Қонақ үйі ереже бойынша, типті жоба бойынша 1-2 өрт төзімділік дәрежесінен төмен емес жеке көкалды аймақта тұрғызады. Кейде өзара жабық өткелдермен және галереялармен қосады



жүктеу 0,54 Mb.
бет8/32
Дата12.06.2023
өлшемі0,54 Mb.
#42965
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   32
nayrizov

Ауа алмасумен реттелетін өрттер бөлменің газды ортасында оттегі құрамының өтуімен және жанғыш заттар мен материалдардың артып қалуымен түсіндіріледі. Бөлмедегі оттегі құрамы оның желдету шарттарымен анықталады, яғни өрттің бөлмеге механикалық желдету жүйелерімен және ауа шығыны немесе шығармалы ойықтар ауданымен.
Өрт ауыртпалығымен реттелетін өрттер бөлмеде артық ауа оттегісінің өтуі және өрт ауыртпалығынан өрттің даму тәуелділігімен түсіндіріледі. Бұл өрттер, өздерінің параметрлері бойынша ашық кеңістіктегі өрттерге жақындайды.
Қоршауға әсер ету сипаты бойынша өрттер жергілікті және көлемді болып бөлінеді.
Жергілікті өрттер қоршаулардағы әлсіз жылу әсерімен сипатталады және жануға қажетті артық оттегі кезінде дамиды, және жанғыш заттар мен материалдар, олардың күйі мен бөлмеде орналасуына тәуелді.
Көлемді өрттер қоршаулардағы қарқынды жылу әсерімен сипатталады. Желдетумен реттелетін көлемді өрт үшін жалын факелі мен газды қабат арасындағы түтін газдарының бар болуы сипатты, жану процесі ауа оттегісінің артық қысымы кезінде өтеді және ашық кеңістіктегі жану жағдайларына жақындайды. Өрт ауыртпалығымен реттелетін көлемді өрттер үшін жалын факелі мен газды қабат арасындағы түтін газдарының бар болуы сипатсыз.
Қоршаулардағы көлемді өрттерді ашық өрттер деп аталады, ал есік және терезе ойықтары жабық кезінде өтетін жергілікті өрттерді – жабық деп атайды.
Түрлі айырмашылық және ұқсастық белгілері бойынша келтірілген өрттер топтастырылуы шартты болып табылады, өйткені өрттер өзінің даму барысында бір класс, түр, топ түрінен басқаға өтуі мүмкін. Бірақ өрт сөндіру практикасы үшін, қарастырылған топтастырылу қажет, өйткені жануды тоқтатудың әдістері мен тәсілдерін, от сөндіргіш заттар түрін, өрттің даму сәтінде бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдарын анықтауға мүмкіндік береді.
Өртті сөндіру кезінде мүмкін болатын жағдайлар:

  • көмекті қажет ететін адамдардың көп болуы және олардың арасында үрейдің пайда болуы;

  • бөлмелердің қиын жоспарлануы;

  • оттың конструкциялар, канал, желдету және пневмотранспорт жүйелері бойымен, терезе ойықтары, лоджия, балкондар, жанғыш материалдар, технологиялық құрылғылар арқылы көлденең және тік бағытта таралуы;

  • температураның тез өсуі және жылу ағындарының ашық ойықтар арқылы орын ауыстыруы;

  • заттар мен материалдардың термиялық ыдырауы нәтижесінде газоауалы және буауалы қоспалардың түзілуі;

  • түтін, улы өнімдердің бөлінуі және олардың тез таралуы;

  • электр кернеуінің астындағы құрылғылардың бар болуы;

  • ҚӘУЗ, бактериялық зақымдалу, жарылысты және радиоактивті заттар мен материалдардың бар болуы;

  • жоғары қысымды баллондар, ыдыстар, аппараттардың бар болуы;

  • технологиялық құрылғы, ғимараттар мен имараттардың конструктивті элменттерінің деформациялануы және бұзылуы;

  • ғимараттарда материалды, ғылыми және басқа да құндылықтардың көп мөлшерде болуы;

Өрт сөндіру – бұл өртке қарсы қызмет жеке құрамының жауынгерлік тапсырмасының құрама бөлігі. Өрт сөндіру табыстылығы мынадай жағдайларда жүзеге асады: өртте шешуші бағытты дұрыс анықтау, күштер мен құралдарды уақытында жұмылдыру, бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдарын басқара білу, жоғары тактикалық білімділік, шешуші бағытта белсенді және шешуші іс-әрекеттер.


Өрт сөндіру - өртті жоюға және мүліктер мен адамдарды құтқаруға бағытталған жауынгерлік іс-қимылдар. Өрт сөндіру өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің негізгі функциясы болып табылады.

Өртте отты тоқтатудың негізгі әдістері:



  • жану аймағын отсөндіргіш заттармен немесе жанғыш материалдарды араластыру арқылы суыту;

  • жанғыш материалдарды немесе тотықтырғыштарды от сөндіргіш заттармен араластыру;

  • жанғыш материалдарды немесе тотықтырғыштарды жану аймағынан от сөндіргіш заттар және құралдармен оқшаулау;

  • от сөндіргіш заттармен жану реакциясын химиялық тоқтату.

Жану аталған әдістерді қолдануымен тоқтатылады.
Берілетін от сөндіргіш заттарды таңдау жауынгерлік тапсырмамен талап етілген жанғыштың физико-химиялық қасиеттерімен, жануды тоқтататын және басқа жағдайлармен анықталады.
Жауынгерлік тапсырманы орындау үшін, қажетті берілетін от сөндіргіш заттар шығыны және мөлшері өрттің даму негіздері және оны сөндіруді ұйымдастырумен, өртке қарсы қызметі бөлімшелерінің тактикалық мүмкіндіктерімен, қолданылатын өрт техникасының тактико-техникалық сипаттамасымен шартталған және оларды беру қарқындылығымен, сол сияқты өрт сөндірудің практикалық тәжірибиесі негізінде анықталады.
Егер жауынгерлік тапсырмаларды табысты орындау үшін от сөндіргіш заттар жетіспесе, қотару әдісі, өрт автокөліктерімен немесе өрт сөндіру мақсатындағы техникалармен және от сөндіргіш заттарды басқа да әдіс-тәсілдермен оларды өрт орнына жеткізу ұйымдастырылады.
Өрт сөндіру екі кезеңнен тұрады:

  • жануды тоқтату;

  • жануды жою.

Өртте жануды тоқтату мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

  • талап етілетін күштер мен құралдарды уақытында енгізу және жұмылдыру;

  • оқпаншылардың позицияға дереу шығуы және олардың білгірлік әрекеттері;

  • өртке қарсы бөліктерді құру;

  • от сөндіргіш заттарды үздіксіз берумен.

  • Өртте жануды жою мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

  • жануды тоқтатуда енгізілген күштер мен құралдарды отқа шешімді түрде бағыттау;

  • оқпан әдістерін білу;

  • өртті жою барысында өрт ауданының тереңдігініне орын ауыстыру;

  • тоқтатуда берілген отсөндіргіш заттарды сол мөлшерде беру.

Өртке келген өртке қарсы қызметінің бөлімшелері енгізілген күштер мен құралдарға сүйене отырып, өртті қысқа уақыт аралығында жоюы тиіс.
Жауынгерлік есепте жаңа өрт автокөліктерінің, тиімді от сөндіргіш заттардың, жеке құрамның дем алу органдарының қорғау құралдарының пайда болуынан, өрт сөндіру тактикасы белсендірек болып табылады.
Бұл өрт бөлімшелерінің жұмыс уақытын қысқартады, жауынгерлік қанат жаю ұзақтылығын төмендетуге мүмкіндік береді. Өрт бөлімшелерінің өртке келу сәтінен бастап, от сөндіргіш және техникалық құралдарды бір уақытта қолдану арқылы өртке әсер ету белсенділігі жүзеге асырылады.
Төмен және орта қысқалықты көбіктердің, суландырғыш және қоюландырғыш түріндегі су қоспаларының пайда болуы өрт сөндіру тактикасының дамуына оң нәтиже берді. Өз кезегінде, жаңа от сөндіргіш заттардың пайда болуы, өртке қарсы қызметі бөлімшелерінің жаңа техникалық құралдармен жабдықталуын қажет етті: көбік генераторларын, турбиналы типті шашыранды оқпандарды, әр түрлі көбік көтергіш түрлерін және т.с.с.
Өрт сөндіру табыстылығы сөндіруге қатысушылардың біркелкі шабуылды қимылдарымен жүзеге асады және шешуші бағытта бірінші оқпанды уақытында енгізуіне тәуелді.
Өртте жауынгерлік іс-қимылдардың шешуші бағыты негізгі жауынгерлік тапсырманы шешу жағдайындағы өртке қарсы қызметінің күштер мен құралдарды қолдануын қамтамасыз ету бағыты болып табылады.
Өртке бірінші болып келген бөлімше бастығы, бірінші бөлімшенің барлық күштерін адамдарға көмек көрсетуге және қосымша күштер мен құралдарды енгізуге бағыттауы тиіс.
Өрт сөндіруде екі кезеңді атап өтуге болады, яғни өртті жою және тоқтату.
Адамдар мен жануарларға қаупі жоқ, ал өрт дамуы қолда бар күштер мен құралдармен шектелген болған жағдайда, өрт жойылған деп саналады.
Жану тоқтағанда және жанудың қайта жануын болдырмайтын шаралар қолданылса, өрт тоқтатылған деп саналады.
Тоқтату кезеңіне бірінші сөндіру құралдарын енгізу сәтінен, өрттің алдағыда таралуы тоқтатылған сәтіне дейінгі уақыт аралығы сәйкес келеді, яғни сызықты таралу жылдамдығы нөлге тең.
Өртті тоқтату анықтамасынан көрініп тұрғандай, ол тек оттың алдағыда таралуын тоқтатпайды, сонымен қатар адам өмірінің қауіпсіздігін, жарылыс қаупін және конструкциялардың бұзылуын қарастырады.
Өртті тоқтатудың жалпы ұзақтылығы қорғау қимылдарына және шабуылға жұмсалған уақытымен алынады. Оларға жататындар: оттың барлық таралу бағыттарына өрт сөндіруге қажетті күштер мен құралдарды енгізу, от сөндіргіш заттарды үздіксіз беру, көшіру, конструкцияларды ашу және бұзу, түтінмен күрес шараларын жүзеге асыру, барлау нәтижелері немесе жағдайдың өзгеруі бойынша жауынгерлік іс-қимылдарды түзету.
Тоқтату кезеңінде бөлімшелердің шабуыл қимылдарының ұйымдастырылған деңгейімен әрдайым күресе біл керек.

Өртті жою тоқтату сәтінен жану толық тоқтатуға дейінгі уақыт аралығына сәйкес келеді. Бұд кезең үшін негізгі шарттар мінездемелі: жанудың толық тоқтатылуы; қайта тұтанудың болмауы.


Өртті жою кезеңі үздіксіз жауынгерлік іс-қимылдармен, жұмыстың жалпы көлемінің және өрт ауданының өлшемімен сипатталады.
Өрт сөндіру нәтижесін анықтайтын негізгі көрсеткіш жою және тоқтату болып табылады, ол келесі факторларға тәуелді:

  • өрттің бос даму ұзақтылығы;

  • бірінші күштер мен құралдарды енгізу сәтіндегі өрттің өлшемі мен түріне;

  • қолданылатын күштер мен құралдар түрі және мөлшеріне, сол сияқты олады орналастыру әдісіне.

Ауданы бірнеше шаршы метрді иеленген дамыған өрт кезінде және өртке бірінші болып келген бөлімшелердің от сөндіргіш заттардың қарқынды беру қажеттілігін қамтамасыз ете алмаған кезде сөндіру екі стадияда жүзеге асырылады.
Өртті тоқтатудың бірінші стадиясында, өрт бөлімшелерінің келуімен жалын майданының таралуы шектеледі, яғни өрт белгілі шектерде тоқтатылады, оны тоқтату шаралары құрылады.
Екінші стадияда, от сөндіргіш заттардың нақты шығыны жеткілікті болғанда, өрт ауданын барлық майданы бойынша сөндіру процесі жүреді, ал жану процесінің тоқтауы жалынның таралу жылдамдығын 3-4 рет төмендеткен кезде басталады.
Жою барысында қосымша күштерді енгізу, олардың топтастырылуы, конструкцияларды ашу және бұзу, конструкциялардың бұзылу және деформациялану қаупін жою, артық төгілген сумен күрес, материалдық құндылықтарды көшіру, жеке жану ошақтарын сөндіру, өрт туралы мәліметтер жинау және акт құру бойынша жауынгерлік іс-қимылдары өткізіледі.
Өртте адамдардың қауіпсіздігіне, жарылыс қауіптілігі, оттың ең қарқынды тарауы және берілген жағдайда өрт сөндіру табыстылығына бағытталған бағыт жауынгерлік іс-қимылдардың шешуші бағыты болып табылады.
Шешуші бағытта күштер мен құралдар енгізілгеннен кейін, күштер мен құралдар басқа бағыттарға енгізіледі.
Өрттегі жауынгерлік іс-қимылдардың шешуші бағыты келесі принциптермен анықталады:

  • ӨҚФ адам өміріне қауіп төндіреді және оларды оқпандарсыз құтқару мүмкін емес болағн жағдайда – күштер мен құралдар құтқару жұмыстарын қамтамасыз етуге енгізіледі;

  • жарылыс қаупі пайда болғанда – күштер мен құралдар бөлімшелер қимылдарының жарылысты тоқтату орнына жұмылдырылады;

  • жанумен объектінің бір бөлігі қамтылған, және ол оның басқа бөліктеріне немесе көршілес құрылыстарға таралғанда – күштер мен құралдар оттың келесі таралуы ең үлкен шығынға әкелетін участокқа жұмылдырылады;

  • жанумен жеке тұрған ғимарат қамтылған және көршілес объектілерге от таралу қаупі жоқ болғанда – негізгі күштер мен құралдар ең қарқынды жану орындарына енгізіледі;

  • жанумен құндылықтары жоқ ғимарат қамтылған және жақын орналасқан объектілерге қаупі болмағанда – негізгі күштер мен құралдар жанбаған ғимарат жағынан енгізіледі.

Өртті тоқтату үшін күштер мен құралдар жетіспегенде осындай мөлшерде өртке қарсы қызметінің қосымша күштері мен құралдары, сол сияқты өртке қарсы апаттық-құтқару ұйымдары, халық, әскери бөлімдер мен ішкі істер органдарының бөлімшелері жауынгерлік тапсырманы қысқа мерзімде орындауға шақырылады.
Бұл жағдайда қосымша күштер мен құралдар келгенге дейін, бірінші өрт бөлімшелерімен өрт дамуын тоқтату шаралары жүзеге асырылады.
Жанып жатқан және қос бөлмелерде түтіннің, газдың, жоғары температураның бар болуы, өртті тоқтату және жою жұмыстарын төмендетпеуі тиіс, ол үшін өртті сөндіру және бөлмеден газ бен түтінді жою, шашыранды ағыс немесе көбік беру жолымен жоғары температураны төмендету жұмыстарын жүзеге асыру қажет.
Дем алуға жарамсыз ортада сөндіру жұмыстары ТОЖҚҚ өткізіледі, түтінсорғыштар мен жарықтандыру құралдарын қолданумен.
Қарауыл өз жауынгерлік учатогынан тек ӨСБ немесе жауынгерлік участок бастығының рұқсатымен ғана кете алады.
Өрттерді сөндіру үшін тиімді от сөндіргіш заттарды (көбікті, ұнтақты, суландырғышы бар суды) қолдану қажет және бірінші кезекте ішкі өртке қарсы сумен қамтамасыз ету және стационарлы өрт сөндіру құралдарын қимылға келтіру қажет.
Бірінші автоцистерна өрт орнына шешуші бағытта оқпанды беру жеріне жақын орналастырылады, ал келесі өрт автоцистерналар өрт орнына жақын жердегі су көздеріне магистралдық желіні өткізумен орналастырылады.
Өрт автоцистернасынан су шығындалғаннан кейін, оқпан су көзіне орнатылған өрт автокөлігінің магистралдық желісіне қосылады.
Дамыған өртті сөндіруге "А" және лафетті оқпандары беріледі, оны жою шаралары бойынша олар кейін кіші диаметрлі оқпандарға ауыстырылады.
Ғимарат конструкцияларының бостықтарында және желдету каналдарында жану кезінде "А" су оқпандары және көбік оқпандары беріледі, ғимараттың жанатын конструкцияларын бұзу ұйымдастырылады.
Жану орнын суландыру үшін "Б" оқпандары беріледі, ішкі өрт крандары қолданылады.
Қотару арқылы суды беру кезінде қажетті өрт автокөліктер мөлшері, жеңдік желілерді салу әдістері мен тәсілдері анықталады.
Жеңдік желілерді өткізу үшін бірінші кезекте жеңдік өрт автокөліктері және жеңдік катушкалар қолданылады.
Қуатты сорғышы бар өрт автокөлігі су көзіне орналастырылады және өрт орнына одан магистралды жең желілері тартылады, ал қуаты төмен автокөліктер өрт орнына жақын жерге орналастырылады және одан бір уақытта су көзі мен өрт орнына жеңдік желілер тартылады.
Жанып жатқан бөлмелерді көбікпен толтыру кезінде ӨСБ анықтау тиіс:

  • көбікпен толтыруға жарамды бөлем көлемін;

  • көбіктің ағуына бөгет жасайтын тосқауылдарды орнату орнын;

  • қажетті көбіктүзгіш, көбік оқпандарының мөлшерін және оларды орналастыру орнын;

  • берілген бағытта көбіктің қозғалуына жағдай жасайтын өрт түтін сорғыштарын орналастыру орнын.

  • Бөлмеге көбік беру кезінде талап етіледі:

  • көбік оқпандарын жану деңгейінен жоғары орналастыру;

  • түтін сорғыштарды және басқа да желдету агрегаттарын көбік оқпандарын орналастыру орнына қарама-қарсы орнату және жану өнімдерін жою;

  • бөлмені көбікпен толтырғаннан кейін газтүтіннен қорғау буынын қалып қойған жану ошақтарын жоюға және жағдайды анықтауға бағыттау.

  • Судың артық төгілуін болдырмас үшін қажет етіледі:

  • жабылмалы оқпандар, оқпан-шашыратқыштарды қолдану;

  • резеңкеленген өрт жеңдерін қолдану;

  • көбікті, ұнтақты, су суландырғыштарын қолдану;

  • оқпан жұмыстарын уақытында тоқтату немесе оларды сыртқа шығару.

Егер адамдар мен жануарларға қауіп жоқ болса, ал өрт дамуы шектелген және қолда бар күштер мен құралдармен оны тоқтату мүмкіндігі қамтамасыз етілсе, өрт тоқтатылған деп саналады.
Егер жану тоқтатылса және оның қайта жанбауына шаралар қолданылса, өрт жойылған деп саналады.

жүктеу 0,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   32




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау