3-ші тарау – Сəулелендіру құралының сипаттамасы
3.5 бөлімі – Сəулелендіру құралының есігі жəне суырмасы
3-13
Бір қан препараты мен өңдеуге арналған жинақ алдыңғы, 1-ші камераға
салынады. Сəулелендіру контейнерінің ішіндегі қан препараты камераның
сол жағына, ал жинақтың қалған бөлігі камераның оң жағына салынады.
Екінші қан препараты жəне жинақ артқы, 2-ші камераға салынады.
Сəулелендіру контейнері сол жақта, жинақ оң жақта болады.
Қалыпты жағдайда, тек бір қан препаратын сəулелендіріп жатсаңыз,
оны алдыңғы камераға қою қажет. Егер де алдыңғы камера дұрыс жұмыс
жасамаса жəне оны пайдалану мүмкін болмаса, онда бір қан препаратын
артқы камерада сəулелендіруге болады.
Ақырғы сақтауға арналған контейнерлердің бірінде жазылған INTERCEPT
жинақтарының кодтарын сəулелендіру құралына сканерлеу кезінде,
сəулелендіру құралы берілуі тиіс сəулелендіру дозасын анықтайды.
Төменде дозалары жəне өңдеу уақыты шамамен берілген:
Дозасы
Өңдеу уақыты
• Үлкен мөлшердегі
3,5 – 4,3 Дж/см
2
4 - 6 минут
тромбоциттер жинағы
• Кіші мөлшердегі
3,2 – 4,0 Дж/см
2
4 - 6 минут
тромбоциттер жинағы
• Плазма жинағы
5,8 – 7,0 Дж/см
2
6 - 8 минут
Өңдеу дозасын екі ондық деңгейге дейінгі дəлдікпен көрсетуге болады.
Егер екі түрлі қап препараттары бар болса, сəулелендіру құралы өңдеуді
бастамайды.
ЕСКЕРТПЕ: Екі контейнерді бір уақытта сəулелендіруге болады, бірақ
олар жинақ кодының бірдей түрін қамтуы тиіс. Мысалы,
үлкен көлемді жəне кіші көлемді тромбоциттер жинағын бір
сəулелендіру циклы барысында сəулелендіруге болмайды. Бір
сəулелендіру циклы кезінде бір плазма контейнерін жəне бір
тромбоциттер контейнерін сəулелендіруге болмайды.
MAN-KZ 00001, v3.0
3-ші тарау – Сəулелендіру құралының сипаттамасы
3.5 бөлімі – Сəулелендіру құралының есігі жəне суырмасы
3-14
Жинаққа салу жəне оны боcату, сондай-ақ, науаны тазалауды жеңілдету
үшін сəулелендіру құралының науаларын төмен еңкейтуге болады.
Төмендегі нұсқауларды орындаңыз:
1. Сəулелендіру құралының алдыңғы есігін ашыңыз.
2. Суырманы шығарыңыз.
3. Сəулелендіру құралының суырмасының қақпағын ашыңыз.
4. Суырманы төмен қарай еңкейту үшін шарнир таңбасы бар ақ түсті
түймешікті басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Науа, қан препараты аққан жағдайда, оның толық мөлшерін
ұстап қалатындай жасалған.
MAN-KZ 00001, v3.0
3-ші тарау – Сəулелендіру құралының сипаттамасы
3.5 бөлімі – Сəулелендіру құралының есігі жəне суырмасы
3-15
5. Суырманы жабу үшін суырманы көлденең күйге жеткенше бұрыңыз.
«Тырс» еткен дыбыс шығуы қажет.
6. Суырма көлденең күйге келгенде, суырманың қақпағын жабыңыз.
7. Суырманы сəулелендіру құралының ішіне қайтадан салыңыз.
8. Сəулелендіру құралының есігін жабыңыз.
САҚ БОЛЫҢЫЗ Сəулелендіру құралы науасының қандай да бір бөлігі
зақымданған (шытынаған, сызылған немесе буланған)
жағдайда, науаны ауыстыру үшін техникалық қолдау
көрсету қызметінің өкіліне хабарласыңыз. Науа
зақымданған болса, сəулелендіру құралын
пайдаланбаңыз.
ЕСКЕРТУ Қан препараты науа ішіне аққан жағдайда, суырманы
еңкейту қан препаратының сыртқа төгілуіне əкелуі
ықтимал. Науа оператордың көз деңгейінен жоғары
орналасқан болса, суырманы еңкейту кезінде оператор
қорғаныш көзілдірігін тағуы тиіс.
ЕСКЕРТУ Ультракүлгін сəуле алу кезінде амотосаленнің теріге тиюі
сəуле сезгіштікке əкелуі мүмкін. Егер теріге тисе, терідегі
тиген аумақты сумен жақсылап шайыңыз.
MAN-KZ 00001, v3.0
3-ші тарау – Сəулелендіру құралының сипаттамасы
3.6 бөлімі – Сəулелендіру құралының орнатымдары
3-16
3.6 бөлімі
Сəулелендіру құралының орнатымдары
Сəулелендіру құралында өзгертуге болатын келесі орнатымдар бар:
күні/уақыты, тілі, сəулелендіру құралының идентификациясы жəне
конфигурациялары. Төменде осы орнатымдардың сипаттамасы жəне
оларды өзгерту реті берілген.
Орнатымды таңдаудан бұрын, Select a setting («Орнатымды таңдау»)
бейнебетіне өту қажет. Ол бейнебетке өту үшін келесі əрекеттерді
орындаңыз:
• Сəулелендіру құралының жүйесіне кіргеннен кейін, Select a function
(«Функцияны таңдау») бейнебеті шығады.
• Illuminator Settings («Сəулелендіру құралының орнатымдары»)
параметрін таңдау үшін бейнебеттің оң жағындағы көрсеткілерді
пайдаланыңыз.
• Enter («Енгізу») түймешігін басыңыз. Select a setting
(«Орнатымды таңдау») бейнебеті пайда болады.
Осы əрекеттерді сəулелендіру құралының орнатымдары параметріне
өту үшін орындаңыз немесе орнатымдарды өзгерту кезінде алдыңғы
бейнебетке немесе Select a setting («Орнатымды таңдау») бейнебетіне
өту үшін Back («Кері өту») түймешігін басыңыз.
Күні жəне
Күні/уақыты атты орнатым əрқайсысының күнін, уақытын жəне пішімін
уақыты
өзгертуге мүмкіндік береді.
САҚ БОЛЫҢЫЗ Препараттың данасы сəулелендіру құралында болған
кезде, күнді немесе уақытты өзгертпеңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Сəулелендіру құралы жазғы уақытқа автоматты түрде көшу
мүмкіндігіне қолдау көрсетпейді.
Күнді жəне уақытты өзгерту үшін келесіні орындаңыз:
• Select a setting («Орнатымды таңдау») бейнебетінде тұрып, Date/Time
(«Күні/уақыты») орнатымын таңдау үшін бейнебеттің оң жағындағы
көрсеткілердің пайдаланыңыз.
MAN-KZ 00001, v3.0
Достарыңызбен бөлісу: |