Өндірістегі мұнай, газ, суды дайындау және тасымалдау



жүктеу 4,73 Mb.
Pdf просмотр
бет8/73
Дата21.11.2018
өлшемі4,73 Mb.
#22959
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   73

Өндірістегі мұнай, газ, суды дайындау  және  тасымалдау 
 
29 
 
2.3. Судың қасиеттері 
 
Мұнай  кен  орындарының  қабат  сулары  ұңғы  өнімінің  
ажырамас  құрам  бөлігі  болып  саналады  және  кәсіпшілікте 
мұнайды  жинау  және  дайындау  кезінде  едәуір  қиыншылық 
туғызады.  Әртүрлі    кен  орындарындағы  ұңғыдан  мұнаймен  
бірге  өндірілетін  қабат  суларын,  әдетте  олардың  құрамында 
еріген  минералды  тұздардың  концентрациясына,  газдар  мен 
микроорганизмдердің  болуына  байланысты  ажыратады.    Қабат 
суларын негізгі  екі топқа бөледі: 
1) қатты  – хлоркальцийлі және хлормагнийлі; 
2) сілтілі – гидрокарбонат натрийлі. 
Көбінесе қабат суларының негізгі басты құрамына: хлорлы 
натрий 
,  хлорлы  кальций 
  және  хлорлы  магний 
 жатады. 
Қабат  суларында  аниондар  мен  катиондарға  ыдырайтын 
көптеген тұздар еріген. 
Аниондарға жататын иондар: 
,
,
,
,
.
 
Катиондарға  жататын  иондар:   
,
,
,
,
,  
,
,
,
. 
Қабат  суларының  құрамында  коллоидтар  болуы  мүмкін: 
кремнидің  қостотығы  SіO
2
,  алюминий  тотығы  Al
2
O
3
,  темір 
тотығы 
Fe
2
O
3

сондай-ақ 
газдар: 
көмірқышқыл 
газы, 
күкіртсутек,  азот,  сутек,  инертті  газдар,  көмірсутектері  де 
кездеседі.  Олардың  арасындағы  сандық    (мөлшерлік)  қатынас 
қабат суларының түрін  және қасиетін анықтайды. 
Бірлік  көлемге  келтірілген  қабат  суында  еріген  заттың 
мөлшерін  жалпы минерализация  деп атайды. 
Қабат  суының  минерализациясы  1  кг/м
3
-тен  200  кг/м
3
-ке 
дейінгі 
аралықта 
болады, 
көбінесе 
қабат 
суының 
минерализациясы  г/л  өлшенеді,  бұнымен  қатар  кәсіпшілік  
практикасында  минерализацияны  Боме  градусымен  (Ве) 
белгілеу қолданылады 
 
Be = 144,3 − 144,3 ρ
°
                         
(2.18) 
 


А.А. Исмаилов, Т.Н. Жарқынбеков,  Г.Ж. Смаилова  
 
30 
 
В.И.  Вернадский  [4]  табиғи  сулардың  құрамындағы 
тұздардың массалық үлесі (%) бойынша былай бөледі: 
- құрамында 0,001-0,1% тұз болса – тұщы су; 
- құрамында  0,1-5% тұз болса – минералды су; 
- құрамында  5-35% тұз болса  – ащы су. 
Судың  қаттылығы  оның  құрамындағы  кальций  Ca
2+
  мен 
магний  Mg
2+
катиондарының  жалпы  мөлшерімен  анықталады 
және килограмға (ерітінді литріне) мольмен көрсетіледі. 
Қабат  суларының  ең  маңызды  сипаттамасының  бірі,  бұл 
сулы  ерітіндінің  қышқылдық  немесе  сілтілік  ортада  екендігін 
көрсететін сутегі иондарының рН  концентрациялық көрсеткіші. 
Су  молекуласының  бір  бөлігі  иондарға  ыдырайды 
(диссоциаланады) 
Н
2
О =Н
+
+ОН
-

Берілген  температура  кезіндегі  тепе-теңдік  күйі  (жағдай) 
константамен сипатталады: 


O
H
OH
H
C
C
C
K
2




                  (2.19) 
мұндағы  С
Н
+
  және  С
ОН
-
-судағы  сәйкесті  Н
+
  және  ОН
-
иондарының  концентрациясы,  моль/л;  С
Н2О
-Н
2
О  концентрациясы, 
моль/л. Су концентрациясы тұрақты және 55,56 моль/л. 
Демек:   
К
с
=55,56K=C
H
+
+C
OH
-
 
                 (2.20) 
K
с 
– температураға байланысты судың иондық туындысы. 
Бейтарап  реакция  кезінде  сутегі  иондарының  концентрациясы 
мен гидроксидтік топтар тең болады: 
 
С
Н
+
 +С
ОН
-
=(C
H
+
)
2
 ;                          (2.21) 
 
Су  температурасы  22  С    кезінде  иондық  туындысы 
К
В
=1

10
-14
болсаонда С
Н
+
=10
-7
 моль/л.                                  (2.22) 
Сутегі иондарының концентрациялық логарифмінің оң мәні 
рН – деп белгіленеді, яғни: 
-lg С
Н
+
 =pH                                   (2.23) 
немесе С
Н+
 =10
-рН 
 


Өндірістегі мұнай, газ, суды дайындау  және  тасымалдау 
31 
22 С  температура кезіндегі  химиялық таза су үшін рН=7 
тең болса, онда мұндай суды бейтарап су деп атайды. 
Практикада суды рН  шамасы бойынша бес топқа жіктейді [2]: 
1) 3-ке дейін – қышқылды;
2) 4–6 – әлсізқышқылды;
3) 7 – бейтарап;
4) 8–10 – әлсізсілтілі;
5) 11–14 – сілтілі.
рН    шамасы  және  суда  еріген  оттегінің  болуы  жабдықтар-
дың  коррозиясына  едәуір  әсер  етеді.  Қабат  суындағы  еріген 
тұздар    металл  коррозиясын  үдетеді.  Сонымен  қатар,  қабат 
суларында  күкіртсутек пен көмірқышқыл газының болуы оның 
коррозиялық  қабілетін  арттыра  түседі.  Қабат  суының  жоғары 
температурасы да оның коррозиялық әрекеттілігін арттырады.  
Құрамындағы тұзға байланысты  қабат суының  тығыздығы 
мына формула бойынша есептелуі мүмкін:  

қс
 = 

с
+0,764S, 
 (2.24) 
мұндағы 

с
    20  С  кезіндегі  тазартылған  судың 
тығыздығы, кг/м
3
;   S – судағы тұздың концентрациясы, кг/м
3

(t) – температурасы кезіндегі минералданған судың тығыздығын, 
20С  кезіндегі  қабат  суының  белгілі  тығыздығы  бойынша 
жуықтап анықтауға болады: 

қс
(t) =

қс
(20)-0,0714(t-20) 
 (2.25) 
Судың 
тұтқырлығы 
құрамындағы 
тұздарға 
және 
температураға  байланысты  және  осының  әсерінен    тығыздыққа 
байланысты ол мына түрде жуықтап есептелінуі мүмкін:  

қс
 =

с
 (t)10
0,0008831


 (2.26) 
мұндағы 

қс 
–  (t)  температурасы  кезіндегі  қабат  суының 
тұтқырлығы, мПас; 

с
(t)  –  (t)  температурасы  кезіндегі  тазартылған  судың 
тұтқырлығы, мына формуламен анықталады:  

с
(t)=1353(t+50)
-1,6928
,                       (2.27) 


жүктеу 4,73 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   73




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау