Оператор нұсқаулығы intercept сəулелендіру қҰралы int100



жүктеу 4,39 Mb.
Pdf просмотр
бет9/32
Дата14.11.2018
өлшемі4,39 Mb.
#19374
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   32

3-ші тарау – Сəулелендіру құралының сипаттамасы 
3.6 бөлімі – Сəулелендіру құралының орнатымдары 
 
3-17 
•  Параметрді таңдау үшін Enter («Енгізу») түймешігін басыңыз. 
Select a date format («Күн пішімін таңдау») бейнебеті пайда болады. 
•  Күн пішімін таңдау үшін бейнебеттің оң жағындағы көрсеткілерді 
пайдаланыңыз. Ай/күн/жыл, күн/ай/жыл немесе жыл/ай/күн сияқты 
таңдаулар болады. 
•  Пішімді таңдау үшін Enter («Енгізу») түймешігін басыңыз. Enter date 
(«Күнді енгізу») бейнебеті пайда болады. 
•  Күнді қолмен енгізу үшін (бейнебеттің сол жағындағы) пернетақтаны 
пайдаланыңыз. Сандарды енгізген кезде, сəулелендіру құралы келесі 
өріске (мысалы, ай немесе жыл) автоматты түрде өткізеді. 
•  Күн енгізілгеннен кейін, Enter («Енгізу») түймешігін басыңыз. 
Select a time format («Уақыт пішімін таңдау») бейнебеті пайда болады. 
ЕСКЕРТПЕ: Month («ай») жəне day («күн») өрістері үшін 2 санды 
жəне year («жыл») өрісі үшін 4 санды енгізу қажет. 
(Мысалы: 01/01/2002). 
•  Уақыт пішімін таңдау үшін көрсеткілерді пайдаланыңыз. 12 – сағаттық 
немесе 24 – сағаттық пішімнің біреуін таңдауға болады. 
ЕСКЕРТПЕ: Егер INTERCEPT деректерді басқару жүйесін пайдаланып 
жүрсеңіз, 24-сағаттық пішімді таңдаңыз. 
•  Пішімді таңдау үшін Enter («Енгізу») түймешігін басыңыз. Enter time 
(«Уақытты енгізу») бейнебеті пайда болады. 
•  Уақытты қолмен енгізу үшін пернетақтаны пайдаланыңыз. 
•  Уақыт енгізілгеннен кейін, Enter («Енгізу») түймешігін басыңыз.  
ЕСКЕРТПЕ: Hour («сағат») жəне minute («минут») өрістері үшін 2 санды 
енгізу қажет. (Мысалы: 01:30). 
•  Егер 12 – сағаттық пішімді таңдасаңыз, онда Select 12 hour period («12 
сағаттық мерзімді таңдау») бейнебеті пайда болады. Уақытты Morning: 
am («таңғы уақыт») немесе Evening: pm («кешкі уақыт») ретінде таңдау 
үшін бейнебеттің оң жағындағы көрсеткілерді пайдаланыңыз.  
•  Уақыт аралығын таңдау үшін Enter («Енгізу») түймешігін басыңыз. 
Растау бейнебеті пайда болады. 
•  Егер 24 – сағаттық пішімді таңдасаңыз, растау бейнебеті пайда болады. 
•  Егер күні мен уақыты дұрыс болмаса, Select 12 hour period («12 сағаттық 
мерзімді таңдау») бейнебетіне оралу үшін Edit («Өңдеу») түймешігін 
басыңыз. 
•  Егер осы бейнебет дұрыс болмаса, қате бейнебетті табу үшін Back 
(«Кері өту») түймешігін басыңыз. Мəліметті растау үшін жоғарыдағы 
əрекеттерді қайталаңыз. 
 
MAN-KZ 00001, v3.0


3-ші тарау – Сəулелендіру құралының сипаттамасы 
3.6 бөлімі – Сəулелендіру құралының орнатымдары 
3-18 
 
•  Enter («Енгізу») түймешігін əр енгізілімнен кейін басыңыз. Күн жəне 
уақытқа қатысты барлық деректерді енгізіп болғаннан кейін, растау 
бейнебеті пайда болады. 
•  Күн мен уақытты растау үшін OK түймешігін басыңыз. Select a setting 
(«Орнатымды таңдау») бейнебеті пайда болады. 
 
 
Тіл 
Тіл орнатымы бейнебетте көрсетілетін тілді өзгертуге мүмкіндік береді. 
Тілді өзгерту үшін келесі əрекеттерді орындаңыз:
 
•  Select a setting («Орнатымды таңдау») бейнебетінен, Language («Тіл») 
параметрін таңдау үшін көрсеткілерді пайдаланыңыз. 
•  Параметрді таңдау үшін Enter («Енгізу») түймешігін басыңыз. 
Select a language («Тілді таңдау») бейнебеті пайда болады. 
•  Қажетті тілді таңдау үшін көрсеткілерді пайдаланыңыз. Егер 
тіл бейнебетте жоқ болса, тілдердің келесі бетін шығару үшін 
пернетақтадағы алға өту (      ) түймешігін басыңыз. Содан кейін, 
қажетті тілді таңдау үшін көрсеткілерді қайтадан пайдаланыңыз. 
•  Тілді таңдау үшін Enter («Енгізу») түймешігін басыңыз. Растау бейнебеті 
пайда болады. 
•  Егер тіл дұрыс болмаса, Select a language («Тілді таңдау») бейнебетіне 
оралу үшін Edit («Өңдеу») түймешігін басыңыз. 
•  Дұрыс тілді таңдау үшін көрсеткілерді пайдаланыңыз. Тілді таңдау үшін 
Enter («Енгізу») түймешігін басыңыз. Растау бейнебеті пайда болады. 
•  Таңдалған тілді растау үшін OK түймешігін басыңыз. Select a setting 
(«Орнатымды таңдау») бейнебеті пайда болады. 
 
MAN-KZ 00001, v3.0


3-ші тарау – Сəулелендіру құралының сипаттамасы 
3.6 бөлімі – Сəулелендіру құралының орнатымдары 
 
3-19 
 
Сəулелендіру 
Сəулелендіру құралының идентификациялық орнатымы сериялық нөмір 
құралының 
сияқты құрылғының идентификациялық нөмірін енгізуге мүмкіндік береді.  
идентификациясы 
Идентификациялық нөмірді енгізу үшін келесіні орындаңыз: 
•  Select a setting («Орнатымды таңдау») бейнебетінен, Illuminator 
Identification («Сəулелендіру құралының идентификациясы») 
параметрін таңдау үшін көрсеткілерді пайдаланыңыз. 
•  Параметрді таңдау үшін Enter («Енгізу») түймешігін басыңыз. Enter 
illuminator identification («Сəулелендіру құралының идентификациясын 
енгізу») бейнебеті пайда болады. 
•  Құрылғының 9 саннан құралатын сериялық нөмірін қолмен енгізу үшін 
пернетақтаны пайдаланыңыз. Сериялық нөмір сəулелендіру құралының 
алдыңғы есігінің ішкі жағында орналасқан.  
ЕСКЕРТПЕ:  Егер INTERCEPT деректерді басқару жүйесін пайдаланып 
жүрсеңіз, пернетақтаны мекеме алаңының кодын жəне 
құрылғының 9 саннан құралатын сериялық нөмірін енгізу үшін 
пайдаланыңыз. Сəулелендіру құралының идентификациясына 
арналған пішім алаң коды, сериялық нөмір болуы тиіс. 
(Мысалы NORTHBCV02000001). 
•  Сан енгізілгеннен кейін, Enter («Енгізу») түймешігін басыңыз. Растау 
бейнебеті пайда болады. 
•  Егер сан дұрыс болмаса, Enter illuminator identification («Сəулелендіру 
құралының идентификациясын енгізу») бейнебетіне оралу үшін 
Edit («Өңдеу») түймешігін басыңыз. 
•  Сандарды өшіру үшін пернетақтадағы «кері өту» (      ) түймешігін 
басыңыз. Содан кейін, пернетақтаның көмегімен дұрыс санды 
қайта енгізіңіз. 
•  Сан енгізілгеннен кейін, Enter («Енгізу») түймешігін басыңыз. Растау 
бейнебеті пайда болады. 
•  Егер сан дұрыс болса, санды растау үшін OK түймешігін басыңыз. 
Select a setting («Орнатымды таңдау») бейнебеті пайда болады. 
MAN-KZ 00001, v3.0


жүктеу 4,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   32




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау