Өмірді бағалап үйренейік балалар суицидін алдын-алу бойынша ата-аналарғА, педагогтерге арналған қҰрал алматы


БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІНДЕ СУИЦИДТТІҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ШАРАЛАРЫ



жүктеу 0,52 Mb.
бет3/7
Дата11.01.2020
өлшемі0,52 Mb.
#26366
1   2   3   4   5   6   7

БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІНДЕ СУИЦИДТТІҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ШАРАЛАРЫ

Бірінші кезең – жалпы алдын алу жұмыстары.

Мақсаты: мектептегі топтық тұтастықты нығайту.

Іс-шаралар: оқушылардың психикалық саулығын, мектептегі жағымды ахуал деңгейін сақтауға бағытталған жалпы мектептік бағдарлама дайындау. Сабақтан тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру. Мектеп пен отбасының және жалпы қауымдастықтың арасында өзара әрекеттесудің тиімді моделін әзірлеу.

Педагог-психологтың міндеттері:

Оқушының психикалық күйіндегі, оның қарым-қатынасындағы, жалпы дамуындағы және білім алуда туындаған мәселелерді дер кезінде шешу мақсатында әр оқушының психологиялық-педагогикалық дәрежесінің ерекшеліктерін зерттеу. Суицидалдық мінез-құлықтың алдын алу шарасының бағдарламасы мен жоспарын дайындау. Баланың заңды құқықтарын қорғау мақсатында мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарды алдын-алу шарасына қатысуға тарту. Оқушының позитивті «Мен»-тұжырымдамасын қалыптастыру, оның ерекшелігін және қайталанбас тұлғалық қасиеттерін өз-өзіне таныту арқылы әр адамның жеке тұлға екендігін ұғындыру. Қоғамдағы мінез-құлықтың әлеуметтік нормаларына үйрету, мейірімділікке тәрбиелеу, әлеуметтегі құндылықтық қатынастарын дамыту. Осы ретте педагог-психолог өз ісінде біріншіден, суицид мәселесі туралы қалыптасқан «мифтерді» жоюға бағытталған жұмыс жүргізу керек. Кеңінен таралған «мифтер»:



  • «негізінен өзін-өзі өлтіруге баратын адамдар психикалық жағынан ауруға шалдыққан адамдар» - деген «мифті» жою. Суицидалдық жағдайларды зерттеу барысында зерттеушілер келесі тұжырым жасаған: «өзін-өзі өлтірген адамдардың көпшілігінің психикалық жағынан ауытқулары болмаған, олар психологиялық қысым көрген адамдар»;

  • кейбір білім беру мекемелерінің басшылары «суцидтің алдын алуға болмайтына сенеді, өйткені өз-өзін өлтіруге бел буған кісілер ойлағанын орындамай қоймады» – деген пікірде болады екен. Ал, бірақ суицид – бұл адамның «жан айқайы, көмек сұру формасы»;

  • «өзін-өзі өлтіремін» – деп қорқытатын адамдар, «шын мәнінде суицидке бармайды» – деген мифті жою. Зерттеулердің нәтижесінде анықталғаны, өзін- өзі өлтірген адамдардың ¾ бөлігі өзін-өзі өлтіретінін алдын ала хабарлап, отырған;

  • сонымен бірге келесі «мифті» жою қажет: суицидтің алдын алу жұмысын «оңай» ұйымдастыруға болатынына сенім. «Адамдар жұмыспен қамтылып, қатаң бақылауға алынса, осы мәселенің шешілетініне сенімді болу» деген пікір – теріс пікір. Осындай пікірді құптаған адамдар өз қарамағындағы адамдар ағзасының психофизиологиялық ресурсының құлдырап, оның тозуына себеп болады. Яғни бұл еңбек тәртібінің психо-гигиеналық талаптарының бұзылуын көрсетеді, ал осындай жағдай суицидтің себебіне айналуы мүмкін;

  • кейбір адамдар суицидтің сыртқы белгілерін анықтауға болмайтынына сенеді. Осыған орай, «суицидтің алдын алу жұмысы күрделеніп, жемісті болмайды» – деген «миф» қалыптасады. Осындай пікірдің шындыққа жанасатына сенуге болатын сияқты, өйткені біреудің «жанын түсіну», оның ішкі жан дүниесін тану ісі – күрделі үдеріс. Сонымен бірге, тәжірибеге үңілсек, суицидті болдырмаудың мүмкіншіліктері бар екен.

Адамдардың суицидалдық жағдайларының іске асу мүмкіншіліктерінің сыртқы белгілері:

а) «өзін-өзі» өлтіретіні туралы ашығынан жария ету (туыстарына, таныстарына, жақсы көретін адамдарына хат арқылы немесе ауызша айту);

ә) суицидалдық әрекеттердің болатынына қатысты жанама түрде «ойдың» болуы (мысалы, өз-өзін өлтірудің имитациясын жасау және т.б.);

б) белсенді түрде алдын ала дайындалу, тәсілдерін іздестіріп таңдау (дәрілерді жинау, уландыратын заттарды зерттеу және т.б.);

в) өзін-өзі өлтіру мысалдарын жиі-жиі айтып отыру (жалпы өз-өзін өлтіру туралы әңгімелерді жиі айту);

г) жақын айналасындағы адамдармен символдық қоштасудың болуы (жеке заттарын тарату, фотоальбомдарын, сағатын және өзіне қымбат болып келетін заттарды тарату және т.б.);

д) мінез-құлықтың өзгерген стереотипы: өзіне тән емес тұйықтықтың көрініс беруі; қозғалғыштығы мен жиі қарым-қатынасқа түсу белсенділігінің төмендеуі, үндемейтін және баяу оқушылар мінез-құлығының қозуы;

е) оқшалану, қарам-қатынасқа түсу ортасының тарылуы.

Суицидалдық мінез-құлық анықталуының жүйелі сипатын ескере отырып, жалпы және арнайы жоспардың іс-шараларын кіріктіріп, алдын алу жұмысын кешенді түрде ұйымдастырған маңызды болады.

Суицидалдық мінез-құлық қалыптасуының себебі болатын әлеуметтік және әлеуметтік-психологиялық жағдайларды жою – алдын алу жұмысының негізгі мазмұны болып айқындалады. Осындай жұмыстың негізгі бөліктеріне төмендегілер жатқызылады:



  • күнделікті өмірін, оқуын, жұмысын, тұрмысын және бос уақытын нақты ұйымдастыру;

  • түрлі қақтығыстарды болдырмау;

  • ата-аналар қауымдастығының өкілдерімен және ішкі істер қызметкерлерімен бірлесіп КТБ, МІБ есепте тұрған жайсыз отбасыларды тексеру;

  • мектептерде сынып сағаттарын, әңгімелесулер мен дөңгелек үстелдерді, анонимдік сауалнама, психологиялық тренингтер, ата-аналар дәрісін өткізу. Мысалы: «Заңды сақта», «Мен және заң», «Құрдас құрдасқа», «Біл және есте сақта» тақырыптарында сынып сағаттарын ұйымдастыру. КТБ инспекторларымен, әлеуметтік педагогтармен, ата-аналармен және жасөспірімдермен «Құқық бұзушылықтың алдын алу», «Сабақтан тыс уақытта кәмелетке толмағандардың тәртібі» тақырыптарында жеке әңгімелесулер өткізу. «Кәмелетке толмағандардың өз-өзіне қол жұмсау әрекеттерін алдын алу» тақырыбында семинарлар өткізу.

  • Оқушылардың құқықтық ағартушылығын қалыптастыру шеңберінде олардың құқықтық білімін және тәрбиесін жетілдіру мақсатында «Құқықтық дәріс» жұмысын жүзеге асыру. Мысалы, «Жасөспірім және қылмыс», «Жазаның болмай қоймайтындығы», «Заңды жастайынан білу», «Қылмыстық топ», «Бұзақылық қылмыстары туралы» тақырыптарындағы дәрістерді оқуға құқық қорғау органдарының, прокуратураның қызметкерлерін, аудандық және ауылдық кітапханалардың қызметкерлерін, аудандық және ауылдық ауруханалардың қызметкерлерін шақыру.

  • Ата-аналармен адамгершілік-құқықтық тәрбие мәселелерін талқылап, «Ата-аналардың құқықтық білімі кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықты алдын алудың құралы ретінде» атты әңгіме өткізу және т.б.

  • Жедел-алдын алу іс-шараларын ұйымдастыру. Мысалы, кәмелетке толмаған азаматтарды темекі шеккені үшін жазалау, түнгі сағат 22.00-ден кейін көшеде жүрген немесе компьютер клубында отырғандарды жазалау, ата-аналар міндетіне ықылассыз қараған үшін ҚР КоАП 111-бабы бойынша кәмелетке толмағандардың ата-анасын тәртіптік жазалауға тарту.

  • Құқық қорғау органдарымен бірлескен (КТБ инспекторлары, учаскелік инспекторлар) әлеуметтік педагогтардың рейдтерін өткізу. Рейдтерді ата-аналар комитетінің өкілдері мен сынып жетекшілерінің қатысуымен өткізу.

  • КТБ есебінде тұрған оқушылардың және «қауіпті топтағы» балалардың тұратын мекенжайы бойынша тексерістер ұйымдастыру.

Екінші кезең – бірінші реттегі алғашқы алдын алу жұмысы.

Мақсаты – «тәуекел» тобындағы суицидалдық мінез-құлық ерекшеліктері бар топтарды анықтау, өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу мақсатында балаларға, «тәуекел» тобындағы жасөспірімдер мен олардың отбасыларына психологиялық қолдау көрсету.

Іс-шаралары:

1.Суицидалдық мінез-құлықты диагностикалау.



Педагог-психологтың міндеттері: дер кезінде көмек қажет ететін балаларды анықтау, олардың отбасы мүшелерімен жұмыс ұйымдастыру, қиын өмірлік жағдайдан немесе дағдарыстан шығуға көмектесу.

2. Мінез-құлық проблемасын шешуге бағытталған жеке және топтық сабақтарын өткізу, өзін-өзі бағалауын көтеру, өз тұлғасына оң көзқарасын қалыптастыру.



Осы міндеттерді шешудетөмендегідей жұмыс түрлері ұйымдастырылуы тиіс:

  • өзіне-өзі қол жұмсау әрекеттерін алдын алу мақсатында балалар мен жасөспірімдердің суицидалдық мінез-құлығы бойынша психологиялық қолдау жұмысын жүргізу: дағдарыстық немесе күйзелістік жағдайлардың терапиясы, Позитивті «Мен» - тұжырымдамасын қалыптастыру;

  • оқушының отбасымен түзету жұмысын ұйымдастыру.

3. Сынып сағаттар, дөңгелек үстелдер, стенд ақпараттарын ұйымдастыру.

4. Түрлі ғылымдар (философия, физиология, психология, социология, педагогика) көзқарасы тұрғысынан мәселенің теориялық аспектілерін зерттеу және алынған мәліметтерді педагогтар мен ата-аналармен жұмыс барысында қолдану.

5. Мүмкін болатын суицидтің белгілері туралы әңгімелеу, осы жағдайдағы «тәукелдік» факторлары мен жолдарын қарастыру.

6. Педагогтармен оқушылардың дезадаптациялық мінез-құлығы туралы психологиялық ағарту жұмыстары ұйымдастыру. Мұнда суицидтің алдын алу шаралары туралы мәлімет беріледі. Ата-аналарға суицидалдық мінез-құлықтың себептері, факторлары, динамикасы туралы мәлімет беріледі. Суицидтің алдын алуға байланысты нұсқаулар ұсынылады.

7. Балаларға суицид туралы мәліметті досына көмек беру тұрғысынан ұсынған дұрыс. Өйткені, көп жағдайда балалар өз проблемасын өздерінің құрбыларымен және достарымен талқылайды, ересек адамдардан сескенеді және жасырады. Сондықтанда бірінші ретте суицидтің алдын алу мақсатындағы шараларды жасөспірімдердің өздері білуі тиіс. Суицид дегеніміз бұл проблемадан немесе қиыншылықтан қашу, қорланудан құтылу, қайғыдан қашу деген пікірлердің негізінде оқушылардың сана-сезімінің дәрежесін және психологиялық сауаттылығын көтеру маңызды болады.

Сондықтан да бірінші ретте суицид туралы және оны жасауға бел буған адам туралы негізгі ақпаратты білуге ұмтылу керек. Сонда ғана осындай мәселені шешуде көмек беруге болады.

8. Суицидті болдырмау әрекеттерінің жоспарын құру. Осы жоспарда «тәуекел» тобындағы балаларды анықтаудың процедурасы нақты жазылуы тиіс. Және суицидтен кейінгі әрекеттердің механизмі қарастырылуы тиіс.

9. Алдын алу шараларына қатысты бағдарламасы мен жоспарын іске асыру. Тәуекел тобындағы балаларды анықтау, өзіне-өзі қол жұмсауға қатысты қауптің пайда болуы кезінен бастап, оқушының «Мен»-тұжырымдамасын зерттеу.



Үшінші деңгейі – екінші реттегі алдын алу жұмысы.

Мақсаты – суицидті тоқтату.

Іс-шаралары:

  • Өзіне-өзі қол жұмсауға тәуекел еткен жағдайды бағалау. Сұлбасы: ең қаупті жағдай (оқушының қолында өзіне-өзі қол жұмсау құралының болуы және оның ойында нақты жоспардың болуы), айтарлықтай қауіпті жағдай (баланың ойында жоспары құрылған, бірақ өз-өзіне қол жұмсаудың құралының болмауы), маңызды емес жағдай (баланың ниетінің белгі болуы, бірақ жоспар мен құралдың болмауы).


Педагог-психологтың міндеттері:

1. Педагог-психолог суицидентпен әңгімелесуді ұйымдастырады. Педагог-психолог суицидтің алдын-алу бойынша құрылған дағдарыстық штабтың құрамына кіреді.

2. Тиісті мекемеге суициданттың психикалық ауруы туралы мәлімет жіберіп көмек сұрайды. Ата-аналарына хабарлайды. Осы кезеңдегі педагог-психологтың міндеттері анықталып, нақты қарастырылуы тиіс.

3. Мектеп әкімшілігімен бірлесіп өз жұмысының стратегиясы мен жоспарын талқылайды.



4. Егерде өзіне-өзі қол жұмсау фактісі анықталса, онда қайтыс болудың себептерін анықтауда «өзіне-өзі қол жұмсаған» – деген мәлімет беріледі, ал ондай факт анықталмаса, онда «келеңсіз жағдай» немесе «себепсіз өлім» деген қорытынды жасалады. Бірақ өзіне-өзі қол жұмсаудың жолдары көрсетілмеу тиіс. Осындайда жақын адамдары шақырылып, арнайы мамандар өз жұмыстарын жүргізеді. Достарына және туыстарына соңғы сапарға шығарып салуға рұқсат етіледі. Естелік кешін ұйымдастыруға рұқсат берілмейді. Өйткені бұл басқада суицидттердің болуына себеп болуы мүмкін.

Төртінші деңгейі – үшінші реттегі алдын алу жұмысы.

Мақсаты – болған жағдайдың зардаптарын төмендету, басқада келеңсіз мүмкін жағдайлардың қайталануын болдырмау, өзіне-өзі қол жұмсаған адамдармен әлеуметтік және психологиялық оңалту жұмысын ұйымдастыру.

Іс-шаралары:

  • Болған жағдайды ұжымда талқылау, психологтан осы жағдай туралы кеңес алуға мүмкіндік беру, мектептегі эмоциялық жағдайға (психологиялық ахуалға) және оның өзгеруіне мән беру.

Педагог-психологтың міндеттері:

  • жылдам түрде көмек көрсету. Болған жағдайдың күәгерлеріне (балаларға, жеткіншіктерге, мектеп қызметкерлеріне) психологиялық көмек көрсету – стрестен шығару жолдарын іске асыру;

  • тереңінен жүргізілетін психотерапиялық түзету жұмысын ұйымдастыру. Осы кезеңде педагог-психологтың міндеттері анықталып, жақсы талқылауды қажет етеді. Өйткені осы кезеңдегі психологиялық жұмыс медициналық психологтар және психотерапевтермен бірге ұйымдастырылуы тиіс. Психотерапевт, психоаналитик мамандардың пайымдауынша, өз-өзіне қол жұмсау 3 топқа бөлінеді: ашық, жасырын және демонстрантты. Ашық түрде өзіне қол жұмсайтындар бұған аяқастынан бармайды. Өмірдің мәнін түсінбеу, өзінің өмірдегі міндеті мен орнын ұғына алмау (әсіресе, жастар мен қарттар) ойлана келе осындай ашық түрде өз жанын өлімге қияды. Өйткені, өзін ешкімге керексіз сезінеді. Өлуді мақсат тұтпай, жай ғана басқалардың назарын өзіне аудару үшін өз-өзіне қол жұмсау әрекетіне бару «демонстрантты» түрге жатады. «Айтқанымды орындамасаң, өле салам!» деп қорқыту түрлері де осыған тән. Жасырын түрде өзіне-өзі қол жұмсайтындар өлуді мәселенің шешімі деп санамайды, алайда, одан басқа жол таба алмай қиналады. Зерттеуші Эрвин Рингельдің айтуынша, өзін-өзі өлтіру үрдісі негізінен 3 сатыда жүзеге асады. Біріншісі, «келеңсіздіктен арылудың бір ғана жолы – өлім» деген ойдың мазалай бастауы. Екіншісі, болған оқиғаға адамның тек қана өзін кінәлауы. Үшіншісі, адам өз-өзін қайтып өлтірудің түрлі айла-тәсілдерін қарастырып, оны ойша жүзеге асыруы.


ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ СУИЦИДАЛДЫҚ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫН АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Cуицидалды синдромның (белгінің) диагностикасы алдын алуда маңызды рөл атқарады. Суицидалдық кезеңдегі тұлғалар жеке дара, топтық және (немесе) отбасылық психотерапияны қажет ететін адамдар. Ерекше тәжірибелік маңызға ие – балаларды өзін-өзі өлтіруге кедергі болатын факторлар талдауы. Оған жататындар: депрессиялық күйзелістер кезінде болатын психикалық (жүйке) аурулардың болмауы; отбасындағы өте жақсы қарым-қатынас; нақты немесе формалды ойлау дәрежесіне жетпеген когнитивтік іс-әрекет; суицидті аз қабылдауға тырысатын мәдени және рухани-адамгершілік факторлардың болуы және т.б.

Суицидалды әрекеттерді болдырмау: Жүйке зақымданған жағдаяттарда психологиялық қобалжудан босату; суицидалдық мінез-құлыққа апарған әрекеттің себептің психологиялық тәуелділігін азайту; мінез-құлықтың компенсаторлық тетігін қалыптастыру; өмір мен өлімге шынайы қарым-қатынасты қалыптастыру.

Суицидті анықтау: алдын алу. «Превенция» (алдын алу) сөзі латынның «praevenire» – «алдын ала болу, алдын ала сезу» деген сөзінен шыққан. Суицидтің әлеуметтік және психологиялық хабаршысын білу бізге оны түсінуге және оны болдырмауға көмек болар еді. «Ол неге өз күші мен ақыл-ойын осы күш пен ақыл-ойды бұзуға тырысты?» Өзін-өзі өлтірудің құрбанын білетін адамдардың барлығы дерлік осы сұрақты қояды.

Түзету. Күйзелісті жеңудің әлеуметтік дағдылары мен білігін оқыту. Жасөспірімдерге отбасын, мұғалімдерді, достарын және т.б. тарту арқылы әлеуметтік қолдау көрсету, мінез-құлқының қиындықтарын шешетін әлеуметтік-педагогикалық тренингтер жүргізу, әлеуметтік қолдауды іздестіру, оны көрсету және қабылдау, өзін-өзі бағалауын көтермелеу бойынша жеке дара және топтық психологиялық түзету сабақтарын ұйымдастыру, өзінің жеке басына, эмпатиясына шынайы қарым-қатынасты дамыту.

Потенциалды суицид кезіндегі көмек: интервенция (зорлықпен қол сұғу). «Интервенция» сөзі латынның inter (аралық) және venire (келу) сөздерінен шыққан. Суицидалды интервенция «аралық келу» бола тұрып, өзін-өзі бұзу актісін болдырмау үдерісін білдіреді. Ол өмірден күдер үзген адаммен бетпе-бет келіп, оған әлеуметтік, психологиялық және экзистенциалды күйзеліс кезінде эмоционалдық қолдау мен аяушылық білдірумен аяқталады.

Көмекшінің алғашқы позициясы. Егер үрейлі толқыған тұлға қоршаған адамдардың немқұрайлылығы мен мән бермеу позициясымен кездесіп қалса бұл өте қауіпті болып табылады.

Ақылгөй ретіндегі көмекші. Суицидке апаратын діни және тарихи тыйым салынғандардың әсерінен көптеген адамдар суицидентке қате түсінікпен және шыдамсыздықпен қарайды. Олардың көзінше суицидтің жасалуы туралы айтылса, олар: «Сіздер мұны істей алмайсыздар. Бұл Құдайға қарсы және сеніммен сәйкес келмейді» дейді. Осы жерде потенциалды суициденттер өздерінің күнасын өте ауыр сезінетіндіктен жапа шегетінін атап кеткен жөн. Егер көмекші адам суицидентке өзіне-өзі қол салу туралы адамгершілікке қандай да бір жат деп айтса, онда ол бұл сұрақты талдауға тосқауыл ғана қоймай, ол онсыз да адамға ауыр тиіп отырған күйзеліс пен қайғыны күшейтіп жіберуі мүмкін. Суицидент үшін өзін-өзі бұзу ешқашан теологиялық мәселені қарастырмайды, ол адам төзбейтін эмоционалдық күйзелістің нәтижесі болып табылады. Суицидалды беталыстағы адамдар тек қана қайғырып, мұңайып, уайымға салынып және түңіліп қана қоймайды, олар өзін қоршаған ортасына да өшпенділікпен қарауы мүмкін. Өкінішке орай, отбасы мен достары олардың жауабына немқұрайлы қарап, сөйлескен кезде ашулы эмоциялармен қарым-қатынас жасап, одан сайын ашулы адамдарды одан да ауыр рақымсыздыққа итермелейді.

Көмек көрсету үшін не істеуге болады?

I. Суицидті шешудің кілтін табу. Суицидалды превенция жолдастарының қамқорлығы мен қатысуына байланысты емес, төніп келе жатқан үлкен қатерді анықтау қабілеттілігіне де байланысты. Сіздің оның қағидаларын білу мен осындай ақпаратты білуге құштарлығыңыз біреудің өмірін аман алып қалуға септігін тигізеді. Сіз онымен ой, сыр бөліссеңіз, онда адасуларды болдырмауға қабілеттісіз, яғни суицидтер көп болмайды. Шарасыздық мен сенімсіздік сәттерін байқап қалыңыз, адам жалғыз және оқшауланған ба, соны анықтаңыз. Осындай сақтық, сезімтал адамдар көп болған сайын өзін-өзі өлтірудің жойылу мүмкіншілігі де көп болады.

II. Қамқорлық қарым-қатынас орнату. Өзін-өзі өлтіру қандай болса, мұндай қауіпті мәселеге, ауқымды жауап болмайды. Бірақ, сіз, егер қаймыққан адамның сенімді шешімі тұрғысынан қарасаңыз, онда алға өте үлкен қадам жасар едіңіз. Болашақта көп нәрсе сіздің қарым-қатынасыңыздың сапасына байланысты болады. Олады тек қана сөзбен ғана емес, сонымен қатар вербалды емес эмпатиямен де көрсетілуі керек; мұндай жағдайда мораль айту емес қолдау көрсеткен дұрыс. Осылайша сіз қаймыққан адамның оқшауланған ішкі жан дүниесіне өте жақсы кіре аласыз.

IІІ. Зейінді тыңдарман болу. Суициденттер көбінесе қатты шеттелген сезім пайда болған кезде қайғыға салынады. Мұндай жағдайда олар сіздің кеңесіңізді қабылдауға ынтасы болмайды. Ондай кезде олар көбінесе өзінің ауыртпалықтарымен және «Менің өмір сүруге тұрарлық ештеңем жоқ» деген сияқты ойларын талдауды қажет етеді. Ол өзінің ауыртпалығынан құтылуға тырысады, бірақ одан айығу жолын таба алмайды. Мүмкіндігінше тыныштық сақтап, түсінісуге тырысыңыз. Сіз «Мен сіздің ашық айтатыңызды қатты бағалаймын, өйткені өзімнің ішкі сезімдеріммен бөлісу үшін сізден қажымас қайраттылық талап етіледі» деп айта аласыз. Кейде, егер сіз онымен үндемей ғана отыра тұрсаңыз, ол да сіздің оған деген қамқорлығыңыз бен қызығушылық білдіргеніңіздің айғағы болып табылады. Психологтар сияқты, маман еместер де өзінің «үшінші құлақпен тыңдау» өнерін дамыту қажет. Бұл жерде ауызша емес «айтылған» нәрсеге кірісу: мінез-құлқымен, тәбетімен, көңіл-күйімен және ым-ишарамен, қимылымен, ұйқысының бұзылуымен, аса күйзеліс жағдаяттарда қызба әрекеттерге дайындығымен түсіндіріледі. Бұған қарамастан, өзіне-өзі қол жұмсаушылардың негізгі хабаршылары үнемі жасырын болады, бірақ олар зерек тыңдарман болып танылуы мүмкін.

ІV. Дауласпаңыздар. Суицидалды қауіп-қатермен кездескен кезде достары мен ата-аналары үнемі былай деп жауап беріп жатады: «Ойлан, сен өзге адамдарға қарағанда әлдеқайда жақсы өмір сүріп жатырсың ғой, сен тағдырға рақмет айтуың керек». Осындай жауап одан кейінгі талқылауға тосқауыл қояды; мұндай ескертулер бақытсыз адамда одан да ауыр жабырқау сезімін тудырады. Осылайша көмектесемін деп жақын адамдары қарсы нәтижеге себеп болып жатады. Бұдан басқа да жиі кездесетін: «Өз отбасыңа қандай бақытсыздықтар мен абырайсыздық әкелетініңді сен түсінесің бе?» деген сияқты ескертулерді алуға болады. Бірақ, мұның артында суицидент жүзеге асыруды қалайтын ой жасырылуы мүмкін. Егер сіз өзіне-өзі қол жұмсау туралы әңгіме болса, ешқашан шабуыл жасамаңыз, естігеніңіз туралы қатты толғанғаныңызды білдірмеңіз. Күйзелген адаммен пікірталасқа түскенде сіз тек жеңіліп қана қоймай, оның өзінен де айрылып қалуыңыз мүмкін.

V. Сұрақтар қойыңыздар. Күйзеліске араласудың керемет тәсілі, бұл сеніммен нақты сұрақ қою: «Сен өзін-өзі өлтіру туралы ойлайсың ба?» деген сияқты. Егер адамда ондай нәрсе болмаса, оны ондай ойға апармайды; керісінше, ол өзін-өзі өлтіру туралы ойласа, онда ол оның уайымдары кімге маңызды екенін және ондай тыйым салынған тақырыпты кім талқылауға келісетінін біледі, ондай кезде ол үнемі өзін жеңіл сезініп, өзінің сезімдерін түсінуге және рухани тазаруға мүмкіншілік беріледі. Өзін үрейлендіретін жағдаят туралы анықтап және түсіністікпен сұраған дұрыс, мысалы: «Қай кезден бастап өзіңіздің өміріңізді осындай үмітсіз деп есептейсіз? Сіз қалай ойлайсыз, сізде неге осындай ойлар пайда болды? Егер сіз өзіңізді өлтіру туралы алдында ойлаған болсаңыз, сізді тоқтатуға не себеп болды?». Суицидентке көмектесу үшін өз ойыңызды жинақауыңыз қажет, кейде жауаптарыңызды өзгертіп, оның аса нақты жауаптарын қайталаған дұрыс, мысалы: «Басқа сөзбен айтқанда, сіз айтасыз...». Сіздің онымен не туралы бөліскісі келетінін тыңдап, талқылауға келісетініңіз, оны кінәлап, ол кетіп қалуға даяр тұрған қорқыныш сезімдегі қаймыққан адам үшін өте үлкен жеңілдік болып табылады.

VI. Дәлелсіз жұбатуларды ұсынбаңыз. Психологиялық қорғаныстың ең маңызды тетіктерінің бірі ұтымдылық болып табылады. Сіз кімде-кімнен суицидалдық қатер туралы естіген болсаңыз, сіз: «Жоқ, сіз, шын мәнінде олай ойламайсыз» деп айтқыңыз келеді. Егер онымен шын қамқорлықпен және сүйіспеншілікпен әңгіме жүргізсеңіз, онда өзіне-өзі қол жұмсау қатерін барынша азайтады.

VII. Конструктивті көзқарасты ұсыну. Суицидті алдын алудың аса маңызды мәселелрінің бірі психикалық жайсыздықтың бастау алар көзін анықтауға көмектесу болып табылады. Ол өте қиын болуы мүмкін, өйткені суицидтің «құнарлы ортасы» құпиялылық. Пікірсайысты жандандыру үшін: «Соңғы кездері сіздің өміріңізде не болды? Өзіңізді қашан өте нашар сезіндіңіз? Осындай өзгерістер туындаған кезден бастап сіздің өміріңізде не болды? Өзіңіздің жаныңыздағылардан кімге қатысы бар?» деген оған лайықты сұрақтар болуы мүмкін. Потенциалды (әлеуетті) суицидентті өзінің қиыншылығын сәйкестендіруге, оны не шиеленістіретінін барынша нақты анықтап айтқызуға итермелеген жөн. Сонымен қатар: «Сіз сонда да толқып тұрсыз. Мүмкін, егер сіз менімен қиыншылғыңыз туралы бөліссеңіз, мен сізді түсінуге тырысамын» деген сөздердің маңызы бар. Өзекті жүйке күйзелісін тудыратын жағдаяттар отбасындағы қарым-қатынастың бұзылуынан туындауы мүмкін. Адам қандай да бір шешілмей тұрған қайғыдан немесе белгілі бір тән ауруларына байланысты пайда болуы ықтимал. Сондықтан оның барлық сезімдері мен бақытсыздығын ескеру керек.

Егер күйзеліс жағдаяттары мен сезімдері байқалып тұрса, онда ары қарай бұдан бұрын ол мұндай жағдайларды қалай шешкенін анықтау қажет. Ол «қиындықты шешу үшін қажетті құрал бағалауы» деп аталады. Ол ұқсас жағдаяттардағы алдыңғы тәжірибелердің сипаттамасын тыңдау болып табылады.



ҮІІ. Үміттендіріңіздер. Өзін-өзі бұзуға бейімді уайымшыл адаммен жұмыс істеу жауапкершілік пен байыптылықты талап етеді. Психотерапевтер олар не айтады және нені сезеді, соған көңіл аудару өте маңызды екені туралы қорытынды жасаған. Егер мазалайтын жасырын ойлар сыртқа шықса, қайғылы жағдайлар азырақ фатальді (тойтарылмайтын) және барынша шешілетін болып көрінеді. Қорқыныш үрейлеген адам: «Мен сонда да бұл жағдаятты қалай шешетінін білмеймін. Бірақ, менің қиыншылықтарым анықталған соң, әлде де бір үміт бар екеніне сенемін» деген ойға келуі мүмкін. Үміт адамға өзін-өзі өлтіру туралы сіңіп кеткен ойдан айығуға көмектеседі. Адамдар оптимизмнің соңғы тамшысын жұмсап тастаған кезде өзін-өзі бұзу әрекеті туындайды, ал оның жақын адамдары қалай болса да үміттің бос әуре екендігін айтады. Үміт шынайы қиялдан айырылған кезде пайда болмайды, ол тілек пен жетістікке жетуге ұмтылыстан туындайды.

жүктеу 0,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау