Жиынтықтарды белгісі бойынша сұрыптау
Сіз мүшелерді олардың белгілеріне (немесе тақырыптарына)негізделе отырып,
сұрыптай аласыз. Әдепкіде сіз Белгісі бойынша сұрыптау, Артуы бойынша немесе
Азаюы бойынша параметрлерін таңдаған кезде жиынтықтың ішіндегі мүшелер
белгілері бойынша ғана сұрыпталады. Сіз қиылысты (мәндер жолын) немесе
мүшелер қасиетін пайдалана отырып, сұрыптау жиынтықтарына кеңейтілген
сұрыптауды орындай аласыз.
Мысал үшін, жиынтықта өңірлер берілген және сіз сұрыптап отырған жиынтықтың
ішіндегі өңірлер алфавиттік ретке керісінше ретте орналасқан. Жиынтықтармен
берілген кеңейтілген дерек элементтерге ғана сұрыптауға қолдау көрсетіледі.
Жиынтық сұрыптауды жасамас бұрын сіз өз есебіңіздегі мүшелерге жиынтықтар
жасауыңыз керек.
Әртүрлі құрылғылары пайдаланған әртүрлі өлшемдегі дерек элементтерін сұрыптай
алмайсыз. Мысал үшін жылдар мен өнімдер айқас кестеңізде бірдей шекте және
бірдей деңгейде орналасқан, сіз жылдарды сұрыптай аласыз, өнім сызықтарын
сұрыптай аласыз, бірақ сіз оларды топтастырылған жиынтық ретінде сұрыптай
алмайсыз, өйткені оалр әртүрлі өлшемде орналасқан.
Процедура
1. Айқас кестеде сұрыптау қажет жиынтықты таңдаңыз.
2. Есеп нысаны құрлдар қойынында сұрыптау түймешігін
басып және Белгі
бойынша сұрыптау астында Арту немесе Кему таңдаңыз.
Кеңес: Сұрыптау ретін жою үшін Сұрыптамау басыңыз.
Кері бағыттағы осьтегі жиынтықтарды мәндер бойынша
сұрыптау
Сіз кері бағыттағы осьтегі жиынтықтардағы мүшелерді өзіңіз таңдаған мүшенің
мәніне немесе шараға негізделе отырып, сұрыптай аласыз.
Мысал үшін, айқас кестеде жеке мүшелер ретінде бағаналарға кірістірілген жылдар,
мүше жиынтығы ретінде жолдарға кірістірілген өнім сызықтары берілген және шара
ретінде табыс берілген. Сіз 2012 бағананы таңдайсыз, сосын Мәні бойынша
сұрыптау, Кемуі бойынша таңдайсыз. 2012 бағанындағы мәндер сұрыпталады.
Аталған сұрыптауды жасамас бұрын сіз есебіңіздегі мүшелерге жиынтықтар
жасауыңыз керек.
Сурет 43. Кему ретімен сұрыпталған 2012 бағанындағы өнім сызығы арқылы жылдық
табысты көрсететін айқас кестесі
Бөлім 10. Өлшемдік Есептер Мәнері
255
Кірістірілген айқас кестелерде элементтер кері бағыттағы осьтің ішкі кірістіліген
жолдары немесе бағаналарының мәндеріне негізделіп, сұрыпталады. Мысал үшін,
айқас кестеде жолдардағы өнім сызығының ішіне кірістірілген бағаналар мен
сатушылардың ішінде жылдар берілген. 2012 -> кему ретімен сұрыптау опциясын
таңдаңыз. Әр өнім жолы үшін ең үлкен мәннен ең кіші мәнге дейінгі сатушылар
тізімі көрсетіледі.
Процедура
1. Айқас кестедегі сұрыптайтын мүшені немесе шараны таңдаңыз.
Мысалы, қатар білігіндегі жиынтықты сұрыптау үшін баған білігіндегі мүше
немесе өлшемді таңдаңыз.
2. Есеп нысаны құрал тақтасында
сұрыптау түймешігін басыңыз және Мән
арқылы сұрыптау астында Арту немесе Кему басыңыз.
Кеңес: Сұрыптау ретін жою үшін Сұрыптамау басыңыз.
Кеңейтілген Жиынтық сұрыптауды орындау
Егер сіз өлшемдік дерек пайдалансаңыз, онда сіз мүшенің қасиетін пайдаланып,
сұрыптай аласыз.
Мысал үшін, сіздің есебіңізде жұмыс берушілердің аттары бар және сіз жұмыс
берушілерді жыныс қасиетін пайдаланып сұрыптағыңыз келеді. Сонымен қатар
мүшелердің мәндер жолы деген атпен белгілі қиылысты пайдаланып сұрыптай
аласыз. Мысалы, қызметкерлерді 2012 жылы алынған науқастану күндерінің мәнін
пайдаланып сұрыптауға болады.
Процедура
1. Жиынтық таңдаңыз.
2. Есеп нысаны құралдар тақтасында, сұрыптау
түймешігін басыңыз және
Басқа сұрыптау параметрлері астында Сұрыптау жинағын өзгерту басыңыз.
3. Сұрыптау параметрлерін көрсетіңіз.
4. Егер сіз әртүрлі деңгейдегі мүшелерді сұрыптап отырсаңыз және иерархияны
сақтаңыз келсе, Иерархияланған сұрыптау өқсбелгісін таңдаңыз.
5. Мүше сипатын қолдану арқылы элементтерді сұрыптау үшін Арқылы сұрыптау
астында Сипат басып, тармақты шарлаңыз және мүше сипатын қолдану үшін
таңдаңыз.
6. Сұрыптау түрі тармағының астындағы мүшелердің қиылысын немесе мәндер
жолын қолданып элементтерді сұрыптау үшін, Қиылыс (мәндер жолы)
түймешігін басып, көп нүктені таңдаңыз. Қолжетімді мүшелер мен шаралар
қорапшасына пайдаланатын деректерді таңдап, оларды Қиылыс мүшелері және
шаралары қорапшасына көшіру үшін оң жақ көрсеткіні басыңыз. Сіз сонымен
қатар элементтерді Есептелген мүшелер және өлшемдер қойындысынан
басыңыз.
Өлшемдік Сұраулармен бірге Жұмыс істеу
Сұраулар есепте қандай деректер көрсетілетінін көрсетеді. IBM Cognos Analytics -
Reporting қызметінде сұрауларды Query Explorer қолдану арқылы құрып және өңдей
алады.
256
IBM Cognos Analytics - Reporting Нұсқа 11.0: Пайдаланушы нұсқаулығы
Сұрау Жетектеуші бар есептерді өзгерту үшін немесе жаңа есептерді жасау үшін
балама тәсілді ұсынады. Күрделі тапсырмаларды немесе есептің орналасқан жерінде
жасау үшін өте қиын болып табылатын басқа тапсырмаларды орындау үшін Сұрау
Жетектеуішін қолдана аласыз. Мысалы, Сұрау Жетектеуішті қолданыңыз
v
элементтерге дерекқорынан сұрау жасалған тәртіпті өзгерту немесе мүмкін жерде
сұрауларды бір уақытта орындау үшін есеп серверіне рұқсат беру үшін сұрау
сипаттарын өзгерту арқылы өнімділікті жетілдіру
Ескерту: Тек есеп орналасуына сілтелген сұраулар бір уақытта орындалуы мүмкін.
Query Explorer бағдарламасында екі немесе одан көп бар сұрауларды біріктіру
арқылы сұрау анықталса, онда IBM Cognos Analytics қызметі қайнар көз
сұрауларын орындай алмайды. Әдепкі бойынша, сұраулар жүйелі түрде іске
қосылады. Әкімші сұрауды бір уақытта орындау функциясын қосуы тиіс. Қосымша
ақпаратты алу үшін келесі тақырыпты қараңыз IBM Cognos Analytics
Administration and Security Guide.
v
сүзгілерді және параметрлерді қараңыз немесе қосыңыз және оның сипаттарын
өзгертіңіз
v
өлшемдерді, деңгейлерді және дәлелдерді қараңыз немесе қосыңыз
v
басқа есептерден алынған SQL мәлімдемелерді ескеру немесе өзіңіз жазған есептер
v
әрекеттер және байланыстар жинағын қолдана отырып күрделі сұрауларды
жасаңыз
Өзара байланысты түсініктер:
“Сұраулар” бетте 9
Сұраулар есепте қандай дерек элементтері көрсетілетінін анықтайды. Кейде
қарапайым ТАҢДАУ нұсқауын қолдану арқылы алатын деректердің толық мәліметте
жолдарын қажет етесіз. Басқа жағдайларда, жинақтау функцияларын және
топтастырылған бағандарды қолдану арқылы барлығын немесе жинақтарды есептеу
немесе тек қажетті деректерді көрсету үшін сүзгілерді қолдану қажет.
Нысанға арналған дерек элементтерінің тізімін көрсету
Орналасуда жоқ, бірақ сұрауда орналасқан дерек элементіне сілтеме жасауыңыз
қажет болған кезде нысанға арналған дерек элементтерінің тізімін көрсетіңіз.
Мысал үшін, сіз сұрау анықтамасындағы дерек элементін пайдаланатын тізімге
орналасу есептеулерін қосқыңыз келеді. Егер дерек элементі тізімде пайда болмаса,
орналасу есептеулері дұрыс жұмыс ітеу үшін сіз оған сілтеме жасауыңыз қажет.
Сонымен қатар, егер сұрауда жоқ дерек эоементін пайдаланатын шартты
форматтауды пайдалансаңыз, дерек элементтерінің тізімін көрсетуіңіз қажет.
Процедура
1. Орналасу нысанын басыңыз.
2. Сипаттарды көрсету белСгісін
басып және Сипаттар қойынында
Сипаттар сипатын екі рет басып және дерек элементтерін таңдаңыз.
Сұрауды орналасуға байланыстыру
Сұраулар мен орналасулар бірге жұмыс істейді. Өзіңізге қажетті дерек түрін
анықтағаннан кейін сіз нәтижелерді көрсететін орналасуды жасауыңыз керек.
Деректің әр бағанасы сұрау үшін таңдалған және орналауда көрсетілуі керек, егер
көрсеткіңіз келмейтін бағана болмаса. Есептің сұрауы мен орналасу бөліктері
жарамды есеп орындау үшін байланыстырылған болуы қажет.
Бөлім 10. Өлшемдік Есептер Мәнері
257
Достарыңызбен бөлісу: |