Жақсы – бір қалыпты адам;
Өте жақсы – барлық істі жақсылыққа жоритын адам;
Білім – ізденімпаз адам;
Тамаша – әсерлі адам;
Керемет – жан дүниесі бай;
Орташа – қанағатшыл;
Көңілді – көпшіл;
Әсем – талғампаз:
Шебер – идея, фантазиясы жоғары;
Жұлдыз – жаңалыққа жаны құмар адам;
Тәтті – балажан, бауырмал;
Қамқор – қамқорлыққа дайын;
Өнер – сегіз қырлы, бір сырлы.
Жаттығу «Мен күн сәулесі астындамын».
Бір парақ қағазға шеңбер сызып ортасына «Мен» деп жазасыңдар. Сол шеңберден сызықтар тарап әр сызыққа сенде бүгінгі күні қандай эмоция түрлері басынан кештін соны жазасыңдар. Оң эмоцияны қызылмен, теріс эмоцияны көкпен бояу керек.
Ойын «Кім қайда тұрады?»
Тәрбиеші:
- Көк түс –су белгісі.
Қоңыр түс –жер белгісі.
Ақ түс –аспан белгісі.
Әр баланың қолында үш түстің текшелері болады.
«Ақ сұңқар» десе ақ текшені ұстап тұрған бала қанатын жайып ұшады. «Шабандоз» қоңыр түсті ұстап тұрған бала атша шабады. «Балықтар» десе балалар ауада, суда жүзгендей қолдарымен қимыл жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |