Өнеркәсіп географиясы



жүктеу 2,97 Mb.
бет25/117
Дата22.12.2023
өлшемі2,97 Mb.
#44894
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   117
Увалиев. Оқулық, өнеркәсіп географиясы

Тақырып бойынша бақылау сұрақтары:

  1. Отын-энергетикалық кешеннің қазіргі әлемдік даму мәселелеріне саяси және экономикалық-географиялық тұрғыдан талдау жасаңыз.

  2. Әлемдік мұнай-газ өнеркәсібінің орналасу ұстанымдары мен олардың дүниежүзлік экономикадағы маңызын саралаңыз.

  3. Дүниежүзіндегі басты мұнай-газ өндіруші аймақтар мен елдердің қазіргі даму жағдайына талдау жасаңыз.

  4. Халықаралық саудадағы отын-энергетикалық саланың үлесін және оның әлемдік экономикадағы алатын орнын бағалаңыз.

  5. Қазіргі кездегі электр қуатының жетіспеушілігі және ғаламдық экономикалық интеграциялық үрдістердің байланысын талдаңыз.

  6. Қазіргі экономикалық даму мен экологиялық дағдарыстар арасындағы қарама-қарсылық пен бірлік мәселесін түсіндіріңіз



5 тақырып. Тау-кен өнеркәсібі
Аталмыш өнеркәсіп бастапқы табиғи ресурстармен – пайдалы қазбалармен байланысты болатындықтан, өндіру өнеркәсібінің негізін құрайтын тау-кен өндірісі өнеркәсібін өндірістің бастапқы салаларына жатқызады. Тиісінше оның құрамына отындық, кенді және кенсіз қазбаларды шығарумен және өңдеумен, байытумен айналысатын салалар кіреді.
Дүниежүзінде өндірілетін барлық минералды шикізаттың 9/10 бөлігі оның 20-дан аса түріне келетіндігі анықталған. Отын-энергетика шикізатынан бұл мұнай, табиғи газ, көмір, уран, қара металдар кендерінен бұл – темір, марганец және хром кендері, түсті және қоспалы кендерден – бокситтер, мыс, қорғасын-мырыш, никель, қалайы, вольфрам, молибден, кобальт, ванадий, титан кендері, бағалы металдар мен асыл тастардан -платина тобының металдары, алтын, күміс, алмаздар, тау кен-химия шикізатынан – калий тұздары, фосфориттер мен күкірт. Әрине, оларды Жер қойнауынан шығару ауқымдары өте әртүрлі. Тек көмірдің, мұнай мен темір кендерінің өзін жылына 1 млрд тоннадан аса шығарады. Бокситтер, фосфориттер шығару жүздеген миллион, марганец, хром кендерін, клий тұздарын, күкірт шығару – ондаған миллион, қорғасын, мырыш, мыс кендерін шығару – миллиондаған, никель, қалайы, титан шығару – жүздеген мың, уран, вольфрам, молибден, кобальт, күміс шығару – ондаған мың тонналармен өлшенеді. Әлемдік алтын шығару шамамен алғанда, жылына 2,3 мың тонна, платина шығару – 150 тоннадан аз шаманы құрайды.
Отын ресурстарын шығару туралы жоғарыда әңгімеленіп кеткендіктен, мұнда кенді және кенді емес пайдалы қазбаларды шығаруға тоқталамыз. Осы шағын салалардың дамуы да бірқалыпты болған жоқ. 70 жылдардың ортасында тек энергетикалық қана емес, минералды шикізатқа деген бағаның өсуіне алып келген шикізаттық та дағдарыс орын алды. Энергетикалық дағдарыс секілді, бұл дағдарыс та одан кейін жеңіп шығылғанымен, ол да әлемдік тау-кен қазу өнеркәсібінің дамуының жалпы концепциясына әсер етті. Біріншіден, Батыс елдері материал үнемдеу саясатын анағұрлым дәйектірек жүзеге асыра бастады. Екіншіден, олар тау-кен қазу өнеркәсібін техникалық қайта жарақтандыруға көбірек көңіл бөле бастады, бұл, оның ішінде, кенді және кенді емес қазбаларды шахталық шығарудан ашық түрде шығаруға көбірек көшуден көрініс тапты (Америка Құрама Штаттарында ашық тәсілмен барлық минералдық шикізаттың енді шамамен 9/10 бөлігі шығарылуда). Үшіншіден, әрі бұл ең бастысы, Батыс елдері минералдық шикізаттың өз ресурстарына қайта бағыт-бағдар ала бастады. Канаданың, Аустралияның, сондай-ақ Оңтүстік Африка Республикасының осындай шикізатты шығарудағы да, әлемдік нарыққа жеткізулердегі де рөлінің күрт арта түсуі дәл осымен түсіндіріледі. Олар, әдетте, шығарылатын пайдалы қазбалардың 80-90%-ын экспорттайды. Осындай халықаралық маманданудың тікелей әсер етуімен оларда аса ірі – мысалға, Солтүстік және Батыс Аустралия, Оңтүстік Африка Республикасындағы Витватерсранд, Канададағы Солтүстік аумақтар мен Лабрадор секілді минералды-шикізаттық аудандар қалыптасты. Солай болса да, дамып келе жатқан елдер Батыстың экономикалық жағынан дамыған елдері үшін минералды шикізатты аса ірі жеткізушілер болып қалуда. Осы елдердегі негізгі минералдық ресурстарды шығару олардың өздерінің қажеттіліктерінен шамамен үш есе асып түседі, ал түзілетін «артық өнім» экспортқа шығарылады да. Батыстың экономикалық жағынан дамыған елдері өздерінің минералды шикізатқа деген қажеттіліктерін шамамен 1/3 бөлігіне Азия, Африка және Латын Америкасы елдерінен жеткізілімдердің арқасында қанағаттандырып отыр.
Әлемдік тау-кен қазу өнеркәсібінде Батыстың экономикалық жағынан дамыған елдерінің, дамып келе жатқан елдердің және бұрынғы социалистік елдердің алып отырған рөлі туралы көрнекі түсінікті қосымшадағы кестелерден көруге болады.
Қосымшадағы кестелерді талдау Батыстың экономикалық жағынан дамыған елдерінің хром кендерін, қорғасын, мырыш, молибден, алтын, фосфор кендерін және калий тұздарын өндіруде, дамып келе жатқан елдер – бокситтер, мыс, қалайы, күміс өндіруде, ал бұрынғы социалистік елдер мен кеңес елдері – темір және марганец кендерін, вольфрам өндіруде негізгі рөл атқаратындығын көрсетеді. Кейбір жағдайларда (қалайы, вольфрам, калий тұздары) елдердің үш тобы арасында шындығында да күрт контрасттар байқалады. Басқа жағдайларда болса (темір, марганец, хром, фосфор кендері, никель) олардың арасындағы айырмашылықтар онша зор емес.
Жекелеген авторлар әлемді тау кен-өнеркәсіптік аудандастыру әрекеттерін жасағанымен де, осындай аудандастырудың жалпы қабылданған сызбасы әзірге жоқ. Сонда да шарттылықтың белгілі бір үлесімен келесі тоғыз тау-кен - өнеркәсіп аймақтарын бөліп көрсетуге болады: 1) Америка Құрама Штаттары, Канада және Мексика; 2) Латын Америкасы; 3) Шетелдік Еуропа; 4) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері; 5) Қытай; 6) Солтүстік Африка және Оңтүстік-Батыс Азия; 7) Сахарадан оңтүстікке қарайғы Африка; 8) Оңтүстік Африка Республикасы; 9) Аустралия. Осы аудандардың барлығында қазіргі уақытта тау-кен және тау кен-химия шикізаттарының (отынсыз) 8000-нан астам кен орындары, оның ішінде 1200-ге жуық ірі кен орындары (олардың ішінде Солтүстік Америкада 330, Африкада – 215, Латын Америкасында – 200, Батыс Еуропада – 150, Аустралияда – 120) жұмыс істеп отыр. Минералдық отын мен шикізаттың ең кең шоғырлануына бірінші және төртінші аймақтар ие. Жақындағы 15-20 жылға даму келешектеріне келер болсақ, олар бірінші, екінші, алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы аймақтарда орасан зор.
Біріншіден, бұл әлемдік шаруашылықтың осы бір маңызды саласындағы жағдайды ең алдымен анықтайтын сегіз, яғни шартты түрде айтқанда, аса ірі тау кен өндіруші державалардың бар екендігі туралы қорытынды. Шындығында да, оларды өндіру жөнінен көшбасшылық орында: Қытай тоғыз түрінен, Аустралия мен Ресей – сегіз, Америка Құрама Штаттары мен Канада – жеті, Бразилия мен Оңтүстік Африка Республикасы – алты, ал Үндістан – төрт түрінен алғашқы үштік құрамында. Осы елдердің барлығы үшін тау-кен өндіру өнеркәсібі баяғыдан-ақ халықаралық маманданудың салаларының бірі болған, оның өзі де көп салалы сипатқа ие. Екіншіден, бұл осыған Украинаны, Қазақстанды, Польшаны, Индонезияны, Венесуэланы, Перуді, Мексиканы қосуға болатын, тау-кен өндіруші елдердің өзіндік «екінші эшелонының» бар екендігі туралы қорытынды. Бұған көп салалы тау-кен өндіру өнеркәсібіне ие емес, бірақ солай болғанда да әлемдік деңгейде оның кей салаларының бірінің даму деңгейі бойынша елеулі көзге түсетін тағы да бір тұтастай елдер қатары, бірінші кезекте дамушы елдер ішінен: мысал, Чили – мыс өндіру бойынша, Гвинея мен Ямайка – боксит шығару бойынша, Марокко – фосфор кендері бойынша және т.с бар екендігін қосуға болады.
Жалпы алғанда кенді шикізат өндіру анағұрлым кеңірек таралған, бірақ оның жекелеген шағын салалары арасында талай айырмашылықтар бар. Мысалға, мыс кендерін шығару бүгінгі таңда әлемнің 50 елінде жүргізілуде, темір кендерін шығару – 43, бокситтер шығару – 30, қалайы және вольфрам кендерін шығару – 25, никель кендерін шығару – 22, кобальт кендерін шығару – 15, молибден кендерін шығару – 12 елде жүзеге асырылуда. Әрі бұл олардың арасындағы «салмақ дәрежелеріндегі» орасан зор айырмашылықтар туралы айтпағанның өзінде.
Кен емес шикізат шағын тобында ең көп мәнге тау кен-химия шикізатын шығару ие. Бұл ең алдымен фосфор кендері, бүкіл шығарудың ¾ бөлігі Америка Құрама Штаттарына, Қытайға, Мароккоға және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдеріне келгенімен, осы кендер әлемнің 30 елінде шығарылады. Бұл сонымен қатар осыларды шығару бәрінен де бұрын Батыс Еуропада, одан кейін – Америка Құрама Штаттары мен Ресейде басталған калий тұздары, бірақ соңғы кездері оның өлшемдері бойынша бірінші орынды осы тұздардың ең мол ресурстарына ие болып отырған Канада берік ұстап отыр.
Айтылғанның барлығынан әлемдік тау-кен қазу өнеркәсібіндегі халықаралық географиялық еңбек бөлінісінің сипаты туралы қорытынды тіленіп тұр. Минералдық шикізаттың барлық дерлік түрлерінің негізгі тұтынушылары Батыс Еуропа елдері, Жапония және Америка Құрама Штаттары болған және болып қалуда да. Олардың сырттан әкелінетін шикізаттан тәуелділігі қаншалықты орасан зор екендігін мектеп оқулықтарындағы кестелердің мәліметтері куәландырып отыр.
Жапония, ал айтарлықтай дәрежеде Батыс Еуропаның да осындай тәуелділігі, жалпы алғанда, әбден түсінілетін жайт, бірақ Америка Құрама Штаттарына, әлемнің аса ірі тау-кен қазушы еліне қатысты, тым болмағанда бір қарағанда бұл жағдай әдеттен тыс болып көрінеді (минералдық шикізаттың көптеген түрлерін өндіру бойынша Америка Құрама Штаттары әлемде әлде бірінші орын, не алғашқы орындардың бірін алып отыр). Мұндай жағдайды бір жағынан стратегиялық түсініктермен және өз ресурстарын «сақтап қалуға», оларды резервтеуге деген ұмтылыспен, бір жағынан – Канададан, Аустралиядан, Оңтүстік Африка Республикасынан, дамушы елдерден келіп түсетін минералды шикізаттың арзандығымен және сапасының жоғарырақ екендігімен түсіндіруге болады. Осы тәуелділіктің дәрежесін және оның географиялық бағытталғандығын жоғары сынып оқулығындағы кестелер көрсетіп отыр. Жеткізуші елдердің тізімінде Канада 9 рет, Бразилия – 5 рет, Оңтүстік Африка Республикасы – 4 рет, Аустралия – 2 рет еске алынатындығын атап көрсете кетейік.
Қазақстан, Кеңестер Одағынан мирасқа бірінші кезекте өндірістік салаға бағыт-бағдар алған. өндірістің материал сыйымдылығы үлкен және экспорты шикізатқа бағытталған «шығынды экономика» алды. Барлық осы ерекшеліктерінің арқасында КСРО-ның әлемдік тау-кен қазу өнеркәсібіндегі үлесі 80 жылдары ¼ бөлікке жуық болды, ал оның әлемдік тау-кен қазу өндірісіндегі үлесі 1/5 бөлік құрады (бірінші орын). 90 жылдары бұл үлес айтарлықтай азайса да, минералдық шикізаттың өндірістік және өндірістік емес салалар арасында ұтымдырақ бөлінуін, оған деген бағаның әлемдік бағаларға жақындауын және т.б. қоса отырып, бір мезгілде саланың нарықтық экономикаға етене ену процесі басталып, ары қарай жаңғыруда.

жүктеу 2,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   117




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау