25-кесте. Дүниежүзіндегі ет өндіруші жетекші елдер, 2010
№
|
Елдер
|
Өндіру көлемі, млн.тонна
|
Өндіру көлемінің үлесі, %
|
Дүниежүзі бойынша алатын орны
|
1
|
Қытай
|
55,3
|
25,6
|
1
|
2
|
АҚШ
|
35,8
|
16,6
|
2
|
3
|
Бразилия
|
11,7
|
5,4
|
3
|
4
|
Германия
|
6,5
|
3,0
|
4
|
5
|
Франция
|
6,2
|
2,1
|
5
|
6
|
Үндістан
|
4,6
|
2,1
|
6
|
7
|
Испания
|
4,4
|
2,0
|
7
|
8
|
Ресей
|
4,4
|
2,0
|
8
|
9
|
Мексика
|
4,1
|
1,9
|
9
|
1
|
Ұлыбритания
|
3,8
|
1,8
|
10
|
|
Дүниежүзі бойынша
|
216,2
|
100
|
|
Оңтүстік Америкада ет өндіру өнеркәсібі елдің агроөнеркәсіптік кешеннің ірі салаларының бірі, оның тамақ өнеркәсібі өнімдерін өндірудегі үлесі 25%-ды құрайды.
2010 жылы сойылған салмағы бойынша ет өндірісінің көлемі 896,3 мың тоннаны құрады, бұл 2009 жылмен (874,2 мың тонна) салыстырғанда, 2,5%-ға артық.
Ең көп өсімді Алматы (16,7%), Қостанай (16,5%), ШығысҚазақстан (12,5%) және Оңтүстік Қазақстан (9,3%) облыстары құрады.
Халықтың ет және ет өнімдерін (етке аударғанда) тұтыну деңгейі тұтынудың ұлттық нормасынан (1 адамға 48 кг/жыл) 39%-ға артық және 1 адамға 67 кг/жыл құрайды.
Өнеркәсіптік қайта өңдеу үлесі ет өндірісінің жалпы көлемінде 21,4%, етті қайта өңдеу кәсіпорындарындағы орта жылдық қуаттылықты қолдану 63%-ды құрады.
Етті қайта өңдеу кәсіпорындарында қуаттылықты толық жүктеген жағдайда жалпы қайта өңдеу үлесі 34%-ды құрайды.
2010 жылы ет және ет өнімдері импортының жалпы көлемі 171,2 мың тоннаны, оның ішінде құс еті 109,1 мың тоннаны, ет 17,1 мың тоннаны, етке аударғандағы ет өнімдері 45,1 мың тоннаны құрады.
Есепті кезеңде ет және ет өнімдері экспортының жалпы көлемі 0,3 мың тоннаны, оның ішінде құс еті 0,05 мың тоннаны, ет 0,06 мың тоннаны және етке аударғандағы ет өнімдері 0,2 тоннаны құрады.
Жыл сайынғы ет бойынша қор 130-150 мың тоннаны құрайды.
Қазақстанда қазіргі уақытта мал шаруашылығы саласын қалпына келтіретін, сондай-ақ, оны жоғары сапалы деңгейге көтеретін тарихи және табиғи факторларға негізделген қажетті өндірістік әлеует бар.
Дегенмен қазіргі уақытта Қазақстанда ірі тауарлық ет өндірістері жоқ. Елдің ет саласын жеке қосалқы шаруашылықтары құрайды. Қазіргі күнде мал басының 85%-ы халықтың жеке үй шаруашылығында орналасқан.
«Семей ет комбинаты» ЖШС сала қалыптастырушы кәсіпорны базасы негізіндегі ет кластеріне дайындау пункттері желісі мен ірі мал шаруашылығы шаруашылықтары кіреді.
Май жасау және май шайқау өндірісі. Мал майын өндіруде көшбасшы орындарға өзінің артындағы елдерден оқ бойы алда келе жатқан Үндістан шықты. Осылайша, май өндіру жөніндегі көшбасшылар тобында: Үндістан, Америка Құрама Штаттары, Пәкістан, Франция, Германия Федеративтік Республикасы, Жаңа Зеландия, Ресей, Польша сияқтыдамыған елдер де, дамушы елдер де көрсетілген:
Дүниежүзінің көптеген мемлекеттері, оның ішінде Еуропаның көптеген елдері, сондай-ақ Австралия мен Жаңа Зеландия осы саланың өнімін экспорттайды. Соңғы онжылдықта Қытайда осылар бұрынырақта әртүрлі себептерге орай халықта көп сұранысқа ие бола бермеген сүт өнімдерін (оның ішінде сары майды) тұтынудың күрт өскендігі байқалды.
Сонымен қатар маргарин өнімдерінің әлемдік өндірісі артып отыр. Маргарин – мал майларының, өсімдік майларының, дәмдік, хош иістік заттардың және т.б. қоспасы болып келетін тағамдық өнім. Маргариннің энергетикалық қуаттылығы сары майдың энергетикалық құндылығына жақын. Маргарин өндіру бойынша әлемдік көшбасшы болып Америка Құрама Штаттары табылады. Одан кейінгі орындарда: Үндістан, Германия Федеративтік Республикасы, Мексика, Ұлыбритания, Польша, Бразилия, Бельгия және өзге Еуропа елдері .
Дүниежүзілік нарықта сонымен қатар өсімдік майлары (күнбағыс, рапс, зәйтүн, соя, жүгері және т.б.) кеңінен таралған. Ресейде, Украинада – күнбағыс майын өндіру, Америка Құрама Штаттары, Қытай, Вьетнам және т т.б. – соя майын, Үндістанда – рапс майын, Италияда, Грекияда және т.с. – зәйтүн майын өндіру жақсы жолға қойылған. Өсімдік майларының көптеген түрлері (рафинадталған және рафинадталмаған) экспортталады.
Өсімдік майының әлемдік нарықтағы жағдайы жоғарғы дәрежелі сұраныспен айқындалады. АҚШ, Еуропа және Азия елдеріндегі биодизель отынына қажеттіліктің өсуі болашақта өсімдік майларына деген сұраныстың тек қана көбеюіне әкеліп соғатын болады. Әсіресе, Қытай және Индонезия секілді перспективалы дамушы елдерде, азық секторында майға деген сұраныс жоғарғы қарқынмен өсуде.
2008-2009 ж. 118 және 119 млн.т. сәйкес, 2009-2010 ж. өсімдік майының дүниежүзілік өндірісі мен қолданысы 120 млн. т. құрап, рекордтық көрсеткішке жеткен. Өсімдік майын биодизель өндірісінде пайдалану 2005 ж. 2 млн.-нан 2010 жылға 15,5 млн. т. өсуі керек деп болжануда. Бұл нарықтың теңгерімділігіне жету үшін осы уақытқа дейінгі тіркелген өндірістің өсу қарқыны жылына 5 %-дан 8 %-ға дейін өсу керек екенін білдіреді.
2009 жылы дүниежүзінде өсімдік майының өндірісінің көлемі 206,7 мың тоннаны құрады. Өндірілген майдың жалпы көлемінің 63%-ын күнбағыс майы құрайды. Аталған кезеңде өсімдік майы бойынша импорт 106,3 мыңға жуық тоннаны құрады, бұл 2008 жылмен (123,2 мың тонна) салыстырғанда 14%-ға кем.
Ішкі тұтынудағы өсімдік майы импортының жалпы үлесі 37%-ды құрайды. Өндірістен алғанда экспорттың үлесі 12% құрап отыр.
Халықтың өсімдік майын нақты тұтыну деңгейі 1 адамға 18 кг/жыл құрайды және ол тұтынудың минималды стандартынан (1 адамға 8,8 к/ жыл) 2,0 есе артық.
Өсімдік майының импортын талдау бойынша жалпы өсімдік майы импортының ішінде ең көп үлес салмағын Ресей 76% (80,9 мың тонна), Украина 12,4% (13,2 мың тонна), Малайзия 8,1% (8,6 мың тонна) құрайтыны анықталған.
Аталған кезеңде өсімдік майы тоннасына орташа бағасы 1002 АҚШ доллар болып 25329,2 мың АҚШ доллары сомасында 25,3 мың тонна көлемінде экспортталған.
Өсімдік майы көбінесе, Өзбекстанға (16310,4 тонна), Қырғызстанға Республикасына (6,1 мың тонна), Тәжікстанға (2,8 мың тонна) және Ауғанстанға (0,09 мың тонна) экспортталады.
Май-тоң май кластерін қалыптастыру май-тоң май өнеркәсібі кәсіпорындарының қатысуымен жүзеге асырылады. Аталған кластерде «Май» АҚ-мен облыстың астық белдеуінде орналасқан ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер жетекші звено болып табылады. Май-тоң май кластеріне қатысушылар құрамына «Май» АҚ қалыптастырушы сала кәсіпорны, «Майлы дақылдар» тәжірибе шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі ҒЗИ, Алматы және Қарағанды маргарин зауыттары, астық өндіретін барлық аудандардың элеваторлары, күнбағыс майлы тұқымы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері, машина жасау кластері кәсіпорындары, ауыл шаруашылығы техникасымен, қосалқы бөлшектермен және жанар-жағармаймен қамтамасыз ету кәсіпорындары кіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |