«Әке мен бала»
Ы. Алтынсарин
Бір адам он бір жасар баласын ертіп, егістіктен жаяу келе жатса, жолда жатқан аттың ескі тағасын көріп баласына:
Балам анау тағаны, ала жүр- деді.
Баласы әкесіне: - Сынып қалған ескі тағаны алап неғылайын –дейді.
Әкесі үндемей тағаны өзі иіліп алды да, жүре берді. Қаланың шетіне келгенде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң, әкесі қайырылып, жанағы тағаны соларға үш тиынға сатады. Одан біраз жер өткен соң, шие сатып отырғандардан ол үш тиынға бірталай шие сатып алады.Сонымен шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бір –бірден алып жеп, баласына қарамай, аяңдап жүре береді.Біраз жер өткен соң. әкесінің қолынан бір шие жерге түседі.Артында келе жатқан баласы тым –ақ қызығып келеді екен, жерге түскен шиені жалма –жан жерден алып,аузына салды.Біраздан соң және бір шие, онан біраз өткен соң және бір шие, сонымен әр жерде бір әкесінің қолынан түскен шиені он шақты рет иіліп, жерден алып жеді.Ең соңында әкесі тоқтап тұрып, баласына шиені орамалымен беріп тұрып баласына:
Көрдің бе, бағана тағаны жамансынып жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға еріндің, енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдің орнына он еңкейдің.
Мұнан былай есіңде болсын: Аз жұмысты қиынсынсаң –көп жұмысқа тап боласың. «Азға қанағат ете білмесең- көптен құр қаласың» -дейді әкесі.
Ақиқат
Бір күні аспанда данышпандар жиналып адамды жасап, оны жер бетіне жібереді. Содан соң, олар адамға жер бетінде мәнді өмір сүру үшін не керек деген сұрақты талқылауға кіріседі. Бір данышпан: «адамға бақыт жіберейік»- дейді, екіншісі «ақыл жіберейік»,- дейді. Сөйтіп адамның жер бетінде мәнді өмір сүру үшін керек жақсы қасиеттерді жіберіп жатады. Сол кезде бір данышпан ойланып: «АҚИҚАТТЫ жіберейік»- дейді. Ал екіншісі: «ақиқатты адамға жайдан-жай жібере салмайық, олар оны өздері іздеп тапсын, сонда ғана адам үшін ақиқаттың мәні болады», -дейді. Данышпандар АҚИҚАТТЫ біресе күннің артына, біресе айдың артына тығуды ұсынады. Сол кезде бір данышпан: «Біз одан да АҚИҚАТТЫ адамның жүрегіне тығайық, сонда тек Ар-ұждан дауысын ести білген адам ғана өз жүрегіндегі ақиқатты тани алады» – деген екен. Ақиқат бізге тумысымыздан берілген сый екен. Данышпандар не себепті Ақиқатты бірден бере салмай,оны жүрекке жасырып қоюды ұйғарды?
Ар-ұждан дауысын есту дегенді қалай түсінесіңдер?
Сонымен ақиқат дегеніміз не?
Достарыңызбен бөлісу: |