А классты өрттерге қатты заттардың жануы жатады. Бұл жағдайда егер ағаш, текстильді өнімдер, қағаз бықсушы заттары жанатын болса, онда өрттер А1 подклассына жатады; ал бықси алмайтын заттар, мысалы пластмассалар А2 подклассына жатады.
В классына жеңіл тұтанғыш және жанғыш сұйықтықтар жатады. Олар В1 классына жатады, егер суда ерімесе (бензин, дизтопливо, мұнай және т.б.) және В2 классына суда еритін (мысалы, спирттер).
Егер жануға газдар, мысалы сутегі, пропан және т.б. қатысса, онда өрттер С классына жатады, металлдар жануы кезінде – Д классына. Д1 — жеңіл металлдардың жануын бөледі, мысалы, алюминий, магний және т.б.; Д2 – сілті және басқа да ұқсаса металлдарды, мысалы натрий, калий. ДЗ — металлоқұрамды қосылыстардың жануы, мысалы металлоорганикалық немесе гидридтердің.
Өртке қарсы қорғау жүйесінде өрт қауіпсіздігі сұрақтарын шешу үшін, оның даму процесінде өрттің тәртібін, өрттегі жағдайды дұрыс бағалауды білу қажет. Өрт дамуының жобалауы жанудың таралу жылдамдығы мен бағытын, өрттің даму ұзақтылығын, температураның уақытта өзгеру және газ ортасының компоненттерін, газ алмасу қарқындылығының есептеу әдістерін және өрттің басқа да параметрлерін қолдануды ұсынады.
Әрбір өрт, түрлі құбылыстарды анықтайтын жағдай түрінде болады, мысалы, өрт кезінде жел жылдамдығы мен бағытының өзгеруі. Сондықтанда өрттің дамуын жобалау мүмкін емес. Бірақ өрттер жалпы заңдылықтарға ие.
Өртте болатын негізгі құбылыстар – бұл газо- және жылуалмасу процесстерінің жануы. Олар уақыт пен кеңістікте өзгереді және өрт параметрлерімен сипатталады. Өрт қоршаған орта заттары және энергиясымен ашық термодинамикалық жүйе ретінде қарастырылады.
Өртте болатын процесстерді және оларды сипаттайтын параметрлерді қарастырайық.
Өртте жанғыш заттар мен материалдардың жану процесі тотығудың химиялық реакциясы және физикалық құбылысы түрінде өтеді, онсыз жану мүмкін емес.
Жанудың негізгі шарттары болып табылады: жанғыш заттардың болуы, тотықтырғыштың химиялық реакция аймағына өтуі және жылудың үзіліссіз бөлінуі.
Заттар мен материалдар бойымен жану процесінің таралуы және пайда болуы біртіндеп өтеді. Жану көзі жанғыш затқа әсер етеді, оның қызуын тудырады, бұл жағдайда беттік қабат қатты қызады, беттіктің белсенділігі өтеді, термиялық және физикалық процесстерден заттар мен материалдар буланады, аэрозольді қоспалардың түзілуі өтеді. Түзілген газ тәрізді өнімдер экзотермиялық айналымға өтуге қабілетті, ал жанғыш материалдардың қатты бөлігінің дамыған беттігі оның ыдырауына қабілетті. Газ тәрізді өнімдердің бу концентрациясы, булану деструкциясы критикалық мәнге жетеді, заттар мен материалдардың қатты бөліктерінің газ тәрізді өнімдері тұтанады. Бұл өнімдердің жануы жылу бөлінуге, беттік температурасының өсуіне және жану өнімдері концентрациясының өсуіне әкеледі. Тұрақты жану, химиялық реакция аймағында термиялық ыдыраудың жану өнімдерінің түзілу жылдамдығы тотықсыздану жылдамдығынан кіші болғанда басталады. Онда жану аймағында бөлінетін жылу әсерінен жанғыш заттар мен материалдардың келесі аумақтарында қызу, деструкция, булану және тұтану өтеді.
Өртте жану процесінің дамуын сипаттайтын факторлаға жататындар: өрт ауыртпалығы, жану жылдамдығы, материал бетінен жалын таралуының сызықты жылдамдығы, өрт ауданы, жанғыш материалдардың беттік ауданы, жылу бөліну қарқындылығы, жалын температурасы және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |