Өнеркәсіп географиясы



жүктеу 2,97 Mb.
бет24/117
Дата22.12.2023
өлшемі2,97 Mb.
#44894
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   117
Увалиев. Оқулық, өнеркәсіп географиясы

5. Ақшабұлақ кен орнындағы жылу-электр станциясы. Жобаның құны 17,7 млрд.теңге. Жобаның қуаты 87 МВт. Жүзеге асыру мерзімі: 2010-2012 ж.ж.
Жобаның мақсаты – Қызылорда облысының тұтынушыларын қамтамасыз ету және «Қазгермұнай» БК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі шығаратын жолшыбай газды пайдалану мәселесін шешу.
Жобаның параметрлері - 731,7 млн. кВт/сағ жылдық электр энергиясын шығару.
Құрылыс жұмыстарының бір бөлігі, құрылыс алаңын электермен жабдықтаудың уақытша желілері, уақытша автомобиль жолдары орындалған.
6. Екібастұздық ГРЭС-2.
Белгіленген қуаты - 1000 МВт. 01.01.10 ж. иеленіп отырған қуаты - 920 МВт. 2009 жылы электр қуатын шығару 4,48 млрд. кВт/сағ.
Қазіргі уақытта №№ 1 және 2 ст. энергия блоктары жұмыс істеп тұр. Генерациялайтын қуаты - 804 МВт.
Келесі жоба жүзеге асырылуда: №3 энергия блогын орната отырып, Екібастұз ГРЭС-2-ні кеңейту және реконструкциялау.
Жобаны жүзеге асыру құны -118,3 млрд. теңге.
Қуаты 525 МВт. Жүзеге асыру мерзімдері 2010-2014 ж.ж.
Жобаның мақсаты: Қазақстанның электр қуатына және электр қуатына деген өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қамтамасыз ету; электрмен жабдықтау сенімділігін арттыру.
Жобаның параметрлері: Қосымша жылына 3200 млн. кВт/сағ электр қуатын өндіру.
Жобаға қатысушылар: «Станция ЭГРЭС-2» АҚ, «Самрұқ-Энерго» АҚ, «ИНТЕР РАО ЕЭС» ААҚ
7. Екібастұздық ГРЭС-1
Белгіленген қуаты - 4000 МВт. 01.01.10 ж.иеленіп отырған қуаты -2300 МВт.
2009 жылғы электр қуатын өндіру - 10,32 млрд. кВт/сағ.
Қазіргі уақытта .№№ 3, 6, 7 станциялардың энергия блоктары жұмыс істеп тұр. Генерациялайтын қуаты - 981 МВт. Жобаны жүзеге асыру құны 23,4 млрд. теңге. Қуаты 500 МВт. Жүзеге асыру мерзімдері 2010-2012 ж.ж.
Жобаның мақсаты: Электр қуатымен, сонымен қатар Солтүстік-Оңтүстік, Солтүстік-Батыс транзиттері бойынша ағындардың қажетті көлемдерін сенімді қамтамасыз ету.
Күтілетін нәтиже: Электр қуатын өндіруді жылына 3,2 млрд. кВт/сағ арттыру.
8. "ЕЖ" Акционерлік Қоғамы (Ақсу ГРЭС-і)
Белгіленген қуаты - 2100 МВт. 01.01.10 ж. иеленіп отырған қуаты - 2010 МВт.
2009 жылғы электр қуатын өндіру - 13,48 млрд. кВт/сағ құрады.
Қазіргі уақытта №№ 1, 3, 4, 5, 6, 7 станциялардың 6 энергия блогы жұмыс істеп тұр. Генерациялайтын қуаты - 1418 МВт.
Жоба жүзеге асырылуда: №2 станцияның энергоблогын қалпына келтіру.
Қуаты 325 МВт. Жүзеге асыру мерзімі 2009-2011 ж.ж. Жобаның құны 27,3 млрд. теңге.
Жобаның мақсаты: Қазақстанның электр қуатына және электр қуатына деген өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қамтамасыз ету; электрмен жабдықтау сенімділігін арттыру.
Жобаның параметрлері: Жылына қосымша 2 млрд. кВт/сағ электр қуатын өндіру.
9. Шардара Гидроэлектр станциясын модернизациялау. Жобаның құны 13,6 млрд. теңге. Жүзеге асыру мерзімі: 2010-2015 ж.ж.
Мақсат: станциясының қауіпсіздігін және өнімділігін арттыру үшін ескі жабдықты алмастыру.
Қаржыландыру көзі: 31% - станцияның өз қаражаттары, 69% - KFW заем қаражаттары.
Әсер: Гидроэлектр станциясының өнімділігін 16% арттыру.
2007 жылы «Шардара гидроэлектр станциясы» Акционерлік Қоғамы мен Немістің KFW даму банкі арасында 43 млн. евроға несиелік келісімге қол қойылды (несие мерзімі 2047 ж. дейін, ставка 0,75% - EURIBOR+1,7% жылдық) несиелік келісімге қол қойылды.
10. Мойнақ гидроэлектр станциясына қуат беру. Жобаның құны 10,3 млрд. теңге. Жүзеге асыру мерзімі: 2010-2012 ж.ж.
Жобаның мақсаты: электр қуатының тапшылығын төмендету және шарықтап күш түсу жабу, Алматы облысы мен жалпы Оңтүстік Қазақстан тұтынушыларын энергиямен жабдықтау сенімділігін қамтамасыз ету мақсатында құрылып жатқан, Алматы облысы Райымбек ауданында, Шарын өзеніндегі қуаты 300 МВт, тұрғызылып жатқан Мойнақ Гидроэлектр станциясының қуатын беруді қамтамасыз ету.
Жобамен мыналар көзделген: / кезең (2010-2011 ж.ж.) Мойнақ гидроэлектр станциясында ОРУ-220 кВ тұрғызу, Шелек подстанциясында ОРУ-220кВ және ОРУ-220 кВ ПС Робот құру.
// кезең (2010-2012 ж.ж.): Мойнақ ГЭС-Шелек 220 Вл жоғары вольтты желісін құру - 97 км (2011 г); Мойнақ ГЭС-Робот 220 Вл жоғары вольтты желісін құру - 225 км (2012 ж.)
Құны - 10,3 млрд. теңге
11. Қазақстанның Ұлттық Электр желілерін 500, 220 кВ желілермен байланыстыра отырып, 500 Кв Алма подстанциясын тұрғызу. Құны 30 млрд. теңге. Жобаны жүзеге асыру мерзімі: 2010-2014 ж.ж.
Жобаның мақсаты: Алматы аймағын электрмен жабдықтаудың сенімділігін қамтамасыз ету, Алматы энергия торабына Балхаш жылу-электр станциясының бірінші кезегіне электр қуаты мен қуаттылық беру (1320 МВт), Алматының серіктес қалаларын дамыту, Алматы қаласының индустриалдық саябағын және Алматы облысындағы басқа жобаларды құру үшін техникалық мүмкіндік жасау.
12. Қазақстанның Ұлттық Электр желілерін модернизациялау.,
II кезең. Жобаның құны 52 млрд. теңге. Жүзеге асыру мерзімі: 2010-2016 ж.ж.
Жобаның мақсаты: Қазақстанның Ұлттық Электр желісінің техникалық деңгейін арттыру және жұмысының сенімділігін қамтамасыз ету.
Қазақстанның Ұлттық Электр желісінің қарастырылған жобасы: жабдықтарды модернизациялау құны - 52 млрд. теңге.
Қазіргі уақытта "MVV Decon GmbH" (Германия) компаниясының кеңесшілері шағын станцияны тексеруді жүргізді, тендерлік құжаттың Жобасы жасап шығарылды. Тендерлік құжатты "KEGOC" Акционерлік Қоғамы бекітті және Еуропалық реконструкция және даму банкі мақұлдады.
13. Азиада-2011 үшін Алматы қаласы мен Алматы облысында трансформаторлық шағын станциялар құру. Жобаның құны: 19,9 млрд.теңге. Жобаны жүзеге асыру мерзім: 2009 - 2011 ж.ж.
Болашақта Алтай, Новая 3 А, Мамыр және Түрксіб шағын станцияларын тұрғызу жөніндегі жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда.
Осылайша, жоғарыда көрсетілген жобаларды жүзеге асыру елдің Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінен және әсіресе көршілес Қырғызстаннан энергиялық тәуелділік мәселесін күн тәртібінен алып тастайды.
Қазақстанның альтернативалы энергетикасының географиясының қазіргісі мен болашағы.
2010 жылдың басында жүргізілген, қуаттың (энергияның) қалпына келетін көздерінің пайдаланылуына жүргізілген мониторинг Қазақстан Республикасында 2009 жыл ішінде қуаттың қалпына келетін көздерінің шығарылатын электр қуатының үлесі электр қуатын өндірудің жалпы көлемінде 0,5% құрағандығын көрсетті. Бұл ретте, қуаттың қалпына келетін көздері нысандарының 2010 жылы электр қуатын өндіруі 68,16 млн. кВт/сағ құрады. Қуаттың қалпына келетін көздері нысандарының электр қуатын шыағруды арттыруы 2010 жылдың 1 тоқсанында 2009 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда -24,1 %
Қазақстан Республикасының «Қуаттың қалпына келетін көздерін пайдалануға қолдау көрсету туралы» Заңына сәйкес потенциалды инвесторлар үшін республика аумағында қуаттың қалпына келетін көздерін пайдалану саласындағы жобаларды жүзеге асыру мақсаттарында нысандарды орналастыру үшін ең келешегі мол алаңдарды анықтау мен таңдап алуда көрнекі құрал болып табылатын «Қуаттың қалпына келетін көздерін пайдалану бойынша нысандарды орналастыру Жоспары (Бағдарламасы) жасап шығарылды және бекітілді.
Жобаны жүзеге асыру 2010 жылдан бастап жүргізілуде және 2016 жылы аяқталады.
Мәселен, 2010 жылғы 28 маусымда Алматы облысында, Қаратал өзенінде қуаты 3,5 МВт болатын Қаратал 4 гидроэлектр станциясы іске қосылды. Бұл Қазақстан Республикасын қарқынды индустриалдық-инновациялық дамыту жөніндегі Мемлекеттік бағдарламаның жобасы.
Онымен қоса, шағын гидроэлектр станцияларынқұрудың келесі жобаларын жүзеге асыру жөніндегі жұмыс басталды. Жел энергетикасысаласында пилоттық жобаларды жүзеге асырудың басталуын атап кеткеніміз жөн.
Шелек дәлізі ауданында жел паркінің бірінші кезеңдегі қуаты 51 МВт болатын және жылына 150 млн. кВт.сағ. электр қуатын шығаратын жел электр станцияларын құру жобасын жүзеге асыруға кіріскен компания анықталды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 25.12.2009 жылғы қаулысына сәйкес ол жел электр станциясын құру мен пайдаланудың техникалық-экономикалық негіздемесін тиісті мемлекеттік органдармен уағдаласып келісу процесін бастады.
Қазақстан-испан кәсіпорны Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында бірінші кезеңдегі белгіленіп отырған қуаты 24 МВт болатын және 63 млн. кВт.сағ. электр қуатын шығаратын жел қондырғылары саябағын тұрғызу мәселесін ойластырып жатыр.
Астана қаласы, Ақмола облысы, Жоңғар қақпасы ауданында жел-энергетика потенциалын зерттеу жұмыстары жүргізілді. Инвесторлар аталған аудандарда 2011-2012 ж.ж. жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігін болжап отыр.

жүктеу 2,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   117




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау