Әож 371. 13: 004(574) Г. Т. Азиева магистр, аға оқытушы, ҚазЭҚхсу заманауи операциондық ЖҮйелер



жүктеу 122,47 Kb.
Дата14.11.2017
өлшемі122,47 Kb.
#356

ӘОЖ 371.13:004(574) Г.Т. Азиева магистр, аға оқытушы,

ҚазЭҚХСУ



ЗАМАНАУИ ОПЕРАЦИОНДЫҚ ЖҮЙЕЛЕР
Аңдатпа

Операциялық жүйелердің даму мүмкіндіктері мен әртүрлі кірістірілген жүйелері қарастырылады.
Кілттік сөздер: EM64T, Longhorn Server, Quebec, Live
Операциялық жүйелер (ОЖ). Бұлар кез-келген дербес компьютердің аппараттық құрылғыларын толықтырады және де қолданбалы программалардың ішкі құрылғыларын қарым-қатынасын, адамның сәйкес командалар көмегімен машинаны басқаруына мүмкіншілік тудырады.

ОЖ - қолданушы мен программаның қорғалуын қамтамасыз етеді, программаны іске қосады, компьютерді басқарады. Әрбір программа ОЖ-нің қызметін қолданады, сондықтан да ол осы қызметті көрсететін ОЖ-мен жұмыс жасайды. ОЖ-ні таңдау өте қажетті, себебі таңдалған ОЖ-ге дербес компьютердің жұмыс істеу қабілеттілігі мен деректер қорғалуының деңгейі тәуелді болады.

Windows ХР — серверлік және пайдаланушылық операциялық жүйелердің артықшылықтарын біріктіретін әмбебап жүйе. Ол терминал режимінде жұмыс істеу, сонымен қатар бір мезетте бірнеше пайдаланушылармен жұмыс жасау мүмкіншіліктерін қамтамасыз етеді.

Windows нұсқалары:

Windows XP Professional Edition кәсіпорындар мен кәсіпкерлер үшін құрылды және компьютердің жұмыс үстеліне қашықтықтан қатынас жасау, файлдарды шифрлеу (Encrypting File System көмегімен), қатынау құқықтарын орталықтан басқару және көп процессорлы жүйелерді қолдау секілді функциялар қосылған.

Windows XP Home Edition — үйде пайдалануға арналған жүйе. Professional Edition - нің «қысқартылған» нұсқасы.

Windows XP Tablet PC Edition - Professional Edition-нің базасында құрылды және планшетті дербес компьютерлерде мәліметтерді стилус ретінде енгізуге негізделген арнайы қосымшалардан тұрады. Маңызды қасиеті болып қолмен жазылған мәтіндерді түсінуі және графикалық интерфейстің дисплей бұрылуына бейімделуі саналады. Бұл нұсқа тек арнайы компьютерлермен бірге сатылады.

Windows XP Media Center Edition - Professional Edition-ге негізделген және арнайы мультимедиялық қосымшалардан тұрады. Компьютер ТВ-картадан және қашықтықтан басқару тетігінен (ҚБТ) тұрады. Маңызды қасиеті болып Windows-тың жеңілдетілген басқару жүйесінің арқасында ҚБТ арқылы компьютерді басқару және теледидарға қосылу мүмкіншілігі саналады. Бұл жүйе сонымен қатар ультра-қысқа толқынды радионы қабылдау функциясынан тұрады.

Windows XP Embedded — бұл Windows XP Professional Edition базасында кірістірілген компонентті операциялық жүйе және әртүрлі кірістірілген жүйелерде: өнеркәсіптік автоматтандыру жүйелері, банкомат, дәрігерлік жабдықтар, кассалық терминалдар, ойын автоматтары және т.с.с. пайдалану үшін арналған. Windows XP Embedded кірістіру бойынша қосымша функциялардан, соның ішінде жазудан қорғау фильтрі (EWF және FBWF), флеш-жад, CD-ROM, желіден жүктелу секілді тұрады.

Windows Embedded for Point of Service — Windows XP Embedded базасындағы мамандандырылған операциялық жүйе, ол қызмет көрсету және бөлшек сауда орындарына негізделген. Бұл платформаның негізінде банкомат, төлем терминалы, авто май құятын бекет, кассалық аппарат және т.с.с. құруға болады[1].

Windows XP Professional x64 Edition — AMD фирмасының AMD64 Opteron және Athlon 64 технологиялы процессорлары және Intel фирмасының EM64T технологиялы процессорлары үшін құрылған 64-разрядты нұсқа.Бұл жүйе басқа өндірушілердің процессорларын қолдамайды, сонымен қатар Intel Itanium процессорымен жұмыс жасамайды.Алғашқы 64-разрядты процессорлар 2003 жылы шыққанымен, Windows XP Professional x64 Edition тек 2005 жылдың сәуірінде жарық көрді.Негізгі ерекшелігі үлкен сандармен (Long Integer және Double Float) жылдам жұмыс жасауында.

Windows XP Edition N — Windows Media Player және басқа мультимедиа-қосымшалары жоқ жүйе. Бұл нұсқа Windows XP-ді «жеңілдетуді» талап еткен Еуропаның Антимонопольді комиссиясының ықпалымен құрылды. Қазіргі уақытта бұл дистрибутив дамушы мемлекеттерге арналады. Пайдаланушы қалауы бойынша жетіспейтін қосымшаларды Microsoft-тың веб-беттерінен тегін жүктей алады. Home және Professional нұсқаларда шығарылады.

Windows XP Starter Edition — дамушы мемлекеттерге және қаржылай әлсіз аймақтарға арналған функционалды шектелген нұсқа. Бұл нұсқада бір мезетте тек үш қосымша жұмыс жасай алады және әр қосымша үш терезеге дейін ғана құра алады. Жүйеде желілік функциялар толығымен жоқ, 512 мегабайттан артық жедел жад немесе 120 гигабайттан артық қатты дискті пайдалануға тиым салынады. Жүйе Intel Celeron немесе AMD Duron деңгейлі процессорлармен жұмыс жасайды.

2003 жылдың 24 сәуірінде Microsoft компаниясының жаңа өнімі Windows Server 2003 жарық көрді. Ол серверлермен жұмыс істеуге арнаған. Бүгінгі уақытта да бұл нұсқа негізгі серверлік операциялық жүйе болып табылады.

2006 жылдың 30 қарашасында Microsoft корпоративтік клиенттер үшін Windows Vista операциялық жүйесін және Office 2007 пакетін ресми түрде жария етті. 2007жылдың 30 қаңтарында қарапайым пайдаланушылар үшін жүйелер сатыла бастады.

Құрудың бастапқы кезеңінде жүйе «Longhorn» (Британдық Колумбиядағы Вистлер шаңғы курортының жанындағы Longhorn Saloon дәмханасының атауы) деген кодтық атауға ие болған. «Vista» атауы 2005 жылдың 22 шілдесінде жария етілді. Бірнеше айдан кейін Microsoft Windows Longhorn Server жүйесінде Windows Server 2008 деп өзгертті. 2006 жылдың 8 қарашасынан бастап Windows Vista толыққанды нұсқасы құрылғылар өндірушілер үшін қолжетімді болды[2].

Windows Vista — Microsoft Windows NT жанұясының дербес компьютерлерге арналған операциялық жүйесі.

Windows NT өнімдері ішінде Windows Vista - 6.0 нұсқасы нөміріне ие (Windows 2000 — 5.0, Windows XP — 5.1, Windows Server 2003 — 5.2). «Windows Vista»-ны белгілеуде кейбір кездерде «Vista» атауын және римдік сандармен жазылған нұсқа нөмірін біріктіретін «WinVI» аббревиатурасын да қолданады.

Windows 7 —Windows Vista-дан кейін шығарылған Windows жанұясының операциялық жүйесі. Windows NT ішінде жүйе 6.1 нұсқасы нөміріне ие (Windows 2000 — 5.0, Windows XP — 5.1, Windows Server 2003 — 5.2, Windows Vista және Windows Server 2008 — 6.0). Желілік нұсқасы болып Windows Server 2008 R2, интеграцияланған жүйелер үшін — Windows Embedded Standard 2011 (Quebec), мобильдік — Windows Embedded Compact 2011 (Chelan, Windows CE 7.0) табылады.

Операциялық жүйе сатылымға алдыңғы операциялық жүйе Windows Vista-дан кейін үш жылға жетпей 2009 жылдың 22 қазанында түсті.

Windows 7 құрамына Windows Vista-дан алынып тасталынған, сонымен қатар интерфейсте және қоса салынған бағдарламалар ішіндегі кейбір жаңалықтар енгізілді. Windows 7 құрамынан Inkball, Ultimate Extras ойындары; Windows Live (Windows поштасы) аналогтары бар қосымшалар, Microsoft Agent, Windows Meeting Space технологиялары; «Іске қосу» мәзірінен классикалық мәзірге оралу мүмкіндігі, сонымен қатар Windows күнтізбесі алынып тасталынды[3].

Windows 8.1 – операциялық жүйесі 2013 жылы шықты. Операциялық жүйе 7-ші нұсқаға ұқсас келеді. Айырмашылығы интерфейс және «Пуск» менюінде. Операциялық жүйенің қолданушыларының пайыздық үлесі 19,73% құрап отыр, қолданушылардың бұл ОЖ-ға қызығушылығы күннен күнге артып бара жатыр. Өзінен алдыңғы нұсқаларындағы ОЖ-ге қарағанда ерекшеліктері ол интернет магазин арқылы бағдарламаларды орнату және жедел іздеу функциясы болып табылады.

Операциялық жүйе төрт нұсқада шығарылды:



  • *Windows 8.1 Professional;

  • *Windows 8.1 Ноme Edition;

  • *Windows 8.1 Ultimate;

  • *Windows 8.1 Enterprise;

Windows 8.1 операциялық жүйесі қосымша антивирустық бағдарламасыз да қолдануға болады. Өйткені, бұл жүйе қауіпсіздігі жағы өте жақсы қарастырылған.

Windows 8.1 операциялық жүйесі сенсорлы экранды ұялы құрылғылар мен компьютерді басқаруды ұқсас ету мақсатында «тақтайшалы» Metro интерфейсін алды. Сенсорлы экрансыз дербес компьютерде (ДК) жұмысты ыңғайлату үшін «классикалық» жұмыс үстелі кірістірілді. «Бастау» батырмасы алынып тасталып, шерткенде «тақтайшалар» бетін ашатын «белсенді бұрышпен» алмастырылды. Бастапқы беттегі тақтайшаларды жылжытып, топтастырып, өлшемдерін өзгертіп, ыңғайыңызға қарай реттеуге болады.

Жақында Microsoft компаниясы жаңа операциялық жүйесін таныстырды. Бұл жолы жүйе атауында кезекте тұрған сан тасталынып, ең танымал операциялық жүйенің атауы Windows 10 болды.

Операциялық жүйе барлық құрылғы үшін бірдей болды: смартфоннан бастап, жұмыс станцияларына дейін. Осы себепті Windows Phone атауынан бас тартылды.

Енді, «Бастау» мәзірінде пайдаланушыларға көптеген бұрынғы үйреншікті мүмкіндік қайтарылды: іздеу, қосымшалар тізімі, сөндіру мәзірі және т.б. Пайдаланушы суретін де орнына келтірді. «Бастау» мәзіріне Windows 8-ден белгілі «тақтайшалар» да кірістірілген. Іздеу жүйесі әмбебап болды: тек компьютерден емес, ғаламтордан да іздеу нәтижесін көрсете алады.

Windows 10 жүйесінде пайдаланушылар бірнеше жұмыс үстелін құра алады, және олар арасында ауысу ыңғайлы жасалған. Жаңа Snap функциясы бір мезетте 4 қосымшаға дейін ашу мүмкіндігін береді. Windows 10 экранның бос жерін басқа қосымшаларға ыңғайлы қолдануға көмек береді.

Пайдаланушы мен сенсорлы және сенсорлы емес құрылғы арасындағы байланысты жеңілдетуге бағытталған. Бұл функция әзірге қалай жүзеге асатыны белгісіз.

Windows 10 өзінің корпоративті клиенттеріне жеке және корпоративті ақпараттары қауіпсіздігінің жақсартылған сервистерін ұсынуда. Бұзу, ұрлау және де түрлі вирустік шабуылдың алдын алатын жетілдірілген қорғаныс жүйесі. Windows-тың таныстырылған нұсқасы әлі дамуының ең бастапқы сатысында. Ол 2015 жылдың соңында қолжетімді болады[4].

