1-ші тарау – Сәулелендіру құралының жұмыс істеу реті
1.6
бөлімі
– Ескертулер
1-10
7-ші тарау: ТЕХНИКАЛЫҚ ШАРТТАР
ЕСКЕРТУ Осы нұсқаулықта сипатталған керек-жарақтар
мен кабельдерді ішкі құрамдас бөліктердің қосалқы
бөлшектері ретінде пайдалану сəулеленудің ұлғаюына
немесе сəулелендіру құралдарының кедергілерге
төзімділігін төмендетуі мүмкін.
7.2 бөлімі
–
Сәулелендіру құралының стандарттарға
сәйкестігі
ЕСКЕРТУ Өзге өндірушінің жабдығымен бірге қойылған немесе
қасында орналасқан сəулелендіру құралдарын
пайдалануға тиым салынады. Егер жабдықтың қасына
немесе үстіне қойылған конфигурациясын пайдалану
қажет болса, сəулелендіру құралдарының жұмысын
қадағалап, қолданылатын конфигурацияны қалыпты
түрде пайдаланудың мүмкіндігіне көз жеткізу қажет.
7.2 бөлімі
–
Сәулелендіру құралының стандарттарға
сәйкестігі
ЕСКЕРТУ Электростатикалық зарядтың əсері туралы ескертетін
таңбалармен белгіленген қосылғыштардың түйіспе
темірлеріне қол тигізуге тиым салынады жəне осы
қосылғыштарға сақтық шаралары орындалғанға
дейін қосылуға рұқсат жоқ.
Сақтық шараларына мыналар кіреді:
- электростатикалық зарядтың жиналуын
болдырмайтын əдістер (мысалы, ауаны баптау
жүйелері, ылғалдану, ток жүргізетін материалдардан
жасалған еден төсеніштерін пайдалану, синтетикалық
емес киім-кешек);
- адам бойындағы зарядты ЖАБДЫҚ немесе ЖҮЙЕНІҢ
корпусына, жерге немесе металдан жасалған үлкен
нысанға өткізу;
- ЖАБДЫҚҚА, ЖҮЙЕГЕ немесе жерге тұйықтайтын
қасиеті бар антистатикалық білезік тағу.
7.2 бөлімі
–
Сәулелендіру құралының стандарттарға
сәйкестігі
ЕСКЕРТУ Сəулелендіру құралын қуат көзіне жалғау жəне жерге
тұйықтау əрекеттерін тиісті стандарттарға сай
орындау қажет.
7.3 бөлімі
–
Сәулелендіру құралына қойылатын талаптар
MAN-KZ 00001, v3.0
1-ші тарау – Сәулелендіру құралының жұмыс істеу реті
1.7 бөлімі
– Сақтық ескертулері
1-12
6-шы тарау: ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ, ТАСЫМАЛДАУ
ЖӘНЕ САҚТАУ, КЕПІЛДІК ЖӘНЕ КҮТІМ КӨРСЕТУ
САҚ БОЛЫҢЫЗ Сәулелендіру құралында конденсациялану болған
жағдайда, оны пайдаланбаңыз. 80%
-дан жоғары
ылғалдылық құрылғының құрамдас бөліктерінің
жарамдылық мерзімін қысқартуы мүмкін.
6.2 бөлімі
–
Сәулелендіру құралына лайықты орын таңдау
САҚ БОЛЫҢЫЗ Мақұлданбаған ерітінділер зақымдануға әкелу
мүмкіндігіне байланысты, науаны тазалау және
залалсыздандыру үшін мақұлданған ерітінділерді ғана
пайдаланыңыз
.
6.3 бөлімі
–
Сәулелендіру құралын тазалау
САҚ БОЛЫҢЫЗ Сәулелендіру құралы науасының қандай да бір бөлігі
зақымданған (шытынаған, сызылған немесе буланған)
жағдайда, науаны ауыстыру үшін техникалық қолдау
көрсету қызметінің өкіліне хабарласыңыз. Науа
зақымданған болса, сәулелендіру құралын
пайдаланбаңыз.
6.3 бөлімі
–
Сәулелендіру құралын тазалау
7-ші тарау: ТЕХНИКАЛЫҚ ШАРТТАР
САҚ БОЛЫҢЫЗ Сәулелендіру құралдарымен жұмыс жасаған кезде
электромагнитті (ЭМС) сәйкестікке қатысты арнайы
сақтық шараларын қолданған жөн. Сәулелендіру
құралдарын жоғарыдағы кестелерде берілген ЭМС
қатысты ақпаратқа сай орнату және пайдалану қажет.
7.2 бөлімі
–
Сәулелендіру құралының стандарттарға
сәйкестігі
САҚ БОЛЫҢЫЗ Радиожиілікті диапазонға негізделетін тасымалдауға
ыңғайлы және мобильді байланыс құралдары
сәулелендіру құралының электронды құрылғыларының
жұмысына кедергі келтіруі және сәулелендірудің
тоқтауына әкелу арқылы әсер етуі мүмкін.
7.2 бөлімі
–
Сәулелендіру құралының стандарттарға
сәйкестігі
САҚ БОЛЫҢЫЗ Егер шамды ауыстырғаннан кейін тез еритін
сақтандырғыш жарамсыз болса, сәулелендіру құралын
одан әрі пайдалануға тиым салынады. Көмек алу үшін
қызмет көрсету өкіліне хабарласыңыз.
7.3 бөлімі
–
Сәулелендіру құралына қойылатын талаптар
САҚ БОЛЫҢЫЗ Codabar (Monarch 11 және UKBTS кодтарынан басқа)
штрихкод жүйесін пайдаланған кезде, сәулелендіру
құралы сканерленген деректердің тұтастығын бағалай
алмайды. Сканерленген деректердің сәулелендіру
құралының бейнебетінде көрсетіліп тұрған мәліметпен
сәйкестігін тексеріңіз.
7.4 бөлімі
–
Штрихкодтың сәйкестігі
MAN-KZ 00001, v3.0