Өмірді бағалап үйренейік балалар суицидін алдын-алу бойынша ата-аналарғА, педагогтерге арналған қҰрал алматы



жүктеу 0,52 Mb.
бет7/7
Дата11.01.2020
өлшемі0,52 Mb.
#26366
1   2   3   4   5   6   7

12- ден 16 ұпайға дейін болса:

сен әдетте жалған кінә тағылған адамды қорғайсың. Бірақ сенің еңбегің әрқашан ақтала бермейді. Әділеттік үшін күресу кезінде басқа біреудің көмегіне жүгінесің.



  1. ұпайдан төмен болса:

сен біреудің дауын шешуден аулақ жүресің. Бірақ бұл өте қиын, себебі көбіне сен үшін сәтсіз аяқталады.

Тест: Сен кімсің? Басқарушы ма,

әлде бағынушысың ба?

Төменде берілген сауалнамалық сұрақтарды мұқият оқып шығып, оларға шынайы жауап беріп көр. Ол үшін өзіңе сай келетін үш жауаптың бірін таңдап ал.


1. Сен үшін достық:

а) сыныптас болу;

ә) қолдау және көмек беру ;

б) барлық жағдайда бірге болу.

2. Нағыз суретші немесе әртістің бойында қандай қасиеттер басым болуы керек?

а) дарындылық;

ә) табандылық;

б) даярлық пен өзіндік талғам.

3. Достарыңмен кездескенде өзіңді:

а) «қораз» сияқты;

ә) «тауық» сияқты;

б) «балапан» сияқты сезінесің.

4. Егер сен геометриялық пішін болсаң, онда сен:

а) цилиндр;

ә) шеңбер;

б) куб болар едің.

5. Саған бір қыз бала (ұл бала) ұнаса, сен:

а) бірінші боп қадам жасайсың;

ә) оның тарапынан жауап күтесің;

б) бейтараптық танытасың.
6. Сен келеңсіз жағдайға тап болғанда:

а) абай бола бастайсың;

ә) алға сенімді қадам басасың;

б) қобалжып, көңіл күйің түсіп кетеді.

7. Саған көпшілік алдында жауап беру қажет болса:

а) сені тыңдап отырғанын қалайсың ;

ә) сынап отырғанын сезінесің;

б) ұялып, қысыласың.

8. Саяхатқа шығарда достарыңның қандайын таңдайсың?

а) көңілдісін ;

ә) ақылдысын;

б) тәжірибелісін.
9. Сен өміріңде қандай ойынды ерекше деп бағалайсың?

а) шахмат ойынын;

ә) футбол ойынын;

б) жекпе-жек күрес ойынын.

Кестеге сәйкес ұпай санын есепте.

Сұрақтар

1

2

3

4

5

6

7

8

9


Ұпайлар саны
А

3

3

3

1

3

3

3

3

2

Ә

2

2

2

3

2

2

2

2

1

Б

1

1

1

2

1

1

1

1

3


16 ұпайға дейін: өз ортаңда қарапайым тұлғасың. Сен өзгелерді өте сыйлайсың, жақындарыңның әлсіздігіне аяушылықпен қарайсың, бірақ біреуге бұйрық беруге, бәсекеге түсуге жүрексінесің. Егер сен өзіңді жақсы сезінсең, онда осылай бағынушы болып жүре бер.

17-23 ұпай: сен шешімді қиын қабылдайсың. Өзіңе деген сенімің жеткіліксіз. Саған өзіңді мойындау қиынға соғады, сенің сенімсіздігің басқаларды күшінен айырады.Дұрыс жол – сенімділігіңді арттырып, бастамашыл бол.

24 ұпайдан жоғары: сен басқарушысың. Балалық шағыңнан бастап маңызды істерге арласып, өз қызметіңді бірінші болып ұсынатындардың бірісің. Егер сен адалдықты сүйетін, қиындыққа төзе білетін адам болсаң, үлкен белестерге жетуге мүмкіндігің бар. Саған өзіңді жетілдіру үшін көп әрекет ету қажет.

Тест. «Өмірлік тәжірибе туралы ойланайық»

Ұсынылған жауаптардың бірін (а, ә, б,) белгілеңдер.



  1. Сенің жолыңда адам тұр. Саған өту қажет. Сенің әрекетің?

а) айналып өтемін;

ә) одан жол беруін сұраймын;

б) көңіл күйіме байланысты.


  1. Сен мектепке асығып барсың. Жолда бір адам науқастанып қалды. Не істейсің?

а) мектепке асығамын;

ә) егер біреу көмекке ұмтылса, мен де барамын;

б) 03-ке хабарлап, өтіп бара жатқандарды тоқтатамын.
3.Сенің таныстарың жаңа пәтерге көшіп келіп жатыр. Олар жасы келген адамдар, сен не істейсің?

а) өз көмегімді ұсынамын;

ә) мен біреудің өміріне араласпаймын;

б) егер сұраса, әрине көмектесемін.


4. Сен құлпынай сатып алып жатырсың. Сатушы саған соңғысын өлшеп берді. Сен артыңдағы адамның ауруханада жатқан ұлына құлпынай апарғысы келгенін, бірақ жетпей қалғанына өкініш білдірген даусын естідің. Не істер едің?

а) әрине, өкініш білдіремін;

ә) жартысын ұсынамын;

б) білмеймін, менің өзіме де қажет болатын шығар.


5. Сен кезекшісің. Еденді сыпырып жүріп ақша тауып алдың. Не істер едің?

а) мен тауып алдым, енді менікі болады;

ә) ертеңіне кім ақша жоғалтқанын сұраймын;

б) ешкімге айтпаймын.



6. Емтихан тапсырып жатырсың. Неге сүйенесің?

а) көмекші қағаздарға( шпаргалка);

ә) емтихан алушының шаршағанына;

б) өз біліміме.


7. Ұсынылған саяхаттың 3 түрінің қайсысын қалайсың?

а) Қазақстан бойынша;

ә) экзотикалық елдерге;

б) жеңілдік жасалған жолдамасы бар елге.



8. Сен сенбілікке келдің, бірақ еңбек құралдарының барлығы таратылып кеткен. Сен не істейсің?

а) әңгіме айтып тұрамын, ар жағы белгілі болады;

ә) келгендерді белгілеп жатпаса, дереу үйге қайтамын;

б) біреумен қосылып жұмыс істеймін.



9. Сиқыршы саған ешқандай жұмыс істемей-ақ қамтамасыз етілген өмір ұсынып тұр. Бұл сиқыршыға сен не деп жауап берер едің?

а) алғыс айтып келісе кетемін;

ә) алдымен мұның растығына көз жеткізуім керек;

б) бас тартамын.



10. Саған қоғамдық тапсырма берілді. Оны орындағың келмей тұр. Не істер едің?

а) ол туралы ұмытып кетіп, тек талап етілгенде ғана есіме түсіремін;

ә) әрине, орындаймын;

б) есіме түсірмес үшін себебін іздеп қашқақтаймын.



11. Сен аса танымал емес музейде болдың. Бұл туралы біреуге айтасың ба?

а) иә, дереу айтып, оларды музейге апаруға тырысамын;

ә) білмеймін;

б) әркім өзіне қажеттіні өзі шешсін деп ойлаймын .



12. Ұжым үшін кім пайдалы іс орындай алатындығы жөнінде мәселе көтерілді. Бұл сәтте сен не істер едің?

а) қолымды көтеріп жұмысты жасағым келетінін айтамын;

ә) менің фамилиямды біреудің айтқанын күтіп отырамын;

б) мен өз уақытымды артық бағалаймын.



13. Сенің ит асырағың келеді. Үш нұсқаның айсысын таңдайсың?

а) иесіз күшік;

ә) өзіңе ұнайтын танымал ересек ит;

б) сирек тұқымды қымбат ит.



  1. Сенімен балағаттап сөйлесті. Бұған қалай қарайсың?

а) солай жауап беремін;

ә) мұнда тұрған ешнәрсе жоқ деп елемеймін;

б) байланысымды үземін.


  1. Сен скрипкада нашар ойнайсың (немесе басқа музыкалық аспапта). Ата-анаң сені қайта-қайта мақтап, қонақтарға ойнап беруді сұрады. Не істер едің?

а) ойнап беремін;

ә) ойнамаймын;

б) мақтағаны жағымды, бірақ ойнаудан қашқақтап себеп табамын.

16. Мектепті ерекше бір жағдаймен жауып тастады деп естідің. Бұл жаңалықты қалай қабылдайсың?

а) қатты қуанамын, қыдырамын;

ә) мазасызданамын, өз бетімше білім алуға жоспар құрамын;

б) жаңа хабарларды күтемін.



17. Сені көзіңше жолдастарың мақтап жатса, сен өзіңді қалай сезінесің?

а) қатты қызарамын, маған жайсыз;

ә) мен қуаныштымын, өйткені менің өзімнің де жетістіктерім бар;

б) басқалар сияқты мен де қошеметтеймін.



  1. Саған ерекше қаламсап сыйлады. Көшеде н екі бала кездесіп, сыйлықты беруіңді талап етті. Не істейсің?

а) беремін, денсаулық қымбат;

ә) сыйлықтың мен үшін қымбат екендігін түсіндіремін;

б) сыйлықты бермеймін, күресе кетемін.


  1. Жаңа жыл жақындағанда нені жиі ойлайсың?

а) жаңа жылдық сыйлық туралы;

ә) каникул мен еркіндік туралы;

б) алдағы жоспарлар туралы.


  1. Музыканың сенің өміріңдегі рөлі

а) ол маған билеу үшін қажет;

ә) рухани өміріме ләззат сыйлайды;

б) ол маған қажет емес.


  1. Үйден ұзақ кеткенде өзіңді қалай сезінесің?

а) туған жерім түсіме кіреді;

ә) бөтен жерлерде өзімді жақсы сезінемін;

б) байқамаймын.


  1. Алыс ауылға кітап беріп жіберу ұсынылды. Сен не істейсің?

а) өзімде бар қызық кітаптарды таңдап алып келемін;

ә) менде қажетсіз кітап жоқ;

б) егер бәрі әкеліп жатса, мен де әкелемін.


  1. Бес ұлы адамның есімін атай аласың ба?

а) иә, атай аламын;

ә) жоқ, өмірде қызық нәрсе көп;

б) ойланбаппын, санау керек екен.

24. Сен танымайтын бөтен адамның жасаған ерлігі туралы естігенде басыңа қандай ой келеді?

а) бұл адамның өзіндік қызығушылығы болған;

ә) атын шығаруға сәті түсті;

б) көңілім толып қатты таң қаламын.


Шынайы жауабың үшін рақмет!

Тапсырманың жауабын ұпай арқылы шығару қажет емес, себебі бұл жұмыстың нәтижесі әркімнің өзіндік тұжырымы.

Әр оқушы берген жауабына орай өзінің кейбір жағдайда қаншалықты дұрыс шешім қабылдай алатындығын анықтай алады.
Ойын «Сиқырлы таяқ»

Ойынның мақсаты: сабақта үйренге білімдерін тиянақтау, көңіл-күйлерін көтеру.

Ойынның шарты: ойынға қатысушылар қол ұстасып, шеңбер жасап тұрады. Қолында таяғы бар ойын жүргізуші шеңбердің ортасына келіп, ойынның тәртібін түсіндіреді. Ойынға қатысушылардың әр қайсысына адамгершілік құндылықтары мен адами сапаларды бір бірден таратып береді (Отан, мейірімділік, достық, адалдық, махаббат, бақыт, бауырмашылдық және т.б.).

Ойынның шарты бойынша ойын жүргізуші қолындағы таяғын шеңбердің ортасында тік ұстап тұрады да, бір құндылықты немесе адамгершілік қасиетті атап, таяқты қоя береді. Аталған құндылыққа, қасиетке жататын немесе ұқсас адамгершілік құндылықтар мен адами сапалар (оқушылар) таяқты жерге құлатпай ортаға жинала қалуы тиіс. Ал таяқты ұстай алмай құлатып алса, онда көптің ұйғаруымен, ортаға шығып, өнер көрсетеді.



Ойын «Әріп таңдау»

Ойынның мақсаты: балалардың көңіл-күйлерін көтеру және тез ойлай алуға, ұтымдылыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу.

Ойын шарты: Ойнаушылар дөңгелене отырады. Әркім өзіне бір әріпті А,Ә, Б,В, Г, Д, Е немесе тағы басқа әріпті таңдап алады.

Ойын басқарушы қандай әріпті алғандарын сұрап, ойынды жүргізеді. Оқушылар жауабы сабақтың тақырыбына байланысты болуы керек. Ал оған сәйкес сөз таба алмаса, жалпы адамзаттық құндылықтарға, рухани-адамгершілік аясында болуы керек.

Ойын төмендегідей болуы мүмкін.

Мысалы:


Ойын басқарушы: - Қандай әріп алдыңыз?

  • А.

Ойын басқарушының одан әрі берген сұрақтарына тек «А» әрпінен басталатын сөздермен ғана жауап беруі керек. Сөздерді көп ойланып тұрмай, тез айтуы шарт.

  • Сен анаңды қалай жақсы көресің?

  • Асылым, аяулым...

  • Жақындарыңды не үшін жақсы көресің?

  • Адалдығы, ақ көңілдігі, ...үшін.

  • Өмірде жақсы көру болмаса не болар еді?

  • ???

Ойын осылай жалғаса береді. Бастаушы келесі ойыншыға (алған әрпіне сәйкес) түрлі сұрақтар қояды. Ойыншы берілген сұрақтарға дұрыс жауап бере алмаған, кідіріп қалған жағдайда, ойыншыны ортаға шығарып, көпшіліктің ұйғаруымен өнерін көрсетеді.
Өзіммен-өзім «Өмір шыңы»

Оқушылардың өзін және өзінің жүрегін тыңдай білуіне, өз беталысы мен қызығушылығына өз ішкі дүниесіне талдау жасауына септігін тигізу мақсатында «Өзіммен-өзім» әдістемелік тәсілін төмендегідей ұйымдастыруға болады.

Алдымен оқушылар адамдар бойындағы өздеріне ұнайтын қасиеттерді (жақсылық, әділдік, еңбексүйгіштік, сүйіспеншілік, ізденгіштік) таңдап алады.

Содан кейін мұғалім оқушыларға көздерін жұмып, әрбір адамның өмірін «биік шың» деп елестетіп, ол шыңға әркім өз жолымен шыға алатындығын айтады.

Біреу бұл жолға еңбексүйгіштігімен, табандылығымен, алғырлығымен, төзімділігімен жетсе, енді біреулер білімімен, ізеттілігімен, әдептілігімен, ізденгіштігімен жетеді екен.

Осыдан соң жайлы музыка қойылады да, балалар өздері таңдап алған соқпақтары (сүйіспеншілік, адалдық, мейірімділік, әділдік) арқылы өмір шыңына шығып бара жатқандықтарын көз алдарына елестетеді.

Содан соң мұғалім өздері елестетіп, таңдаған «Өмір шыңына» апаратын жол соқпақтары туралы әңгімелеп беруді тапсырады.


Өзіммен-өзім «Сенім»

Мұғалім оқушылардың өз күштері мен мүмкіндіктеріне сенімдерін нығайтып, танып-білуге деген құштарлықтарын, қабілеттерінің дамуын ынталандыру мақсатында Динейк методикасын былай пайдалануға болады:

Көздеріңді жұмып, манаураған қалыпқа келіңдер.

Демдеріңді ішке алып, сыртқа шығаруға және сыртқа шығарғаннан кейінгі аз үзіліске назар аударыңдар.

Тыныс алу фазаларына сәйкес ойша: «Демді ішке алу, дем шығару, үзіліс», – деген сөзді 3 рет қайталаңдар. Үзіліс жасамай-ақ осылайша тыныс алып, демді ауызбен жай үрлеп шығарыңдар. Осы кезде сыртқа шыққан леппен жағымсыз сезім мен әдетттер бірге кетті деп елестетіңдер.

Дем шығарғанда: «Сенімсіздік, жалтақтық, алаңдаушылық, ашу-ыза», – бірге кетті деп айтыңдар. 5–10 рет қайталау керек.

Мұғалім тікелей сөйлеп жатқан кезде классикалық музыканы қатар қолдануға болады.
Өзіммен-өзім Динейк методикасы

Мұғалім «Өзіммен-өзім» әдістемелік тәсілін Динейк методикасы арқылы төмендегідей мазмұнмен ұйымдастыруына болады.

Көздеріңді жұмып, манаураған қалыпқа келіңдер.

«Мен өз ағзамның қорғаныс күшіне сенемін».

«Мен жайдары, ақ көңіл және белсенді бола бастадым».

«Менде бәрі де жақсы, өзім ойлағандай – мен бақыттымын».

Әрбір фразаны көздерің жұмулы күйінде 10 рет қайталау керек. Санауды саусақпен немесе жіптегі түйіндер бойынша жүргізу қажет. Мұғалім оқушыларға тынысты жеңіл және ұнамды болатындай етіп жайлап, еркін алу керектігін ескертуі тиіс.
Пайдаланылған әдебиеттер


  1. Қазақстан Республикасы Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. Алматы: «Бөбек»ҰҒПББСО, 2006

  2. Азаттық радиосы

  3. Әли СЕКЕЛ. Өзін өзі өлтіру қазаққа жат еді. // ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі. 17-Қаңтар, 2011

  4. Жасөспірімдердің суицидальді мінез-құлқы // Вестник КАСУ №3 – 2006. Байтемирова К.Б., Жиенбаева С.Н.

  5. С.Бердібаева // Балалардың бойында ата-анаға жақындық сезімін қалыптастырған дұрыс

  6. Семенова О. Самоубицы // Рудный Алтай, 1999, 20 ноября.

  7. Осипова А.А. Справочник психолога по работе в кризисных ситуациях, А.А. Осипова. – Ростов-н/Д: Феникс, 2005. - 315 с.

Шепелева А.‚ Грибкова В. Новое поколение, 2001- 9 февраль (4)

  1. Арнольд О. VITA// Советы психолога, 1999‚ № 4 (22-24).

  2. Кондрашева В.Т. Суицидальное поведение. – Минск, 1999. (292- 302).

  3. Менделеевич. Медицинская психология. – М., 1998.

  4. Козлова Т.П. Суицидальное поведение у подростков //Учительская газета, 1993, № 4

  5. Василец О.; Обухов Я.: Если ребенок не хочет жить…, Народное образование, 1998, № 9-10, с. 15-18

  6. Актуальные проблемы суицидологии./ Под ред. А.Г. Амбрумовой М., 1981.



  7. Амбрумова А.Г. Когда психологически кризис ведет к самоубийстве/

  8. Твое здоровье Журнал, изд. «Знание» - 1989-№3

  9. Бердяев М. О самоубийстве / Психологический журнал -1992-ТЗ. №1

  10. Гульдан В. Почему мы хотим умереть?/ «Если» журнал-1992-№3

  11. Психология: Адамзат ақыл-ойының қазынасы. 10 томдық.

№1 том Жетекшісі-акад. Ә.Н.Нысанбаев.

Алматы: «Таймас» баспа үйі 2005 ж.



  1. Психология: Адамзат ақыл-ойының қазынасы. 10 томдық. №4 том Жетекшісі-акад. Ә.Н.Нысанбаев. Алматы: «Таймас» баспа үйі 2005 ж.

  2. Психология: Адамзат ақыл-ойының қазынасы. 10 томдық. №6 том Ә.Н.Нысанбаев. Алматы: «Таймас» 2006 ж.

  3. Ақиқатты тани біл. Ғибрат толғамдары. Құраст. А.Сейтақов Алматы, 2004 ж.

  4. Ұстаздан ұлағат. С.А.Назарбаева Алматы «Атамұра» 2000 ж.

  5. Мектеп психологының жұмыс кітабы. Ғ.Сұлтанова А; 2008 ж.

  6. Мектеп және отбасы Р.Ерғуатова – Мақашева Алматы, 2008 ж.

  7. Адам әлемі және әлемдегі адам: Өзін-өзі тану теориясы мен практикасы. Алматы; 2007 ж.

  8. Кволс Кэтрин. Радость воспитания. Как воспитывать детей без наказания.

  9. Как вырастить ребенка счастливым. Принцип преемственности.Жан Ледлофф. Генезис 2003. Москва

  10. Ә.М.Болтаева. Суицид жағдайындағы тұлғалық-психологиялық өзгерістер.

  11. М. Черепанова Психологический стресс: помоги себе и ребёнку. М., 2000. 145 с.

  12. Д.Н. Оудсхоорн Детская и подростковая психотерапия. М.,1993. 264 с.


жүктеу 0,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау