Өнеркәсіп географиясы



жүктеу 2,97 Mb.
бет86/117
Дата22.12.2023
өлшемі2,97 Mb.
#44894
түріОқулық
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   117
Увалиев. Оқулық, өнеркәсіп географиясы

Өсімдік шаруашылығы дәнді және техникалық дақылдар, көкөніс, жүзім, бау-бақша сияқты салаларға бөлінеді. Өсімдік шаруашылығы салаларының географиясына мына төмендегі жағдайлар, яғни климаттық жағдайының қолайлылығы, егістікке жарамды жерлердің болуы және олардың құнарлылығы, ауыл шаруашылығы дақылдарының биологиялық ерекшеліктері әсер етеді. Өсімдік шаруашылығының негізін астық шаруашылығы алса, оның басты дақылы бидай, яғни жаздық бидай болып табылады.
Дәнді дақылдар. Өсімдік шаруашлығының негізін дәнді дақылдар құрайды. Дәнді дақылдар дүниежүзіндегі өңделетін жер қорының ½-інен астамын алып жатыр. Олардың егістіктері іс жүзінде адамдардың қоныстану аймағына сәйкес келеді. Соңғы 50 жыл ішінде дәнді дақылдар өнімділігі 3 есеге артқан, жылына өндірілетін мөлшері 2 млрд.тоннаға.асып отыр. Дәнді дақылдардың өнімділігі егіс көлемін ұлғайту есебінен емес, әрбір гектардан алынатын түсімді көтеру есебінен көбеюде. Дәнді дақылдардың шығымдылығы дамушы елдерде 15-20 ц/га болса, дамыған елдерде бұл көрсеткіш 35-40 ц/га. Дүниежүзі бойынша жылына дәнді дақылдардан алынатын өнімнің жартысына жуығы Азия елдеріне, ¼-і Солтүстік Америка, ал қалған бөлігі Еуропа елдері мен басқа елдер үлесіне келеді. Елдер арасында 1-орында соңғы кезде АҚШ-ты басып озған Қытай, 2-орында –АҚШ, 3 орында –Үндістан, 4-орында Ресей, 5-ші орынды Франция иеленеді. Дәнді дақылдар тамақ, құрама жем, спирт және т.б. өндіріс салаларына шикізат болып табылады. Дәнді дақылдардың негізін бидай, күріш, жүгері, зәйтүн, күнбағыс, картоп құрайды. Дәнді дақылдар егістігінің 32%-ын бидай, 20%-ын – күріш, 18%-ын – жүгері егістігі алып жатыр. (қосымша Ш)
Техникалық дақылдар
Техникалық дақылдар түрлі азық-түлік және өнеркәсіптік тауарлар алу үшін шикізат ретінде өсіріледі. Ең маңызды техникалық дақылдар – қант қызылшасы, қант тростнигі; май - күнбағыс, зәйтүн, соя, арахис, майлы пальма, рапс; талшықты- мақта, зығыр, конопля және т.б. Соңымен қатар салқындатушы сусындар шығарудағы қолданылатын көкөністердің де рөлі жоғары, мысалы, шай, кофе, какао, кола, наркотикалық заттар -темекі, мак және т.б.; дәмдеуіштер – қара және қызыл бұрыш, қалампыр ағашы, мускат және т.б.; дәрі-дәрмек, эфирлі майлар.
Техникалық дақылдар еңбекті көп қажет етсе де болғанымен, өте табысты болып табылады. Қосымшада техникалық дақылдар түрлерін өндіруден ірі мемлекеттер көрсетілген (Қосымша Ы).
АҚШ шетелдерге азық-түлікті ең көп экспорттайтын ел, сыртқа шығарылатын дүниежүзілік астықтың жартысына жуығы АҚШ-тың үлесіне тиесілі. Егістік жердің (185,7 млн.га, дүниежүзінде 1-ші орында) жалпы көлемінің 2/3 бөлігін дәнді-дақылдар – жүгері мен бидай, күріш, құмай (сорго) алады. Майлы дақылдар ішінен елде бұршақ тұқымдастар көптеп өсіріледі (22-кесте.).

22-кесте. АҚШ бойынша бастапқы болжамның орташа көрсеткіштері, 2006-2017 ж.











2006-2007 ж..

2010-2011 ж.

2016-2017 ж.

1

Бидай













Егістік жер (млн. га)

19,9

20,1

20,1




Түсімділігі (т/га

2,7

2,9

3




Өндіріс (млн. т.)

54,6

58,6

61,1




Тұтыну (млн.т.

34,4

36,1

33,7




Азықтық және басқалар

4,3

8,2

5




Экспорт (млн.т.)

27,3

26,5

30,6




Әлемдік экспорттағы үлесі (%)

24,7

21,5

21,9




Жыл аяғындағы қоры (млн.т.)

14

13,1

11,6




Фермерлік баға (долл/т)

133

160

167

2

Жүгері













Егістік жер (млн. га)

29,1

33,5

33,5




Түсімділігі (т/га

9,2

10

10,7




Өндіріс (млн. т.)

267,7

333,9

357,9




Тұтыну (млн.т.

222,3

284

300,2




Азықтық және басқалар

150,8

146

151,7




Биоотын өндірісі үшін

36,8

101,6

110,4




Экспорт (млн.т.)

49

48,9

57,1




Әлемдік экспорттағы үлесі (%)

62,3

57,1

59,7




Жыл аяғындағы қоры (млн.т.)

35,9

16,2

20,4




Фермерлік баға (долл/т)

93

140

130

3

Соя-атбас бұршақ













Егістік жер (млн. га)

29,4

27,5

27,4




Түсімділігі (т/га

2,7

2,9

3,1




Өндіріс (млн. т.)

79,5

79,5

84




Тұтыну (млн.т.

49,8

56,3

60,2




Экспорт (млн.т.)

29,6

23

23,2




Әлемдік экспорттағы үлесі (%)

43,7

27,1

23,2




Жыл аяғындағы қоры (млн.т.)

8,5

6,5

6,3




Фермерлік баға (долл/т)

222

257

248

Прерия даласының солтүстігінде бидай белдеуі, оның орталық бөлігінде жүгері белдеуі орналасқан. Ал ең қиыр оңтүстігінде күріш өсіріледі. Сол сияқты оңтүстік өңірлерде шитті мақта, темекі, қант құрағының плантациялары бар. Барлық аудандардың қала маңы шаруашылықтарында көкөніс пен жеміс-жидек, басқа да тропиктік дақылдар өсіріледі.


Қазақстан Республикасында 2010 жылы ауылшаруашылық дақылдардың егіс алқабы 22,1 млн. га құрады, бұл 2009 жылғы деңгейден 649,5 мың га артық.
Дәнді дақылдар алқабы 17363,5 мың га құрады, бұл 2009 жылғы деңгейден 154,7 мың га артық, оның ішінде бидай – 14868,6 мың га, майлы дақылдар – 1375,6 мың га, дәндік жүгері – 104,2 мың га, күріш – 88,1 мың га, мал азықтық дақылдар – 2804,4 мың га.
Ішкі нарықта шикізат ретінде жетіспейтін дақылдардың егіс алқабын ұлғайту көзделген. Жекелей алғанда 2009 жылмен салыстырғанда майлы дақылдардың егіс алқабы 190,3 мың га, күріш – 1,6 мың га, картоп – 4,3 мың га, қант қызылшасы – 5,7 мың га, жеміс-жидек дақылдары – 3,5 мың га, жүзім – 2,2 мың га, көкөніс және бақша дақылдары – 9,2 мың га өсті.
Сонымен қоса мақтаның егіс алқабы 5,2 мың га азайтылатыны күтілуде. Өндіріске қазіргі заманғы ылғау сақтау технологиялары енгізу бойынша жұмыстар жандандырылды. Олардың қолдану алаңы ағымдағы жылы 11,4 мың га құрады немесе өткен жылдан 0,9 млн га артық.
Орташа жылдық астық өндірісі республикада 18,8 млн. тоннаны құрады. Жоғары нәтижелерге 2009 жылы жеткен, 12,6 ц/га шығымдылық барысында астықтың жалпы алымы 20,8 млн. тоннаны құрады, экспортқа астық пен ұнның 6,8 млн. тоннасы сатылған.
Астық пен ұнның экспорттық сатуының орташа жылдық көлемін соңғы үш жыл ішінде (2007-2009 жылдар) 8,0 млн. тоннаға дейін жеткізе отырып, Қазақстан астықты ірі әлемдік экспорттаушыларының ондығына кірді. Ұнды экспорттау бойынша Қазақстан 2007 жылдан бастап әлемде тұрақты бірінші орынды алады.
Қазақстан астығы әлемнің 70-тен астам еліне жіберіледі. Қазақстандық астықтың негізгі импорттаушылары болып ТМД елдері, Таяу Шығыс, Солтүстік Африка және Еуропалық Одақ табылады.
Мал шаруашылығы – ауыл шаруашылығының маңызды және жетекші саласы. Ол өте ежелден келе жатқан және барлық жерге кең таралған шаруашылық. Оған шабындықтар мен жайылымдық жердің егістік жермен салыстырғанда үш есе артық болуы дәлел. Сонымен қатар өндірілетін дәнді дақылдардың жартысына жуығы және көптеген техникалық дақылдардың қалдығы малға жем ретінде пайдаланылады.
Дамыған елдерде мал шаруашылығының дамуы әртүрлі деңгейде. Экономикалық жағына дамыған (Еуропа, Солтүстік Америка, Жапония) мен өтпелі экономиканың постсоциалистік елдерінде (Орталық Еуропа, ТМД) мал шаруашылығы интенсивті және механикаландырылған жем-шөп өндірісіне негізделген жоғары интенсивті, жоғары механикаландырылған сала болып табылады.
Негізгі салалары – сүтті мал шаруашылығы, етті ірі қара мал өсіру, шошқа шаруашылығы, жоғары механикаландырылған құс шаруашылығы.
Дамыған елдердің мал шаруашылығы –агроөнеркәсіптің өңдеуші және сату салаларымен тығыз байланысты жоғары тауарлы сала.
Жайылым жерлері жеткілікті елдерде мал шаруашылығы экстенсивті тұрде дамуда. Бұл елдерде ірі қара етті бағытта өсіріледі, ал жайылымды қой шаруашылығына пайдаланады. Мұндай елдердің қатарына оңтүстік-батыс Америка, Жаңа Зеландия, Оңтүстік Африка Республикасы, Украинаның оңтүстік ауданы және Ресей, Қазақстанды жатқызуға болады.
Дамушы елдерде агроөнеркәсіптік кешеннің салаларымен байланысы шектеулі немесе аз байланысқан және жайлымды мүмкіндіктерін пайдалантын экстенсивті мал шаруашылығы дамыған. Бұл елдерде етті және етті-сүтті бағыттағы мал шаруашылығы (ірі қара мал Еуропа немес АҚШ елдерімен салыстырғанда аз өнімді), қой, жылқы, түйе шаруашылығы дамыған.
Етті бағытта өсірілетін ірі қара малының саны бойынша Латын Америкасы елдері (Бразилия, Мексика, Уругвай,) және Шығыс Африка (Эфиопия), қой және ешкі саны бойынша Оңтүстік-батыс және Оңтүстік Азия (Иран, Түркия, Үндістан, Пәкістан) елдерін жатқызуға болады.
Қазіргі кезде мал шаруашылығының етті және сүтті бағыттағы ірі қара, қой, шошқа, құс өсіру сияқты дүниежүзілік маңызы бар салалары қарқынды дамуда.
Ұлыбританияның мал шаруашылығы ондағы ауыл шаруашылығынан түсетін табыстың 4/5 бөлігін береді. Мұнда әсіресе қой (30 млн.бас.), ірі қара (12 млн.бас), шошқа (8 млн.бас) және құс шаруашылықтары жақсы дамыған.
Ірі қара өсіру қоңыржай белдеудің табиғи және мәдени жайылымдармен жақсы қамтамасыз етілген орман, орманды дала, дала аймақтарында жақсы жолға қойылған. Дүниежүзі бойынша ірі қараның басы 1,3 млрд-қа жетіп отыр. Өндірілетін сүттің барлығын дерлік, ал еттің 35 пайызын осы ірі қара малы береді. Интенсивті сүтті және етті-сүтті бағыттағы мал шаруашылығы дамыған елдерге тән. Өнімділігі өте жоғары болғандықтан, бұл шаруашылық саласы жылдан-жылға өркендеуде,. Етті бағыттағы мал көбінесе, қоңыржай және субтропиктік белдеулердің неғұрлым құрғақ аудандарында таралған. Онда экстенсивті отарлап жайылымда бағу және көшпелі мал шаруашылығы басым келеді.
Сүт өндіру бағытындағы ірі қара өсіру Еуропа мен Солтүстік Американың орман зонасында орналасқан елдерде жақсы жолға қойылған. АҚШ-тың ауыл шаруашылығының жетекші саласы – мал шаруашылығы болғандықтан, егіншілік біршама дәрежеде мал шаруашлығының талап-тілектеріне қарайлап, оны жем-шөппен қамтамассыз етеді. АҚШ-тың мал шаруашылығы сүтті және етті бағытта дамыған Елде ірі қараның жалпы саны -100 млн.бас. Жапонияда сауын сиырдың саны -4,8 млн.бас. Қазақстандағы ірі қара саның 6,2 мың бас. (2010 ж.). ГФР-да мал шаруашылығы сүтті-етті бағытта дамыған.
Ресейде негізгі мал шаруашылығы дамыған аудандар болып Солтүстік Батыс, Орталық, Батыс Сібір аудандары саналады.
Жайылымдық жерлер мен шөптесін өсімдіктердің жеткілікті болғанына қарамастан Африка, әсіресе, оның тропиктік аймақтарында ірі қара саны өте аз. Оның басты себебі – ұйқы ауруының қоздырғышын тарататын цеце шыбыны. Сондықтан мұнда бұл ауруға шалдықпайтын ірі қара зебу өсіріледі.
Қой шаруашылығы жайылымы мол шөлейтті, шөлді белдеулерде және таулы аймақтарда мамандандырылған.Ол ет-жүн бағытындағы және биязы, жартылай биязы жүн бағытындағы болып бөлінеді. Ет-жүн бағытындағы қой шаруашылығы, ылғалы жеткілікті және климаты біршама жұмсақ аудандарда таралған. Дүниежүзі бойынша қойдың саны 1,2 млрд.басқа жетіп отыр. Қой шаруашылығының ет-жүн бағытындағы тауарлы өндірісі Солтүстік және Оңтүстік Американың, Аустриалия мен Оңтүстік Еуропаның, Орталық және Орта Азияның, Оңтүстік Африканың қоңыржай және субтропиктік белдеулерінің құрғақ аудандарында жақсы дамыған. Биязы жүнді қойлар өте сапалы жүн береді, ол жүн маталарын жасау, кілем тоқу мен тері-былғары өнеркәсібінде қолданылады. Алдыңғы Азия, Орта және Оңтүстік Африка елдерінде қаракөл елтірісін дайындау жолға қойылған. Дүниежүзіндегі қойы ең көп ел – Аустриалия (130 млн.бастан астам)., Одан кейін Қытай (112 млн.бастан астам). Ал Қазақстандағы қойдың саны 2010 жылдың соңында 17,8 мың. басқа жеткен. Қой өсірудегі басты аудандар болып Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстары саналады.
Жүн өндіруден жетекші елдер қатарында Аустриалия, Қытай, Жаңа Зеландия, Уругвай және Ресей жатады.
Шошқа шаруашылығы дүниежүзілік ет өнімінің 40%-ға жуығын береді. Қазіргі күнде оның саны 0,8 млрд-тан асып отыр. Бұл шаруашылықтың түрі адамдар тығыз қоныстанған аймақтарда, астық пен картоп шаруашылығы, қоғамдық тамақтану орындары мол қала маңы аудандарында кең таралады Шошқа шаруашлығының басты өнімі - ет пен май бағытында өсіріледі. Дүниежүзіндегі шошқа санының жартысына жуығы Азияға, оның ішінде, ең алдымен, Қытайға келеді. Сонымен қатар АҚШ, Бразилия, Германия, Ресей, Польша елдерінде де шошқа шаруашылығы жақсы дамыған. ГФР-де шошқа саны – 25 мың.бас. Шошқа шаруашылығымен мүлдем айналыспайтын елдерде кездеседі. Олар мұсылман мемлекеттері Сауд Аравиясы. Қазақстандағы шошқаның саны 1,344 мың басты құрап отыр (2010 жыл.)
Құс өсіру шаруашылығы – ауыл шаруашылығың ең жаңа және қарқынды дамып келе жатқан саласы. Өнімнің қысқа мерзімде өндірілуі нарық сұранысына бағыт-бағдар ұстауға мүмкіндік береді.
XX ғасырдың екінші жартысынан бастап, Солтүстік Америка мен Батыс Еуропа елдерінде бройлер балапандарын өсіретін ірі құс өсіру кешендері қалыптасты. Бүгінгі таңда құстың саны жөнінен Қытай, АҚШ, Ресей, ал жұмыртқа өндіруден Қытай, АҚШ, Жапония, Ресей мен Үндістан ерекше көзге түседі. Қазақстандағы құстың саны -32,8 млн (2001 ж.)
Тауарлы құс шаруашылығы, негізінен, қала маңында шоғырланған. Ал соңғы жылдары жоғары маманданған құс шаруашылықтары арзан жұмысшы күші жеткілікті, климаты қолайлы аудандарға ауысуда.
Қазақстан Республикасының мал шаруашылығы экономиканың аграрлық секторының негізгі саласы болып табылады. Ең бай жайылым жерлері және жағымды табиғи-климаттық жағдайлары мал шаруашылығының дамуы үшін жақсы негіз құрайды.
Мал шаруашылығы саласында мемлекеттік саясатты іске асыру нәтижесінде мал мен құс басының, мал шаруашылық өнімдері өндірісінің тұрақты өсуі, мал мен құс өнімділігінің жоғарылауы, табынның қайта молықтырылуының жақсаруы байқалады.
Ірі қара малының басы орташа алғанда жыл сайын 5,4%-ға, қой мен ешкілер –8,2%-ға, шошқа –2,6%-ға, жылқы – 5,3%-ға, түйе –6,4%-ға және құстар - 7,3%-ға ұлғайып отырады.
11.1.4 Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешені және оның даму болашағы
Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені ауылшаруашылық өнімдерін өндіру мен оларды тұтынушыларға жеткізуге қатысатын шаруашылық салаларын біріктіреді.
Агроөнеркәсіптік кешеннің басты мақсаты – ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, оларды сақтау, сапалы өңдеу және сенімді негізде тұтынушысына жеткізу болып табылады. Ауыл шаруашылығы бұл міндеттерді шешуді басқа көптеген салалармен берік байланысы негізінде ғана жүзеге асыра алады. Сондықтан ауыл шаруашлығының қажеттіліктерін және оның өнімдерін өңдеуге қызмет ететін өндірістермен өзара байланысын тұрақты түрде кеңейтіп отыруы тиіс.
Қазіргі таңда агроөнеркәсіптік кешеннің даму мәселесі экономикалық саясаттың басты басымдықтарының бірі. Сонымен қатар оның әрі қарай бәсекеге қабілеттілігін нығайту мақсатында арнайы шаралар қабылданып жатыр. Бүгінде агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты даму тұжырымдамасы іске асырылуда.
Агроөнеркәсіптік кешеннің алдына бірқатар мақсаттар қойылды.
Бірінші міндет. Бұл ретте кезек күттірмес мақсат ретінде ауылшаруашылығын өндірістендіру аталған. "Ол саланы сапалы техникамен жабдықтау көлемін арттыру, агротехнологияларға бағыну, ғылыми қамтамасыздықты күшейту, инновациялық жобаларды қолданысқа енгізу мен нақты сектордың сұраныстарына сәйкес мамандармен қамтамасыз ету жүйесін қалыптастыру арқылы қамтамасыз етіледі",- делінген құжатта.
Екінші міндет - ауылшаруашылығы өндірісінің инфрақұрылымын дамыту. "Ауылшаруашылығы өнімдерінің дайындау мен сатудың тиімді моделін құру, қаржылық және ақпараттық-маркетингтік жүйелер құру, халықаралық стандарттарды енгізу, азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін олардың сапасын қадағалау жағдайын жақсарту көзделген. Бұл ретте өзімізде бар шикізатттар қорын жоғары деңгейде пайдаланудың маңызы артады",- делінген құжатта.
Агроөнеркәсіптік кешеннің алдында тұрған тағы бір міндет – ауыл шауашылығының ұлттық бәсекелестік артықшылықтарын дамыту болып табылады. "Талдау нәтижелері көрсеткендей, еліміздің ауыл шаруашылығы саласында бірқатар артықшылықтар мен ауқымды іске асырылмаған әлеует бар. Оларды бәсекелестікте табысты пайдалануға болады. Атап айтсақ, шикізатты өндіруге және оны өңдеуге жұмсалатын шығынның салыстырмалы түрде төмендігі, өндірілетін өнім мөлшерінің ел ішінде тұтынылатын мөлшерден біршама артықтығы, отандық өнімдердің экологиялық тазалығы, өз қуат көздерімізбен қамтамасыз ету мүмкіндігі мен қаржылық институттардың капиталы",- делінген құжатта.
Төртінші міндет - агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің нарығын мемлекеттік реттеу және еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қазақстан үшін азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатерді жою үшін ішкі рынокты реттеудің маңызы зор. Бұл қажеттілік сонымен бірге ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемінің маусымдық өзгерістеріне және сонымен сабақтас азық-түлік өнімдерінің ішкі нарыққа бірдей көлемде жеткізілмейтіндігіне де байланысты. Бұл факторлар өз кезегінде бағаның шұғыл өзгеріп отыруы мен инфляциялық процесстерге алып келуде.
Стратегиялық міндеттерді іске асыру үшін келесі іс-шаралар кешені жүзеге асырылады.
1. Инвестицияларды агроөнеркәсіптік кешеннің басым міндеттерін орындауға шоғырландыру және бағыттау.
Осы міндеттің айналасында келесі мақсаттарға жету жоспарланады:
Агроөнеркәсіптік кешеннің маңызды міндеттерін қаржыландыруға бюджеттен қаражат бөлу, ауыл кәсіпкерлігін дамытуды ынталандыру.
Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қажетін толық қанағаттандыру үшін бюджеттен тыс көздерден инвестиция тарту.
Агроөнеркәсіптік кешен саласында мемлекеттік инвестициялардың тиімділігін арттыру.
2.Аграрлық өндірістік және сервистік инфрақұрылымды дамыту.
Бұл міндет агроөнеркәсіптік кешенді техникалық жарақтаудың деңгейін көтеруге, ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеудің қазіргі заманғы технологияларын енгізуге бағытталған. Аймақты жеңілдетілген несиемен қамтамасыз ету және несиелендірудің қаупін төмендету. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің шағын бірлестіктерін ынталандыру, ауылдық жерлерде ауыл шаруашылығынан тыс бизнесті дамыту. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен ауыл тұрғындарын ақпараттық қамтамасыз ету жұмыстарын дамыту.
3. Агроөнеркәсіптік кешеннің инфрақұрылымын дамыту шеңберінде келесі мақсаттар анықталды:
Агроөнеркәсіп кешенін ауыл шаруашылығы техникасы және жабдықтарымен қамтамасыз ету.
Аграрлық сектордың талабына сәйкес несиелік серіктестіктер жүйесін дамыту.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен оны жабдықтау-сатып өткізу инфрақұрылымының бірлестіктерін құруды ынталандыру.
Ауылдық жерлердегі кәсіпкерліктің ауыл шаруашылығына жатпайтын түрлеріне қолдау көрсету.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге екінші деңгейдегі банктердің берген несиелері бойынша кепілдік жүйесінің беріктігін қамсыздандыру және дамыту.
Ақпараттық-кеңестік орталықтардың аймақтық желілерін ауыл айналасының деңгейіне дейін кеңейту;
Ауылдық жерлерде шағын несиелендірудің институционалды инфрақұрылымын қалыптастыру.
Өсімдік өсіру шаруашылығында сақтандыру жүйесін дамытуды ынталандыру.
Көрме-жәрмеңке шараларына агроөнеркәсіп кешені субъектілерінің кеңінен көптеп қатысуын қамтамасыз ету.
4. Агроөнеркәсіптік кешенде кластерлердің қалыптасуына және дамуына көмек көрсету.
Осы міндет айналасында келесі мақсаттарға жету қажет:
Мақта кластерін қалыптастырып, дамытуға көмек көрсету.
Өсімдік шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу өндірісін қалыптастырып, дамытуға көмек көрсету.
Жеміс-жидек кластерін қалыптастырып, дамытуға көмек көрсету.
5. Агроөнеркәсіптік кешен өнімдерін экспортқа шығаруды дамыту.
6. Ішкі азық-түлік нарықтарын ретке келтіру және тұрақтандыру.
7 .Корпоративтік басқарудың тиімділігін арттыру.
Аграрлық салаға тұтас мемлекеттік қолдау көрсету жүйесі жасалды. Ең алдымен, ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің кәіпкерлік ынтасын ынталандыруға және агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілетті бағыттарын тездетіп дамытуға қолайлы жағдайлар туғызылуда.
Республикалық бюджеттен ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы саласына 96 млрд. теңгеден артық қаржы қарастырылды. Оның ішінде 41,3 млрд.теңге өндірісті субсидиялауға арналады, ол өткен жылғы деңгеймен салыстырғанда 3% жоғары. Бұдан басқа, инвестициялық жобаларды іске асыруға “ҚаззАгро” холдингіне Ұлттық қордан 120 млрд.теңге бөлінді. Оның 70 млрд. теңгесі уақытша бос қаражаттар, ол маусымдық егу және жинау жұмыстарын несиелендіруге бөлінген.
Бүгінгі таңда өсімдік шаруашылығын әртараптандыру маңызды рөл атқарады. Ол ауыл шаруашылығында басымдықты дәнді дақылдар өндірісін ынталандыруға бағытталған. Ауылшаруашылық өнімінің көлемін мемлекеттік реттеу мәселесі көбіне, субсидиялау бағдарламаларын іске асыру арқылы шешім табады.
Сонымен қатар, өсімдік шаруашылығының ішкі рынокты молықтыруына байланысты алдағы уақыттарда экспорттық әлеуетті арттыру қажет. Алдымен, ол астық өндірісіне қатысты. Оған жерлерді жаңадан жырту, химияландыру және қазіргі заманғы ылғал сақтау технологияларын енгізу есебінен қол жеткізуге болады. Сонымен бірге, экспорттық бағытты күшейту мақсатында қолданыстағы астық терминалдары мүмкіндіктерін әрі қарай нығайтып және инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы экспорттың барлық бағыттарында жаңадан астық терминалдарын салу қажет.
Мал шаруашылығында да оң тенденция сақталып отыр. Малдың барлық түрінің саны және мал шаруашылығы өнімдерінің өндірісі жыл сайын орташа 4-5%-ға тұрақты өсу үстінде. Малды асылдандыру, асыл тұқымды төл өсіру, асыл тұқымды шаруашылықтардың санын ұлғайту, жасанды ұрықтандыру орындарын көбейту іске асырылуда. Мал шаруашылығы өндірісін мамандандыру және концентрациялау, оның өндірістік негізге ауыстыру үрдісі жалғасуда.
Мал шаруашылығы саласында орта және ірі тауарлы құрылымдарды ынталандыру мақсатында, өндірістік негізде құрамажем, өндіріске қолданылатын ірі қара мал еті, шошқа еті, құс еті, жұмыртқа, сүт және биязы жүн құны ішінара субсидиялануда.
Аталмыш шама, бір жағынан қазіргі ауыр жағдайдағы қайта өңдеу кәсіпорындарына қолдау көрсетуге, екінші жағынан азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Қайта өңдеу саласын дамыту үшін, алдымен, қайта өңдеу кәсіпорындарын техникалық және технологиялық қайта жабдықтау қажет. Сонымен бірге, қайта өңдеу қуатылығын сапалы шикізатпен толықтай қамтамасыз ету жөнінде де жұмыстар атқарылуда. Өндірілген өнімді өткізуге жағдай жасауда отандық өңдірісшілерге қолдау көрсету мақсатында мемлекет бірқатар шараларды іске асырып жатыр.
Экспорттық әлеуетті дамыту үшін басты назар инвестициялық жобаларға аударылуда. Атап айтқанда, инфрақұрылымы жолға қойылған мал бордақылау алаңдарының жүйесін құруға, сою пункттерін, биязы жүнді қой шаруашылығын жандандандыруға, жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдеуге, астықты терең әдіспен қайта өңдеу технологиясын дамытуға көңіл бөлінуде.
Әлемдік тәжірибеге сай болу үшін агроөнеркәсіптік кешеннің нарыққа бағытталған заңнамалық негізін қалауда да жұмыстар жүргізіліп жатыр. 2010 жылы қабылданған “Ветеринария туралы” заңға бірқатар түзетулер енгізілді. Заңнамалық негіздің шетелдік үлгіге үйлесімділігі ескерілді. Бұл біздің мал шаруашылығы өнімдерін сыртқы рынокқа шығару жолында кездесетін көптеген кедергілерді жоюға мүмкіндік береді. Фитосанитарлық іс-шаралар сапасын жақсарту мақсатында, фитосанитарлық мәселелердің кейбір заңнамалық актілеріне түзетулер енгізілді. Су шаруашылығы саласындағы заңнаманы жетілдіру үшін биылғы жылы Су кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Жалпы, Қазақстанда бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіптік өндірісті дамытуға, экспорттық мүмкіндіктерді ұлғайтуға, агроөнеркәсіптік кешен субьектілерінің табыстарын көтеруге, отандық тауар өндірушілердің ішкі және сыртқы рыноктардағы ұстанымын айрықша бекітуге қажетті тиімді жағдайлар жасалды.
Жоспарланған міндеттерді орындау үшін экономиканың аграрлық саласының бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тиімді мөлшерде өнім өндіру, ішкі рынокқа жететіндей тұрғыда, сондай-ақ экспортық әлеуетті қалыптасыру мақсатында агроөнеркәсіптік кешеннің 2014 жылға дейін даму бағдарламасы әзірленді. Оны әзірлеу барысында бірқатар инновациялық көзқарастар ескерілді.
Біріншіден, өткізу рыногы бар өнім өндірісіне екпін түсіру, ең алдымен, импортты алмастыру және экспортқа жол ашу.
Екіншіден, бағдарлама субсидияның жаңа идеологияға өтуін көздейді, ол, озық технологияны енгізуді және өндірістің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуды ынталандыру болып табылады. Жеке бюджеттік бағдарламада аталған әдісті жүзеге асыру 2010 жылдан басталды.
Үшіншіден, келешегі бар бағыттарды нақтылау шараларын және мамандандырылған аймақтарда шеберлік-жоспарлардың болжамдылығын жетілдіруді күшейту. Келешегі бар бағыттарды анықтау барысында, агроөнеркәсіптік кешеннің 65 саласы және бірқатар қосымша салалар талданып, олардың ішінен 15-і іріктеліп алынды.
Шеберлік-жоспарлардың бірқатары АӨК-тің келешегі бар бағдары – өсімдік шаруашылығы саласын дамытуға бағытталған. Ол астық өндірісі және оны тереңдете қайта өңдеу мен өнімдердің экспортын, майлы дақылдарды және жеміс-көкөніс өнімдерін өндіру және қайта өңдеу, қант қызылшасынан ақ қант өндіру мақсаттарын көздейді.
Бағдарламада мал шаруашылығы саласының дамуына да үлкен назар бөлінген. Мұнда мемлекеттік қолдаудың жаңа түрлерін және механизмдерін енгізу жоспарланып отыр. Олар: құрамында асыл тұқымды аналық малдары бар тауарлы шаруашылықтарда субсидиялау; пайыздық мөлшерлі несие бойынша субсидиялау, ауылшаруашылық құрылымдары, мал шаруашылығы және құс шаруашылығы объектілерінің құрылысы және қайта жөндеу, жоғарғы өнімді асыл тұқымды малдар мен асыл тұқымды материалдар сатып алу; 100% ауылшаруашылық құрылымдарын қамтитын кең ауқымды селекция.
Ет және ет өнімдерінің өндірісі және экспорты, биязы жүнді және оның қайта терең өңдеудегі өнімдерінің өндірісі және экспорты, сүт және сүт өнімдерінің өндірісі, құс шаруашылығын дамыту мәселелері де басты назарда. Бағдарламада өсімдік және мал шаруашылығымен қатар қайта өңдеу өнеркәсібінің жаңаша дамуы қарастырылған. Тамақ өнімдерінің өндірісі мен ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеудің барлық түріне ҚҚС-тың жеңілдікті мөлшері белгіленді. Қайта өңдеген шикізат көлемін субсидиялау арқылы отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу үлесі арттырылады. Ел ішінде қайта өңделген өнімдерді өткізетін тұрақты базар ашу, оның ішінде көліктік-логистикалық жүйе құру да негізгі міндет. Шетелдік стандартты енгізген қайта өңдеу кәсіпорындарының санын 2015 жылға дейін 420 бірлікке жеткізу көзделуде.
Егер сәйкесті ғылыми және кадрлық қамтамасыз ету болмаса, агроөнеркәсіптік кешен салаларын тиімді және толық ауқымда дамыту мүмкін емес. Аграрлық ғылымды дамытудың және мамандарды дайындаудың басты жолы да осындай мақсаттарға бағындырылған.
Олар: агротехнологияларды шетелдік трансфертпен қамтамасыз ету, 5 мың бірлік генетикалық ақпараттарды беру жолымен, 32 шетелдік НИОКР жобаларын іске асыру: АӨК-тің инновациялық жүйесін құру, аграрлық ғылымның өндірістік және әлеуметтік инфроқұрылымын құру.
2014 жылға дейін жоғары білімді мамандар мен сұраныстың 98%-ы қамтамасыз етіледі (техникалық және кәсіптік ортанғы буын – 89,2%, бастапқы буын 82,5%-ға дейін).
Өзектілік және бағдарлама тапсырмаларының ауқымы бізден тездетілген ірі тауарлы өндіріске өтуді, алдыңғы қатарлы технологиялар жүйесін енгізуді, сонымен қатар ауылшаруашылық өнімдерін барынша сапалы дайындауға күш жұмсауды талап етеді, онсыз біздің өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату мүмкін емес. Осыған байланысты өнімдерді дайындау және іске асыру ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің кооперациясы негізінде жүзеге асырылады.
Аграрлық несие корпорациясы мен “Оңтүстік” ӘКК-нің ауылдық тұтыну кооперативтерін құру тәжірибесі көрсеткендей, бұл орайда әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың қатысуымен сервистік дайындау орталықтарын құру тиімді болып келеді. Ол өз кезегінде, бастапқы кезеңде кооператив мүшелерінің қажетті ресурстармен қамтамасыз етілуіне және өндірілген өнімді тиімді өткізуге мүмкіндік береді. Сервистік-дайындау орталықтары ауылшаруашылық өндірісі дамуын ынталандыратын, өнімнің көлемін, ассортиментін ұлғайтатын, ауылшаруашылық құрылымдар өнімдерінің сапасын жақсартатын және ауылшаруашылық тауарлар құнын төмендететін ғылыми-техникалық жетістіктерді енгізетін ұйым болады.
Сервистік-дайындау орталықтарын құру ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне орталықтан және өндірісті айналым қаражаттары есебінен қажетті қаржылық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Олардың аймақтарда баға қалыптастыруда маңызды ықпалы бар.
Осылайша, кең ауқымды іс-шараларды жүзеге асыру бәсекеге қабілетті ауылшаруашылық өнімнің тұрақты өндірісін, ішкі қажеттілікті азық-түлікпен молықтыруды және экспортқа жол ашуды қамтамасыз етеді.



жүктеу 2,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   117




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау