Жылулық әсер аймағы жану аймағының шектеріне қосылады. Кеңістіктің бұл бөлігінде жалын бетінің, қоршаған қорғағыш конструкциялар және жанғыш материалдар арасында жылу алмасу процесстері өтеді. Қоршаған ортаға жылудың берілуі жоғарыда қарастырылған әдістермен жүзеге асады: конвекция, сәулелену, жылуөткізгіштікпен.
Түтіндену аймағы адамдардың дем алу органдарының қорғау құралдарынсыз келуі және көру қабілетінің жетіспеушілігінен өртке қарсы қызметі бөлімшелерінің жауынгерлік іс-қимылдарды қиын орындалуымен түсіндірілетін, жану аймағына қосылатын кеңістік.
Ғимараттар мен имараттардағы өрттер кезінде өрттің қауіпті факторлары түтіндену аймағында қалып қойған адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында жеке құрамның жауынгерлік жұмыстарды орындау қиындығы болып табылады. Бұдан басқа, түтінденген бөлмелердегі жеке құрам жұмысы белгілі дағдыларды, жоғары физикалық және психологиялық дайындықты қажет етеді.
Түтіндену аймағына жылулық әсер аймағы жатады.
Түтіндену аймағының шектері деп түтін тығыздығы 1-10-4÷6-10-4 кг/м3 құрайтын, заттар көрінуі 6-12 м, түтіндегі оттегі концентрациясы 16% және дем алу органдарын қорғау құралдарынсыз адамдардың өмірі мен денсаулығына улы газдар қауіп төндірмейтін шектер саналады.
Өрт кезінде жану аймақтарының шегін орнату мүмкін емес, өйткені олар әрдайым өзгеріп отырады.
Өрттің даму процессінде үш стадияны ажыратады: бастапқы, негізгі(дамыған) және соңғы. Бұл стадиялар өрттің қай жерде өткеніне байланысты емес: ашық кеңістікте немесе бөлмеде.
Бастапқы стадияға өрттің жану көзінен дамуы сәйкес келеді; бөлме толығымен жалынмен қамтылған сәтке дейін. Бұл стадияда бөлмедегі температураның өсуі және онда газ тығыздығының төмендеуі өтеді. Бұл жағдайда ойықтар арқылы газдардың жойылуы, келетін ауа мөлшерінен жоғары.
Өрттің бастапқы стадиясында ауа және бөлмедегі жану өнімдері көлемде өзгереді, бірнеше ондық паскальге дейін артық қысым пайда болады, оның нәтижесінде газ қоспасы құрылыс конструкцияларының, терезе, есік және басқа да саңылаулар арқылы сыртқа шығады. Жану концентрациясы біртіндеп төмендейтін бөлмедегі ауа оттегісімен әрекетке түседі. Егер бөлме қоршаған ортадан оқшауланған болса, мысалы терезе ойықтарының шынылануы бұзылмаса немесе мүлдем жоқ болса, есіктер тығыз жабық болса, жану процесінің дамуы баяулайды немесе мүлдем тоқтатылады. Кері жағдайда өрттің бастапқы стадиясында жану белгілі бір бөлме ауданына таралады, конструкциялар мен материалдар қыздырылады, бөлменің орта көлемді температурасы 200–300 °С дейін көтеріледі, түтінде көміртегінің оксид және диоксид құрамы өседі, қарқынды түтін бөліну өтеді және көру қабілеттілігі төмендейді. Бөлменің көлемі, оның герметизация дәрежесі және өрт ауыртпалығының таралуына байланысты өрттің бастапқы стадиясы 5–40 мин жалғасады. Бірақ адамға қауіпті жағдайлар 1-6 минуттан кейін пайда болады.
Өрттің бұл стадиясы, ереже бойынша, құрылыс конструкциялардың от төзімділік дәрежесіне әсер етпейді, температурасы төмендеу болғандықтан.
Жалынның сызықты таралу жылдамдығының шамасы тұрақсыз және көптеген факторларға, сол сияқты өрт даму стадиясына тәуелді болғандықтан, сөндірудің күштері мен құралдарын есептеудің өрт геометриялық параметрлерін практикалық есептеу кезінде жабық бөлмелердегі дамудың алғашқы 10 минутында ол 0,5 коэффициентімен алынады. Өрт дамуының сызықты жылдамдығы бастапқы стадиядағы жану процесіне қарағанда екі есе баяу жүреді.
Бөлменің өрт дамуының негізгі стадиясына орта көлемді температураның максимумға дейін жоғарылауы сәйкес келеді. Бұл стадияда, жанғыш заттар мен материалдардың көлемді массасының 80–90 % жанып кетеді, бөлмедегі газдар тығыздығы мен температурасы уақыт аралығында біршама өзгереді. Өрт дамуының берілген режимы квазистационарлы (орнатылған) деп аталады, бұл жағдайда бөлмеден шығарылатын газдар шығыны келетін ауа ағынына және пиролиз өнімдеріне тең.
Өрттің соңғы стадиясында жану процессі аяқталады және температура біртіндеп төмендейді. Шығарылатын газдар мөлшері, жану өнімдерінен және келетін ауа мөлшерінен төмен болады.
Өрттегі газалмасу
Өртті сөндіруде газ ағындарымен басқару жедел-тактикалық іс-қимылдардың ең негізгісі болып табылады, ол өрт сөндіру және құтқару жұмыстарын табысты жүргізу мақсатында орындалады.
Өртте газ алмасудың өзгеру көмегімен түтіндену аймақтарының өлшемдерін азайтуға, жану бағытын өзгертуге, жану аймағында өтетін процесстер жылдамдығына әсер етуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |