну рыногындағы тауарлар мен қызметтердің бағасы 2015 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 8,7%-ға өсті.
Үстіміздегі жылғы желтоқсанда азық-түлік тауарларының баға индексі 102,3% құрады. Балық және теңіз өнімдерінің бағасы - 0,8%-ға, жұмыртқа - 1,3%-ға, құс еті - 3%-ға, нан - 9%-ға, жемістер мен көкөністер - 10,5%-ға қымбаттады. Картоп - 13,7%-ға қымбаттады. Құмшекер бағасы - 0,9%-ға, қарақұмық жармасы - 4,4%-ға арзандады.
Үстіміздегі жылғы желтоқсанда азық-түлік емес тауарлардың бағасы 1,2%-ға өсті, бұл киім және аяқ киім бағасының 0,7%-ға, фармацевтикалық өнімдер - 0,9%-ға, жеке пайдалануға арналған тауарлар - 1,8%-ға, жуу және тазалау құралдары - 2,4%-ға, құрылыс материалдары - 2,6%-ға өсуімен белгіленген. Дизель отыны - 1,5%-ға, бензин -2,3%-ға қымбаттады.
2016 жылғы желтоқсанда ақылы қызметтерге бағалар мен тарифтер өзгеріссіз қалды, сонымен бірге жолаушылардың темір жол көлігі қызметінің бағасы 1,3%-ға қымбаттады, жолаушылардың әуе көлігі қызметі - 1,8%-ға арзандады.
Батыс Қазақстан аймағының (Ақтөбе, Атырау, Ақтау) қалаларымен Орал қаласын саластырғанда 2016 жылдың желтоқсанында 18 позициядан статистика органымен сарапталған азық-түлік тауарлар топтары ішінде 10 атауы бағасы кем болып тұр.
Н
Орал қаласының экономикасы
ЕГІЗГІ КАПИТАЛҒА ИНВЕСТИЦИЯ
млн. теңге
И
Орал қаласының экономикасы
НВЕСТИЦИЯ
Есепті кезеңде негізгі капиталға тартылған қала инвестициясының көлемі 52407,9 млн. теңгені, алдыңғы жылға 89,5% құрап отыр.
Соның ішінде: республикалық бюджет арқылы-5613,9 млн.теңге немесе былтырғы жылға-37% құрады (2015 жылдың қаңтар-желтоқсанға15326,4 млн. теңге).
Жергілікті бюджет қаражатынан инвестиция көлемі былтырғы жылмен салыстырғанда 15% көбейіп, 6418,9 млн.теңге құрады (2015 жылдың қаңтар- желтоқсанға -5580,5 млн теңге).
Шетел инвестициясың қоса ұйымдар мен кәсіпорындардың есебінен 5% көбейіп 34747,6 млн.теңге құрады, ол жалпы инвестицияның 66% құрап отыр. (2015 жылдың қаңтар- желтоқсанға -33109,1 млн.теңге ).
Басқа да қарыз қаражаты есебінен – 5627,5 млн. теңге, алдынғы жылға 124% құрап отыр(2015 жылдың қаңтар- желтоқсанға -4528,1 млн.теңге ).
Республикалық бюджет арқылы коммуналдық шаруашылық және сумен жабдықтау және су бұру жүйелері, коммуналдық және несиелік үйлердің құрылысы, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілуде.
7 шағынауданда республикалық қаражат есебінен 300 орындық коппрофилді қалалық аурухана іске қосылды.
Шетел инвестициялық есебінен Жастар және оқушылар Сарайы салынып, іске қосылды.
Жеке қаражаты есебінен нақты құны 4,9 млрд. теңгені құрайтын 51 нысан іске қосылды, соның ішінде: 4 сауда үйі, 10 кеңсе, иілген болат профильдерді өндіру бойынша кәсіпорын(«Таукел» ЖШС), сэндвич панельдерді өндіру бойынша( «Агрон» ЖШСҚ), тауарлық бетон өндіру бойынша («Таукел» ЖШС), қатырма қағаздан жасайтын қораптар мекемесі, 8 шагынмаркет, 3 асхана, 7 кафе, қоймалар-2, аялдама комплексі, медициналық орталық, 80 орындық монша, 3 ойын залы, қонақ үй және гараж.
Есепті кезеңге құрылыс жұмыстарының көлемі – 20882,6 млн. теңге құрады, былтырғы жылға 82,4% құрап отыр.
Орал қаласының экономикасы
Барлық қаржыландыру көздері есебінен алаңы 191812 шаршы метр 2008 пәтер іске қосылды, былтырғы жылға-122,3% құрайды. Оның ішінде: жұртшылық есебінен - 753пәтер немесе 85408 шаршы метр, былтырғы жылға 97,3% құрап отыр.
Республикалық және жергілікті бюджет есебінен жалпы ауматы 18071,3 ш.м.құрайтын екі үй тапсырылды(Орал қаласының Орал-Атырау, Орал-Саратов тас жолдары аралығында орналасқан көп қабатты тұрғын үйлер ТЖЖ-сы жаңа шағынауданындағы Дақ№13 бес қабатты 90 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы және Орал қаласының Орал-Атырау, Орал-Саратов тас жолдары аралығында орналасқан көп қабатты тұрғын үйлер ТЖЖ-сы жаңа шағынауданындағы Дақ №32 9- қабатты тұрғын үйлер-10 кешен).
Есепті кезеңде тұрғын үй құрылысына 16315,6 млн. теңге бағытталды (122%), соның ішінде: мемлекеттік меншік 2020,2 млн. теңге, жеке меншік – 14283,9 млн. теңге, қарыздар 12430 млн теңге.
Тұрғын үйдің жалпы алаңының 1 шаршы метрінің орташа нақты құны 84,5 мың теңге құрады (былтырғы жылға 110,2%). Соның ішінде: жұртшылық есебінен – 81 мың теңге құрады (былтырғы жылға 110,2%).
Орал қаласының экономикасы
БЮДЖЕТ ТАБЫСТАРЫ млн.теңге
Достарыңызбен бөлісу: |