Көп тапсырманы қолдауы. Бір уақытта орындалатын әрекетіне байланысты операциялық жүйелер екі сыныпқа бөлінеді:

Біртапсырмалы (мысалы, MS-DOS, MSX) және көптапсырмалы (OЖ EC, OS/2, UNIX, Windows). Біртапсырмалы ОЖ негізінен қолданушы мен компьютер арасындағы өзара әрекетін қарапайым және ыңғайлы ете отырып қолданушыға виртуалды машинаны көрсету функциясын атқарады. Біртапсырмалы ОЖ перифериялық құрылғыларды басқару құралдарын, файлдары басқару құралдарын, қолданушымен байланысу құралдарын қамтиды.

Көптапсырмалы ОЖ жоғарыда аталып өткен функциялардан басқа, процессор, оперативті жады, файлдар және сыртқы құрылғылар сияқты бірге қолданылатын ресурстарды бөлуді басқарады.

Бірнеше пайдаланушыға арналған режимді қолдауы. Бір уақытта жұмыс істейтін қолданушылар санына байланысты ОЖ былай бөлінеді:

Бір пайдаланушыға арналған (MS-DOS, Windows 3.x, OS/2 алғашқы версиялары);

Бірнеше пайдаланушыға арналған (UNIX, Windows).

Бірнеше пайдаланушыға арналған жүйелердің бір пайдаланушыға арналған жүйелерден ең басты айырмашылығы әр пайдаланушы ақпаратының басқа пайдаланушылардың рұқсатсыз қолжетімділігінен қорғайтын құралдың болуы. Айта кететін жәйт, кез-келген көптапсырмалы жүйе бірнеше пайдаланушыға арналмаған және кез-келген біртапсырмалы жүйе бір пайдаланушыға арналмаған болуы мүмкін.

Көпталшықты қолдауы. Операциялық жүйелердің маңызды қасиеті есептеулерді бір есеп көлемінде параллельдеу мүмкіндігі болып табылады. Көпталшықты ОЖ процессорлық уақытты есептер арасына бөлмейді, ал олардың жеке бұтақтарына (талшықтарына) бөледі.

Көппроцессорлы өңдеу. ОЖ келесі маңызды қасиеті, онда көппроцессорлы өңдеуді – мультипроцессорлауды қолдайтын құралдардың болуы немесе болмауы болып табылады. Мультипроцессорлеу барлық ресурстарды басқару алгоритмдерінің күрделенуіне әкеледі. Қазіргі кезде бұл функцияның бар болуы міндетті.

Желілік мүмкіндіктерді жүзеге асыру. ОЖ спецификациясы оның тану және оқшауланған ресурстарға жіберілген сұраныстарды желіге қайта жіберу, желі бойынша хабарламаларды жіберу, оқшауланған сұраныстарды орындау сияқты желілік функцияларды қалай жүзеге асыратындығында көрінеді. Желілік функцияларды жүзеге асыру кезінде желідегі мәліметтерді сақтау мен өңдеуге байланысты тапсырмалар кешені туындайды: желідегі барлық қолжетімді ресурстар мен серверлер туралы анықтамалық ақпарат беру, қолжетімділіктің анықтығын қамтамасыз ету, мәліметтерді тираждау, көшірмелердің келісімі, мәліметтердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету[5].


Қолданылған әдебиеттер:

1.М.Серік, Н.Т. Шындалиев, Ж.Е. Зулпыхар Компьютер архитектурасы және жүйені әкімшіліктендіру. Оқу құралы. –Астана, «Мастер ПО»2012, -350б.

2. Томпсон Р.Б., Томпсон Б.Ф. Железо ПК:Энциклопедия.- Спб.: Питер, 2007. – 650 с.

3. М.Гук, В. Юров. PENTIUM 4 Athlon и Duron. - Санкт-Петербург: Питер, 2005. – 270 с.

4. http://people.overclockers.ru

5. М.Гук Аппаратные средства IBM PC. - Санкт-Петербург: Питер,2000.

Резюме

В данной статье рассмотренны указания, предназначенные для разных сфер операционной системы Windows и их особенности развития.


Summary

In this article are considered the instructions intended for different spheres of the Windows operating system and their feature of development.
жүктеу 122,47 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау