Өнеркәсіп географиясы



жүктеу 2,97 Mb.
бет23/117
Дата22.12.2023
өлшемі2,97 Mb.
#44894
түріОқулық
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   117
Увалиев. Оқулық, өнеркәсіп географиясы

Электр қуатының бүкіләлемдік саудасы, оның өндірісінің бар болғаны 2-3%-ын ғана қамтиды. Электр қуатын беру электр берудің жоғары вольтты желілері бойынша жүзеге асырылады. Электр қуатымен аймақаралық сауда іс жүзінде жоқ. 1990 жылға дейін Шығыс Еуропа елдерінде электр қуатын алмасу айтарлықтай маңызды болды. КСРО-да Бірыңғай энергетикалық жүйе қолданылды, ал 1960 жылдан бастап «Мир» біріккен энергия жүйесі құрылды, оған Экономикалық өзара көмек кеңесі ұйымының (КСРО ыдырағаннан кейін өзінің жұмысын бірден тоқтатқан) мүшелері – Шығыс Еуропа мемлекеттерінің алты энергия жүйесі кірді. Әлемдегі электр қуатының ірі экспорттаушылары болып қазіргі күні Франция, Ресей, Парагвай, Канада, Швейцария табылады.
ОЭК қорытындылай келе шығатын тұжырым тақырыбын энергияны әлемдік өндіру мен тұтыну тұтынушылар санының өсуіне және экономикалық дамуға орай арта түседі. Бұл кешен - бүкіл әлемдік экономиканың жаҺандану процестерімен ең көп қамтылған секторларының бірі.
Энергетика бүгінде қауырт экономикалық және әскери-саяси толқыныстардың саласы болып табылады. Отынмен қамтылғандық, нарықты тұрақтандыру, энергия тиімділігін арттыру мәселелері ең жоғары халықаралық деңгейде талқылаулар мен келісулер, уағдаласулар тақырыбы бола бастауда.
Электр-энергетика кешенінің инфрақұрылымын кеңейту географиясы. Электр-энергетика тек қана өнеркәсіп географиясының дамуы мен аймақтық орналасуына ғана емес, жалпы алғанда қоғамның өндіргіш күштеріне әсер етеді. Осы мақсаттарды шешу үшін республиканың энергетика жүйесіне әртүрлі отандық жобаларды жүзеге асыру аясында келесі жылу және гидроэлектр станциялары қосылды, бұл елдің электр-энергетикасының қазіргі географиясын айтарлықтай өзгертіп тастады.
1. Атырау жылу-электр орталығын кеңейту және реконструкциялау. Жобаны жүзеге асыру құны -16,4 млрд. теңге . Қуаты 75 МВт.
Жобаның мақсаты: Атырау қаласының халқын электр қуатымен, жылумен, ыстық сумен сенімді қамтамасыз ету.
2009 жылы жобаны жүзеге асыру шеңберінде 25 МВт (1 турбоагрегат және 1 қазан агрегаты) қосылды.
2. Орал қалалық жылу-электр станциясы. Жобаны жүзеге асыру құны 9,8 млрд. теңге. Қуаты 54 МВт. Жүзеге асыру мерзімі: 2010-2012 ж.ж.
Жобаның мақсаты – Ресейден электр қуатын импорттау есебінен өтеліп отырған, аймақтағы электр қуатының тапшылығын қысқарту және Орал қаласының перспективалы құрылыс аудандарын жылумен қамтамасыз ету.
Жобаның параметрлері - - 384,75 млн. кВт/сағ электр қуатын және 375 мың Гкал жылу қуатын өндіру.
Қазіргі таңда іске қосу-жөндеу режимінде қуаты 18 МВт бірінші энергоблок іске қосылған.
3. Балқаш жылу-электр станциясы. Жобаны жүзеге асыру құны 360,8 млрд. теңге. I- модульдің қуаты 1320 МВт. Жүзеге асыру мерзімі: 2010-2015 ж.ж.
Жобаның мақсаты: Қазақстанның оңтүстік аймағының тұтынушыларын электрмен жабдықтау; Қазақстан Республикасының энергетикалық тәуелсіздігін және қауіпсіздігін қамтамасыз ету; электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыру.
Жобаның параметрлері: 8 580 млн. кВт/сағ электр қуатын өндіру.
Балқаш жылу-электр станциясының құрылысына бөлінген жер учаскесінің ауданы 6 565,75 га құрайды, олардың ішінде:
Алматы облысы бойынша (жалпы ауданы - 5291,5 га):
Жамбыл облысы бойынша (жалпы ауданы 1274,25 га).
Бірінші кезектегі нысандарды дайындау және 3 нысан бойынша негізгі құрылысты бастау мақсаттарында құрылыс-монтаж жұмыстары басталды:
Балқаш көлінен су алғыштан УГШВ-ға дейін су құбырын тұрғызу; «Қайраткөл станциясы – Балқаш жылу-электр станциясы станциясы» келетін теміржол жолдарын реконструкциялау; Қайраткөл теміржол станциясын кеңейту.
"KEGOC" Акционерлік Қоғамынан балансқа Оңтүстік Қазақстан гидроэлектр станцияларының 7 нысаны балансқа қабылданды.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Корей Республикасы Үкіметі арасындағы Балқаш жылу-электр станциясын құру және одан кейін пайдалану туралы келісім жобасы Корей Республикасының Білімдер экономикасы министрлігінің қарастыруында жатыр.
4. Мойнақ гидроэлектр станциясы. Жобаны жүзеге асыру құны 54,1 млрд. теңге.Қуаты 300 МВт. Жүзеге асыру мерзімі: 2006-2012 ж.ж.
Жобаның мақсаты:

  • - электр қуаттылығын және қуатты Қазақстан Республикасының Оңтүстік аймағының энергия жүйесіне жеткізу үшін электр қуатының маневрлі көзін құру;

  • - Оңтүстік аймақтың аса көп күш түсетін кездерін жабу.

Жобаның параметрлері: орташа жылдық 1 027 млн. кВт/сағ электр қуатын өндіру.
«Мойнақ Гидроэлектр станциясы» Акционерлік Қоғамы мен Қытайдың су шаруашылығы мен энергетика халықаралық корпорациясы арасындағы Шарын өзенінде Мойнақ гидроэлектр станциясының негізгі нысандарын жобалауға, «кілтпен қоса тапсыруға» құрылысқа және пайдалануға беруге Келісім уағдаластығы жасалды.
«Мойнақ гидроэлектр станциясы. Негізгі құрылыстар» Жұмыс жобасы орындалған, мемлекеттік экспертизаның оңды қорытындысы және Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі Комитеттің «Мойнақ гидроэлектр станциясы. Негізгі құрылыстар» нысаны бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге рұқсаты алынды. Құрылысшылардың вахталық поселкелерін, өндірістік базалар және штольняларға жалпы ұзындығы 6 км келетін жолдар құрылысы аяқталды; теңдестіру резервуарының алаңына, барлық штольнялар мен забойларға уақытша электрмен жабдықтау тартылды. Келу штольняларын өту жұмыстары аяқталды. Деривациялық туннельдер мен өту штольняларының жалпы ұзындығы 11608,6 м, оның ішінде 10543,42 м өту жұмыстары орындалған. Гидроэлектр станциясының ғимараты бойынша арматуралау және бетондау жұмыстары орындалып жатыр, 8727,58 м3 төселді.

жүктеу 2,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   117




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау