Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау қағидаларын бекіту туралы



жүктеу 171,81 Kb.
Pdf просмотр
Дата20.05.2018
өлшемі171,81 Kb.
#14444


Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті 

мерзімдік аттестаттау қағидаларын бекіту туралы 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1057 

бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 желтоқсанда № 12743 болып тіркелді 

       


      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 16-бабының 29) 

тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 

      1. Қоса беріліп отырған Ӛндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік 

аттестаттау қағидалары бекітілсін. 

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек және 

әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 

күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық 

жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін; 

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму 

министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын; 

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 

он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму 

министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында 

кӛзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 

      3. «Ӛндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау 

қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму 

министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 185 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді 

мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11084 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 маусымда «Әділет» 

ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 

       4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және 

әлеуметтік даму вице-министрi Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсiн.  

      5. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға 

тиіс. 

      Қазақстан Республикасының 

      Денсаулық сақтау және 

      әлеуметтік даму министрі                   Т. Дүйсенова 

  Қазақстан Республикасы    

 Денсаулық сақтау және    

әлеуметтік даму министрінің 

2015 жылғы 28 желтоқсандағы 

 № 1057 бұйрығымен     

 бекітілген         

   Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша 

міндетті мерзімдік аттестаттау қағидалары 

   1. Жалпы ережелер 



      1. Осы Ӛндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау 

қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы 

Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Еңбек кодексі) 16-бабы 29) тармақшасына сәйкес әзірленді және 

ӛндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік аттестаттау тәртібін 

айқындайды. 

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 

      1) білікті кадрлар – ӛндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жүргізу 

жӛніндегі мамандандырылған ұйымдардың тиісті білімі бар немесе дайындық курстарынан ӛткен 

және тиісті сертификаты бар жұмыскерлері; 

      2) еңбектің ауырлығы – еңбек процесінің тірек-қозғалыс аппаратына және ағзаның оның 

қызметін қамтамасыз ететін функционалдық жүйелеріне (жүрек-қан тамырлары, тыныс алу және 

басқа) түсетін жүктемені кӛрсететін сипаттамасы; 

      3) еңбек гигиенасы – жұмыскерлердің денсаулығын сақтау, ӛндірістік орта мен еңбек 

процесінің қолайсыз әсерлерінің профилактикасы жӛніндегі санитариялық-эпидемиологиялық 

шаралар мен құралдар кешені; 

      4) еңбектің қауіпсіз жағдайлары – жұмыс істейтіндерге ӛндірістік факторлардың әсерінің 

деңгейлері белгіленген нормативтерден аспайтын еңбек жағдайлары; 

      5) еңбек қауырттығы – еңбек процесінің жұмыскердің негізінен орталық жүйке жүйесіне, сезу 

органдарына, эмоционалдық аясына түсетін жүктемені кӛрсететін сипаттамасы; 

      6) еңбек қауіпсіздігі – еңбек қызметі процесінде жұмыскерлерге зиянды және (немесе) қауіпті 

ӛндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етілген, 

жұмыскерлердің қорғалуының жай-күйі; 

      7) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтер – эргономикалық, 

санитариялық-эпидемиологиялық, психофизиологиялық және еңбектің қалыпты және қауіпсіз 

жағдайларын қамтамасыз ететін ӛзге де талаптар; 

      8) жарақат қауіпсіздігі – ӛндірістік объектілердің еңбекті қорғау жӛніндегі нормативтік 

құқықтық актілерде белгіленген жағдайларда жұмыс істеушілердің жарақаттануын болдырмайтын 

еңбек қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі; 

      9) жеке қорғаныш құралдары – жұмыскерді зиянды және (немесе) қауіпті ӛндірістік 

факторлардың әсерінен қорғауға арналған құралдар, оның ішінде арнайы киім; 

      10) жұмыс орны – жұмыскердің еңбек қызметі процесінде еңбек міндеттерін орындауы кезінде 

оның тұрақты немесе уақытша болатын орны; 

      11) жұмыскерлердiң ӛкiлдерi – кәсiптiк одақтардың, олардың бiрлестiктерiнiң органдары, ал 

олар болмаған кезде жұмыскерлердiң жалпы жиналысында (конференциясында) жұмыскерлердiң 

(конференция делегаттарының) кемінде үштен екісі қатысқан кезде қатысушылардың кӛпшілік 

дауысымен сайланған және уәкiлеттiк берілген сайланбалы ӛкiлдер; 

      12) зертханалар – ӛндірістік орта факторларын зертханалық және аспаптық зерттеулермен 

және ӛндірістік орта жағдайларының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы 

нормативтерге сәйкестігін айқындауға байланысты қызметті жүзеге асыратын зертханалар; 

      13) зиянды еңбек жағдайлары – зиянды ӛндірістік факторлардың болуымен сипатталатын 

еңбек жағдайлары; 

      14) қауіпсіздік нормалары – жұмыскерлердің еңбек қызметі процесінде олардың ӛмірі мен 

денсаулығын сақтауға бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық, санитариялық-гигиеналық, 

биологиялық және ӛзге де нормаларды, қағидаларды, рәсімдер мен ӛлшемшарттарды қамтамасыз 




ету тұрғысынан ӛндіріс жағдайларын, ӛндірістік және еңбек процесін сипаттайтын сапалық және 

сандық кӛрсеткіштер; 

      15) ӛндірістік жабдық – машиналар, механизмдер, құрылғылар, аппараттар, аспаптар және 

жұмысқа, ӛндіріске қажетті ӛзге де техникалық құралдар; 

      16) ӛндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізу жӛніндегі мамандандырылған ұйымдар – 

білікті кадрлары бар және ӛзінің құрамында ӛндірістік орта мен еңбек жағдайлары факторларын 

зертханалық және аспаптық зерттеу жӛніндегі зертханалары бар немесе осындай зертханалары бар 

ұйымдармен шарттар жасасқан, ӛндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды 

жүргізу жӛніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар; 

      17) ӛндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау – ӛндірістік объектілерде 

(цехтарда, учаскелерде, жұмыс орындарында, сондай-ақ ұйымдардың бӛлек тұрған, ӛндірістік 

қызметті жүзеге асыратын ӛзге де бӛлімшелерінде) орындалатын жұмыстар қауіпсіздігінің жай-

күйін, зияндығын, ауырлығын, қауырттығын, еңбек гигиенасын айқындау және ӛндірістік орта 

жағдайларының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормативтеріне сәйкестігін айқындау 

мақсатында бағалау жӛніндегі қызмет; 

      18) ӛндірістік объектілер – ӛнім шығарумен және жасаумен, пайдалы қазбаларды игерумен, 

ӛндірумен және қайта ӛңдеумен, құрылыспен және ӛндірістік қызметтің басқа да түрлерімен 

айналысатын ұйымдардың цехтары, учаскелері және ӛзге де бӛлек тұрған ӛндірістік бӛлімшелері; 

      19) сертификат – тиісті білім беру ұйымдары еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері 

бойынша даярлық курсынан ӛткен адамдарға беретін белгіленген үлгідегі құжат; 

      20) ұжымдық қорғаныш құралдары – екі немесе одан да кӛп жұмыс істеушілерді зиянды және 

(немесе) қауіпті ӛндірістік факторлардың әсерінен бір мезгілде қорғауға арналған техникалық 

құралдар. 

      3. Ӛндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды ӛндірістік объектілерді 

аттестаттауды жүргізу жӛніндегі мамандандырылған ұйымдар бес жылда бір реттен сиретпей 

мерзімділікпен жүргізеді. 

      4. Ӛндірістік объектілерді аттестаттау: 

      1) ұйымның ӛндірістік объектілерін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы 

қолданылып жүрген нормативтерге сәйкес аттестаттауды; 

      2) ұйымның ӛндірістік объектілерін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы 

қолданылып жүрген нормативтерге сәйкестігін кешенді бағалауды қамтиды. 

      5. Ӛндірістік объектілерді аттестаттау нәтижелері: 

      1) ӛндірістік объектілерді қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарымен 

сәйкестікке келтіру үшін еңбек жағдайлары мен қауіпсіздігін жақсарту жӛніндегі 

ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар кешенін жүргізу; 

      2) ӛндірістік орта мен жұмыс орындарындағы еңбек қауіпсіздігі жағдайларының нақты жай-

күйін бағалау; 

      3) жұмыскерлердің қажетті жеке және ұжымдық қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілуін, 

олардың нақты еңбек жағдайларына және стандарттардың оларға қойылатын талаптарына 

сәйкестігін айқындау; 

      4) кәсіптік ауруға күдік туған және кәсіптік аурудың диагнозын белгілеген кезде, оның ішінде 

даулар мен ӛзге де келіспеушіліктерді сот тәртібімен шешкен кезде аурудың кәсіппен және 

орындайтын жұмысымен байланысын айқындау үшін зиянды немесе қауіпті еңбек 

жағдайларындағы жұмыс фактісін растау; 




      5) ӛндірістік объектінің немесе жабдықтың пайдаланылуын тоқтату (тоқтата тұру), сондай-ақ 

технологияны ӛзгерту туралы шешім қабылдау; 

      6) еңбек жағдайларының жай-күйі туралы статистикалық есептілікті жасау; 

      7) жұмыскерді еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде жазатайым оқиғадан сақтандырған 

кезде сақтандырушының (жұмыс берушінің) сақтандыру тарифін айқындау; 

      8) еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыскерлердің еңбегіне ақы 

тӛлеуді және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында кӛзделген жеңілдіктер мен 

ӛтемақылар беруді негіздеу; 

      9) жұмыскерлердің еңбек жағдайлары, қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың жай-күйі, зиянды 

ӛндірістік факторлар және олардың әсерінен қорғану шаралары туралы дәйекті ақпарат алу үшін 

пайдаланылады. 

      6. Аттестаттауға Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін барлық ұйымдардың 

ӛндірістік объектілері жатады. 

      7. Аттестаттаудан ӛткізу мерзімін ұйым, еңбек жағдайларының ӛзгеруіне қарай, ӛндірістік 

объектілердің соңғы аттестаттаудан ӛткізілген күнінен бастап белгілейді. 

      8. Ӛндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жүргізу тәртібін бұзу 

анықталған кезде, еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды мемлекеттік бақылау және қадағалау 

органының талап етуі бойынша ӛндірістік объектілерді кезектен тыс аттестаттау жүргізіледі. 

      Ӛндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша кезектен тыс аттестаттау нәтижелері 

ӛндірістік объектіні еңбек жағдайлары бойынша алдыңғы аттестаттау материалдарына қосымша 

түрінде ресімделеді. 

      9. Еңбек жӛніндегі уәкілетті мемлекеттік орган ӛндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізу 

жӛніндегі мамандандырылған ұйымдар туралы ақпаратты (атауы, заңды мекенжайы, байланыс 

телефоны, қызмет түрлері, білікті кадрлары туралы мәліметтер, ӛндірістік орта факторларын және 

еңбек жағдайларын зертханалық және аспаптық зерттеу бойынша зертханаларының немесе сондай 

зертханалары бар ұйымдармен шарттарының болуы) интернет-ресурста орналастырады. 

      10. Ӛндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізудің уақтылылығы мен сапасын бақылауды 

мемлекеттік еңбек инспекторлары жүзеге асырады. 



   2. Аттестаттауды жүргізу дайындығының тәртібі 

      11. Ӛндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізуді ұйымдастыру үшін жұмыс беруші 

құрамында тӛраға, мүшелер және ӛндірістік объектілерді аттестаттау жӛніндегі құжаттаманы 

жасауға, жүргізуге және сақтауға жауапты хатшы бар аттестаттау комиссиясын құру туралы тиісті 

бұйрық шығарады. 

      12. Ұйымның аттестаттау комиссиясының құрамына басшы не оның орынбасары, еңбек 

қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметтерінің және ӛзге де ұйымдардың мамандары (келісім 

бойынша), сондай-ақ ұйым жұмыскерлерінің ӛкілдері кіреді. 

      13. Ұйымның аттестаттау комиссиясы: 

      1) орындайтын жұмыстары мен еңбек жағдайларының сипаттамасы бойынша ұқсас жұмыс 

орындарын бӛле отырып, аттестаттауға жататын ӛндірістік объектілердің толық тізбесін жасайды; 

      2) ӛндірістік ортаның, еңбек және технологиялық процестердің сипаттамаларына, 

қолданылатын жабдықтар мен механизмдердің, шикізат пен материалдардың түрлеріне қарай 

зерттеуге (зертханалық және аспаптық зерттеу мен бағалауға) жататын қауіпті және зиянды 

факторлардың толық тізбесін жасайды; 

      3) еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жүргізуге ӛзінің мүмкіндіктері болмаған 




жағдайда, ӛндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізу жӛніндегі мамандандырылған ұйымды 

немесе зертхананы белгілейді және онымен тиісті шарт жасасу жӛнінде жұмыс берушіге ұсыныс 

енгізеді; 

      4) ұйымның ӛндірістік объектілерін аттестаттауды жүргізу кестесін жасайды және жұмыс 

берушіге бекітуге ұсынады; 

      5) еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нәтижелерін автоматты ӛңдеуді жүргізу үшін 

цехтарға, учаскелерге, жұмыс орындарына кодтар береді; 

      6) ӛндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізу үшін қажетті нормативтік - анықтамалық 

базаны қалыптастырады; 

      7) ӛндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың себептерін талдайды; 

      8) ӛндірістік жарақаттануды талдау негізінде жарақаттану қаупі басым жұмыстарды, жұмыс 

орындарының учаскелерін, технологияларды, машиналарды, механизмдерді, станоктар мен 

жабдықты айқындайды

      9) аттестаттау жӛніндегі жұмыс кӛлемін ескере отырып, тартылатын ӛндірістік объектілерді 

аттестаттауды жүргізу жӛніндегі мамандандырылған ұйыммен және жұмыс берушімен ӛндірістік 

объектілерді аттестаттауды жүргізу мерзімін келіседі; 

      10) ұйымның ӛндірістік объектілерін аттестаттауды жүргізудің сапасына ұйымдарда ішкі 

бақылауды жүзеге асырады. 



   3. Аттестаттауды жүргізу тәртібі 

      14. Еңбек жағдайлары бойынша бағалауға жұмыс орындарында болатын қауіпті және зиянды 

ӛндірістік (физикалық, химиялық, биологиялық, технологиялық) факторлар, оның ішінде еңбек 

ауырлығы мен қауырттығы жатады. 

      Қауіпті және зиянды ӛндірістік факторлардың деңгейлері зертханалық және аспаптық 

ӛлшеулер негізінде айқындалады. Физикалық, химиялық, биологиялық және психофизиологиялық 

факторлардың зертханалық және аспаптық ӛлшеулері және эргономикалық зерттеулер жұмыс 

және ӛндірістік процестер жағдайларында, ұжымдық және жеке қорғаныш құралдары жарамды 

болған кезде орындалуға тиіс. Жұмысшылардың үнемі ашық ауада және жерасты кӛмір 

шахталарында болуына байланысты жұмыс орындарында зертханалық және аспаптық ӛлшеулер 

жүргізілмейді. 

      Қауіпті және зиянды ӛндірістік факторлардың параметрлерін ӛлшеу, еңбек процесінің 

ауырлығы мен қауырттығы кӛрсеткіштерін, ӛндірістегі еңбек гигиенасын айқындау Қазақстан 

Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау 

жүйесі туралы» кодексінің 144-бабының 6-тармағына сәйкес бекітілген санитариялық 

қағидаларда, гигиеналық нормативтерде кӛзделген тәртіппен және кӛлемде жүзеге асырылады. 

      Зертханалық және аспаптық зерттеулердің зиянды ӛндірістік факторларды ӛлшеу нәтижелері 

осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша зиянды ӛндірістік факторларды ӛлшеу 

хаттамасымен ресімделеді. 

      Зиянды және қауіпті ӛндірістік факторлардың параметрлерін ӛлшеуді жүргізген кезде 

белгіленген мерзімдерге сәйкес мемлекеттік тексеруден ӛткен ӛлшеу құралдарын пайдалану 

қажет. 


      Еңбек жағдайларының нақты жай-күйін бағалауды қауіпті және зиянды ӛндірістік 

факторлардың шекті рұқсат етілген концентрацияларға (деңгейлерге) сәйкестігіне ӛлшенген 

параметрлерінің сәйкестігі негізінде аттестаттау комиссиясы жүргізеді. 

      15. Жарақат қауіпсіздігін бағалаудың негізгі объектілері: 




      1) ӛндірістік жабдық; 

      2) құрылғылар мен құрал-саймандар; 

      3) ұжымдық қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілу; 

      4) жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілу; 

      5) оқу және нұсқау құралдарымен қамтылу болып табылады. 

      16. Ӛндірістік жабдықтың, құрылғылардың және құрал-саймандардың жарақат қауіпсіздігін 

бағалау нормативтік техникалық құжаттар, ұлттық стандарттар, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті 

қорғау жӛніндегі қағидалар мен нұсқаулықтар негізінде жүргізіледі және олардың техникалық 

жай-күйіне, паспорттық параметрлерге және ӛндірістік процесс технологиясының талаптарына 

сәйкестігіне байланысты болады. 

      Техникалық паспорттар мен сертификаттар болмаған кезде ӛндірістік жабдықтың 

қауіпсіздіктің нормативтік талаптарына сәйкестігі осы жабдықта қолданылатын нақты 

конструкциялық қауіпсіздік элементтерін кӛрсете отырып, жабдық бірліктерінің әрқайсысына 

сәйкестік актісімен (бұдан әрі – сәйкестік актісі) расталады. 

      Сәйкестік актісін жұмыс беруші құрған комиссия еркін нысанда жасайды. 

      Жабдықтың жекелеген түрлеріне техникалық паспорттар, сертификаттар немесе актілер 

болмаған кезде, олардың техникалық жағдайына қарамастан жарақат қауіпсіздігіне теріс баға 

беріледі және оларды пайдалануды тоқтата тұру қажеттілігі туралы мәселе қаралады. 

      17. Ӛндірістік жабдықтың, құрылғылар мен құрал-саймандардың жарақат қауіпсіздігін, 

ұжымдық қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілуді, сондай-ақ оқу мен нұсқау құралдарымен 

қамтылуды бағалау осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жарақат қауіпсіздігін 

бағалау хаттамасымен ресімделеді. 

      18. Жұмыскерлердің жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілуін бағалау. 

      Әр кәсіп үшін жұмыскерлердің арнайы киіммен, арнайы аяқкиіммен және жеке қорғаныш 

құралдарымен (бұдан әрі – ЖҚҚ) қамтамасыз етілуі айқындалады. Жұмыскерлердің ЖҚҚ-мен 

қамтамасыз етілуін бағалау нақты берілген құралдарды ӛндірістік ортаның зиянды факторларын 

ескере отырып, жұмыскерлерге жұмыс берушінің қаражаты есебінен арнайы киім, арнайы аяқкиім 

және басқа жеке қорғаныш құралдарын берудің нормаларымен салыстыру арқылы айқындалады. 

      Жұмыскерлердің ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілуін бағалау кезінде бір уақытта берілген ЖҚҚ-ның 

еңбек жағдайларының нақты жай-күйіне сәйкестігін бағалау жүргізіледі. ЖҚҚ-ның сапасы 

сәйкестік сертификаттарымен расталады. 

      ЖҚҚ-ның сапасын және олармен жұмыскерлердің қамтамасыз етілуін бағалау осы 

Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыскерлердің ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілуін 

бағалау хаттамасымен ресімделеді. 

      «Қамтамасыз етілді» деген баға ұйым жұмыскерлері Еңбек кодексінің 16-бабының 35) 

тармақшасына сәйкес бекітілген жұмыскерлерге ЖҚҚ беру нормаларына сәйкес ЖҚҚ-мен толық 

қамтамасыз етілген кезде ғана қойылады. 

   4. Жұмыс орындарында еңбек жағдайларын бағалау тәртібі 

      19. Жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларының жай-күйін бағалау: 

      1) ӛндірістік ортаның зияндылығы мен қауіптілігінің, еңбек процесінің ауырлығы мен 

қауырттығының дәрежесін; 

      2) жарақат қауіпсіздігінің және ұжымдық қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілу 

дәрежесін; 

      3) жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілуді, олардың сапасы және еңбек 



жағдайларына сәйкестілігін бағалаудан тұрады. 

      20. Еңбек кодексінің 184-бабына сәйкес жұмыс орындарында қауіпті және зиянды ӛндірістік 

факторлар болмағанда немесе олардың нақты мәндері қауіпсіздік нормаларына сәйкес болғанда, 

сондай-ақ жарақат қауіпсіздігінің талаптары орындалғанда және жұмыскерлер ЖҚҚ-мен 

қамтамасыз етілгенде, жұмыс орындарында еңбек қауіпсіздігі жағдайлары белгіленген еңбек 

қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келеді деп есептеледі. 

      21. Жұмыс орындары тӛмендегі факторлардың бірі болған кезде: 

      1) ӛндірістік орта факторларының нақты мәндері қолданыстағы нормалардан жоғары болған; 

      2) жарақат қауіпсіздігі бойынша талаптар сақталмаған; 

      3) жұмыскерлердің ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілуі қолданыстағы нормаларға сәйкес келмеген 

жағдайларда еңбек қауіпсіздігінің белгіленген талаптарына сәйкес емес болып есептеледі. 

      22. Еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті ӛндірістік факторларға жатқызылған кезде 

аттестаттау комиссиясы жұмыс орнын қайта жарақтандыру немесе тарату жӛнінде шаралар 

қабылдау туралы ұсыныс енгізеді. 

      23. Ӛндірістік объектілерді аттестаттауды аттестаттау комиссиясы Ұйымдағы еңбек 

жағдайларын жақсарту және сауықтыру жӛніндегі іс-шаралар жоспарының жобасын (бұдан әрі – 

Жоспар жобасы) қоса бере отырып, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 

ӛндірістік объектіні аттестаттау актісімен ресімдейді. 

      24. Жоспар жобасында ескірген техника мен жабдықты ауыстыру, ӛндірістік процесс 

технологиясын жетілдіру, еңбек жағдайларына сәйкес келетін жеке және ұжымдық қорғаныш 

құралдарын қолдану жӛнінде іс-шаралар, сауықтыру іс-шаралары және еңбек қауіпсіздігі және 

еңбекті қорғауды ұйымдастыру жӛніндегі іс-шаралар кӛзделеді. 

      25. Жоспар жобасында барлық жұмыс орындарын еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау 

талаптарына сәйкес келтіру кӛзделеді. 

      26. Жоспар жобасына аттестаттау комиссиясының тӛрағасы мен мүшелері қол қояды. 

   5. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау 

нәтижелерін ресімдеу және беру тәртібі 

      27. Аттестаттау нәтижелері: 

      1) жалпы мәліметтерді (ұйымның толық заңды атауы, мекенжайы, ұйымның ұйымдық-

құқықтық нысаны, жұмыс істейтіндердің жалпы және жеке ӛндірістік бӛлімшелер бойынша 

санын, оның ішінде зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтіндерді кӛрсете 

отырып, ұйымның құрылымы, аттестаттауды жүргізу негіздемесі, тартылатын ӛндірістік 

объектілерді аттестаттауды жүргізу жӛніндегі мамандандырылған ұйымдар туралы мәліметтер, 

аттестаттау комиссиясының құрамы); 

      2) ӛндірістің қысқаша технологиясын (ӛндіріс қызметінің сипаты, қолданылатын 

технологиялар, барлық зиянды, қауіпті ӛндірістік факторлардың, қауіпті ӛндірістік жабдықтың 

және процестердің тізбесі); 

      3) жұмыс орындарында зиянды ӛндірістік факторларды зертханалық ӛлшеулердің, еңбек 

жағдайларын аспаптық және эргономикалық зерттеулердің хаттамаларын; 

      4) жарақат қауіпсіздігін бағалау хаттамаларын; 

      5) жұмыскерлердің ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілуін бағалау хаттамаларын қамтитын құжат 

түрінде ресімделеді. 

      28. Ӛндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттаудың нәтижелерін ресімдеу 

осы Қағидаларға 1, 2, 3, 4-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша жүргізіледі. 




      29. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 183-бабының 7-тармағына сәйкес ӛндірістік 

объектілерді аттестаттауды жүргізу жӛніндегі мамандандырылған ұйым ӛндірістік объектілерді 

еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау аяқталғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде ӛндірістік 

объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нәтижелері туралы мәліметтерді еңбек 

жӛніндегі уәкілетті мемлекеттік органға осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 

жібереді. 

      30. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 182-бабы 2-тармағының 13) тармақшасына 

сәйкес жұмыс беруші ӛндірістік объектіні еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау аяқталғаннан 

кейін бір айлық мерзімде ұйымның орналасқан жеріндегі еңбек инспекциясы жӛніндегі жергілікті 

органға қағаз және электрондық жеткізгіштерде мынадай құжаттарды: 

      1) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәсіпорындардың ӛндірістік 

объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жүргізу нәтижелері жӛніндегі есебін; 

      2) осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ӛндірістік факторлар бойынша еңбек 

қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келмейтін жұмыс орындары жӛніндегі мәліметтерді; 

      3) осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жарақат қауіпсіздігі талаптарына 

сәйкес келмейтін жұмыс орындары бойынша мәліметтерді; 

      4) осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЖҚҚ қамтамасыз етілмеген жұмыс 

орындары бойынша мәліметтерді ұсынады. 

  Ӛндірістік объектілерді еңбек     

жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік 

 аттестаттау қағидаларына        

 1-қосымша              

Нысан 

Ӛлшеуді жүргізген____________________________________________________ 



             (ӛндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізу жӛніндегі 

                         мамандандырылған ұйымның атауы) 



   Зиянды өндірістік факторларды өлшеудің 

20___ жылғы « ____» ___________ 

№ _____ ХАТТАМАСЫ 

1. Ұйым: ____________________________________________________________ 

2. Ӛндіріс, цех, учаске: ____________________________________________ 

3. Мекенжайы: _______________________________________________________ 

4. Үй-жайдың сипаттамасы: 

ауданы: _____________________________________________________________ 

ұжымдық қорғаныш жүйесі: ____________________________________________ 

жабдықтың түрлері және олардың саны _________________________________ 

кәсіптердің, лауазымдардың атауы ____________________________________ 

5. Ӛлшеу құралдары: 

Р/с 

№ 

Атауы 



Зауыттық нӛмірі 

Тексеру күні 





 

 



 

 

 



 

 

 




6. Сынама және жабдықтарды іріктеу нүктелері кӛрсетілген үй-жай 

эскизі: 


Ескертпе: бір іріктеу нүктесінің ауданы 50 м

2

 дейін есебімен 



7. Зиянды ӛндірістік факторларды ӛлшеу нәтижелері: 

Эскиз 


бойынша 

нүкте № 


Жұмыс 

орнының 


коды 

Жұмыс 


орындары 

саны 


Ӛндірістік орта 

факторларының 

атауы, ӛлшем 

бірлігі 


Норма, рұқсат 

етілген шекті 

деңгей (РЕШД), 

рұқсат етілген 

шекті шоғырлану 

(РЕШШ) 


Нақты 

деңгей 


Шамадан 

асып кету 







 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



      Ӛлшеуді жүргізген: _____ ______________________________________ 

                    (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) 

      Ұйымның / жұмыскерлердің ӛкілі: ______ ________________________ 

                    (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) 

  Ӛндірістік объектілерді еңбек     

жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік 

 аттестаттау қағидаларына        

 2-қосымша              

Нысан 

      Бағалауды жүргізген ___________________________________________ 



             (ӛндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізу жӛніндегі 

                          мамандандырылған ұйымның атауы) 



   Жарақат қауіпсіздігін бағалаудың 

20___ жылғы «____» ___________ 

№ ____ ХАТТАМАСЫ 

1. Ұйым: ____________________________________________________________ 

                               (ұйымның атауы) 

2. Ӛндіріс, цех, учаске: ____________________________________________ 

3. Мекенжайы: _______________________________________________________ 

4. Жарақат қауіпсіздігін бағалау нәтижелері: 

Жұмыс 

орнының 


коды 

Жабдық, 


құрылғылар мен 

құрал-


саймандардың 

атауы 


Техникалық 

құжаттамасының 

(паспорттың, 

сертификаттың және 

т.б.) болуы 

Жұмыс 


орындарының 

саны 


Жарақат қауіпсіздігін 

бағалау нәтижелері 

Сәйкестігі 

Сәйкес 


келмеу 

себептері 







 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 




      Бағалауды жүргізді: ______ ____________________________________ 

                    (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) 

      Ӛлшеуді жүргізді: ______ ______________________________________ 

                    (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) 

      Ұйымның/ жұмыскерлердің ӛкілі: ____ ___________________________ 

                    (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) 

  Ӛндірістік объектілерді еңбек     

жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік 

 аттестаттау қағидаларына        

 3-қосымша              

Нысан 

      Бағалауды жүргізген ___________________________________________ 



             (ӛндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізу жӛніндегі 

                         мамандандырылған ұйымның атауы) 



   Жұмыскердің арнайы киіммен, арнайы аяқкиіммен және 

жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілуін бағалаудың 

20___ жылғы «____» ___________ 

№ _____ ХАТТАМАСЫ 

1. Ұйым: ____________________________________________________________ 

                               (ұйымның атауы) 

2. Ӛндіріс, цех, учаске: ____________________________________________ 

3. Мекенжайы: _______________________________________________________ 

4. ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілуін бағалау 

Жұмыс 

орныны


ң коды 

Кәсіптердің, 

лауазымдарды

ң атауы 


Жұмыс 

орындарыны

ң саны 

Жұмыскерге берілуге тиіс жеке 



қорғаныш құралдарының (ЖҚҚ) 

тізбесі (ЖҚҚ атауы) 

ЖҚҚ-мен 

қамтамасыз 

етілуін 

бағалау 


(қамтамасы

з етілген/ 

қамтамасыз 

етілмеген) 

Ескертп

е 

қолданыстағ



ы 

нормаларға 

сәйкес 

нақты 


берілген

і 

МЕМСТ 



сертификатыны

ң болуы 






 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



      Бағалауды жүргізді: _______ ___________________________________ 

                    (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) 

      Ӛлшеуді жүргізді: _______ _____________________________________ 

                    (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) 

      Ұйымның / жұмыскерлердің ӛкілі: _____ _________________________ 

                    (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) 

  Ӛндірістік объектілерді еңбек     

жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік 




 аттестаттау қағидаларына        

 4-қосымша              

Нысан 

Бекітемін 



Ұйымның басшысы 

______ _________________________________________ 

(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) 

20 __ жылғы «____» ________ 



   Ұйымда еңбек жағдайларын жақсарту және 

сауықтыру жөніндегі іс-шаралар жоспары 

Р/с 


№ 

Жұмыс орнының коды  Іс-шара атауы 

Орындалу 

мерзімі 


Іс-шараны 

орындауға 

жауапты 

Орындалуы туралы 

белгі 







Ӛндірістің, цехтың, учаскенің атауы 

 

 

 



 

 

 



 

 

      Аттестаттау комиссиясының тӛрағасы _____ ______________________ 



                    (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) 

      Аттестаттау комиссиясының мүшелері_____ _______________________ 

                    (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) 

  Ӛндірістік объектілерді еңбек     

жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік 

 аттестаттау қағидаларына        

 5-қосымша              

Нысан 


Бекітемін 

Мамандандырылған ұйымның басшысы 

________ _______________________________________ 

(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) 

20___ жылғы « _____» __________ 

   Мамандандырылған ұйымның өндірістік объектілерді еңбек 

жағдайлары бойынша аттестаттауды жүргізу нәтижелері жөніндегі 

есебі 

Мамандандырылған ұйымның атауы ______________________________________ 

Мамандандырылған ұйымның мекенжайы __________________________________ 

Аттестаттау жүргізілген ұйымның атауы _______________________________ 

Аттестаттау жүргізілген ұйымның мекенжайы ___________________________ 

   Жалпы мәліметтер 

Аттестаттау Экономикалық 

Аттестатталған жұмыс орындарының саны 



жүргізілген 

күн 


қызмет түрі 

Барлығы 


Олардың ішінде белгіленген еңбек 

қауіпсіздігі талаптарына сәйкес еместері 

Белгіленген 

еңбек 


қауіпсіздігі 

талаптарына 

сәйкес келеді 

Ӛндірістік орта 

факторларының 

зияндылығы 

және қауіптілігі 

кӛрсеткіштері 

бойынша 

Берілу 


нормаларына 

сәйкес ЖҚҚ 

қамтамасыз 

етілуі 


бойынша 

Жарақат 


қауіпсіздігі 

кӛрсеткіштері 

бойынша 





 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

      Аттестаттау жүргізген лабораторияның басшысы ______ ___________ 

                    (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) 

  Ӛндірістік объектілерді еңбек     

жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік 

 аттестаттау қағидаларына        

 6-қосымша              

Нысан 


Бекітемін 

Ұйымның басшысы 

________ ________________________________________ 

(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) 

20___ жылғы « _____» __________ 

   Кәсіпорындардың өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары 

бойынша аттестаттауды жүргізу нәтижелері жөніндегі есебі 

Кәсіпорынның атауы __________________________________________________ 

Кәсіпорынның мекенжайы ______________________________________________ 

Мамандандырылған ұйымның атауы ______________________________________ 



   Жалпы мәліметтер 

Аттестаттау 

жүргізілген 

күн 


Экономикалық 

қызмет түрі 

Аттестатталған жұмыс орындарының саны 

Барлығы 


Олардың ішінде белгіленген еңбек 

қауіпсіздігі талаптарына сәйкес еместері 

Белгіленген 

еңбек 


қауіпсіздігі 

талаптарына 

сәйкес келеді 

Ӛндірістік орта 

факторларының 

зияндылығы 

және қауіптілігі 

кӛрсеткіштері 

бойынша 

Берілу 


нормасына 

сәйкес ЖҚҚ 

қамтамасыз 

етілуі 


бойынша 

Жарақат 


қауіпсіздігі 

кӛрсеткіштері 

бойынша 





 



 

 

 



 

 

 




 

 

 



 

 

 



 

      Ұйым әкімшілігінің ӛкілі _________ ____________________________ 

                    (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) 

      Ұйымның еңбек ұжымының (кәсіподақ комитетінің) ӛкілі ____ _____ 

                    (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) 

  Ӛндірістік объектілерді еңбек     

жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік 

 аттестаттау қағидаларына        

 7-қосымша              

Нысан 


Бекітемін 

Ұйымның басшысы 

________ _______________________________________ 

(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) 

20___ жылғы « _____» __________ 

   Өндірістік факторлар бойынша еңбек қауіпсіздігі талаптарына 

сәйкес келмейтін жұмыс орындары жөніндегі мәліметтер 

Цех, 


учаске 

Кәсіп 


атауы 

Жұмыс 


орындарының 

саны 


Кәсіптің 

коды 


* Рұқсат етілген нормалар 

шегінен асатын ӛндірістік 

факторлар 

РЕШД, 


РЕШШ, 

норма 


Нақты 

мағынасы 

 

 

 



 

 

 



 

 

Химиялық 



 

 

 



 

Биологиялық 

 

 

 



 

ПФД аэрозольдар 

 

 

 



 

Шу 


 

 

 



 

Инфрадыбыс 

 

 

 



 

Контактілі ультрадыбыс 

 

 

 



 

Ауа ультрадыбысы 

 

 

 



 

Жалпы вибрация 

 

 

 



 

Жергілікті вибрация 

 

 

 



 

Жарықталғандық 

 

 

 



 

Микроклимат 

 

 

 



 


Иондамайтын сәулелену 

 

 



 

 

Иондайтын сәулелену 



 

 

 



 

Электростатистикалық 

ӛрістер 

 

 



 

 

Тұрақты магнит ӛрісі 



 

 

 



 

Ӛндірістік жиіліктің электр 

ӛрісі (50 Гц) 

 

 



 

 

Ӛндірістік жиіліктің магнит 



ӛрісі (50 Гц) 

 

 



 

 

ЭМС, құрылатын ВДТ и 



ПЭВМ 

 

 



 

 

Радиожиілік 



диапозонындағы ЭМС 

 

 



 

 

Лазерлік сәулелену 



 

 

 



 

Ультракүлгін сәулелену 

 

 

 



 

* - РЕШД (рұқсат етілген шекті деңгей), РЕШШ (рұқсат етілген шекті шоғырлану) нормаларынан 

асатын факторлар бойынша толтырылады 

      Ұйым әкімшілігінің ӛкілі _____________ ________________________ 

                    (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) 

      Ұйымның еңбек ұжымының (кәсіподақ комитетінің) ӛкілі ____ _____ 

                    (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) 

  Ӛндірістік объектілерді еңбек     

жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік 

 аттестаттау қағидаларына        

 8-қосымша              

Нысан 


Бекітемін 

Ұйымның басшысы 

________ _______________________________________ 

(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) 

20___ жылғы « _____» __________ 

   Жарақат қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келмейтін жұмыс 

орындары бойынша мәліметтер 

Цех, 


учаске 

Кәсіп 


атауы 

Жұмыс 


орындарының 

саны 


Кәсіп коды 

Жарақат қауіпсіздігін бағалау 

сәйкес келмейді 

сәйкес келмеу себебі 








 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



      Ұйым әкімшілігінің ӛкілі _________ ____________________________ 

                    (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) 

      Ұйымның еңбек ұжымының (кәсіподақ комитетінің) ӛкілі ____ _____ 

                    (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) 

  Ӛндірістік объектілерді еңбек     

жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік 

 аттестаттау қағидаларына        

 9-қосымша              

Нысан 

Бекітемін 



Ұйымның басшысы 

________ ______________________________________ 

(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) 

20___ жылғы « _____» __________ 



   Арнайы киіммен, арнайы аяқкиіммен және жеке қорғаныш 

құралдарымен (ЖҚҚ) қамтамасыз етілмеген 

жұмыс орындары бойынша мәліметтер 

Цех, 


участке 

Кәсіп 


атауы 

Жұмыс 


орындарының 

саны 


Кәсіп 

коды 


ЖҚҚ қамтамасыз етілуді бағалау 

қамтамасыз етілмеген 

қамтамасыз етілмеу 

себебі 






 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



      Ұйым әкімшілігінің ӛкілі ________ _____________________________ 

                    (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) 

      Ұйымның еңбек ұжымының (кәсіподақ комитетінің) ӛкілі ___ ______ 

                    (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) 



 

 

 



жүктеу 171,81 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау