Өрт – адамдардың өмірі мен денсаулығына, мемлекет пен қоғамның қызығушылығына, адамдарға материалдық шығындар әкелетін бақылаусыз жану.
Өрт жанудан басқа уақыт пен кеңістікте дамитын массо- және жылу алмасу құбылысын қосатын қиын физико-химиялық процесс. Бұл құбылыстар өзара тығыз байланысты және өрт параметрлерімен сипатталады: жану жылдамдығы, температурасымен, және т.с.с. жағдайлар қатарымен анықталады.
Массо- және жылу алмасу құбылысын өрттің өлшемі мен пайда болу орнына тәуелсіз жалпы құбылыстар деп атайды. Өрт кезінде жану процессі жеткілікті үлкен уақыт аралығында адаммен басқарыла алмайды. Бұл процестің әсері үлкен материалдық шығындарға әкеледі.
Жалпы құбылыстар жеке құбылыстардың пайда болуына әкелуі мүмкін, яғни өртте болатын немесе болмайтын. Оларға жататындар: жарылыстар, құрылыс конструкцияларының, технологиялық аппараттар мен қондырғылардың деформациясы және бұзылуы, резервуарлардан мұнай өнімдерінің қайнауы немесе лақтырылуы және басқа да құбылыстар.
Жеке құбылыстардың пайда болуы тек өртте қолайсыз жағдайларда ғана пайда болуы мүмкін. Осылайша, өрттің үлкен ұзақтылығы кезінде құрылыс конструкцияларының бұзылуы тек ғимараттарда және ашық өндіріс орындарында өтеді; мұнай өнімдерінің қайнауы немесе лақтырылуы – тек қара және суланған мұнай өнімдерінің жануы кезінде.
Өрт сонымен бірге қоғамға тек материалдық емес, сонымен қатар моральді шығындарға әкелетін әлеуметтік құбылыстармен өтеді. Адамдардың өлуі, термиялық зақымдалу және токсикалық жану өнімдерімен улану, адамдар көп келетін объектілерде үрейдің пайда болуы және т.б. - өртте болатын құбылыстар. Бұл ерекше құбылыстар тобы психологиялық ауыртпалыққа және адамдарды стресс күйіне әкеледі.
Біздің және дамыған елдердің статистикалық есептеулері бойынша, түрлі тағайындаулы ғимараттарда адамдардың өлімі мен шығыны өрттің қауіпті факторларына байланысты. Қауіпті факторлар зақымдалуға, адамдардың өлімі мен улануына, сол сияқты материалдық құндылықтардың жойылуына әкелетін өрт факторларымен түсіндіріледі.
Адамдарға әсер ететін өрттің қауіпті факторлары (ӨҚФ) болып табылады:
Ашық от және ұшқындар; заттардың, қоршаған ортаның жоғары температурасы; токсикалық жану өнімдері, түтін; оттегінің төмендетілген концентрациясы; агрегаттардың, қондырғылардың құрылыс конструкцияларының құлайтын бөліктері және жарылыстың қауіпті факторлары.
Өндірістік және қойма ғимараттарындағы өрттер ең үлкен материалдық шығындарға әкеледі, ӨҚФ адамдардың өлімі тұрғын ғимараттарда өтеді. Көп қабатты өндірістік ғимараттарында өрттер сирек болады, бірақ вертикаль бағытта тез таралады, олардың материалдық шығындары бір қабатты ғимараттарға қарағанда әлдеқайда жоғары. Үлкен материалдық шығындар мен адамдардың өлімін ірі өрттер әкеледі.
Адамдардың өлімі, негізінен, өрт дамуының бастапқы кезеңдерінен басталады. Өртте ең жиі балалар, қарт кісілер және мүгедектер қайтыс болады.
Өрттер санының өсуі, адамдар мен өлімі материалдық шығындар шамасы өндіріс концентариясымен, өртке қатысты жаңа қауіпті технологияларды құрумен, өрт бөлімдерінің қамтамасыз етілу деңгейімен және уақытында шараларды қолданылмаумен анықталады.
Осылайша, өртте бір-бірімен өзара байланысқан түрлі құбылыстар өтеді. Олар жалпы физико-химиялық және әлеуметтік-экономиялық заңдар негізінде жүреді, оларды білу арқылы өрттегі жағдайды сапалы бағалауға және өртті сөндіруге қолайлы шешімді енгізуге тиімді. Өртті детальді оқу және олармен күрес тактикасын өңдеу мақсатында, барлық өрттер топтар, класс және түрлер бойнша топтастырылады. Олардың топтастырылуы ұқсастық әсерлері негізінде өткізіледі.
Қоршаған ортамен массо- және жылу алмасу шарты бойынша барлық өрттер үлкен екі топқа бөлінген – ашық кеңістікте және қоршауларда.
Жанғыш заттар мен материалдар түріне байланысты өрттер А, В, С, Д класстарына және А1, А2, В1, В2, Д1, Д2 және ДЗ подкласстарына бөлінген.
Достарыңызбен бөлісу: |