Өлшеудің техникалық ҚҰралдары


Деформациялық қысымды өлшеу құралдары



жүктеу 1,71 Mb.
бет17/42
Дата23.09.2022
өлшемі1,71 Mb.
#39377
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   42
лшеуді техникалы ралдары

Деформациялық қысымды өлшеу құралдары


Деформациялық СҚ əрекет ету принципі сезімтал элементтің (СЭ) немесе ол дамытатын күштің серпімді деформациясын пайдалануда негізделген.





      1. Сезімтал элементтер.

Серпімді СЭ деформациясы немесе ондағы пайда болатын күші осы типті ӨҚ өлшеніп жатқан қысымның өлшемі болып табылады.
СЭ-ді негізгі үш түріне бөледі: құбырлы серіппе, сильфондар, мембраналар (2.4 сурет)
Құбырлы серіппелер.
Бір ұшы орын ауыстыру қасиетіне ие, ал екінші ұшы қатаң бекітілген серпімді қисық металл қуыс түтікше құбырлы серіппелер немесе манометрлік серіппе (Бурдон серіппесі) деп аталады. Құбырлы серіппелер əдетте серіппенің ішкі кеңістігіне берілген өлшеніп жатқан қысымның оның бос ұштарына пропорционалды орын ауыстыруына түрлендіру үшін қолданылады.







    1. сурет – Деформациялық қысымдарды өлшеу құралдарының сезімтал элементтері

Бірорамды түтікшелі серіппе.
Сопақша көлденең қималы бірорамды түтікшелі серіппе кеңірек таралған ( 2.4а сурет).


N=k·P. (2.7)
мұндағы
N–күш;
P - қысым;
k = f(γ),γ–түтікшенің орталық бұрышы.
γ практикалық өсуі, түтікшелі серіппенің орамының өсуі нəтижесінде болады (2.5б сурет ).


γ = 3600·n,

мұндағы n – орамдар саны.


Қисық сызықты жəне тік сызықты түтікшелі серіппелер.
Жоғары P≤1000 кПа қысымдарды өлшеу үшін тік сызықты (2.4в сурет) жəне қисық сызықты (2.4г сурет) түтікшелі серіппелер қолданылады.
Бос ұшының орын ауыстыруы көлденең қимасының өзгеруіне емес, иілу моментіне байланысты.
Тік сызықты түтікшелі серіппенің негізгі кемшілігі − беру механимзді қолдануды қажет ететін айналыстың шағын бұрышы.
Бұл кемшілік сопақша жəне жұлдыз қималары бар қисық сызықты түтікшелі серіппелерде жоқ. Бұралған түтікшелі серіппенің айналыс бұрышы 40-600С-қа тең. Сондықтан нұсқағышы беріліс механизмнің көмегінсіз серіппенің бос ұшында бекітіледі.
P≤5 МПа үшін түтікшелі серіппелерді жез, қоладан жасайды; P≥5 МПа үшін - қоспаланған қорытпалардан, əр түрлі құрамды болаттан; P≥1000 кПа үшін - 50ХФА типті қоспаланған қорытпалардан.
Сильфондар.
Сильфон – қысымның немесе күштің əсерінен едəуір қозғалыстар алуға қабілетті көлденең гофрлары бар жұқа қабырғалы цилиндрлік қабық (2.4д сурет).
Сильфонға əсер ететін күш пен оның əсерінен пайда болатын деформацияның қатынасы тұрақты болады жəне сильфон қаттылығы деп аталады. Сильфон қаттылығын арттыру үшін əдетте ішіне серіппе салады.
Сильфондарды көбінесе қоладан, тот баспайтын болаттан, алюминий қорытпаларынан дайындайды.
Сильфон диаметрлері - 8-10 мм, 80-100 мм.
Осьтік N күш əсерінен сильфон түбінің осьтік орын ауыстыруы δ:

=kN, (2.8)


мұндағы k=f(R, r,n,α);
R – сильфон радиусы;
r гофрдың дөңгелектеу радиусы.
n – гофр саны;
α –тығыздау бұрышы.


N=ΔP·Fэф,

мұндағы ΔP- сильфонға əсер ететін қысымдар айырмасы;


Fэф– сильфонның эффективті ауданы.


Мембраналар.
Мембраналар серпімді жəне эластикалық болады.
Серпімді мембраналар – қысымның əсерінен иілу қабілеті бар икемді жалпақ дөңгелек немесе гофрленген пластина,
Жалпақ мембраналардың статикалық сипаттамасы Р қысымның артуымен бейсызықты. Сондықтан жұмыс аймағы ретінде ықтимал жүрістің шағын бөлігі пайдаланылады.

    1. суретте жалпақ (е) жəне гофрленген (ж) мембраналардың сұлбалық суреттері берілген.

Жалпақ мембранаға қарағанда гофрленген мембрана сипаттамаларының айтарлықтай кіші бейсызықтығ себебінен үлкен иілімдерде қолданылуы мүмкін.
Мембраналар болат, қола, жездің əр-түрлі маркаларынан жасалады.
Гофр тереңдігі статикалық сипаттамасының сызықтығына айтарлықтай əсер етеді: тереңдік неғұрлым көп болса, сипаттама соғұрлым сызықты.
Атмосфералық қысымды өлшеуге ауасы жоқ гофрленген мембраналы қораптар қолданылады.

жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   42




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау